22.10.2018

Валюта бағамы:

"Айбын" әскери-спорттық жиыны

Аудандық орталық стадионда мектеп оқушылары арасында аудандық Қорғаныс істері жөніндегі және аудандық білім бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге және бауырмалдыққа баулу мақсатында және 7 - мамыр Отан қорғаушылар, сонымен бірге 9 - мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай «Айбын» халықаралық әскери спорттық жиынына іріктеу кезеңі өтті. Жарыс барысында оған қатысушылар автоматты шашып, оны қайта жинау, 1000 метр қашықтыққа жүгіру, арқан тарту, винтовкамен ату және басқа да әскери спорт түрлері бойынша сайысқа түсті. Тартысты да қызықты сәттерімен айшықталған жарыс қорытындысында аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Назық Қайырлапов жарысқа қатысушыларды Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтап, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне грамоталар тапсырды.

  • Жарияланған күні: 05.05.2018 09:58
  • Жаңартылған күні: 05.05.2018 11:44
  • Көргендер саны: 545
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі