23.05.2018

Валюта бағамы:

Ауданымызда сумен жабдықтаудын автоматтандырылған басқару жүйесі енгізіледі

Ауданымызда сумен жабдықтаудын автоматтандырылған басқару жүйесі енгізіледі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Сұлтан Мақашов мәлімдеді. Өткен жылы ауданда сумен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешілген болатын. Облыстық бюджеттің қаражаты есебінен «Нұрлыжол» бағдарламасы бойынша 8 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде елді мекендердің тұрғындары, соның ішінде шалғайдағы елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. «Аудан халқының 99,5% таза ауыз суға қол жеткізе алады. Бұл жақсы көрсеткіш. Қазір біздің басты міндетіміз - жоғары сапалы және үзіліссіз су беру. Жаңа технологияларды енгізу қажет. Біз автоматтандырылған басқару жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз, олар GPS-датчиктер сияқты болады. Басқару орталықтандырылған түрде жүргізіледі, мысалы, сорғы станциясынан. Бұл тәжірибе Шымкент қаласында жүзеге асырылды. Осы құрылғылардың көмегі арқылы, қай көшеде судың жеткіліксіз келіп жатқанын, қай көшеде қысымнын түсіп кеткенін, апат орын алып жатқанын бақылайтын болады. Осының барлығын бір жерден бақылауға болады. Қазір біз осы мәселе бойынша сала мамандары мен және IT-мамандарымен жұмыс жасап жатырмыз», - деді Сұлтан Мақашов.

  • Жарияланған күні: 07.02.2018 11:32
  • Жаңартылған күні: 07.02.2018 11:37
  • Көргендер саны: 210
Жаңғырту 3.0
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі