22.10.2018

Валюта бағамы:

Интернационалист - жауынгерлерді еске алуға арналған аудандық спартакиада өтті

Интернационалист - жауынгерлерді еске алуға арналған аудандық спартакиада өтті

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында мектеп оқушыларының дәстүрлі аудандық спартакиадасы өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Мырзабаев, Қармақшы аудандық «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ерманов және аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Ерекешов қатысты. Жарыс О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебімен Ш.Уалиханов атындағы №26 орта мектебінің спорт залдарында өткізілді. Жарысқа аудан ішіндегі жалпы білім беретін мектептерден 16 мектеп командасы және 300 ден аса спортшы қатысты. Дәстүрлі аудандық спартакиада спорттың 10 түрін қамтыды, оның ішінде ерлер және әйелдер арасында волейболдан командалар, АК-74 қаруын бөлшектеу және жинақтау, пневматикалық винтовкадан ату, гір тасын көтеру, қол күрес түрлерінен болып өтті. Жарысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Мырзабаев «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ерманов қорытындылап үздік нәтиже көрсеткен командаларды марапаттады.

  • Жарияланған күні: 13.02.2018 09:09
  • Жаңартылған күні: 13.02.2018 09:16
  • Көргендер саны: 442
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі