26.09.2018

Валюта бағамы:

«Адал жол – честный путь» марафоны Қармақшы ауданында өткізіледі

«Адал жол – честный путь» марафоны Қармақшы ауданында өткізіледі

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал жол – Честный путь» марафоны Қызылорда қаласынан бастау алып, одан кейін Арал мен Қазалы аудандарында жалғасын тапты. Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі орталық алаңда осы аталған марафон эстафетасын көршілес Қармақшы ауданына беру рәсімі өтті. Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы «Адал жол» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның ақ туын «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлына салтанатты түрде табыс етіп, сәттілік тіледі. Қармақшы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында әр түрлі бағытта іс-шаралар жүргізілетін болады. Атап айтқанда жастар флэш мобы, кітап көрмесі, тақырыптық кездесулер, жасөспірімдер арасында дзюдодан аудандық ашық біріншілік өткізу жоспарланып отыр.

  • Жарияланған күні: 16.04.2018 10:41
  • Жаңартылған күні: 16.04.2018 10:45
  • Көргендер саны: 863
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі