23.04.2018

Валюта бағамы:

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша бөлімнің теңгерімінде 43 тұрғын үй болса, оның 41 коммуналдық, 2 қызметтік. Коммуналдық тұрғын үйлерді пайдаланғаны үшін тұрғындардан 2012 жылдан бастап төлемақы жиналуда, қазіргі таңда аудандық бюджетке 2195,345 мың теңге қаржы түсірілді (2012 жыл – 227,2 мың, 2013 жыл - 291,7 мың, 2014 жыл - 310,0 мың, 2015 жыл - 188,4 мың, 2016 жыл - 400,4 мың, 2017 жыл – 820,0 мың, 2018 жылдың 1- тоқсаны - 330,0 мың теңге). Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 5 санат бойынша 318 адам кезекте тұр. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары жоқ; Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 48; Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар – 217; Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын азаматтар – 52; Авариялық жағдайда деп танылған азаматтардың кезегінде – 1 азамат тіркелген.

2018 жылы аудандық бюджеттен 3800,0 мың теңге қаржы бөлініп тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2 тұрғын үй сатып алу жоспарлануда.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 2017 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша бөлімнің теңгерімінде 43 тұрғын үй болса, оның 41 коммуналдық, 2 қызметтік. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 5 санат бойынша 311 адам кезекте тұр.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары жоқ; Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар–48; Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар–211; Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын азаматтар-51; Авариялық жағдайда дап танылған азаматтардың кезегінде–1 азамат тіркелген.

2017 жылы Жосалы кенті, Сегізов көшесі №18/3 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен 816,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Бибарыс Сервис» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары атқарылды.

Қызметтік тұрғын үйге, яғни Қ.Нәметша № 2 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 1576,0 мың теңге қаржы бөлініп, ЖК «Абдиреймова О» тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылы әлеуметтік жағынан осал топ бойынша тұрғын үйге мұқтаж 5 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. (2017 жылдың 19 шілдесіндегі № 516 Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулысыменӘбдіхалиева Ж- Сегізов көшесі № 26/10, Қайнарбаев көшесі № 17/3- Абуова Б, Сегізов көшесі № 26/11- Қ.Ахметова, С, Сегізов көшесі № 18/3- Б.Ұзақбаева, Сүлейменов көшесі № 33/3- Отызбаева Г.)

Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміндегі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша Қармақшы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 57 өтініш келіп түсіп, уақытылы жауаптары жолданып, орындалды.

«Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне 12 өтініш түсіп, барлығы уақытылы орындалды.

«Өңірлерді дамыту- 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен бөлінген 10311,0 мың теңге қаржыға Жосалы кентіндегі Мүсірбаев көшесі №5, Аманкелді көшесі №55 және Сегізов көшесі №1 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың мамыр айынан басталып, жүргізілді. Мердігер мекеме- «Туған ел келбеті» ЖШС. Аталған үйлердің уақытылы және сапалы жөнделуі бақылауға алынып, жұмыстар толық аяқталды.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша бөлімнің теңгерімінде 41 тұрғын үй болса, оның 39 коммуналдық, 2 қызметтік. Коммуналдық тұрғын үйлерді пайдаланғаны үшін тұрғындардан 2012 жылдан бастап төлемақы жиналуда, қазіргі таңда аудандық бюджетке 1153,7 мың теңге қаржы түсірілді (2013-44,9 мың, 2014-178,5 мың, 2015-221,7 мың, 2016-576,8 мың, 2017 ж 1 тоқсан-131,8 мың). Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 5 санат бойынша 304 адам кезекте тұр.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары жоқ; Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар–44; Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар–205; Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын азаматтар–54; Авариялық жағдайда дап танылған азаматтардың кезегінде–1 азамат тіркелген.

2017 жылы Жосалы кенті, Сегізов көшесі №18/3 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен 816,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Бибарыс Сервис» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары атқарылды.

Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміндегі
1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша Қармақшы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 17 өтініш келіп түсіп, уақытылы жауаптары жолданып, орындалды.

2. «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне 11 өтініш түсіп, барлығы уақытылы орындалды.
«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасы бойынша 2017 жылы Жосалы кентінің Мүсірбаев көшесі №3, №5, Аманкелді көшесі №49, №55 және Сегізов көшесі №1, барлығы 5 көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 15970,0 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жоспарланған. Алайда тұрғындардың бұрынғы келісімдерінен кейін қайта алынған келісімде 3 тұрғын үй ғана келісуіне орай (Мүсірбаев көшесі №3, Аманкелді көшесі №55 және Сегізов көшесі №1) аталған үйлерге маусым- шілде айларында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаж 303 азамат(ша) тіркелген.

Оның ішінде:

1. Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы бойынша – 205 адам;

2. Жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобы бойынша – 44 адам;

3.Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері тобында – 53 адам;

4.Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар кезегінде – 1 адам тіркелген.

Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміндегі
1.«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша Қармақшы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 8 өтініш келіп түсіп, уақытылы жауаптары жолданып, орындалды.
2.«Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне 8 өтініш түсіп, барлығы уақытылы орындалды.

«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасы бойынша 15970,0 мың теңге қаржы Жосалы кентіндегі 5 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге жоспарланған. Аталған жұмыстар «Туған ел келбеті» ЖШС тарапынан атқарылуы жоспарланып отыр.

Жөнделетін үйлер тізімі: Мүсірбаев № 3, Мүсірбаев № 5, Иманов № 49, Иманов № 55, Сегізов № 1 үйлер.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 2016 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 5 санат бойынша жасақталған:

1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының кезегінде – тіркеуде тұрған мұқтаж азаматтар тіркелмеген;
2. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың кезегінде–40 бала;
3. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтардың кезегінде–201 мұқтаж азамат;
4. Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын азаматтардың кезегінде – 52 мұқтаж азамат;
5. Авариялық жағдайда дап танылған азаматтардың кезегінде – 1 мұқтаж азамат тіркелген.
Аудан әкімдігінің 15.01.2016 жылғы №145 қаулысымен бөлім теңгеріміндегі 2 коммуналдық тұрғын үй жекешеленді (М.Тұрбаева, К.Нурпейсова).

01.01.2016 жылдан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіндегі 6 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді ( тұрмысы төмен отбасы Сегізов 37/6 – Н.Шалабаева, Жомартов 7/8- С.Ділманова, Сегізов 19/6-Г.Сқақова, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Абай 96/5-Ж.Молдабекова, Сегізов 19/4–А.Құрғанбаева, Сексенбаев 21/7-А.Мырзагалиев).

Сонымен бірге, Бөлім теңгеріміндегі Жосалы кенті, Сегізов көшесі №18/4 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен 752,0 мың теңге қаржы бөлініп, «ОрдаСтройИнвест LTD» ЖШС-гі тарапынан жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 2015 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар

2015 жылы Қармақшы ауданы бойыншы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатында - 43 бала; Қармақшы ауданы бойыншы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтардың санатында - 186 адам; Қармақшы ауданы бойыншы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын азаматтардың санатында - 47 адам; Қармақшы ауданы бойыншы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтардың санатында - 1 адам.

2015 жылдың 13 қаңтарында Қармақшы ауданы әкімдігінің №629 қаулысының негізінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтар санатынан-1 адам тұрғын үймен қамтасыз етілді.

2015 жылдың 20 қаңтарындағы Қармақшы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы отырысының №10 шешіміне сәйкес, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтар санатынан-7 адам, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан-3 бала тұрғын үймен қамтасыз етілді.

2015 жылдың 12 қаңтарындағы Қармақшы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы отырысының №9 шешіміне сәйкес, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтар санатынан өзге қалаға отбасымен көшіп кетуіне байланысты және аталған санаттан атына жылжымайтын мүлікке меншік құқығы тіркелгендігіне байланысты бір адам кезектен шығарылды.

2015 жылдың 28 қыркүйектегі №12 хаттамасына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары санатына жататын – 1 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, ҚР 1997 жылғы Қазақстан Республикасының 16 сәуірдегі №94 санды «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорын жақсарту мақсатында аудандық бюджеттен пәтер сатып алуға 3145,0 мың теңге бөлінген. Қазіргі таңда екі үй сатып алынып, Қармақшы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясына ұсынылды.

  • Құрылған күні: 04.10.2017 14:05
  • Жаңартылған күні: 09.04.2018 18:29
Жаңғырту 3.0
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі