26.09.2018

Валюта бағамы:

Су тасқыны қауіпінің алдын алу мақсатында оқу жаттығуы өтті

Су тасқыны қауіпінің алдын алу мақсатында оқу жаттығуы өтті

2018 жылдың 09 наурызында аудан орталығында көктемгі су тасқыны қауіпті мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу жаттығу болып өтті.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы О.Бержанов, «Қазсушар» РМК-ның Қызылорда филиалының бастығы Б.Арыстанбаев, аудан әкімі С.Мақашов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев оқу–жаттығу жиынына қатысып, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғанудың дайындығын тексерді. Жиынға аудан және кент әкімдері аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мүшелері, азаматтық қорғау қызметтерiнің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қармақшы ауданының төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын 52 бірлік техникасы мен 129 адамы бар азаматтық қорғау қызметтері, ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындар және авариялық-құтқару қызметтерінің күш-құралдарының дайындығы пысықталып, саптық қарау өткізілді.

Жоспарға сәйкес Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылында болып, су тасқынының алдын алуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Қазіргі таңда жинақталған инерттік материалдық қорлары толығымен дайын.
Аудан орталығында орналасқан тұрғындарды төтенше жағдай кезінде құлақтандыратын дабыл сигналы жұмыс істейді.
Жалпы аудан бойынша бүгінгі күнге резервтік қорға 1700 қамыс, 20 000 дана қап, 430 дана қада, 5000 м сым жинақталған. 4,5 тн. жанар май, 5 тн. дизель отыны қарастырылып, қажетті май мөлшерін және төтенше жағдай орын алған уақытта азық-түлік алуға келісім шарттар жасалынған.
Аудандағы су басу қауіпі бар учаскелерден тұрғындарды, жануарларды көшіру мақсатында, 5 эвакуациялық жинақтау және қабылдау бекеттерінің орындары нақтыланған.

  • Жарияланған күні: 12.03.2018 09:16
  • Жаңартылған күні: 14.03.2018 09:56
  • Көргендер саны: 377
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі