19.06.2018

Валюта бағамы:

Мерекеде дүниеге сәби келді

Мерекеде дүниеге сәби келді

Бейбіт елімізде әрқашан отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, дүниеге перзент әкелуі әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. Партияның «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ жобасы» аясында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы және «Аудандық емхана» БПҰ-ның ұйымдастыруымен аудандық перзентханада болып, 1 наурыз - көктемнің алғашқы күні «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 19 жылдығымен және «Алғыс айту» күні мерекесі қарсаңында Ерке есімді қызды дүниеге әкелген Жосалы кентінің тұрғыны Хамитова Мөлдірді құттықтады. «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты К.Раева, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің жауапты хатшысы Д.Қырдан, «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, «Аудандық емхана» БПҰ төрағасы Б.Нысанбаев және аурухана қызметкерлері болып, елімізде ана мен балаға жасалып жатқан қамқорлықты айтып, өмірге келген жас сәбидің анасына мықты денсаулық тілеп, нәрестенің бауы берік болсын деген тілектерін жеткізіп, сый – сияпат жасады.

  • Жарияланған күні: 03.03.2018 09:20
  • Жаңартылған күні: 05.03.2018 15:48
  • Көргендер саны: 332
Жаңғырту 3.0
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі