18.02.2018

Валюта бағамы:

Құрылыс

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2017 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар

2017 жылға аудан бойынша құрылыс жұмыстарына 3,3 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінген, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 1 млрд 506 млн теңге, облыстық бюджеттен 1млрд 806 млн. теңге және 39,0 млн теңге аудандық бюджет қаражатынан бөлінген.

Бөлінген қаржыға аудан көлемінде 2017 жылы 23 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда:

Білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру,спорт саласы бойынша құрылысы 2016 жылы басталған нысандарды қоса алғанда 4 бала бақша, 2 мектеп, 1 денешынықтыру–сауықтыру, 1 демалыс лагері құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 1 мектеп, 2 бала бақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Ертөстік» балабақшасы»(«Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі. Жалпы сметалық құны 257,8 млн теңге. Келісім шарт соммасы -233,6 млн. теңге (келісім-шарт №160, 18.11.2016ж),

«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Айгөлек» балабақшасы»(«Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі. Жалпы сметалық құны: 252,1 млн.теңге. Келісім шарт соммасы -228,7 млн. теңге (келісім-шарт №166, 18.11.2016ж),

«Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылындағы 140 орындық мектеп құрылысы»(мердігер «Промстройсервис-Е» ЖШС–гі. (Жалпы сметалық құны: 484,033 млн. теңге. Келісім шарт соммасы -460,0 млн. теңге (келісім-шарт №70, 21.09.2016). нысандары бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылданды.

«Қармақшы ауданы Иіркөл елді мекеніндегі 50 орындық №12 «Самал», Төребай би елді мекеніндегі 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақша құрылысы»нысандары бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Иіркөл елді мекеніндегі №12 Самал бала бақшасы құрылысының мердігері Компания «Мега ЛТД»ЖШС-гі(Жобаның жалпы сметалық құны: 183,646 млн.теңге.Келісім шарт соммасы - 180,320 млн. теңге(келісім-шарт №44, 28.03.2017ж) ,

Төребай би елді мекеніндегі №15 «Ақкөгершін» бала бақшасы құрылысының мердігері «Асар»ЖШС-гі (Жобаның жалпы сметалық құны: 188,480млн.теңге. Келісім шарт соммасы: 184,800 млн. теңге(келісім-шарт №44, 28.03.2017ж). Бұл нысандарға 2017 жылға бөлінген қаржы – әрқайсысына 50,0 млн.теңге.

Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысы Мердігер «Аман Құрылыс»ЖШС-гі. (Жалпы сметалық құны: 789,932 млн.теңге. Келісім шарт сомасы: 775,500 млн. теңге, келісім-шарт №92, 21.04.2017ж). Құрылыс жұмыстарына биылғы жылға ҚР Ұлттық қор есебінен 567,5 млн.теңге, ОБ 56,753 млн теңге бөлінген.

«Қармақшы ауданы Төретам кентінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» нысаны бойынша мердігер Компания «Интегрострой» ЖШС-гі. (Жалпы сметалық құны: 364,937 млн.теңге. Келісім шарт сомасы: 349,403 млн. теңге, келісім-шарт №100, 28.04.2017ж)

«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысы» нысаны бойынша мердігер «Промстройсервис-Е» ЖШС-і (Жалпы сметалық құны: 1 292,158 млн.теңге)

Бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Бұл нысандармен қатар аудандық бюджеттен бөлінген 24,3 млн теңге қаржыға «Байқоңыр қаласындағы 6 мектептің (№№272, 273, 274, 275, 276, 277 мектептер) және 1 бала бақшаның (№24) жылыту жүйесін газға қосу» жұмыстары жүргізіліп, қабылданды. мердігер «Асанас Дар» ЖШС-гі.

(мектептер жалпы сметалық құны: 25,579 млн.теңге, бөлінген қаржы 21,9, Келісім шарт сомасы: 20,384 млн теңге(келісім-шарт №14 10.03.2017ж)

(Бала бақша жалпы сметалық құны: 3,572 млн.теңге. Келісім шарт сомасы: 2,464 млн. теңге(келісім-шарт №16, 13.03.2017ж).

Ауыз сумен қамту бойынша:

2017 жылы жалпы 1 млрд 8 млн теңгеге аудан көлемінде барлығы 8 нысан құрылысы жүргізілуде.

Атап айтқанда «Нұрлы-Жол» бағдарламасы арқылы:

-«Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы (4-кезек)» -мердігер «Сәт-Сервис» ЖШС-гі.

(Бөлінген қаржы -434,113 млн теңге .Келісім шарт сомасы: 365,703млн.теңге).

- «Жосалы кентіндегі су жүйесінің және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту жұмыстары» -мердігер «РЗА» АҚ

(Бөлінген қаржы 225,066 млн теңге. Келісім шарт сомасы: 213,984млн.теңге).

-«Дүр Оңғар елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» -мердігер «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі. (Бөлінген қаржы 102,2 млн теңге, келісім шарт соммасы 77,2 млн теңге).

- «Иіркөл елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» - мердігер «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі.

(Бөлінген қаржы 34,6 млн теңге, келісім шарт соммасы 24,0 млн теңге)

Бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы.

Облыстық бюджеттен бөлінген 212,5 млн теңге қаржыға 4 елді мекенде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы жүргізіліп, қабылданды.

Бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.

«Қармақшы ауданы Қуаңдария елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» нысаны бойынша -мердігер «Орда құрылыс» ЖШС-гі.

(бөлінген қаржы 34,261 млн.теңге.Келісім шарт сомасы - 24,640 млн. теңг,).

«Қармақшы ауданы Алдашбай Ахун елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» нысаны бойынша -мердігер «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі .

(бөлінген қаржы- 46,071млн.теңге.Келісім шарт сомасы - 37,428 млн. теңге,).

«Қармақшы ауданы Көмекбаев елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» -мердігер «РЗА» АҚ. (бөлінген қаржы- 68,603млн.теңге. Келісім шарт сомасы - 47,288 млн. теңге).

«Қармақшы ауданы Қармақшы елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» -мердігер «РЗА» АҚ (бөлінген қаржы- 63,651 млн.теңге. Келісім шарт сомасы - 42,621 млн. теңге).

Су арналарын реттеу бойынша:

«Қармақшы ауданы «Қараөзек» арнасының «Қожатай» учаскесіндегі су тоспасын салу құрылысы» нысаны бойынша -мердігер «Сыр Маржаны» ЖШС-гі. (бөлінген қаржы 18,7 (ОБ-11,9, ЖБ-6,8) млн теңге, келісім шарт соммасы 18,416млн.теңге) Нысан пайдалануға қабылданды.

Денсаулық сақтау бойынша:

«Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары»-мердігер «ЖолЭнергоҚұрылыс» ЖШС-гі.

(Облыстық бюджеттен бөлінген қаржы 247,384 млн теңге, келісім шарт сомасы 243,605 млн. теңге)

Сонымен қатар «Жосалы кенті, Сексенбаев көшесінен әкімшілік ғимарат құрылысы» нысаны - мердігер «СК Ер-Қанат Сервис» ЖШС-гі.

48,7 млн теңге көлеміне қаржы бөлініп (Бөлінген қаржы 48,7 млн теңге ОБ-43,7 млн теңге, ЖБ-5,0 млн теңге, келісім шарт соммасы -47,9 млн теңге). Нысан пайдалануға қабылданды.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша:

2017 жылы 2-нысанның құрылысы жүргізілді.

-«Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен жайластыру» нысаны бойынша –мердігер «Нұр-Талап и К» ЖШС-гі. Бөлінген қаржы 158,8 млн теңге(оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен 142,9 млн теңге , ОБ 15,9 млн теңге бөлінді).

«Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймақты кернеулігі 0,4 кВт электр желісімен қамтамасыз ету» нысаны бойынша – мердігер ҚЭТТК АҚ. Нысан пайдалануға қабылданды. (Бөлінген қаржы аудандық бюджеттен 2,2 млн теңге, келісім шарт соммасы 201 млн теңге)

Тұрғын үй құрылысы бойынша:

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 25,0 млн теңге бөлініп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастырумен мемлекеттік сатып алу өткізілді. (Хабарландыру берілген күні 26.10.17ж., ашылу күні 11.11.17ж. Жобаның құны 2млрд.140млн. теңге). №1 лот бойынша «МФК Тұран» ЖШС-гімен, №3 лот бойынша «Техноснастка Ремсервис» ЖШС-гімен, №4 лот бойынша – «Асар» ЖШС-гімен келісім шарттар жасалды. №2,№5 лоттар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтпеді деп танылды.

2017 жылы бөлім арқылы жалпы соммасы 559947,4 мың теңгеге барлығы 44 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде конкурс тәсілімен 33, бір көзден алу тәсілімен 11 сатып алу. Мемлекттік сатып алудан 79422,3 мың теңге қаржы үнемделген.

Жоба- сметалық құжаттар әзірлеу бойынша:

Төретам кентіндегі №85, Тұрмағамбет ауылындағы №29, Ақжар елді мекеніндегі №28, Жосалы кентіндегі №27 және №105 мектеп ғимаратының жылумен жабдықтау жүйлерін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу,сараптамадан өткізу жұмыстарына аудандық бюджеттен 13,7 млн теңге қаралып, жобалар әзірленіп, 5 жоба бойынша сараптама қорытындысы алынды.

«Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылындағы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, сараптама қорытындысын алу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 20,1 млн теңге қаржы бөлінді. Жоба сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды

-«Ақай елді мекеніндегі тұрғын үйлерге ауыз су желілерін жеткізу құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптама қорытындысын алу жұмыстарына аудандық бюджеттен 6,2 мың теңге жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бағдарлама әкімшісі Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қаржы бөлдіру мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылды. Жоба құны -71,3 млн теңге.

«Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, сараптамадан өткізуге жұмыстарына 38,7 млн теңге бөлініп, ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өткізілді.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жоба-сметалық құжаттамаларымен қоса жалпы 2,8 млрд. теңгеге бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

- "Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы" объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарына - 2 183 843,238 мың теңге;

- "Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы" объектісінің "Кәріз және ауыз су жүйелерімен қамтамасыз ету" объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарына - 70 698,138 мың теңге;

Жоғарыдағы 2 жоба бойынша Қызылорда облысныың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 06.09.2017ж №04/1-2/5421 санды хатпен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

Қалған 3 жоба бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

- "Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы" объектісінің "Абаттандыру. Газдандыру. Телефон желілерімен қамтамасыз ету" объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарына -147861,378 мың теңге;

- "Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы" объектісінің "Жылумен қамтамасыз ету" объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарына - 382 314,466 мың теңге;

- "Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы" объектісінің "Электрмен қамтамасыз ету" объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарына - 38 903,253 мың теңге.

Тұрғын үй құрылысы бойынша «Қармақшы ауданы Мөлтек ауданындағы 20 тұрғын үй құрылысы» нысаны -213076,6 мың теңгеге облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы арқылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылып, қаржыландырылуға ұсынылды.

Сонымен қатар, «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары» жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, жобаға сараптама .қорытындысы алынып, 87386,760 мың теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша бөлім тарапынан төрт қызмет көрсетілуде. Олар, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама беру, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру және эскиздік жобаны келісуден өткізу. Аталған қызметтердің өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру бөлімнің кеңсесі арқылы, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуде. Жыл басынан:

жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама беру бойынша келіп түскен өтініштердің жалпы саны 2406, қанағаттандырылған өтініштердің саны 2406. Оның ішінде 699 өтініш Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қанағаттандырылса, 1707 өтініш «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қанағаттандырылды;

сәулет жоспарлау тапсырмасын беру бойынша келіп түскен өтініштердің жалпы саны 54, қанағаттандырылған өтініштердің саны 54. Оның ішінде 52 өтініш Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қанағаттандырылса, 2 өтініш «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қанағаттандырылды;

тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру бойынша келіп түскен өтініштердің жалпы саны 7, қанағаттандырылған өтініштердің саны 7. Аталған 7 өтініштер Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қанағаттандырылды.

эскиздік жобаны келісуден өткізу бойынша бөлімге келіп түскен өтініштердің жалпы саны 17, қанағаттандырылған өтініштердің саны 17.

Аудан көлемінде пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысы:

Аудан көлемінде 12 айдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің саны 157, жалпы ауданы 20800,0 шаршы метр. (12 айға жоспар 20800,0 шаршы метр). Аталған 157 жеке тұрғын үйлердің қабылдау актілері бөлімге тіркеліп, пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің есебі ай сайын аудандық статистика басқармасына және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына уақытылы берілуде.

Сонымен қатар пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің 2016 жылдың 12 айлық қорытындысымен салыстырғанда 106,0 пайызға орындалды.

Аудан бойынша қала құрылысы регламенті талаптарының сақталуына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар:

Аудан көлемінде қала құрылыстық регламенті талаптарының сақталуына байланысты арнайы жұмысшы топ құрылып, қала құрылысы регламенті талаптарының сақталуына байланысты аудан көлемінде рейдтер ұйымдастырылып, Жосалы кенті, Е. Көшербаев көшесінің бойында орналасқан №49, №61, №93 тұрғын үйдің иелерінің рұқсатсыз өз еріктерімен қызыл сызықтан асыра қоршап алған қоршауларымен қақпаларының (ворота) заңсыз орнатылғандығын анықтап, тұрғын үй иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде тұрғын үйлердің қоршаулары қызыл сызықтың бойына орнатылды.

Сонымен қатар, 5 заңсыз салынған құрылыс нысандары анықталды, атап айтқанда:

1. Жаппасбаев Жомарт, Жосалы кенті, Томанов көшесі №54 «А» орналасқан жер учаскесіндегі дүкен құрылысы;

2. Төремаханова Әлия, Жосалы кенті, Мүсіркегенов көшесі №1 «Б» орналасқан жер учаскесіндегі қойма құрылысы;

3. Әбдиев Исламбек, Самара-Шымкент авто дәлізі бойында орналасқан жер учаскесіндегі автокөлікке техникалық қызмет көрсету орталығының құрылысы;

4. Еримбетов Умиртай, Төретам кенті, Ғ.Мұратбаев көшесі №49 орналасқан жер учаскесіндегі кәсіпкерлік мақсаттағы құрылыстар;

5. Қосуақова Эльмира, Төретам кенті, Жаңқожа батыр көшесі №25 «А» орналасқан жер учаскесіндегі дүкен құрылысы.

Осыған байланысты, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасына хат жолданып, нәтижесінде Э.Қосуақова Төретам кенті, Жаңқожа батыр көшесі №25 «А» орналасқан жер учаскесіндегі дүкен құрылысын рұқсатсыз жүргізіп жатқандығы анықталды. Басқарма тарапынан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, Байқоңыр қалалық сотына жолданды. Байқоңыр қалалық сотының шешімімен 460 мың теңге көлемінде айыппұл салынған, ал қалған 4 құрылыс нысандары бойынша басқарма тарапынан зерттелуде.

Төретам кенті және Ақай ауылдық округі бойынша нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай және өз бетінше 7 заңсыз тұрғын үй құрылысын салған жеке тұлғалар анықталды.

Төретам кенті бойынша өз бетінше иеленіп заңсыз тұрғын үй құрылысын салған 3 жер учаскесі анықталып, 1 тұлға (Карамурзаев Жолмахан Асылханович) бойынша Төретам кенті әкімі аппаратына шара қолдану туралы хат жолданғанымен, осы күнге дейін шара көрілмеген, екінші және үшінші тұлға бойынша Төретам кенті әкімі аппаратына хат жолданып, кент тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып әр тұлғаға 85087,5 (сексен бес мың сексен жеті теңге елу тиын) айыппұл салынды.

Ақай ауылы бойынша өз бетінше иеленіп заңсыз тұрғын үй құрылысын салған 4 жер учаскесі анықталып, Ақай ауылдық округі аппаратына хат жолданып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, әр қайсысына 85087,50 (сексен бес мың сексен жеті теңге елу тиын) теңгеден жалпы 340350 (үш жүз қырық мың үш жүз елу) теңгеге айыппұл салынды.

Ауданда санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру бойынша:

Аудан бойынша сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрған мекемелердің және тұрғын үйлермен дүкендерге сыртқы келбетін (әктеу, сырлау, қоршауды түзету, қоршауларды алу тазалау, ағаш егу, түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнату) сынды жұмыстарға бөлім тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп арнайы ескертпе хаттар берілуде.

Бөлім тарапынан әзірленген эскиздік жобалар бойынша:

Жосалы кентіндегі 90 орындық «Ертөстік» және «Айгөлек» балабақша ғимараттарының келбетіне эскиздік жоба әзірленіп, балабақша ғимараттарының келбеті эскиздік жобаға сәйкес жүргізілді.

Ақтөбе ауылына жүргізілетін абаттандыру жұмыстарына байланысты ауылда орналасқан орталық саябаққа және орталық көшелерге эскиздік жобалар әзірленіп, эскиздік жобаға сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

Жосалы кентіндегі Абай көшесінің бойындағы түнгі жарықтандыру жұмыстарына байланысты эскиздік жоба әзірленіп, түнгі жарықтандыру бағаналары орнатылды.

Ақжар ауылына жүргізілетін абаттандыру жұмыстарына байланысты ауылда орналасқан орталық алаңға, ауыл әкімшілігі ғимаратының келбетіне және ауласына, эскиздік жобалар әзірленді.

Кент және елді мекендердің бас жоспарларымен даму сызбаларының қамтылуы және осы қала құрылысы құжаттамасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар:

Халық саны 5 мың адамнан 50 мың адамға дейінгі тұрғындары бар кенттердің, ауылдық елді мекендердің бас жоспарларымен қамтылуы бойынша:

Жосалы кентінің бас жоспары 2008 жылы әзірленіп, Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №86 шешімімен бекітілді.

Төретам кентінің бас жоспары 2014 жылы әзірленіп, Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 09 шілдедегі №260 шешімімен бекітілді.

Халық саны 5 мың адамға дейінгі тұрғындары бар кенттердің, ауылдық елді мекендердің бас жоспарларымен қамтылуы бойынша 13 елді мекеннің 2008-2014 жылдар аралығында даму сызбалары әзірленіп, аудандық мәслихатының шешімімен бекітілді.

Жосалы кентінің жоспарына сәйкес Мөлтек ықшам ауданына 2012-2014 жылдар аралығында жалпы 171 гектарды құрайтын, оның ішінде 51 гектарға және 120 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Аталған аумаққа 2016 жылы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы құны 814,898 млн.теңге қаржы бөлініп, жоба бойынша 33,144 шақырым қиыршық тас төселіп, 48,160 шақырымға электр желілері және 25,3 шақырымға телефон желілері жүргізілді.

Бекітілген кенттердің бас жоспарларымен елді мекендердің даму сызбалары және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемаларын «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Кодексінің 44-1 бабының 2-тармағына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісіліп, Қармақшы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына енгізілді. Сонымен қатар бөлім тарапынан ауылдық округі әкімдеріне елді мекендердің даму сызбаларын халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерге орналастыру туралы хат жолданып, даму сызбалар ауыл әкімшілігі ғимаратының халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерге орналастырылды.

2006-2017 жылдар аралығында Жосалы кенті әкімшілігіне жеке тұрғын үй құрылысын салуға кезекке қойылған 1731 жеке тұлғалардың өтініштері тіркелген.

Жосалы кентінің жоспарына сәйкес кент әкімшілігіне тіркелген 1731 жеке тұлғаның өтініштері «Тәуелсіздік» ықшам ауданынан жер учаскелер жеке тұрғын үй құрылыстарын салу үшін 385 жеке тұлғаның өтініштері қанағаттандырылды.


Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Электрондық үкімет» бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасалуда. Яғни, аудан бойынша барлық елді мекендердегі тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар аталған жүйеге тіркеліп, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры жүйесімен сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша бөлім тарапынан төрт қызмет көрсетілуде. Атап айтқанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама беру, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру және эскиздік жобаны келісуден өткізу. Аталған қызметтер «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы құжаттар қабылданып, мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Қазіргі таңда 2017 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің төмендегі мәліметі бойынша:
1)жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде барлығы 526 анықтама;
2)сәулет жоспарлау тапсырмасын беру – 42;
3)тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру – 5;
4)эскиздік жобаны келісуден өткізу – 12.
Аудан көлемінде пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысы бойынша:
Жыл басынан аудан көлемінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидаларын және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1278 Қаулысына сәйкес жыл басынан 89 жеке тұрғын үй құрылысының қабылдау актілері бөлімге тіркеліп пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы ауданы 14550,0 шаршы метр құрады. Яғни 2016 жылдың 9 айлық қорытындысымен салыстырғанда 122,3 пайызға артты. Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша тұрақты түрде ай сайын аудандық статистика басқармасына және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына ақпараттар уақытылы берілуде.
Аудан көлемінде кәсіпкерлік мақсатта құрылыс жұмыстары аяқталып, объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісін әзірлеп, бөлімге тіркеткен объектілердің мәліметі бойынша:
-Тұрғын үйлерінің бөлмесін реконструкциялап дүкен және қонақ үй ретінде пайдалануға қабылдап, актілерін тіркеткендер саны 5;
-Жаңадан дүкен құрылысын пайдалануға қабылдап, актілерін тіркеткендер саны 1.
-Шағын бөдене құс фермасының құрылысын пайдалануға қабылдап, актілерін тіркеткендер саны 1.
-Сән салоны құрылысын пайдалануға қабылдап, актілерін тіркеткендер саны 2.
Бөлім тарапынан әзірленген эскиздік жобалар бойынша:
-Жосалы кентіндегі 90 орындық «Ертөстік» және «Айгөлек» балабақша ғимараттарының қасбетіне эскиздік жоба әзірленіп, эскиздік жоба сәйкес құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.
-Ақтөбе ауылындағы орталық саябаққа және көшелерге жүргізілетін абаттандыру жұмыстарына байланысты бөлім тарапынан эскиздік жобалар әзірленіп, қазіргі таңда эскиздік жобаға сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілуде;
-Жосалы кентіндегі Абай көшесінің бойындағы түнгі жарықтандыру жұмыстарына байланысты эскиздік жоба әзірленіп, түнгі жарықтандыру бағаналары орнатылды.
«Аудан бойынша салық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы»
Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы «аудан бюджетінің салық базасын ұлғайту жөніндегі» №98-Ө өкіміне сәйкес жедел жұмысшы тобы құрылып аудан тұрғындарына жеке меншік құқығындағы тұрғын емес үй-жайларға түгендеу жүргізу және мақсатсыз пайдаланып отырған жылжымайтын мүліктерге зерттеу жүргізу, оның ішінде: бітпеген құрылыстар, құқығы тіркелмеген құрылыстар, арнайы мүлкін тіркетпей жүрген (жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілері бойынша) жылжымайтын мүлік объектілерін анықтау және қызыл сызықтың сақталуын зерттеу жұмыстары бойынша анықталған меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтсақ, Қармақшы көшесі №9 үй 2 пәтер тұрғыны Маханова Феруза Тыныштыққызының (Үміт) азық түлік дүкені, Корқыт ата көшесі №65 үй 4 пәтер тұрғыны Төрежанова Аманкүлдің (Кәусәр) аралас сауда дүкені, Сегізов көшесі №1 үй 3 пәтер тұрғыны Тәжібаева Бибігүлдің (Гүлжан) шаштаразы.
Сонымен қатар жеке меншік тұрғын үйінің нысаналы мақсатын өзгерпей тұрғын үйін рұқсатсыз кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған Жосалы кентіндегі Амангелді көшесі №9 үйдің тұрғыны Даутова Айзаданың (Тұрмағамбет) фотостудиясы және М. Шоқай көшесі №6 мекен жайында орналасқан атауы жоқ азық-түлік дүкені.
Осы аталған нысандардың меншік иелеріне 1 ай мерзімге заңды құжаттарын рәсімдеп, ретке келтіру үшін ескертпе хат негізінде берілді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы 16-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, (өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi) делінген, осы заң талабына сәйкес төмендегі талаптарды орындау үшін аудан көлемінде орналасқан кент, ауылдық округ әкімдеріне, ауданның дербес бөлімдеріне және мекемелерге сыртқы келбетін талапқа сай ұстауға, ғимараттарының ауласын абаттандыруға және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға тиісті хат жолданды.
Берілген тапсырмаға сәйкес заң талаптарына сай күтіп ұстауға, ғимараттарының ауласын абаттандыруға және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға байланысты кент, ауылдық округ әкімдері, ауданның дербес бөлімдері және мекемелері алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жөніндегі ұсыныстарын жолдауда.
Қармақшы ауданы әкімінің 2017 жылғы 03 наурызындағы №108-Ө/нқ өкіміне «Ауданда санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы»
Жосалы кенті Абай көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлермен дүкендерге (әктеу, сырлау, қоршауды түзету, қоршауларды алу тазалау, ағаш егу) сынды жұмыстар жүргізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрған және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға ескерту берілді.
Аудан бойынша қала құрылысы регламенті талаптарының сақталуына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар, құрылыс салуға берілетін рұқсат құжаттарының жайы туралы.
Қармақшы ауданы Жосалы кентінің бас жоспары 2008 жылы әзірленіп, Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №86 шешімімен бекітілді. Бас жоспарға сәйкес Жосалы кентінің Мөлтек ықшам ауданына 2012-2014 жылдар аралығында 51 гектар және 120 гектарды құрайтын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Мөлтек ықшам ауданына 51 гектарды құрайтын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына аудандық бюджеттен 4, 300 мың теңге және мөлтек ықшам ауданы 120 гектарды құрайтын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына аудандық бюджеттен 11, 242 мың теңге бөлінді. Жалпы аумағы 171 гектар.
Аталған аумаққа 2016 жылы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы құны 814,898 млн.теңге қаржы бөлініп, жоба бойынша 33,144 шақырым қиыршық тас төселіп, 48,160 шақырымға электр желілері және 25,3 шақырымға телефон желілері жүргізілді.
Қазіргі уақытта жер учаскелерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізу және бос жер телімдері, сондай-ақ қала құрылыстық құжаттар туралы ақпаратқа халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Кодексінің 44-1 бабының 2-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ұлттық қауіпсіздік органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпараттар Қармақшы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына және бөлім тарапынан ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердің даму сызбаларын халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерге орналастыру жөнінде хат жолданды. Қазіргі уақытта даму сызбалар ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерге орналастырылды.
2006-2017 жылдар аралығында Жосалы кенті әкімшілігіне жеке тұрғын үй құрылысын салуға кезекке қойылған 1731 жеке тұлғалардың өтініштері тіркелген.
Оның ішінде:
2006-2016 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегіне 1192 жеке тұлға тіркеліп, 2016-2017 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегіне 539 жеке тұлға тіркелді.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 2006-2016 жылдар аралығындағы кезекке қойылған 1192 жеке тұлғалардың ішінде 92 жеке тұлғаның өтініштері қанағаттандырылды.
Сонымен қатар 2007 жылы арнайы кезекке қойылған 293 жеке тұлғаның ішінде 179 жеке тұлғаның өтініштері қанағаттандырылып, жалпы 2006-2007 жылдар аралығындағы 271 жеке тұлғаларға жеке тұрғын үй құрылыстарын салу үшін жер учаскелері «Тәуелсіздік» ықшам ауданынан (жалпы аумағы 120 га және 51 гектарды құрайтын «Мөлтек» аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес) табысталды.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес "Нұрлы-Жер" бағдарламасына сәйкес 20 тұрғын үйдің жобасына бюджеттік өтінім тапсырылып және қосымша 20 тұрғын үйге жобалау-іздестіру жұмыстары (ПИР) әзірлену үстінде. Аталған жобаның жобалау-іздестіру жұмыстары әзірленген кезде қосымша бюджеттік өтінім тапсырылады. Қазіргі уақытта 2 аумақты игеру жұмыстары жүргізілуде.
Бас жоспарға сәйкес жалпы көлемі 80,0 гектарды құрайтын «Мөлтек» ықшам ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу 2019 жылға жоспарлануда.
Қармақшы ауданы бойынша қала құрылыстық регламенттер талаптарының сақталуын анықтау жөніндегі жұмысшы тобы құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Анықталғандар Е. Көшербаев көшесінің бойында қызыл сызықтан асыра қоршап алған және құрылыс жұмыстарын жүргізген №49, №61, №93 тұрғын үйлерге уақытында тиісті ескертулер беріліп, нәтижесінде қоршаулары мен құрылыс жұмыстары тоқтатылып қалыпқа келтірілді. Атап айтқанда Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесіндегі дүкен құрылысы Қосуақова Элмираға рұқсатсыз құрылыс жүргізгені анықталып 400 мың көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қоса Жосалы кенті бойынша 3 Төретам кенті бойынша 2 кәсіпкерлік мақсатында салынған нысандар анықталып Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына тексеру үшін хат ретінде және қосымша суреттерімен жолданды.


Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

2017 жылы Республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттерден және Қазақстан Республикасының Ұлттық қор резервінен бөлінген қаржыларға аудан көлемінде бірқатар құрылыс жұмыстары атқарылуда.
Атап айтқанда:
-Білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру саласы бойынша құрылысы 2016 жылы басталған нысандарды қоса алғанда 4 бала бақша, 2 мектеп құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 1 мектеп, 2 бала бақша құрылысы аяқталса, 2 бала бақша мен 1 мектеп құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар:
-«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Ертөстік» балабақшасы» («Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі. Жалпы сметалық құны 257,8 млн теңге. Келісім шарт соммасы -233,6 млн. теңге (келісім-шарт №160, 18.11.2016ж), «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Айгөлек» балабақшасы» («Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі. Жалпы сметалық құны: 252,1 млн.теңге. Келісім шарт соммасы -228,7 млн. теңге (келісім-шарт №166, 18.11.2016ж), «Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылындағы 140 орындық мектеп құрылысы» (мердігер «Промстройсервис-Е» ЖШС–гі. (Жалпы сметалық құны: 484,033 млн. теңге. Келісім шарт соммасы -460,0 млн. теңге (келісім-шарт №70, 21.09.2016. нысандары бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.
-«Қармақшы ауданы Иіркөл елді мекеніндегі 50 орындық №12 «Самал», Төребай би елді мекеніндегі 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақша құрылысы» нысандары бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Иіркөл елді мекеніндегі №12 Самал бала бақшасы құрылысының мердігері Компания «Мега ЛТД»ЖШС-гі(Жобаның жалпы сметалық құны: 183,646 млн.теңге.Келісім шарт соммасы - 180,320 млн. теңге(келісім-шарт №44, 28.03.2017ж) , Төребай би елді мекеніндегі №15 «Ақкөгершін» бала бақшасы құрылысының мердігері «Асар»ЖШС-гі (Жобаның жалпы сметалық құны: 188,480млн.теңге. Келісім шарт соммасы: 184,800 млн. теңге(келісім-шарт №44, 28.03.2017ж). Бұл нысандарға 2017 жылға бөлінген қаржы – әрқайсысына 50,0 млн.теңге. Қазіргі таңда Иіркөлдегі бала бақша құрылысы бойынша іргетас жұмыстары , 1-қабатының кірпішін қалау жұмыстары аяқталып, 1-ші қабаттын тобесін жабу, ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде, ал Торебай елді мекеніндегі бала бақша құрылысы бойынша іргетасын қалау жұмыстары аяқталып, кірпішін қалау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
-Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысы басталды. Мердігер «Аман Құрылыс»ЖШС-гі. (Жалпы сметалық құны: 789,932 млн.теңге. Келісім шарт сомасы: 775,500 млн. теңге, келісім-шарт №92, 21.04.2017ж). Құрылыс жұмыстарына биылғы жылға ҚР Ұлттық қор есебінен 567,5 млн.теңге бөлінген, қалған қаржысы облыстық бюджеттен бөлінеді. Бүгінгі күнге іргетасын қалау жұмыстары аяқталып, кірпішін қалау жұмыстары жүргізілуде.
-«Қармақшы ауданы Төретам кентінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» нысаны бойынша мердігер Компания «Интегрострой» ЖШС-гі жүргізуде. (Жалпы сметалық құны: 364,937 млн.теңге. Келісім шарт сомасы: 349,403 млн. теңге, келісім-шарт №100, 28.04.2017ж)
Құрылыс жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен бөлінген бастапқы қаржысы 100,0 млн .теңге.
Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарын бастау үшін құрылыс материалдар мен техникалары жеткізілді. Іргетасын құю жұмыстары аяқталды.
-«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысы» нысаны бойынша мердігер «Промстройсервис-Е» ЖШС-і (Жалпы сметалық құны: 1 292,158 млн.теңге), 2017 жылға облыстық бюджеттен -100,0 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын бастауға тиісті рұқсат беретін құжаттары алынып, жақын арада құрылысы басталады деп күтілуде.
Бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Бұл нысандармен қатар аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға бөлімнің тапсырыс беруімен «Байқоңыр қаласындағы 6 мектептің (№№272, 273, 274, 275, 276, 277 мектептер) жылыту жүйесін газға қосу» (Жалпы сметалық құны: 25,579 млн.теңге, бөлінген қаржы 21,9, Келісім шарт сомасы: 20,384 млн теңге(келісім-шарт №14 10.03.2017ж) және «Байқоңыр қаласындағы №24 балабақшаның жылыту жүйесін газға қосу» жұмыстары бойынша мердігер «Асанас Дар» ЖШС-гі.
(Жалпы сметалық құны: 3,572 млн.теңге. Келісім шарт сомасы: 2,464 млн. теңге(келісім-шарт №16, 13.03.2017ж).
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:-
2016 жылы жалпы сметалық құны 678,8 млн теңге болатын 2 жоба «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына (4-кезек)» және «Жосалы кентіндегі су жүйесінің және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту жұмыстарына» «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылып, мемлекеттік сатып алу өткізілген. 1-жоба бойынша «Сәт-Сервис» ЖШС-н 359,7 млн. теңге (Жалпы сметалық құны: 444,548 млн. теңге. Келісім шарт сомасы: 359,700млн.теңге (келісім-шарт №32, 27.12.2016ж), 2-жоба бойынша «РЗА» АҚ 210,5 млн теңгеге (жалпы сметалық құны: 234,369 млн. теңге.Келісім шарт сомасы: 210,546млн.теңге (келісім-шарт №100, 20.12.2016ж) келісім шарт жасалған.
Бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы.
-«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» (4 кезек) нысаны бойынша қазіргі таңда 700 үйге су құбыры кіргізілген, Абай,Наурыз көшелерінде су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.
-«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту» 1-і Резервуар аяқталуға жақын, 2-і резервуардың 50% жұмыстары аяқталған, насос.ст. плитасы койылып,шатырын толық салып, ішкі сылақ жұмыстары жүргізілді. Сыртқы қоршау жұмыстары 70% аяқталып тұр.
Елді мекендері ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 2017 жылға барлығы 6 жобаны іске асыруға 349,4 млн теңге (оның ішінде РБ 136,8 млн теңге, ОБ-212,6 млн теңге) қаралған.
Атап айтқанда:-
-«Нұрлы-Жол» бағдарламасы арқылы Қармақшы ауданы Дүр Оңғар елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 102,2 млн теңге және Иіркөл елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 34,6 млн теңге бөлінген, бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші «Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы, жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу өткізілуде;
облыстық бюджеттен
-Алдашбай ахун елді мекеніндегі су құбырын тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына 46,1 млн теңге;
-Қуандария елді мекеніне 34,3 млн теңге;
-Қармақшы елді мекені 63,6 млн теңге;
-Көмекбаев елді мекеніне 68,6 млн теңге бөлінді.
Бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
«Қармақшы ауданы Қуаңдария елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» нысаны бойынша мердігер «Орда құрылыс» ЖШС-гі. (Жалпы сметалық құны: 34,261 млн.теңге.Келісім шарт сомасы - 24,640 млн. теңге,келісім-шарт №28, 28.03.2017ж). Бұл нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде
-«Қармақшы ауданы Алдашбай Ахун елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» нысаны бойынша мердігер «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі жүргізуде. (Жалпы сметалық құны: 46,071млн.теңге.Келісім шарт сомасы - 37,428 млн. теңге,келісім-шарт №29, 18.03.2017ж). Бұл нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
-«Қармақшы ауданы Көмекбаев елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» (Жалпы сметалық құны: 68,603млн.теңге.Келісім шарт сомасы - 47,288 млн. теңге(келісім-шарт №46, 02.05.2017ж) және «Қармақшы ауданы Қармақшы елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» Жалпы сметалық құны: 63,651 млн.теңге. Келісім шарт сомасы - 42,621 млн. теңге(келісім-шарт №45, 02.05.2017ж) нысандары бойынша мердігер «РЗА» АҚ. жүргізуде. Бұл нысандар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
-«Қармақшы ауданы «Қараөзек» арнасының «Қожатай» учаскесіндегі су тоспасын салу құрылысы» нысаны бойынша мердігер «Сыр Маржаны» ЖШС-гі. (бөлінген қаржы 18,7 (ОБ-11,9, ЖБ-6,8) млн теңге, келісім шарт соммасы 18,416млн.теңге, келісім-шарт №27 18.03.2017ж)
Құрылыс-монтаж жұмыстары 30.06.2017 жылы басталды. Келісім шарт бойынша 1 қыркүйекке дейін толық аяқталуы жоспарланып отыр.
Денсаулық сақтау бойынша:
-«Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары» нысаны бойынша тапсырыс берушісі Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Мердігер: «ЖолЭнергоҚұрылыс» ЖШС-гі. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржы 247,384 млн теңге, келісім шарт сомасы 243,605 млн. теңге (келісім-шарт №78 12.04.2017ж). Қазіргі таңда бұл нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Жосалы кенті Сексенбаев көшесінен әкімшілік ғимарат құрылысын» салуға облыстық және аудандық бюджеттен 48,7 млн теңге көлеміне қаржы бөлініп (ОБ-43,7 млн теңге, ЖБ-5,0 млн теңге), мемлекеттік сатып алу өткізіліп, мердігер «СК Ер-Қанат Сервис» ЖШС-гі анықталды (келісім шарт соммасы -47,9 млн теңге). Қазіргі таңда бұл нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ғимараттын қабырғалары тұрғызылып, төбесі жабылды, ішкі сылақ, әрлеу жұмыстары, сыртқы қоршау абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша:
-«Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен жайластыру» жобасының құрылыс жұмыстарына 158,8 млн теңге бөлінді (оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен 142,9 млн теңге , ОБ 15,9 млн теңге бөлінді).
Мердігер «Нұр-Талап и К» ЖШС-гі . Тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Бүгінгі күнге бұл нысан бойынша құрылыс материалдары құрылыс материалдары жеткізіліп, 8 көшеге құм төселіп 1 слой, грейдермен тегістеп жатыр. Электр желілері бойынша 0,4 кВт бағаналары орнатылуда.
(Анықтамалық жоба бойынша 15,1 км электр желісі, 5 км қиыршық тас жолдарын салу қаралған)
Сонымен қатар Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймақты кернеулігі 0,4 кВт электр желісімен қамтамасыз етуге 2,2 млн теңге аудандық бюджеттен бөлініп, мемлекеттік сатып алу өткізіліп, КЭТТК АҚ жеңімпаз болып, мердігермен 2,1 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда жұмыстар аяқталып қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы 2017 жылға ауданға құрылыс жұмыстарына 3,3 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінген, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 1 млрд 506 млн теңге, облыстық бюджеттен 1млрд 777 млн.теңге және 39,0 млн теңге аудандық бюджет қаражатынан бөлінген.
2017 жылы бөлім арқылы жалпы соммасы 559947,4 мың теңгеге барлығы 44 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде конкурс тәсілімен 33, бір көзден алу тәсілімен 11 сатып алу. Мемлекттік сатып алудан 79422,3 мың теңге қаржы үнемделген.
Жоба- сметалық құжаттар әзірлеу бойынша:
Төретам кентіндегі №85, Тұрмағамбет ауылындағы №29, Ақжар елді мекеніндегі №28, Жосалы кентіндегі №27 және №105 мектеп ғимаратының бу қазандықтарын сыртқа шығару» жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 10,2 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу өткізілді.
«Тұрмағанбет елді мекеніндегі №29 мектеп ғимаратының бу қазандығын сыртқа шығару» объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарын жобалаушы «ТехноСтройПроект» ЖШС-гі, жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылды.
Төретам кентіндегі №85, Ақжар ауылындағы №28, Тұрмағамбет ауылындағы №29, Жосалы кентіндегі №27, №105 мектеп ғимаратының бу қазандығын сыртқа шығару жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын жобалаушы «Сыр-Жоба» ЖШС-гі, қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттар аяқталып, сараптама қарауына ұсынылуға дайындалуда.
-«Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылындағы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, сараптама қорытындысын алу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 20,1 млн теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу өткізіліп , нәтижесінде «Сыр жоба» ЖШС-гімен 18154,0 мың теңгеге (№36 17.04.2017ж.) келісім шарт жасалды. Жоба сметалық құжаттарын әзірленіп қабылданды, сараптама қарауына ұсынылуда.
-«Ақай елді мекеніндегі тұрғын үйлерге ауыз су желілерін жеткізу құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптама қорытындысын алу жұмыстарына 6700,0 мың теңге қаржы бөлінген. Жобалаушы мекеме «ҚызылордаВодГазПроект» ЖШС-гі, 5192,899 мың теңгеге келісім шарт жасалды (№12 10.03.2017ж.). Қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттарын әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бағдарлама әкімшісі Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қаржы бөлдіру мақсатында бюджеттік өтінім жолданды.
-«Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарына 38747,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, нәтижесінде «Крез Сервис» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды, келісім шарт соммасы 34316,3 мың теңге.
Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, жобаға Байқоңыр қаласының коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінен келісімдер алынуда.
«Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары» жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына 1112,658 теңгеге, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, нәтижесінде «ТехноСтройПроект» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Жоба сметалық құжаттар әзірленіп, сараптама қарауына ұсынылды.
Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша:
Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Электрондық үкімет» бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасалуда. Яғни, аудан бойынша барлық елді мекендердегі тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар аталған жүйеге тіркеліп, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры жүйесімен сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша бөлім тарапынан төрт қызмет көрсетілуде. Атап айтқанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама беру, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру және эскиздік жобаны келісуден өткізу. Аталған қызметтер «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы құжаттар қабылданып, мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Қазіргі таңда 2017 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің төмендегі мәліметі бойынша:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде барлығы 420 анықтама;
2) сәулет жоспарлау тапсырмасын беру – 24;
3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру – 4;
4) эскиздік жобаны келісуден өткізу – 7.
Жыл басынан бөлімге келіп түскен кіріс хаттар мен шығыс хаттардың мәліметтері бойынша:
- Кіріс хаттардың саны – 836;
- Шығыс хаттардың саны – 363.
Аудан көлемінде пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысы бойынша:
Жыл басынан аудан көлемінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидаларын және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1278 Қаулысына сәйкес 73 жеке тұрғын үй құрылысының қабылдау актілері бөлімге тіркеліп пайдалануға қабылданды. Қазіргі уақытта пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы ауданы 9550,0 шаршы метр құрауда. Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша тұрақты түрде ай сайынғы аудандық статистика басқармасына және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне ақпараттар берілуде.
«Аудан бойынша салық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы»
Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы «аудан бюджетінің салық базасын ұлғайту жөніндегі» №98-Ө өкіміне сәйкес жедел жұмысшы тобы құрылып аудан тұрғындарына жеке меншік құқығындағы тұрғын емес үй-жайларға түгендеу жүргізу және мақсатсыз пайдаланып отырған жылжымайтын мүліктерге зерттеу жүргізу, оның ішінде: бітпеген құрылыстар, құқығы тіркелмеген құрылыстар, арнайы мүлкін тіркетпей жүрген (жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілері бойынша) жылжымайтын мүлік объектілерін анықтау және қызыл сызықтың сақталуын зерттеу жұмыстары бойынша анықталған меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтсақ, Қармақшы көшесі №9 үй 2 пәтер тұрғыны Маханова Феруза Тыныштыққызының (Үміт) азық түлік дүкені, Корқыт ата көшесі №65 үй 4 пәтер тұрғыны Төрежанова Аманкүлдің (Кәусәр) аралас сауда дүкені, Сегізов көшесі №1 үй 3 пәтер тұрғыны Тәжібаева Бибігүлдің (Гүлжан) шаштаразы.
Сонымен қатар жеке меншік тұрғын үйінің нысаналы мақсатын өзгерпей тұрғын үйін рұқсатсыз кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған Жосалы кентіндегі Амангелді көшесі №9 үйдің тұрғыны Даутова Айзаданың (Тұрмағамбет) фотостудиясы және М. Шоқай көшесі №6 мекен жайында орналасқан атауы жоқ азық-түлік дүкені.
Осы аталған нысандардың меншік иелеріне 1 ай мерзімге заңды құжаттарын рәсімдеп, ретке келтіру үшін ескертпе хат негізінде берілді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы 16-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, (өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi) делінген, осы заң талабына сәйкес төмендегі талаптарды орындау үшін аудан көлемінде орналасқан кент, ауылдық округ әкімдеріне, ауданның дербес бөлімдеріне және мекемелерге сыртқы келбетін талапқа сай ұстауға, ғимараттарының ауласын абаттандыруға және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға тиісті хат жолданды.
Берілген тапсырмаға сәйкес заң талаптарына сай күтіп ұстауға, ғимараттарының ауласын абаттандыруға және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға байланысты кент, ауылдық округ әкімдері, ауданның дербес бөлімдері және мекемелері алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жөніндегі ұсыныстарын жолдауда.
Қармақшы ауданы әкімінің 2017 жылғы 03 наурызындағы №108-Ө/нқ өкіміне «Ауданда санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы»
Жосалы кенті Абай көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлермен дүкендерге (әктеу, сырлау, қоршауды түзету, қоршауларды алу тазалау, ағаш егу) сынды жұмыстар жүргізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрған және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға ескерту берілді.
Жер учаскелерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізу және бос жер телімдері, сондай-ақ қала құрылыстық құжаттар туралы ақпаратқа халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар.
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Кодексінің 44-1 бабының 2-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ұлттық қауіпсіздік органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпараттар Қармақшы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына және бөлім тарапынан ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердің даму сызбаларын халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерге орналастыру жөнінде хат жолданды. Қазіргі уақытта даму сызбалар ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерге орналастырылды.


Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Электрондық үкімет» бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасалуда. Яғни, аудан бойынша барлық елді мекендердегі тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар аталған жүйеге тіркеліп, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры жүйесімен сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша бөлім тарапынан төрт қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама беру, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру және эскиздік жобаны келісуден өткізу. Аталған қызметтер ауданымздағы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы құжаттар қабылдануда. 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларының аралығында мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде барлығы 203 анықтама;
2) сәулет жоспарлау тапсырмасын беру – 10;
3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру – 2;
4) эскиздік жобаны келісуден өткізу – 2.
Аудан көлемінде жеке тұрғын үйлермен кәсіпкерлік мақсатта салынған нысандар бойынша:
Аудан бойынша 2016 жылдың 3 айында пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің саны 23, жалпы ауданы 3370,0 шаршы метрді құраса, 2017 жылы 3 айында пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің саны 31, жалпы ауданы 3850,0 шаршы метр, яғни 114,2 пайызға артты.
«Аудан бойынша салық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы»
Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы «аудан бюджетінің салық базасын ұлғайту жөніндегі» №98-Ө өкіміне сәйкес жедел жұмысшы тобы құрылып аудан тұрғындарына жеке меншік құқығындағы тұрғын емес үй-жайларға түгендеу және мақсатты пайдалануына зерттеу жүргізу, яғни, бітпеген құрылыстар, құқығы тіркелмеген құрылыстар, арнайы мүлкін тіркетпей жүрген (жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілері бойынша) жылжымайтын мүлік объектілерін анықтау, қызыл сызықтың сақталуын зерттеп меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Жоғарыда аталған тапсырмалардың орындалуы барысында, жұмысшы тобы Жосалы кентінде орналасқан төмендегідей кәсіпкерлік мақсатта салынған және тұрғын үйін рұқсатсыз кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған нысандардың құжаттары жоқ екендігін анықтады.
Атап айтсақ, Қармақшы көшесі №9 үй 2 пәтер тұрғыны Маханова Феруза Тыныштыққызының (Үміт) азық түлік дүкені, Корқыт ата көшесі №65 үй 4 пәтер тұрғыны Төрежанова Аманкүлдің (Кәусәр) аралас сауда дүкені, Сегізов көшесі №1 үй 3 пәтер тұрғыны Тәжібаева Бибігүлдің (Гүлжан) шаштаразы.
Сонымен қатар жеке меншік тұрғын үйінің нысаналы мақсатын өзгерпей тұрғын үйін рұқсатсыз кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған Жосалы кентіндегі Амангелді көшесі №9 үйдің тұрғыны Даутова Айзаданың (Тұрмағамбет) фотостудиясы және М. Шоқай көшесі №6 мекен жайында орналасқан атауы жоқ азық-түлік дүкені.
Осы аталған нысандардың меншік иелеріне ескертпе хат негізінде 1 ай мерзімге заңды құжаттарын рәсімдеп, ретке келтіру үшін берілді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы 16-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, (өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi) делінген, осы заң талабына сәйкес төмендегі талаптарды орындау үшін кент, ауылдық округ әкімдеріне және ауданның дербес бөлімдеріне мекемелерінің сыртқы келбетін талапқа сай ұстауға, ғимараттарының ауласын абаттандыруға және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға тиісті хат жолданды.
Осыған орай талапқа сай ұстауға байланысты кент, ауылдық округ әкімдері және ауданның дербес бөлімдері алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жайындағы мәліметтерін жолдауда.
Қармақшы ауданы әкімінің 2017 жылғы 03 наурызындағы №108-Ө/нқ өкіміне «Ауданда санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы»
Жосалы кенті Абай көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлермен дүкендерге (әктеу, сырлау, қоршауды түзету, қоршауларды алу тазалау, ағаш егу) сынды жұмыстар жүргізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрған және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуы туралы дүкендерге ескерту берілді.
Құрылыс саласы бойынша:
1. Білім беру және мектепке дейінгі тәрбие беру саласы бойынша:
Тапсырыс беруш: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ арқылы:
1) «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Ертөстік» балабақшасы»
Тапсырыс беруші: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
Мердігер: «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі
Жалпы сметалық құны: 257,8 млн.теңге
Келісім шарт сомасы -233,6 млн. теңге
Құрылыс жүргізілу мерзімі: 6 ай
Қазіргі жағдайы: жер жұмыстары аяқталып, іргетасы қалануда.
2) «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Айгөлек» балабақшасы»
Тапсырыс беруші: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
Мердігер: «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі
Жалпы сметалық құны: 252,1 млн. теңге
Келісім шарт сомасы -228,7 млн. теңге
Құрылыс жүргізілу мерзімі: 6 ай
Қазіргі жағдайы: жер жұмыстары аяқталып, іргетасы қалануда.
3) «Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылындағы 140 орындық мектеп құрылысы»
Тапсырыс беруші: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
Мердігер:«Промстройсервис-Е»ЖШС–
Жалпы сметалық құны: 484,033 млн. теңге
Келісім шарт сомасы – 460,0 млн. теңге.
Құрылыс жүргізілу мерзімі: 5 ай
Қазіргі жағдайы: 2-ші қабаттың кірпіші өріліп, материалдары жеткізілген.
4) «Қармақшы ауданы Иіркөл елді мекеніндегі 50 орындық №12 «Самал» балабақша құрылысы»
Жалпы құны 183,646 млн.
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Мердігер мекеме: Компания «Мега ЛТД» ЖШС-гі
Қазіргі жағдайы: Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау үшін құжаттары әзірленуде.
5) «Қармақшы ауданы Төребай би елді мекеніндегі 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақша құрылысы объектісі
Жалпы құны 188,480 млн.
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Мердігер мекеме «Асар» ЖШС-гі
Қазіргі жағдайы: Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау үшін рұқсат беру құжаттары алынуда, алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады.
6. «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысы» объектісі
Жалпы құны – 789,932 млн. теңге
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Қазіргі жағдайы: Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы ашық конкурсы ұйымдастырылуда.
7) «Қармақшы ауданы Төретам кентінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» объектісінің жалпы құны – 364,937 млн. теңге, 2017 жылға қаралғаны 100, млн. теңге.
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Қазіргі жағдайы: Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы ашық конкурс ұйымдастырылуда.
8) «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысы» объектісінің жалпы құны – 1 292,158 млн теңге, 2017 жылы облыстық бюджет есебінен 100,0 млн теңге қаржы бөлінді.
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Қазіргі жағдайы: Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы ашық конкурс ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта конкурсқа қатысқан мекемелердің құжаттарын тексеруде.
ІІ. Денсаулық сақтау бойынша:
9. «Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары» объектісі
Жалпы құны – 247, 384 млн.теңге
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Қазіргі жағдайы: Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы ашық конкурсы өткізілуде.
ІІІ. Аудан бойынша ауыз су қамту бойынша:
Тапсырысшы беруші «Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы арқылы:
Ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 2016 жылы жалпы сметалық құны 678,8 млн теңге болатын 2 жоба «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына (4-кезек)» және «Жосалы кентіндегі су жүйесінің және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту жұмыстарына» республикалық бюджеттен қаржыландырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтікізілген. 1 жоба бойынша «Сәт Сервис» ЖШС-гі 359,7 млн. теңге, 2-жоба бойынша «РЗА» АҚ 210,5 млн теңгеге келісім шарт жасалған.
Сонымен қатар, елді мекендері таза сумен етуга байланысты 2017 жылға барлығы 6 жобаны іске асыруға 349,4 млн. теңге (оның ішінде РБ 136,8 млн. теңге, ОБ-212,6 млн теңге) қаралған.
Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Қармақшы ауданы Дүр Оңғар елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 102,2 млн теңге және Иіркөл елді мекенінде тұтынушы үйлердің шакарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 34,6 млн. теңге бөлінген, жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстарын атқаратын мердігер мекеме анықталғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады.

«Қармақшы ауданы Қуандария елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісі
Жалпы сметалық құны 34,261 млн теңге.
Тапсырыс беруші: «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Мердігер мекеме: «Орда құрылыс» ЖШС-гі.
Қазіргі жағдайы: Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау.а дайындық жұмыстары жүргізілуде, құрылысы сәуір пайында басталады.
2. «Қармақшы ауданы Алдашбай Ахун елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісіне
Жалпы сметалық құны: 46,071 млн теңге.
Тапсырыс беруші: «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Мердігер мекеме «Ақмешіт мелиоратор» ЖШС-гі.
Қазіргі жағдайы: Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау.а дайындық жұмыстары жүргізілуде, құрылысы сәуір пайында басталады.
3. «Қармақшы ауданы Көмекбаев елді мекенінде тұтынушы
үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісі
Жалпы сметалық құны: 68,603 млн теңге.
Тапсырыс беруші: «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Қазіргі жағдайы: Мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, өткізілуде. Мердігер сәуір айының басында анықталады.
4. «Қармақшы ауданы Қармақшы елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісіне
Жалпы сметалық құны: 63,651 млн теңге.
Тапсырыс беруші: «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Қазіргі жағдайы: Мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, өткізілуде. Мердігер сәуір айының басында анықталады.
Сонымен қатар аудандық бюджеттен бөлінген 25,1 млн теңгеге Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп (№№272,273,274,275,276,277 мектептер) және №24 бала бақшаның жылыту жүйесін газға қосу жұмыстары атқарылатын болады. Бұл нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу өткізіліп, «Асанас Дар» ЖШС-гі мердігер болып анықталды, құрылыс жұмыстары сәуір айында басталады.
Сондай-ақ аудандық бюджеттен Тұрмағамбет елді мекеніндегі №29 мектеп, Төретам кентіндегі №85, Ақжар елді мекеніндегі №28, Жосалы кентіндегі №27 және №105 мектеп ғимаратының бу қазандығын сыртқа шығару жұмыстарының жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге 10,1 млн теңге бөлініп, жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу өткізілуде.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша:
«Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің и ннженерлік инфрақұрылымын дамыту және жайластыру» жобасының құрылыс жұмыстарына 158,8 млн теңге бөлінді (оның ішінде Ұлттық қор есебінен 142,9 млн теңге және ОБ 15,9 млн теңге). Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстарын атқаратын мердігер анықталғаннан кейін, құрылысын сәуір айының екінші жартысында бастау жоспарланып отыр. Нысан бойынша тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Жоба бойынша елді мекеннің тұрғын кварталдарына 15,1 км электр желісі, 5 км қиыршық тас жолдарын салу қаралған.
Сонымен қатар Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймақты кернеулігі 0,4 кВт электр желісімен қамтамасыз етуге 2,2 млн теңге аудандық бюджеттен бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурс ұйымдастырылуда.
Шаруашылық объектілерін дамыту
«Қармақшы ауданы «Караөзек» арнасының «Қожатай» учаскесінде су тоспасын салу құрылысына «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, «Сыр маржаны и К» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Аталға нысан бойынша бөлім мен мердігер мекеме арасында 18 416,665 мың теңгеге 2017 жылдың 18 наурызында №27 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.
Жобалау сметалық құжаттар әзірлеу бойынша:
- «Ақтөбе ауылындағы құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысы» жобасын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 20,1 млн теңге облыстық бюджеттен бөлініп,мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

- Аудандық бюджеттен «Ақай елді мекеніндегі тұрғын үйлерге ауыз су желілерін жеткізу құрылысы» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу, мемсараптамадан өткізуге 6,7 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттарын әзірленіп, сараптамадан өткізуге конкурс өткізілуде.

  • Жарияланған күні: 04.10.2017 12:00
  • Жаңартылған күні: 09.01.2018 10:02
  • Көргендер саны: 427
Жаңғырту 3.0
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі