22.10.2018

Валюта бағамы:

ҚҰРМЕТТІ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІ!

2018 жылғы 15 қаңтардан бастап ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну нысанын жеңілдетуге бағытталған «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы №51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №175 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) қолданысқа енгiзiлетіндігін хабарлаймыз.

Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің сайтында (http://zan.gov.kz) жарияланған.

Осы ретте, Сіздерден мәліметтерді ҮЕҰ дерекқоры веб-порталы (infonpo.kz) арқылы ағымдағы жылғы 15 қаңтардан бастап ұсынуды сұраймыз.

Сондай-ақ, Сіз толтырылған нысандарды (кестелер) қағаз түрінде ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (010000, Астана қ., Мәңгілік Ел д., «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс) жолдай аласыз.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді 2018 жылғы 31 наурызға дейін ұсыну қажет екенін еске саламыз.

Сұрақтар болған жағдайда 8 (7172) 74-04-20, 64-25-24 нөмірлері арқылы немесе support@infonpo.kz электрондық мекенжайы арқылы хабарласуға болады.
  • Жарияланған күні: 24.01.2018 11:20
  • Жаңартылған күні: 08.02.2018 15:32
  • Көргендер саны: 353
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі