23.04.2018

Валюта бағамы:

Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы

Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы

Аудандық жыраулар үйінде «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» тақырыбында қоғамдағы жаназа және жерлеу рәсімдері, қазалы үйде қонақ асын беру, дастархан ысырапшылдығы мәселелеріне байланысты жиын болып өтті. Жиында «Жаназа шығару» мәселелері төңірегінде түсіндіру үшін аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Жарқынбаев Асхат Батырханұлы сөз сөйлеп - қазақ халқының қаза болған адамды жерлеу салттары шариғат қағидаларымен атқарылатындығын, жерлеу рәсімі елімізде жалпылама бірдей орындалғанымен, кейбір аймақтық ерекшеліктер кездесіп тұратынын, осы мақсатта діни рәсімдердің атқарылуында кездесетін қарама-қайшылықтарды жойып, олардың орындалуын бірізділікке түсіру керек екенін және мәйітті қалай шығару керек, қонақ асын беру және тағы басқа да мәселелер туралы жиын барысында толық тоқталып өтті. Сонымен қатар И.Бисенов, А.Молдабаев, Қ.Төреев, Ж.Жәкеев, Т.Кенебаев, А.Тортулов, С.Қосназаров, Ш.Ахметовтер сөз сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды. Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов қорытындылады.

  • Жарияланған күні: 09.04.2018 15:21
  • Жаңартылған күні: 10.04.2018 10:57
  • Көргендер саны: 55
Жаңғырту 3.0
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі