26.09.2018

Валюта бағамы:

Өнеркәсіп

Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласы бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанына көрсеткіштері

Қармақшы ауданы бойынша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың 1 маусымына тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны 3832 бірлікті құрады (323 заңды тұлға, 2939 жеке кәсіпкерлер, 570 шаруа қожалықтары), оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 2774 бірлік (218 заңды тұлға, 2026 жеке кәсіпкерлер, 530 шаруа қожалықтары). Жұмыс жасап тұрған ШОК субъектілер үлесі 72,4%.

Көрсетілген қызмет пен өндірілген өнім көлемі 2018 жылдың 5 айында 1258,0 млн.теңге болып, өсім көлемі 146,6 пайызды құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі көлемі 978 млн. теңгені құрап, 142,0 пайызға орындалды. Бөлшек сауда көлемі 1854,0 млн. теңгені құрап, 101,3 пайызға орындалды.


Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласы бойынша 2018 жылдың І тоқсанына көрсеткіштері

Қармақшы ауданы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылдың қаңтар-ақпан айында өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 468 685 мың теңгені құрап 185,9% пайызға орындалған. Алдыңғы айда бұл көрсеткіш 216,9% пайызға орындалған болатын. Бұл көрсеткіштерден байқағанымыздай пайызға шаққанда аудан бойынша өнеркәсіп өндірісі көрсеткіштерінің өскендігін көрсетеді. Негізінен өсім кен өндіру, карьерлерді қазу және өңдеу өнеркәсіптері есептерінен болып отыр. Бұл көрсеткіштер алдағы наурыз айының көрсеткіштері бойынша да төмен түспейді деп болжануда.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша ақпан айында өнім өндіру өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда орындалуы 2 222 мың теңге болып 127,4 пайызға орындалды.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша өткен қаңтар-ақпан айында 369 408 мың тенгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 200% пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібі бойынша пайыздық көрсеткіштің өсуі негізінен күріш салысын өңдеп, ақ күріш шығару арқылы және нан мен тамақ өнімдерін өндіру нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Мысалы, тамақ өнімдерін өндіру 200,0%, ал нан және нан өнімдерін өндіру 300,4% пайызға орындалып отыр. Алдағы уақытта да осы 100 пайыздың үстіндегі меже сақталады деп ойлаймыз. Оған себептерде бар. Қазіргі уақытта аудан көлемінде өнеркәсіп бойынша бірнеше жобалар (күріш өңдеу, құс еттерін өңдеу) мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау табуда.


Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласы бойынша 2017 жыл қорытындысымен көрсеткіштері

Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылдың 11 айында тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны 3308 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 2342 бірлік. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,0 пайызға орындалды (ақпарат www.stat.gov.kz).

Өнеркәсіп саласының көрсеткіштері Аудан бойынша өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар мен қызметтер) көлемі 2 281 495,0 мың теңгені құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 100,2 пайызға орындалды.

Оның ішінде:

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 32 474,0 мың теңгені құрап, 98,9 пайызға;

Өңдеу өнеркәсібі – 1 779 512,0 мың теңгені құрап, 96,7 пайызға;

Электрмен жабдықтау – 113 264,0 мың теңгені құрап 105,2 пайызға;

Сумен жабдықтау – 356 245,0 мың тңгені құрап, 111,5 пайызға орындалды. (ақпарат www.stat.gov.kz)


Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанына көрсеткіштері

Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3236 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 2323 бірлік.
2016 жылдың сәйкес кезеңіне тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2964 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 2529 бірлік. (ақпарат www.stat.gov.kz)
Өнеркәсіп саласының көрсеткіштері
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар мен қызметтер) көлемі 1 572 633,0 мың теңгені құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 99,6 пайызға орындалды.
Оның ішінде:
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 22 575,0 мың теңгені құрап, 101,8 пайзға;
Өңдеу өнеркәсібі – 1 223 369,0 мың теңгені құрап, 99,0 пайызға;
Электрмен жабдықтау – 85 988,0 мың теңгені құрап 106,0 пайызға;
Сумен жабдықтау – 240 701,0 мың тңгені құрап, 102,0 пайызға орындалды. (ақпарат www.stat.gov.kz)


Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанына көрсеткіштері

Өнеркәсіп өнімі мен көрсетілген қызмет көлемі 864 147,0 мың теңгенің өнімін құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 155,8 пайызға орындалды.
Оның ішінде:
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 18 582,0 мың теңгені құрап, 127,2 пайзға орындалды. (Көрсеткіштің өсуі құрылысы бойынша уатылған тас-құмға сұраныстың артуымен байланысты)
Өңдеу өнеркәсібі – 683 626,0 мың теңгені құрап, 176,9 пайызға артты.
Тамақ өнімдерін өндіру – 621 325,0 мың теңге (169,9 пайыз)
Жеңіл өнеркәсіп – 2 252,0 мың теңге (119,9 пайыз)
Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 38 656,0 мың теңге (17,3 есе)


Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанына көрсеткіштері

Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылдың қаңтар ақпан айларында орындалған өнеркәсіп өндірісінің көлемі 284 630 мың теңге болып, пайыздық көрсеткіште 126,5% пайыз болды. Бұл алдыңғы айларға қарағанда жоғары көрсеткіш.
1.Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу
Кен өндіру және қазу бойынша екі айдағы көрсеткіш ақшалай көріністе 6 792 мың теңгеге орындалып, пайыздық индекс бойынша 151,5% болды. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Көрсеткіштің жоғары болуына соңғы айлардағы жол құрылысы бойынша уатылған тас пен құмға деген сұраныстың артуы.
2. Өңдеу өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсібі бойынша орындалған өнім көлемі 224 608 мың теңге болып, 137,6% пайызды құрады.
3.Тамақ өнімдерін өндіру
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы тамақ өнімдерін өндіру бойынша орныдалған өнім көлемі 204 302 мың теңгені құрап, пайыздық көрсеткіште 129,7% құрады. Соның ішінде: Етті қайта өңдеу және консервілеу, ет өнімдерін өндіру бойынша 39 988 мың теңге болып, пайыздық мөлшері 29,8% құраған.Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру- 101 158 мың теңгеге өнім өндіріліп, 133,5% болды.
4.Жеңіл өнеркәсіп
Қаңтар- ақпан айының қортындысы бойынша жеңіл өнеркәсіптің орындалуы 881 мың теңгені құрап, пайыздық көрсеткіш 118,9% құрады. Оның ішінде киім тігу бойынша 235 мың теңге, 118,9%
5.Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру
Өзгеде металл емес өнімдерді өндіру бойынша қаңтар ақпан айларында өндірілген өнімнің көлемі 12 992 мың теңге болып, былтырғы жылдың осы кезеңімен слыстырғанда 56,3 есеге асыра орындалды. Минералдық өнімдерді өндірудің мұндай көп көлемде орындалуы осы айларда жасалған жол құрылысына байланысты.
6. Жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту
Шығарылған өнім көлемі 6 407 мың теңгені құрап , 3,6 есеге орындалды.
7.Электрмен жабдықтау, бу беру және ауа баптау
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21751 мың теңгеге орындалып, пайздық көрсеткіші 98,2% болды.
8.Сумен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау
Өнім өндіру өткен жылмен салыстырғанда 31 479 мың теңгеге орындалып, 92,5% болды


Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласы бойынша 2016 жыл қорытындысымен көрсеткіштері

Аудан бойынша 2016 жылы көрсетілген қызмет пен өндірілген өнім көлемі 2016 жылдың 12 айында 1 711 033,0 мың теңгенің өнімін құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 94,4 пайызға орындалды.


Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласы бойынша 2015 жыл қорытындысымен көрсеткіштері

Қармақшы ауданының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 985,8 млн теңгені құрап, нақты көлемінің индексі өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 55,6 пайыз болып төмендегенін көрсетеді.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 653,5 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 47,0 пайызды құрап, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда төмендеді.
Аудан бойынша кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы бойынша нақты көлемінің индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 78,8 пайызды (2014 жылдың 9 айында – 80,3 пайыз болған), тамақ өнімдерін өндіру 100,3 пайызға, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 7,0 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу 18,0 пайызға орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда біршама төмендегені байқалады.
Жүргізілген талдау негізінде өткен жылдың кезенімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерінің төмен түсіп кетуіне сұраныстың азайып кетуіне байланысты болып отыр. Себебі аудан аумағындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты «Дорстрой» ЖШС мен «Акорд Окан» АҚ-ның асфальт бетон зауыттары жұмыстарының тоқтауы себеп болып отыр.
Сонымен қатар «ППС-Ойл Трэйд» ЖШС-сі 2014 жылы 1209,2 мың тенгенің өнімін өндірсе, биылғы жылы өз жұмысын тоқтатып түр. Себебі «КазРосИмпэкс» ЖШС өз меншігіне толықтай сатып алып вагон цистерналарды жуу-булау жұмыстарына жаңа қондырғылар әкелініп қайта жаңғырту жұмыстары мен құжаттары рәсімделуде. «КазРосИмпэкс» ЖШС мекемесі өз жұмысын 2016 жылдың наурыз-сәуір айларында іске қосуды жоспарлап отыр.
Аудан бойынша қиыршық тас пен құм өндіру былтырғы жылға қарағанда биыл екі есеге жуық төмендеп кеткен. Атап айтар болсақ : 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тас пен құм өндіру көлемі 54755,0 мың теңгені құраса, биылғы жылдың 9 айының өндіру көлемі 20540 мың теңгені құрады. Себебі өнімге сұраныстың азайып кетуіне байланысты болып отыр.

  • Жарияланған күні: 04.10.2017 12:00
  • Жаңартылған күні: 04.07.2018 10:03
  • Көргендер саны: 980
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі