22.10.2018

Валюта бағамы:

Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінің алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты іс-шара болып өтті. 1992 жылы 7 мамырда Елбасы Н.Назарбаев ҚР Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы сәттен бері, бұл күн мемлекеттік мерекелердің санатына енгізілді. Биылғы жылы айтулы мерекеге 26 жыл толып отыр. Жыраулар үйінде өткен салтанатты жиынға аудан тұрғындары қатысты. Шараға қатысушыларды Отан қорғаушылар мерекесімен аудан әкімінің орынбасары М.Самитов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Н.Қайырлапов құттықтады. Сондай-ақ, ауданның көркем өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, шара соңы патриоттық әндер сайысымен жалғасты.

  • Жарияланған күні: 07.05.2018 09:32
  • Жаңартылған күні: 10.05.2018 16:36
  • Көргендер саны: 367
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі