18.07.2018

Валюта бағамы:

Мәжіліс депутаты Қармақшы ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

Мәжіліс депутаты Қармақшы ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот – құқықтық реформа комитетінің мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызы жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болды. Халық қалаулысы кент орталығында салынып жатқан Ү.Томанов атындағы №183 мектептің құрлысымен танысты. Сонымен қатар аграрлық – техникалық колледжінің ұжымымен кездесіп аталған оқу ордасының студенттік жатақхана ғимаратын көрді. Аудандық өлкетану мұражайында болып Сортөбе және Шірік-Рабат тарихи ескерткіштерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары жайлы мағлұматпен танысты. Іссапар соңында халық қалаулысы Жаңажол және Ақтөбе ауылдық округтерінде тұрғындарымен кездесіп атқарылып жатқан ауқымды істерге оң бағасын берді. «Ақтөбе и К» ЖШС жұмысымен танысып ұжым мүшелерімен сұхбаттасты.

  • Жарияланған күні: 03.04.2018 09:29
  • Жаңартылған күні: 04.04.2018 15:28
  • Көргендер саны: 250
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі