23.04.2018

Валюта бағамы:

«Жаңа буындағы орта класты ғарыштық мақсаттағы зымыранының негізінде ұшқышпен және ұшқышсыз басқарылатын ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру» жобасының қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы

«Жаңа буындағы орта класты ғарыштық мақсаттағы зымыранының негізінде ұшқышпен және ұшқышсыз басқарылатын ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру» жобасының қоршаған ортаға тигізетін әсеріне бастапқы баға беру бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы

Мәдениет үйі,Төретам кенті, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы

2018 жылғы 27 наурыз сағат 11.00

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының әкімдігі.

Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы ақпарат жұртшылықтың назарына интернет-ресурстарда жариялау арқылы жеткізілген:

- Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің http://karmakshy.gov.kzресми Интернет-ресурсында;

- «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК-ның http://gh-ecology.kz ресми сайтында;

- «Бәйтерек» БК» АҚ-ның http://bayterek.kz ресми сайтында.

Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы ақпарат 03.03.2018 ж. №18 «Қармақшы Таңы» газетінде жарияланған.

Төрағалық еткен: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Төретам кенті әкімі аппаратының бас маманы Шакеева Дина Ұзақбергенқызы.

Қатысқандар: 69 адам - Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының және Төретам кенті мен Ақай ауылдық округ әкімдіктерінің, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің, «Бәйтерек» БК» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Инфракос» РМК, «ЦЭНКИ» - ФМУК «Южный» филиалы ҒО, «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК, «Эколайн» ЖШС, Байқоныр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өкілдері, Төретам, Ақай, Байқоңыр елді мекендерінің тұрғындары.

КҮН ТӘРТІБІ:

«Жаңа буындағы орта класты ғарыштық мақсаттағы зымыранының негізінде ұшқышпен және ұшқышсыз басқарылатын ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру» жобасының қоршаған ортаға тигізетін әсеріне бастапқы баға беру (Бастапқы ҚОӘБ).

(Шакеева Д.Ұ., Данбаев Ғ.Қ., Сыздықов М.А., Жұбатов Ж.)


1. Кіріспе бөлім

1.1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Төретам кенті әкімі аппаратының бас маманы Шакеева Дина Ұзақбергенқызы кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларды таныстырды, тыңдаулардың өткізілу тәртібімен, регламентімен таныстырды, тыңдаулардың Төрағасы мен Хатшысын сайлауды ұсынды.

Тыңдаулардың Төрайымы етіп Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті әкімі аппаратының бас маманы Шакеева Дина Ұзақбергенқызы сайланды.

Тыңдаулардың Хатшысы етіп Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Жұманов Ерік Есенұлы сайланды.

1.2. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті Төрағасының орынбасары Данбаев Ғалымжан Қалдыбекұлы «Байқоңыр» ғарыш айлағында Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамыту жоспарлары туралы баяндады.

1.3. «Байқоңыр» кешеніндегі «Бәйтерек» БК» АҚ филиалының директоры Сыздықов Мейрамбек Әбілұлы «Бәйтерек» ҒЗК құру жобасы туралы мағлұмат берді.

1.4. «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры Жұбатов Жайлаубай Қызылбайұлы «Жаңа буындағы орта класты ғарыштық мақсаттағы зымыранының негізінде ұшқышпен және ұшқышсыз басқарылатын ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру» жобасының Бастапқы ҚОӘБ материалдарын әзірлеу нәтижелері туралы баяндады.

2. Қоғамдық тыңдаулар кезінде қойылған сұрақтар:

Аты-жөні Көшкенбаев Кеңес, зейнеткер

1-сұрақ: Қуандария совхозында құлаған зымыранның келешектегі зияндылығы қандай болмақшы?

Жауап: (Жұбатов Ж.) 2006 жылғы тамыз айынан басынан біздің Кәсіпорын аталған апаттың зардабын бағалау және жою жұмыстарын жүргізген болатын. Сол кезде Ресей жағынан залалсыздандыру жұмыстары да жүргізілген. Апат болған жер осы уақытқа дейін экологиялық бақылауға алынып келе жатыр, қазіргі кезде адамның өміріне, қоршаған ортаға қауіпті емес. Ол жердің малының етін жеуге және сүтін ішуге болады.

Аты-жөні: Утебаев Әділбек, кәсіпкер

2-сұрақ: Төретам кентінің тұрмыстық қалдықтарын төгетін полигон жоқ. Сол полигон қашан ашылады?

Жауап: (Шакеева Д.)Полигон туралы сұрақ бұрын да аудан көлемінде көтеріліп келе жатқан мәселе. Қазір полигон салуға ұсыныс берілгенмен оны салатын жер жоқ. Келешекте Ресей Федерациясы жалға берілген жерлерді қайтып берген жағдайда полигон салынатын болады.

Аты-жөні: Уристембаев Еламан, зейнеткер

3-сұрақ: Ресей Федерациясынажалға беріліп отырғанжерлердіңқай бөліктері қайтарылып алынды?

Жауап: (Данбаев Ғ.Қ.) «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру үшін 42, 43, 45 алаңшаларды қайтарып алу жоспарланған. 11600 га жер Төретам мен Ақай елді мекендерінде жеке үйлер салынғандықтан Ресей Федерациясынан қайтарылып алынды.

Аты-жөні: Серікбаева Сауле, зейнеткер

4-сұрақ: Ертеректе экологиялық жәрдемдер көрсетіліп тұратын. Қазір неге төленбейді?

«Бәйтерек» кешені іске қосылған кезде жергілікті тұрғындар жұмысқа орналаса ма?

Жауап: (Данбаев Ғ.Қ.) «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес Қармақшы ауданы жұмысшыларының айлығына 30% экологиялық қосымша төлем төленеді.

«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру кезінде 1000-ға жуық адам жұмысқа тартылатын болады. Бұл кешен өзінің негізгі қызметіне кіріскенде (2022 жылдары) 239 маман жұмысқа тарту жоспарлануда.

3. Шығып сөйлеушілер:

Қалиев Е.П. – бағанадан көтеріліп отырған полигон мәселесін бұл мінбеде отырған кісілер шешпейді. Оны аудан, облыс көлемінде онан әрі Президенттің арнаулы өкілі деңгейінде көтеріп, шешу жолдарын қарастыру керек. Күн тәртібінде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені туралы айтылды. Біздің түсінігімізше қоршаған ортаға келетін зиян бұрынғыдан артық болмайды.

Құрманбаев М.Е. – қоғамдық тыңдау шарасына байланысты алдын ала газетке хабарландыру жарияланды. Бүгінгі талқыланып отырған жобаны «Ғарыш-Экология» кәсіпорыны дайындаған. Бұл кәсіпорын «Байқонур» ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы құрылған. Заманауи құрылғылармен жабдықталған арнайы зертханалары бар. Кәсіпорынның қатысуымен 2006 және 2013 жылғы апаттық ұшырымдардың экологиялық бағалау және залалсыздандыру жұмыстары да жүргізілді. Экологиялық мониторинг жұмыстары осы күнге дейін жалғасуда. Бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе экологиялық қауіпсіз зымыран кешенін жасау жобасын талқылау болып табылады. Соған байланысты бұл жобаны бәріміз құптауымыз керек.

Уристембаев Е. – бұрынғы болған апаттар туралы айтылды, ол өткен жағдайлар. Бүгін Қазақстанның қатысуымен жұзеге асырылатын экологиялық зияны аз отынмен ұшатын зымыран кешені туралы жобаны тыңдадық. Бұл халықтың жағдайын ескеріп отырған бағдарлама деп білеміз. Сондықтан сіздерге табыс тілейміз.

4. Талқылаудың нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар

Шакеева Д.Ұ. қорытынды сөзін сөйлеп. Бастапқы ҚОӘБ материалдарын қоғамдық тыңдаулар нәтижелері бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болатынын хабарлады:

4.1. 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-П Қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беру нұсқаулығына сәйкес, «Жаңа буындағы орта класты ғарыштық мақсаттағы зымыранының негізінде ұшқышпен және ұшқышсыз басқарылатын ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру» жобасының Бастапқы ҚОӘБ материалдарын әзірлеу нәтижелері мүдделі жұртшылықтың назарына жеткізілді.

4.2. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылар «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын іске асыруды мақұлдады.

4.3. Төретам кенті және Ақай ауылы тұрғындары қоғамдық тыңдауларға ұсынылған Бастапқы ҚОӘБ материалдарын мақұлдап, оны осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен бірге мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберуге болатының құптады.

4.4. Қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын:

- Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің сайтында: http://karmakshy.gov.kz;

- «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК-ның сайтында: http://gh-ecology.kz;

- «Бәйтерек» БК» АҚ-ның сайтында: http://bayterek.kz жариялауды мақұлдады.

Төраға қоғамдық тыңдаулардың аяқталғанын хабарлады, келушілердің барлығына қоғамдық тыңдауларға қатысқаны үшін алғыс айтты.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде барлық баяндамалар бейне- және дыбыстық жазбаға түсірілді.

Төрайым: Шакеева Дина Ұзақбергенқызы

Хатшы: Жұманов Ерік Есенұлы

  • Жарияланған күні: 27.03.2018 15:51
  • Жаңартылған күні: 03.04.2018 19:11
  • Көргендер саны: 1425
Жаңғырту 3.0
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі