15.08.2018

Валюта бағамы:

Сырдария өзені дрон арқылы бақыланды

Сырдария өзені дрон арқылы бақыланды

Сырдария өзенінің арнасындағы мұздың жағдайын бақылау үшін құтқарушылар аспанға ұшқышсыз ұшу аппаратын іске қосты. Аудан əкімі Сұлтан Мақашовтың тапсырмасына сəйкес, күнделікті бақылау жүргізіп отыру үшін мобильді топ құрылған болатын. Топтың құрамына Қармақшы ауданы əкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық жəне аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің басшысы Рустам Ефенов, Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Ғалымжан Нагиев, «Қармақшысушар» ӨУ басшысы Ерболат Бодыбаев, Жаңажол ауылдық округі əкімдігінің маманы Əзімхан Өтегенов, Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Еркін Назарқұлов кірді. Қазіргі заманғы технологиялар көмегімен аталған топ Кармақшы ауданындағы Сырдария өзенінің арналарына мониторинг жүргізді. Дрон барлау функциясын орындады. Жұмыс барысында топ Дүр Оңғар және Иіркөл елді мекендеріне жақын орналасқан Сырдария өзені арнасының жалпы жағдайын зерттеді. Құтқарушылар күн сайын өзен жағасындағы бөгеттерге мониторинг жүргізетінін атап өту керек. Сонымен қатар Қармақшы ауданы Төребай би елді мекенінде ұшқышсыз ұшу аппаратымен жұмыс жалғасуда.

  • Жарияланған күні: 06.02.2018 11:20
  • Жаңартылған күні: 06.02.2018 13:25
  • Көргендер саны: 459
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі