18.07.2018

Валюта бағамы:

Діни экстремизм – қоғамға қауіпті фактор

Діни экстремизм – қоғамға қауіпті фактор

Бүгін аудандық Жыраулар Үйінде «Діни экстремизм көріністерінің алдын алудағы ақпараттық-түсіндірме шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға аудан әкімінің орынбасары М.Самитов, философия ғылымдарының докторы Н.Қайсар, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра жетекшісі, дінтану ғылымдарының кандидаты Т.Кеңшілік, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, сондай-ақ Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері, Терроризмге қарсы комиссия мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ювеналды және учаскелік полиция инспекторлары қатысты. Осы кезеңге дейін Елбасының жарлығымен мемлекеттік дін саласындағы саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Сонымен бірге «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптарын алды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетовпен Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев өз пікірлерін білдірді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары М. Самитов қорытындылады.

  • Жарияланған күні: 29.03.2018 09:47
  • Жаңартылған күні: 29.03.2018 09:55
  • Көргендер саны: 224
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі