18.07.2018

Валюта бағамы:

Білім

Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2018 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп,1 негізгі мектеп - барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды.

Елбасының Ұлт Жоспары «100 Нақты Қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастыру, деңгейлік бағдарлама бойынша педагог қызметкерлердің біліктілік арттыру курстарын оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Қармақшы ауданы бойынша 2018-2019 оқу жылына жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 3, 6, 8 сыныптарға оқулықтар,1,2 сыныптарға оқушы дәптерлері және 1-ші сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным Қазақстан» оқу құралын алуға 36453,0 мың теңге қосымша жергілікті бюджет есебінен 68718,0 мың теңге барлығы 105171,0 теңге бөлінгендігін хабарлайды. Байқоңыр қаласы бойынша 2018-2019 оқу жылына оқулықтар алуға 56889,0 мың теңге қаралған. Аудандық білім бөлімі 2018-2019 оқу жылында оқулық алуға 100 пайыз қаржы жеткілікті. Білім беру ұйымдарының сабақ беру мен оқытудың халықаралық «TALIS-2018» зерттеуінің негізгі кезеңіне қатысуы және «ICILS-2018», «PISA-2018» халықаралық зерттеулері бойынша жүргізілген жұмыстары 2018 жылы 21-24 сәуір аралығында «PISA-2018» халықаралық зерттеуіне 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігін бағалауда №108-26 (1-уі үйден оқылады), №85-25 (1-уі үйден оқылады), №279-31 оқушы қатыстырылды.

Халықаралық «TALIS - 2018» зерттеуінің негізгі кезеңі Жосалы кентіндегі №105, №250 мектеп базаларында ұйымдастырылды. Оған 5-9 сынып оқушыларына сабақ беретін (105-20, №250-20) мұғалімдер қатыстырылды.

Аудандық білім бөлімінің 16 наурыз 2018 жылғы №220 бұйрықтарына сәйкес 2018 жылы 18 мамырда «ICILS-2018» халықаралық зерттеуі Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназия базасында өткізілді.

Жалпы орта білім беру ұйымдарында жүргізілген оқу жетістіктерін сырттай бағалау жұмыстары

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 7 наурыздағы №88 «2018 жылы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрығына және «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның 16 наурыз 2018 жылғы №15-10-7/1-550 санды хатына сай жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі–ОБ ОЖСБ) 2018 жылы 11-17 сәуір аралығында ұйымдастырылды. 2018 жылы 11 сәуірде компьютерлік онлайн-тестілеу тапсыратын №121 (4 сынып-53 оқушы), №99 (4 сынып-28 оқушы) орта мектептерде, бланкілік тестілеу әдісі 13 сәуірде №27 (4 сыныпта-24 оқушы, 9 сыныпта-11 оқушы), №113 (4 сыныпта-16 оқушы,9 сыныпта-6 оқушы,11 сынып-6 оқушы) 16 сәуірде №99 (9 сынып-34 оқушы,11 сынып-10 оқушы) орта мектепте және 17 сәуірде №121 (9 сынып-40 оқушы, 11 сынып-19 оқушы) орта мектепте өткізілді.

2018 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 02 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді өткізу» қағидаларына сәйкес 2018 жылғы 20-22 маусым аралығында ауданда екі ұлттық тестілеу орталығында ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан кейін-ҰБТ) өткізілді. ҰБТ ережесіне сәйкес елді мекендерден келетін бітірушілердің келіп қатысуы үшін оңтайлы жағдайлар жасалынды. Барлығы 652 оқушы мектеп бітірді. Оның 25 оқушысы «Алтын белгіге», «Үздік аттестатқа» 17 оқушы иегер атанды. ҰБТ-ке 458 оқушы қатысып, орташа балл 83,8 болды. Қатысу пайызы 70,2. Олардың ішінде 43 бітіруші шығармашылық сынақ бойынша тапсырып, орташа балл-30,44 болды. ҰБТ-де жоғарғы балл 131 (№105 мектеп-лицейінен бітіруші) және 130 балмен (№80 мектеп-гимназиядан) 2 оқушы жинақтады.

Бітіруші түлектермен жұмыстар туралы: Қармақшы аудандық білім бөлімінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүргізілетін жұмыстар іс-шарасы 2018 жылы қаңтар-ақпан айларында құрылды. Жоспар бойынша мектептерде арнайы кәсіби бағдар беру кабинеттері мен бұрыштарын жасақтаужәне семинар-практикумдар «Біздің білім-болашаққа бастар сәтті жол» (№26, №27, №121, №105, №183, №250, №30, №113, №79), «12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларға бейін алды даярлық барысында жаңа технологияның тиімділігі» (№199, №106, №107, №108, №109 мектептер), «Алуан, алуан кәсіп бар...» (28, №29, №111, №185, №186 мектептер), «Керек кәсіп бәрі де...» (№80, №85, №269 мектептер), «Мамандық таңдау-табыстың кілті» (№99, №279 мектептер), «Мамандық таңдау-болашаққа бастау» (№272, №273, №275, №277 мектептер) атты кездесу кештері, дөңгелек үстелдер, семинар-практикумдар ұйымдастырылды. Оқушыларға кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу үшін барынша сұранысқа ие кәсіптер бойынша жүргізу, баспа беттерінде, мектептегі «Түлектер тақтасы» жобасы тұжырымдамасымен мамандықтарға қатысты стенділер ұйымдастырылды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың 13 мамыр 2018 жылғы №4359 санды хатына сай «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасы аясында еліміздің еңбек күші артығымен орналасқан 5 өңірден еңбек күшіне сұранысы жоғары 9 өңірдегі оқу орындарынан 21 мамырда №250 мектеп-лицейде (№250, №183, №30, №121, №27, №26, №199, №113, №106, №79 мектептер) кездесу-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. ҚР-ның білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер үшін облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан құрылған «Талапқа талғам-таразы» атты кәсіби бағдар беру керуені 2018 жылы 17 мамырда аудандық мәдениет үйінде өткізілді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қармақшы ауданы бойынша 2000 адамды оқытылуға қамтылу жоспарланды. Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша қоса тіркелетін негізгі цифрлық және электронды үкімет дағдыларын оқыту семинары өткізілді. 2018 жылы 14 -15 мамырда негізгі цифрлық дағдылар курсы бойынша ауданның 29 мектебінде 700 адам оқытылды. 2018 жылы 16-18 мамыр аралығында ашық үкімет бағдарламасы бойынша ауданның 29 мектебінде 1300 адам оқытылды. Барлығы 2000 адам оқып, өз білімдерін жетілдірді.

Жазғы демалысты ұйымдастыру туралы. 2018 жылғы жазғы тынығу лагерлерінің ұйымдастырылуы мен өткізу жайлы білім бөлімінің 15.02.2018 жылы №132 бұйрығы шығарылған. 2018 оқу жылында 1-10 сынып аралығында 13322 оқушының 11543-ның (86 пайызы) жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстарын жүзеге асырылуы жоспарлануда. 355 оқушы сыртқы лагерьге (4-8 сынып оқушылары) қамтылады. Тамақсыз лагерьге 3200 оқушы қамтылды. Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне 1380 оқушы (1-4 сынып оқушылары) маусым айында қамтылды. Жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп жанындағы лагерьге 13 млн 604 мың, сыртқы лагерьге 9 млн 555 теңге барлығы жазғы тынығуға 23 159 мың қаржы бөлінген. 1655 оқушы еңбекпен (1126 көркейту-көгаландыру бригадаларында 9 сынып оқушылары, 529-і еңбек бригадаларында оқу практикасы есебінен 10 сынып оқушылары қамтылған.Мектеп жанынан құрылған аулалық клубтарда 2335 оқушы, 483 оқушы дебат үйірмесіне, оқушылар үйінің жанынан құрылған «Жас толқын» аулалық клубқа 1100 оқушықамтылған. Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 30 оқушы , ата-ана, кәсіпкерлердің демеушілігімен 109 оқушы қамтылды. АІІБ-де Байқоңыр қалалық есепте тұрған 3 (№272-1, №273-2), мектепшілік есепте 23, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 15. Лагерьге қамтылған бала 14, үйірмелерге қамтылған бала 8, аулалық клубқа қамтылған 18, шатырлы лагерьге 1. «Бақылау» тобына алынған оқушылар үнемі бақылауға алынып, түрлі үйірмелерге тартылады. Алматы қаласына «Бөбек» Ұлттық практикалық сауықтыру кешеніне демалуға 30 мамыр-20 маусым аралығында 15 бала 5-7 сынып оқушылары қамтылды.17-19 маусым Астанаға саяхат 7 оқушы, 8-14 маусым Көкшетауға саяхат 8 оқушы, 18-23 маусым Астана қаласына шатырлы лагерь 12 оқушы қамтылды.


Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында аудан бойынша 32 білім ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 негізгі мектеп, 3 мектептен тыс және 36 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасайды, оның 32-сі балабақша болса, 4-уі шағын орталықтар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазіргі таңда 476 педагог-қызметкерлер жұмыс жасайды. Оның жоғары білімдісі 298, арнаулы орта білімді 173, аяқталмаған жоғары 5. Аталған педагог-қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 1, І санатты – 82, ІІ санатты – 123, санатсыз – 270 педагог еңбек етеді. Жалпы мектепке дейінгі білім беру ұйымында 2823 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес ІІІ оқу тоқсанын 13962 оқушы аяқтады және үлгерім сапасы 57 пайызды құрады.

Барлық мектептер оқушылар сұранысына жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен жабдықталған, ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап-деңгейінде. Олардың ішінде 1738 жоғары білімді, 169 арнаулы орта, барлығы 1907 білімді педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. Аталған педагог қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 161, І санатты – 683, ІІ санатты – 528, санатсыз – 535 мұғалім еңбек етеді.

Ауданда 3 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасайды. Елбасының «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралардағы №6-тармағы бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250, №277 мектеп-лицейлерде тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту үшін жыл көлеміндегі 1500 сағат негізіндегі факультативтер мен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша 4 сағаттық курстар, шығармашылық және зерттеушілік әрекетінің негіздері бойынша 4,5 сағаттық үйірмелерді жоғарғы оқу орындарының біліктілігі жоғары мамандарымен келісімшарт негізінде саясаттану, физика-математика, филология және педагогика ғылымдарының 9 кандидаты, 3 жаратылыстану, 2 педагогика ғылымдарының магистрлері жұмыс жасайды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында рухани жаңғыру жобасы әзірленіп, аудандық бюджеттен 1 млн 12300 теңге қаржы сұралды.

Қай кезеңде де білім сапасының көрсеткіші болып табылатын, жалпы білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу барысында ұстаздарымыз түлектердің теориялық, психологиялық дайындығын басты назарда ұстай отырып, сындарлы сында аянбай, талмай еңбек етті. Әрине, нақты жоспарланған, үздіксіз жұмыс нәтижесі өзінің оң бағасын берді. Ауданда екі ұлттық тестілеу орталығы бар. Олар, Ақай ауылындағы орналасқан №155 және Жосалы кентіндегі №73 филиалы.

2017-2018 оқу жылында да 11 сыныпты 654 оқушы бітіргелі отыр. ҰБТ-ге дайындық жүйелі жүргізілуде. Соңғы алынған сынама тест қорытындысы бойынша қатысқан 476 бітірушінің орташа балы 72,7 пайызды құрады.

Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ү.ж. 3 наурызы күні ІІІ Интернационал аулындағы №108орта мектепте оқу сауаттылығынан аудандық әдістемелік кабинет әдістемелік көмек көрсету бағытында "Оқу сауаттылығы мәтіндерінің сұрақтарын шешу жолдары", кент орталығындағы №27 орта мектеп базасында мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау барысына сәйкес Қазақстан тарихы пәнінен "Ұлттық Бірыңғай Тест - білім сапасының басты көрсеткіші", Т.Көмекбаев аулындағы №185 орта мектеп базасында мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау барысына сәйкес математикалық сауаттылығынан "Математикалық сауаттылық бойынша ҰБТ-ге дайындық барысы" тақырыптарында семинар-практикумдар ұйымдастырылды.Онда а.ж. ақпан айының сынама тест қорытындысы бойынша орташа балл негізінде төмен балл жинаған мектептерден мұғалімдер қатыстырылып, жоғары балл жинаған мектептердің мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелері ортаға салынып, пікір алысу ұйымдастырылды. Семинар соңында пән мұғалімдері өздерінің ойларында жүрген ұсыныс-пікірлерін айтты.

Сонымен қатар Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ү.ж. 13-17 наурыз аралығында ҰБТ-ге қатысатын 499 бітірушімен Байқоңыр қаласындағы №275, 274,275, Төретам кентіндегі №269, Жосалы кентіндегі №250, №26, №30, Ақтөбе аулындағы №109 және Тұрмағамбет аулындағы №29 орта мектеп базаларында мектеп бітірушілердің математикалық сауаттылықтағы білім сапасын арттыру мақсатында ҰБТ-ге дайындық жұмысы жүргізілді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Ақтөбе және Қостанай қалаларында ұйымдастырылған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне ауданнан 7 оқушы жолдама алып, қатысуда.

Халықаралық, республикалық байқауларда, ғылыми жоба жарыстарында 38 оқушы жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің, облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу орталығының хаттары мен бұйрықтары және берілген тәртіптемеге сәйкес жыл басында жоспарланып, жыл көлемінде педагогтар біліктілік арттыру курстарына жіберіліп отырады. 2018 жылдың І тоқсаны бойынша ауданның 30 педагог білімін арттырды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес аудандық білім бөліміне 2017 жылдың 08 желтоқсанына дейін барлығы - 89 арыз-шағым келіп тіркелді. 88 арыз-шағымға жауап беріліп, қазіргі таңда 1 өтінішке жауап беру жұмысы жүргізілуде.

Қармақшы аудандық білім бөлімі алдағы 2018 жылы білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша №30 және №269, №272 орта мектептерден 1 және 5 сыныптардан инклюзивті сыныптар ашу, сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептеріне арналған педагогика-психологиялық түзету кабинетін ашуды жоспарлап отыр.

Аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлағынсыз қалған бала саны – 56. Оның ішінде 38-і қорғаншылықта, 16-ы қамқоршылықта, 2-і патронаттық тәрбиеде.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында Төретам кентіде №80 мектеп-гимназиясында арнайы сыныптарда 29 оқушы, №30 орта мектепте 13 оқушы, Байқоңыр қаласындағы №272 мектепте 5 оқушы, №275 мектепте 5 оқушы инклюзивті оқумен, №80 мектептегі логопунктте 19 оқушы, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 45 баламен түзету жұмыстары жүргізілуде. Барлығы мүмкіндігі шектеулі 355 баланың 115-і (33%) арнайы оқумен қамтылса, 135-і үйден оқытылады. Ал қалған 105 баланың 68-і 0-6 жас аралығындағы мектепке бармайтын және 37 бала денсаулығына байланысты оқытуға жарамайды (Детский церебиальный паралич- 30, РОПЦНС- ақыл-есі дұрыс дамымаған-6, аутизм - 1 ).

Ыстық тамақпен қамтылған бала саны – 3154, 2018 жылға қаралған қаржы 82231,0 мың теңге.

Компьютерлік техникамен жабдықтауға келсек, бүгінгі күні аудан мектептерінде 1425 компьютер бар. Ол 5 оқушыға 1 компьютерден келеді. Барлық 29 мектеп Интернет жүйесіне қосылған, оның 19-ы (66%-ы) кең жолақты интернетке қосылған. Алдағы уақытта цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет. Шалғайда орналасқан №186, №185, №111, №28, №79,№279 орта мектептердегі интернет желісінің ауқымын кеңейту қолға алынды.

№105, №250 мектеп-лицейлері Білім берудің және оқытудың TALIS халықаралық зерттеуіне қатысты.


Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2017 жыл бойына атқарылған жұмыстары туралы

Биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында аудан бойынша 32 білім ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 негізгі мектеп, 3 мектептен тыс және 36 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасайды, оның 32-сі балабақша болса, 4-уі шағын орталықтар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазіргі таңда 476 педагог-қызметкерлер жұмыс жасайды. Оның жоғары білімдісі 298, арнаулы орта білімді 173, аяқталмаған жоғары 5. Аталған педагог-қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 1, І санатты – 82, ІІ санатты – 123, санатсыз – 270 педагог еңбек етеді. Жалпы мектепке дейінгі білім беру ұйымында 2823 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13972 оқушы білім алуда. Барлық мектептер оқушылар сұранысына жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен жабдықталған, ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап-деңгейінде. Олардың ішінде 1738 жоғары білімді, 169 арнаулы орта, барлығы 1907 білімді педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. Аталған педагог қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 161, І санатты – 683, ІІ санатты – 528, санатсыз – 535 мұғалім еңбек етеді.

Ауданда 3 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасайды. Елбасының «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралардағы №6-тармағы бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250, №277 мектеп-лицейлерде тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту үшін жыл көлеміндегі 1500 сағат негізіндегі факультативтер мен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша 4 сағаттық курстар, шығармашылық және зерттеушілік әрекетінің негіздері бойынша 4,5 сағаттық үйірмелерді жоғарғы оқу орындарының біліктілігі жоғары мамандарымен келісімшарт негізінде саясаттану, физика-математика, филология және педагогика ғылымдарының 9 кандидаты, 3 жаратылыстану, 2 педагогика ғылымдарының магистрлері жұмыс жасайды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында рухани жаңғыру жобасы әзірленіп, аудандық бюджеттен 1 млн 12300 теңге қаржы сұралды.

Қай кезеңде де білім сапасының көрсеткіші болып табылатын, жалпы білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу барысында ұстаздарымыз түлектердің теориялық, психологиялық дайындығын басты назарда ұстай отырып, сындарлы сында аянбай, талмай еңбек етті. Әрине, нақты жоспарланған, үздіксіз жұмыс нәтижесі өзінің оң бағасын берді. Ауданда екі ұлттық тестілеу орталығы бар. Олар, Ақай ауылындағы орналасқан №155 және Жосалы кентіндегі №73 филиалы.

Аудан бойынша 2016-2017 оқу жылында мектеп бітіруші 624 түлектің 491-і (79,17%)-зы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, жалпы орташа балл 82,00 құрап, ауданымыз облыс бойынша төртінші орынға орналасты. Бұл - аудан ұстаздары мен оқушылары, олардың ата-аналары үшін үлкен еңбектің жемісі, сапалы білім көрсеткіші болды. Және мектеп бітірген 624 оқушының 2-уі әскер қатарына алынса, 2-уі денсаулығына байланысты оқуға бара алмады. Жалпы 2016-2017 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектер 100 пайыз орналастырылды.

Аудан мұғалімдері ҰБТ-де жоғары жетістікке жету жолында аянбай еңбек етті. Осы орайда ауданда ғана емес, облыс көлемінде №250 мектеп-лицейдің бітірушісі Отарбай Дәурен ең жоғарғы 136 балл жинады. 38 бітіруші «Алтын белгіге», 18 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды. Жалпы аудан бойынша 273 оқушы грант иегері атанды.

2017-2018 оқу жылында да 11 сыныпты 651 оқушы бітіргелі отыр. ҰБТ-ге дайындық жүйелі жүргізілуде. Соңғы алынған сынама тест қорытындысы бойынша қатысқан 561 бітірушінің орташа балы 80,8 пайызды құрады.

2016-2017 оқу жылында 9-11 сынып оқушыларымен ауданда кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру мақсатында атқарылатын жұмыстардың іс-шарасы 2017 жылы 28 ақпанда құрылды. Онда ЖОО-ы мен АОО-ы , «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша жұмыстарды арттыру, ұйымдастыруда әр түрлі тақырыптағы еңбекте жетістікке жеткен азаматтармен кездесулер, кәсіби бағдар беруде өндіріс орындарына саяхат жасауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мектептердегі бітіруші түлектердің жан-жақты ақпаратты толығырақ, нақты бетпе-бет кездесулер мен түсіндірме жұмыстары барысында ЖОО-ы мен АОО-ы оқытушылары мен студенттерімен кездесулер ұйымдастырылды. Аудандағы Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі оқытушыларымен, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға » әлеуметтік жобасын іске асыру барысында ЖОО және АОО орындары өкілдерімен кездесулер өткізді.

Өткен оқу жылында Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 13 мектептен 23 оқушы қатысты. Нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орын алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 4 мектептен 5 оқушы жолдама алып, нәтижесінде: №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина қазақ тілінде оқытылатын мектептегі орыс тілі пәнінен І орын, №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі 2017 жылдың желтоқсан айының 7-8 күндері өткізілуде. 867 оқушы олимпиаданың І турына қатысты. ІІ турға 269 оқушы өтіп, қорытындысы шығарылды. Жүлделі І орын алған 27 оқушы облыстық пәндік олимпиадаға жолдама алды.

2016-2017 оқу жылының қорытындысымен халықаралық, республикалық байқауларда, ғылыми жоба жарыстарында 128 оқушы жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің, облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу орталығының хаттары мен бұйрықтары және берілген тәртіптемеге сәйкес жыл басында жоспарланып, жыл көлемінде педагогтар біліктілік арттыру курстарына жіберіліп отырады. 2017 жылы Қармақшы ауданы бойынша барлығы 550 педагог біліктілігін арттырды және 2018 жылы ауданның 562 педагог білімін арттырады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес аудандық білім бөліміне 2017 жылдың 08 желтоқсанына дейін барлығы - 89 арыз-шағым келіп тіркелді. 88 арыз-шағымға жауап беріліп, қазіргі таңда 1 өтінішке жауап беру жұмысы жүргізілуде.

Қармақшы аудандық білім бөлімі алдағы 2018 жылы білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша №30 және №269, №272 орта мектептерден 1 және 5 сыныптардан инклюзивті сыныптар ашу, сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептеріне арналған педагогика-психологиялық түзету кабинетін ашуды жоспарлап отыр.


Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында аудан бойынша 32 білім ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс және 45 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасады. Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13973 оқушы білім алды. Барлық мектептер оқушылар сұранысына жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен жабдықталған, ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап деңгейінде. Олардың ішінде 1738 жоғары білімді, 169 арнаулы орта, барлығы 1907 білімді педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. Аталған педагог қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 149, І санатты – 654, ІІ санатты – 508, санатсыз – 511 мұғалім еңбек етеді.

Қай кезеңде де білім сапасының көрсеткіші болып табылатын, жалпы білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу барысында ұстаздарымыз түлектердің теориялық, психологиялық дайындығын басты назарда ұстай отырып, сындарлы сында аянбай, талмай еңбек етті. Әрине, нақты жоспарланған, үздіксіз жұмыс нәтижесі өзінің оң бағасын берді. Аудан бойынша мектеп бітіруші 624 түлектің 491-і (79,17%)-зы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, жалпы орташа балл 82,00 құрап, ауданымыз облыс бойынша төртінші орынға орналасты. Бұл - аудан ұстаздары мен оқушылары, олардың ата-аналары үшін үлкен еңбектің жемісі, сапалы білім көрсеткіші болды. Аудан мектептерінен орташа балл қорытындысы бойынша 16 мектеп - №183, №279, №106, №28, №105, №27, №109, №113, №277, №199, №85, №111, №185, №80, №26, №250 мектептер ауданның орташа балдық көрсеткішінен жоғары болып топ бастаушылар қатарында болса, №30, №121, №99, №269, №107, №108, №29, №186, №272, №273, №274, №275 сияқты 12 мектеп 80,40 – 63,33 балл аралығымен төменгі орынға орналасты. Мектеп бітіруші түлектер арасынан 38 оқушы «Алтын белгі» (№250 мектеп-лицей – 13, №183 мектеп – 1, №30 мектеп – 2, №26 – 2, №27- 1, №105-1, 29-4, №107-3, №85- 1, №279- 1, №272- 1, №273- 1, №274- 3, №275-2, №277- 2, ), 18 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. (№250 мектеп – лицей - 3, №26 мектеп – 2, №28 мектеп – 1, №199-2, №80-1, №274-3, №275-1, №277-5). 100-109 балл аралығында жоғары балл жинаған 43 оқушы, 110-119 балл аралығында - 33, 120-129 балл аралығында – 15, 130-140 балл аралығында -2, барлығы 93 бітіруші көрсеткіш берсе, 175 оқушы /35,4%/ шекті баллдан өте алмады (№105 – 1, №107 – 5, №108 – 7, №109 – 2, №121 – 5, №185 – 4, №199 – 2, №250 – 32, №26 – 6, №27 – 1, №29 - 10, №30 мектеп – 5, №80 – 9, №85-3, №99-4, №269- 5, №272- 12, №273- 18, №274- 15, №275- 20, №277- 8, №279-1).

2016-2017 оқу жылының қорытындысымен 38 бітіруші «Алтын белгіге», 18 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды.

Биылғы жылы да аудан оң нәтиже, лайықты көрсеткіштерге жетті. Бұл - білікті де білімді пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, ата-аналардың өзара тығыз байланысы, әр оқушының білімі мен таным қабілетін танып білудегі ұстаз еңбегінің шынайы жемісі деп атап өтуге болады. Осындай өз уақытын аямай, өзгенің баласына білім беріп жоғарғы балл жинап, аудан мәртебесін жоғары көтерген алдыңғы үштікте тұрған мектептерді ерекше атап өтуге болады. Математикалық сауаттылықтан алдыңғы үштікте тұрған Төретам кенті Ақай аулындағы №279 және №99, кент орталығындағы Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептер.Оқушылар 34 балл жинаған №279 мектептің математика пәні мұғалімі Құлжан Манат, 36 баллмен №183 орта мектептен Наукебаева Гүлшат, №99 орта мектептен Нұржанова Мадиналарды атап өтуге болады.

Оқу сауаттылығынан алдыңғы үштікте тұрған №113, №183 және №279 орта мектептер.Оқушылары 20 балл жинаған №113 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ізімова Жазира, 20 баллмен №183 орта мектептен Есжанова Мөлдір, 20 баллмен №279 орта мектептен Жиенқұлова Шынарларды айту керек.

Қазақстан тарихынан алдыңғы үштікте тұрған №80, №27 және №85 орта мектептер.Оқушылары 20 балл жинаған №80 мектеп-гимназияның тарих, құқық пәні мұғалімі Айтжанова Салтанат, 20 баллмен №27 орта мектептен Қауысов Дәулет, 20 баллмен №85 орта мектептен Жалғасбаев Әділеттерді атап өту қажет. Бірінші таңдау пәні бойынша алдыңғы үштікте тұрған №183, №279 және №106 орта мектептер.Оқушылары химиядан 37 балл жинаған №183 орта мектептен химия пәні мұғалімі Көбекова Манат, биологиядан 30 баллмен Жалғасбаева Жұлдыз, математикадан 34 баллмен Аширова Гүлнара, физикадан Хасенова Маруся, №279 орта мектептен биология пәнінен 36 баллмен Нұржанова Сафура, физикадан 31 баллмен Бердібаева Гүлзия, №106 орта мектеп бойынша физикадан 32 баллмен Жаханова Жанышкүлдерді атап өту қажет. Екінші таңдау пәні бойынша алдыңғы үштікте тұрған №183, №27 және №28 орта мектептер.Оқушылары химиядан 36 балл жинаған №183 орта мектептен химия пәні мұғалімі Көбекова Манат, физикадан 33 баллмен Жақпанова Гүлмира, математикадан 33 баллмен Аширова Гүлнара, №27 орта мектептен құқық пәнінен 33 баллмен Қауысов Дәулет, №28 орта мектептен дүние жүзі тарихынан 37 баллмен Мырзабекова Жаңагүлдер өз үлестерін қосты.

Аудан мұғалімдері ҰБТ-де жоғары жетістікке жету жолында аянбай еңбек етіп, әр бітірушінің талап-деңгейін таразылай отырып игі жұмыстар жүргізіп келеді. Арнайы белгіленген кесте, жан-жақты дайындық, қатаң жауапкершілік, ұстаздарымыздың өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілігі мен аса жауапкершілігі - ауданымыздың облыс көлемінде ҰБТ-ден айшықты орын алуына септігін тигізді. Осы орайда ауданда ғана емес, облыс көлемінде ең жоғарғы 136 балл жинаған Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің бітірушісі Отарбай Дәуренді аса мақтанышпен атаймыз.

Өткен оқу жылынан бастапаудан бойынша 1-ші сыныпқа келген 1860 оқушы жаңартылған білім мазмұны - 12 жылдық білім беру жүйесімен оқытылды. Білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу - материалдарын терең ұғына білуге баулу, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау - мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Математикалық сауаттылық, сауат ашу, көркем еңбек, ағылшын тілі пәндердің деңгейлік тапсырмаларды қамтыған, логикаға басым жазу дәптерлері арқылы критериалды бағалау – электронды күнделік негізінде оқушылардың білімі сараланып, қорытындыланды. Жыл басында мектепке қабылданған 1860 оқушының 1658 оқушысы 1 сыныпты аяқтады. «5»-ке 552, «4» пен «5»-ке 928, барлығы 1480 оқушы жақсы деңгейде, яғни барлық оқушының 89 пайызы білім сапасын берді. Ал биылғы оқу жылында 1 сыныпқа қабылданатын 1815 оқушы қабылданады деп жоспарлануда. Ол 157 балаға өсіп, 9,4 пайызды құрап тұр. Және 2016-2017 оқу жылында 13659 оқушы 728 сынып жиынтығында оқыса, биылғы оқу жылында 13973 оқушы мектеп партасында отыр.

Биылғы оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2,5,7 сыныптар оқытылатылып жатыр. Осыған орай аталған сыныптар бойынша дәріс беретін мұғалімдер арнайы білім жетілдіру курсынан өтті. Ол сабақ беретін мұғалімдердің 83,5 пайызын құрап отыр.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге дайындық негізінде «Өрлеу» біліктілік арттыру институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2017 жылға 2,5,7-сыныпқа сабақ беретін 715 педагогты оқыту жоспарланған болатын. Оның ішінде 2016-2017 оқу жылында 296 педагог біліктілігін арттырды ( ол 41,3 %).

Осы уақытқа дейін ауданда 1 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасаса, оқытудың жаңашыл әдістемелерін енгізуде биылғы жылы кент орталығындағы №105 орта мектеп аудан әкімінің қаулысымен мектеп- лицей бағытына ауыстырылды.

Жылма-жыл білім сапасының көтерілуі, үздіксіз білім беру қағидаттарының орындалуы, бір сөзбен айтқанда болашағы бағдарлы, келешегі келісті ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаздарың педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзіреттілігі айқын мәнге ие. жылы аудан мұғалімдерінен біліктілік санатына құжат тапсырған 529 мұғалім өз біліктіліктерін қорғады және 394 қызметкер өз білімін жетілдірді.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан мектепке дейінгі білім берудің жаңа стандарты - Қазақстан балаларының жаңа ұрпағын дамыту мен тәрбиелеу жолындағы мәнді қадам болып отыр. Осы орайда, ауданымызда 57 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс жасайды. Оның 24-і мемлекеттік, 8 жекеменшік, 25 шағын орталықта 3845 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудандағы 0-6 жас аралағындағы 6771 баланың 3845-і балабақшаға тартылып, бұл 93,2 пайызды құрап отыр. 2016-2017 оқу жылында ІІІ ИНтернационал аулынан 100 орындық «Бадинур», Төребай би аулынан 25 орындық «Кенженұр» жекеменшік балабақшалары ашылды. Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 100 пайызға өсті.

2016 жылы Қуаңдария ауылындағы апаттық жағдайдағы мектеп құрылысын бастауға 20,0 млн. теңге, ал 2017 жылы құрылысын аяқтауға 456,7 млн.теңге бөлінді. Жаңа мектеп қазіргі таңда пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2017 жылы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысын бастауға 567,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Жобаның жалпы құны 798,9 млн.теңге. 2017 жылдың маусым айында өзіңіздің қатысуыңызбен №183 орта мектептің алғашқы іргетасын қалады.

2016 жылы Жосалы кентінде 90 орындық 2 балабақшаның (№3 «Ертөстік» (5,0 млн.теңге) және №5 «Айгөлек» (5,0 млн.теңге) балабақшалары құрылысын бастауға 10,0 млн.теңге, ал 2017 жылы құрылысты аяқтауға – 487,8 млн.теңге (№5 «Айгөлек» балабақшасына – 241,3 млн.теңге, №3 «Ертөстік» балабақшасына – 246,5 млн.теңге) облыстық бюджеттен бөлінді. Жаңа оқу жылына аталған балабақшалар қолданысқа беріледі деп жоспарлангып отыр.

2016 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 3 мектепке 13,2 млн.теңге бөлінді. (№250 мектеп-лицей-3146,0 мың теңге, №85 мектепке-3866,0 мың теңге, №106 мектепке-6227,0 мың теңге).

Жосалы кентінде орналасқан білім бөлімі ғимаратын қайта жаңғырту және жапсаржай салуға 59,0 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысан «Аудандық оқушылар үйіне» пайдалануға берілді.

2017 жылыЖосалы кентінде жаз-қыс мезгіліндегі балалар демалысы үшін лагерь құрылысын бастауға 100,0 млн.теңге бөлінді.

Ауданда жұмыссыздық деңгейін азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту мәселелерінде ауданда іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту жол картасы-2020»бағдарламасының ролі ерекше. Биыл осы бағдарлама аясында республикалық және аудандық бюджеттерден 2 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына 104,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 19 адам уақытша жұмысқа тартылды (Ақтөбе ауылында орналасқан №16 «Перизат» балабақшасының ғимаратына 25,7 млн.теңге, Төретам кентінде орналасқан №4 «Күн нұры» балабақшасына ғимаратына 78,4 млн.теңге).

Ұлттық қордың қаражаты есебінен ауданның 8 балабақшаның, бір мектептің жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан бюджетінің қомақты бөлігі білім беру мекемелерінің еншісінде. Атап айтқанда, білім саласына 2016 жылы 6 млрд 646 млн. теңге бөлінсе, 2017 жылға 6 млрд 797 млн. теңге қаралып отыр.

2017 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 89 млн 500 мың теңге қаралып отыр. Оның ішінде №26 және №250 мектеп жанындағы интернаттарға қажетті төсек-жабдықтармен қамтамасыз етуге 1854 мың теңге, аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебіне қажетті музыкалық аспаптармен қамтамасыз етуге 2956 мың теңге, мектептерді қажетті оргтехникалармен (компьютерлермен) қамтамасыз етуге 23078 мың теңге, қажетті қатты заттармен (тақта, парта, орындықтар, асхана жабдықтары) қамтамасыз етуге 22969 мың теңге, №30 мектептің инклюзивті кабинетіне қажетті жабдықтар сатып алуға 3417 мың теңге, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық кабинетке қажетті медициналық құрал-жабдықтар мен дидактикалық оқу-құралдармен қамтамсыз етуге 5422 мың теңге, «Робототехника» кабинеттерімен қамтамасыз етуге 13416 мың теңге, жалпы білім беретін мектептерге физика пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге 16388 мың теңге бөлінді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің шынайы қамқорлығын сезініп, ұстаз, мектеп сенімін ақтаған оқушыларымыз жыл сайын өткізілетін дәстүрлі пәндік олимпиадаларда, білім байқауларында алдыңғы қатардан көрініп, аудан мерейін асқақтатып келеді. Атап айтсақ, Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 13 мектептен 23 оқушы қатысты. Нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орындар алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 4 мектептен жолдама алған 5 оқушының 2-уі жүлделі орынмен оралды. Олар: №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина қазақ тілінде оқылатын мектептегі орыс тілі пәнінен І орын, №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын алды.

Еліміздің қарқынды дамуы жаңа қоғам талабына сай адам санасы мен білімінің жоғары дамуынының айғағы десек, өркениетті елдер қатарына көш түзеп келе жатқан тәуелсіз елдің тізгінін берік ұстау – Қазақстан азаматтарының еншісінде. Олай болса, сол азаматтарды біліммен қалыптастыратын, тәрбиемен қаруландыратын күш – мектеп. Аудандық білім бөлімі 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» басшылыққа алынып, жылдық жұмыс жоспары жасалып, мектепте оқушыларға мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, азаматтыққа, төзімділікке, рухани- өнегелікке, салауатты да саналы белсенді тұлғаны қалыптастыру ісінде жұмыстар жүргізілуде. Аудан бойынша 739 класс комплектісі бар. 1907 мұғалім 13973 оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. 29 мектепте қазіргі уақытта 35 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, 29 тәлімгер, 50 психолог маман жұмыстар атқаруда. Тәрбие - үздіксіз жүргізілетін процесс екенін ескерсек, 2016-2017 оқу жылында тәрбие бойынша 9 семинар, 9 айлық, 20 акция, 87 рет АІІБ- нің қызметкерлерімен кездесу, 2 рет аудандық ата-аналар жиналысы, 57 тәрбиелік кештер, 2 тақырыптық форум, 15 апталық, 15 кездесу ұйымдастырылды.

Мектептерде әскери-патриоттық клуб құрылып, құрамына жоғары сынып оқушылары сайланды. Бекітілген жұмыс жоспары бойынша мектепішілік есепте тұрған, қолайсыз отбасында тәрбиеленіп отырған оқушылар мектепте өткізілетін үйірме жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға қатыстырылып отырады. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қалыптастыру, жастардың бос уақытын ұтымды пайдалана отырып, спорттық, патриоттық мәдениетті тануға, салауатты өмір салтына баулу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Мектеп.Қоғам. Отбасы арасындағы тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған ынтымақтастықты, қоғамның әрбір мүшесінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тақырыптық семинар өтілді. Тақырыптық сынып жетекшілерінің апталығы, айлық шаралар, әр түрлі тренингтер, тағы басқа да үздіксіз атқарылып жатқан тәрбие жұмыстары әр оқушышының таным деңгейін, шығармашылық потенциалын, өзіндік дүниетанымын кеңейту мақсатын көздейді.

Жалпы аудан білім алатын 13973 оқушының 335-і аудандық әуез мектебіне, 1166 оқушы оқушылар үйіне, 1408 оқушы спорт мектебіне қатысады.

Аудандық білім бөлімінің мектепте діни қақтығыстар мен діни эктремизмнің алдын алу, жергілікті жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтау мақсатында, терроризмге қарсы және діни ахуалға қатысты, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қауіптіліг туралы 9-11 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оқушылардан сауалнама алу, аудандық мешітке баратын оқушыларды анықтау бағытында тиісті жұмыстар атқарылды және аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді.

Ауданымызда жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары жетімін жылатпаған, қамыққанға қол ұшын беретін кеңпейіл де жомарт халқымыздың қайырымдылығы мен жан жомарттығын танытатын шара болып отыр, тұрмысы төмен отбасыларға аудандағы барлық мекемелер, жеке кәсіпкерлер, жекелеген санаттағы адамдар демеушілік жасап, алғыс арқалауда. Аудан бойынша демеушілік пен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 147 оқушыға 2 млн 793 мың теңге көлемінде көмек берілді. Жалпыға міндетті оқу қорынан 2051 оқушыға 17 млн 197 мың теңге көлемінде, 2886оқушысына 107 70,06 мың теңге көлемінде ыстық тамақ берілді.

Қызылорда облысының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс- қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі облыстық ведомствоаралаық штабының 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жылдық жоспар жасалалып, жұмыстар жүргізіліп келеді. аудандағы 29 мектепте «Наркобекет» жұмысы нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында жұмыс жасайды.

Аудан оқушылары арасында жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстары жылма-жыл өз дәрежесінде ұйымдастырылып келеді. Қазіргі таңда 11243 бала ішкі және сыртқы тынығу лагерінде дем алды. Ол 86 пайызды құрайды. Сонымен қатар «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне қатысуда мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы зор белсенділік танытуда. Атап айтқанда, Халықаралық көрмеге 1005 және 1105 оқушы «ЭКСПО-2017»-ні тамашалап қайтты.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді, мазмұнды ұйымдастыру, оларды патриоттық, спорттық, эстетикалық бағытта тәрбиелей отырып шығармашылық бағытқа жетелеу, салауатты өмір салтына баулу мақсатында аудандық оқушылар үйі мен Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебі жоспарға сай жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Аудандық оқушылар үйіндегі түрлі үйірмелерге 1166 оқушы, әуез мектебіне 335 оқушы, спорт мектебіне 1408 оқушы қатысады. Аудандық «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігіне 10560 оқушы тартылған.

Жас музыканттардың 50-ші Республикалық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, пианистер арасында үздік өнер көрсеткені үшін Н.Байғараев, Я.Ким Алғыс хатпен марапатталды / мұғалімі Н.Бижанов, И.Пак /, Қ.Р.Еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қ.Р.Мәдениет қайраткері, күйші, композитор Төлепберген Тоқжанов атындағы І облыстық балалар конкурсынан М.Жасаңбаев І, М.Әбдіразақұлы ІІ орынды иеленді / мұғалімдері Б.Мәденова,А.Жағалова/, Республикалық «Әсеттің әсем әндері-ай» атты Ғұмырдария конкурсынан Ж.Асылбек және Л.Есхановалар І орын және Қ.Әбдірайымов Бас жүлде иегері атанды / мұғалімі А.Ысқақова /, «Қорқыттан қалған қоңыр үн» атты облыстық байқаудан М.Ұзақбаева Бас жүлде иегері атанды / мұғалімі Ж.Тұрымбетов/. Республикалық ХУІІІ «Абай және Шәкәрім оқулары» байқауынан №80 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушысы А.Жантанова «Сөз зергері» номинациясымен марапатталды /мұғалімі М.Жүнісова/.

Ауданда жалпы кітап қоры – 509054, оның ішінде мектеп оқулығы 372943, көркем әдебиет 131913, элкетронды оқулықтар 4198. Оқырмандар саны – 15306, оқырмандардың кітапханаға келу саны – 80415, кітап берілімі – 122982. Қордың өсуі – 71853. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2,5,7 сынып оқулықтары 100 пайыз алынды. Ол үшін барлығы 134 407,0 теңге қаржы қаралды.

Мектеп бітірушілер арасында жылма-жыл ұйымдастырылып отыратын Ы.Алтынсарин атындағы республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан №250 мектеп-лицей мен №26 орта мектептің 5 оқушысы білім грантын жеңіп алса, №105 мектеп-лицейдің 2 оқушысы Санкт- Петербург мемлекеттік өндірістік технология және дизайн университетіне, №277 мектеп-лицейдің 5 оқушысы К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне, №277 мектеп-лицейдің 1 оқушысы Ресей Федерациясының И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ университетіне, №108, №250 мектептерден 3 оқушы Москва ұлттық технологиялық зерттеу университетіне, №250 мектеп-лицейдің 2 оқушысы Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне грант иегері атанып, білім биігіне шықты.

2016-2017 оқу жылының қорытындысымен халықаралық, республикалық байқауларда, ғылыми жоба жарыстарында 128 оқушы жеңімпаз атанды.

Облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2017» байқауында №279 мектептің мұғалімі ІІ орын алса, «Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі-2017» байқауында №29 мектеп мұғалімі І орын, «Үздік география пәні мұғалімі-2017» байқауынан №111 мектеп мұғалімі ІІІ орын, республикалық «Үздік психолог» байқауында №250 мектеп-лицей психологы ІІ орын иеленді. Аудандық оқушылар үйінің «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі С.Ускеленов Қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының арасында өткізілген «Үздік үйірме жетекшісі -2017» облыстық байқауына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталған. Облыстық «Үздік математика пәнінің мұғалімі-2017» байқауынан №250 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Э.Абатова дипломант, «Жаңа үлгідегі үздік биология сабағы-2017» байқауынан №108 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі М.Сағымбаева І орын алса, «Үздік авторлық бағдарлама-2017» байқауынан №274 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі А.Срымбетова ІІ орын алды.

Ауданның құрметті ардагер ұстаздарын еске алу және ұлықтау мақсатында жыл сайын математика пәнінен Ү.Қошалақов атындағы және Қ.Игенбаев атындағы олимпиадалар дәстүрлі түрде өткізіледі.


Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2017 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен мектептегі сынып комплектілер саны артып келеді. 2016 жылы 29 мектепте 728 сынып жиынтығында қазіргі таңда 13659 оқушы білім алуда. Ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап деңгейінде. Олардың ішінде 1674 жоғары білімді, 169 арнаулы орта білімді педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. Аталған педагог қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 114, І санатты – 690, ІІ санатты – 455 мұғалім еңбек етеді.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында бітірушілердің қорытынды аттестаттауы және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіре отырып жүзеге асыратын Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша аудан бітірушілері өз білімдерін дәлелдей білді. 2017 жылы 624 мектеп бітірушіден 491-і (79,17%) ҰБТ-ге қатысып, орташа балл 82,00 болып сапалық көрсеткішті сақтап дәлелдеді. Ауданымыз облыс бойынша төртінші орынға орналасты. Бұл - аудан ұстаздары мен оқушылары, олардың ата-аналары үшін үлкен еңбектің жемісі, сапалы білім көрсеткіші болды. Аудан мектептерінен орташа балл қорытындысы бойынша 16 мектеп - №183, №279, №106, №28, №105, №27, №109, №113, №277, №199, №85, №111, №185, №80, №26, №250 мектептер ауданның орташа балдық көрсеткішінен жоғары болып топ бастаушылар қатарында болса, №30, №121, №99, №269, №107, №108, №29, №186, №272, №273, №274, №275 сияқты 12 мектеп 80,40 – 63,33 балл аралығымен төменгі орынға орналасты. Мектеп бітіруші түлектер арасынан 38 оқушы «Алтын белгі» (№250 мектеп-лицей – 13, №183 мектеп – 1, №30 мектеп – 2, №26 – 2, №27- 1, №105-1, 29-4, №107-3, №85- 1, №279- 1, №272- 1, №273- 1, №274- 3, №275-2, №277- 2, ), 18 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. (№250 мектеп – лицей - 3, №26 мектеп – 2, №28 мектеп – 1, №199-2, №80-1, №274-3, №275-1, №277-5). 100-109 балл аралығында жоғары балл жинаған 43 оқушы, 110-119 балл аралығында - 33, 120-129 балл аралығында – 15, 130-140 балл аралығында -2, барлығы 93 бітіруші көрсеткіш берсе, 175 оқушы /35,4%/ шекті баллдан өте алмады (№105 – 1, №107 – 5, №108 – 7, №109 – 2, №121 – 5, №185 – 4, №199 – 2, №250 – 32, №26 – 6, №27 – 1, №29 - 10, №30 мектеп – 5, №80 – 9, №85-3, №99-4, №269- 5, №272- 12, №273- 18, №274- 15, №275- 20, №277- 8, №279-1).
Білім саласында биылғы оқу жылындағы ерекшелік 1-ші сыныпқа келген 1642 оқушы жаңартылған оқу бағдарламасы 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім алуда.1-сыныпқа арналған қажетті оқулықтар жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 82 педагог арнайы даярлықтан өтті.
2016-2017 оқу жылынан бастап 1 сыныптар бес күндік оқу жүйесіне көшсе, келесі жылы 2,5,7 сыныптар әрі қарай кезең-кезеңімен бес күндік оқыту жүйесіне көшеді.
Осы уақытқа дейін ауданда 1 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасаса, оқытудың жаңашыл әдістемелерін енгізуде биылғы жылы кент орталығындағы №105 орта мектеп аудан әкімінің қаулысымен мектеп- лицей бағытына ауыстырылды.
Облыс әкімінің «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралардағы №6-тармағы бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250 мектеп-лицейлерде тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту үшін жыл көлеміндегі 1500 сағат негізіндегі факультативтер мен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша 4 сағаттық курстар , шығармашылық және зерттеушілік әрекетінің негіздері бойынша 4,5 сағаттық үйірмелерді жоғарғы оқу орындарының біліктілігі жоғары мамандарымен келісімшарт негізінде саясаттану, физика-математика, филология және педагогика ғылымдарының 9 кандидаты, 2 жаратылыстану, 2 педагогика ғылымдарының магистрлері қазіргі таңда жұмыс жасауда.
Инновациялық мектептер қатарын дамыту мақсатында Байқоңыр қаласындағы №277 орта мектепке Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы №391 қаулысына сәйкес мектеп-лицей статусы берілді. Қазіргі таңда жаңа аталған мектеп-лицей құжаттары мемлекеттік тіркеуге Әділет басқармасына тапсырылды.
№277 орта мектепте сыныптар бөлініп оқушылар талапқа сай іріктеліп, ІІІ оқу тоқсанынан бастап мектеп-лицей бағдарламасына сәйкес өз жұмысын бастайды. Ауданнан бір жылда 2 мектеп-лицейдің ашылуы үлкен жетістік.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, биылғы жылы аудан мұғалімдерінен біліктілік санатына құжат тапсырған 529 мұғалім өз біліктіліктерін қорғады және 394 қызметкер өз білімін жетілдірді.
Ауданымызда 57 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс жасайды. Оның 24-і мемлекеттік, 8 жекеменшік, 25 шағын орталықта 3845 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудандағы 0-6 жас аралағындағы 6771 баланың 3845-і балабақшаға тартылып, бұл 93,2пайызды құрап отыр. 2016-2017 оқу жылында ІІІ Интернационал аулынан 100 орындық «Бадинур», Төребай би аулынан 25 орындық «Кенженұр» жекеменшік балабақшалары ашылды. Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 100 пайызға өсті.
2016 жылы Қуаңдария ауылындағы апаттық жағдайдағы мектеп құрылысын бастауға 20,0 млн. теңге, ал 2017 жылы құрылысын аяқтауға 456,7 млн.теңге бөлінді. Жаңа мектеп қазіргі таңда пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2017 жылы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысын бастауға 567,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Жобаның жалпы құны 798,9 млн.теңге. 2017 жылдың маусым айында аудан әкімі №183 орта мектептің алғашқы іргетасын қалады.
2016 жылы Жосалы кентінде 90 орындық 2 балабақшаның (№3 «Ертөстік» (5,0 млн.теңге) және №5 «Айгөлек» (5,0 млн.теңге) балабақшалары құрылысын бастауға 10,0 млн.теңге, ал 2017 жылы құрылысты аяқтауға – 487,8 млн.теңге (№5 «Айгөлек» балабақшасына – 241,3 млн.теңге, №3 «Ертөстік» балабақшасына – 246,5 млн.теңге) облыстық бюджеттен бөлінді. Жаңа оқу жылына аталған балабақшалар қолданысқа беріледі деп жоспарлангып отыр.
2016 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 3 мектепке 13,2 млн.теңге бөлінді. (№250 мектеп-лицей-3146,0 мың теңге, №85 мектепке-3866,0 мың теңге, №106 мектепке-6227,0 мың теңге).
Жосалы кентінде орналасқан білім бөлімі ғимаратын қайта жаңғырту және жапсаржай салуға 59,0 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысан «Аудандық оқушылар үйіне» пайдалануға берілді.
2017 жылы Жосалы кентінде жаз-қыс мезгіліндегі балалар демалысы үшін лагерь құрылысын бастауға 100,0 млн.теңге бөлінді.
Ауданда жұмыссыздық деңгейін азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту мәселелерінде ауданда іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының ролі ерекше. Биыл осы бағдарлама аясында республикалық және аудандық бюджеттерден 2 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына 104,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 19 адам уақытша жұмысқа тартылды (Ақтөбе ауылында орналасқан №16 «Перизат» балабақшасының ғимаратына 25,7 млн.теңге, Төретам кентінде орналасқан №4 «Күн нұры» балабақшасына ғимаратына 78,4 млн.теңге).
Ұлттық қордың қаражаты есебінен ауданның 8 балабақшаның, бір мектептің жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан бюджетінің қомақты бөлігі білім беру мекемелерінің еншісінде. Атап айтқанда, білім саласына 2016 жылы 6 млрд 646 млн. теңге бөлінсе, 2017 жылға 6 млрд 797 млн. теңге қаралып отыр.
2017 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 89 млн 500 мың теңге қаралып отыр. Оның ішінде №26 және №250 мектеп жанындағы интернаттарға қажетті төсек-жабдықтармен қамтамасыз етуге 1854 мың теңге, аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебіне қажетті музыкалық аспаптармен қамтамасыз етуге 2956 мың теңге, мектептерді қажетті оргтехникалармен (компьютерлермен) қамтамасыз етуге 23078 мың теңге, қажетті қатты заттармен (тақта, парта, орындықтар, асхана жабдықтары) қамтамасыз етуге 22969 мың теңге, №30 мектептің инклюзивті кабинетіне қажетті жабдықтар сатып алуға 3417 мың теңге, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық кабинетке қажетті медициналық құрал-жабдықтар мен дидактикалық оқу-құралдармен қамтамсыз етуге 5422 мың теңге, «Робототехника» кабинеттерімен қамтамасыз етуге 13416 мың теңге, жалпы білім беретін мектептерге физика пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге 16388 мың теңге бөлінді.
Аудан оқушылары жыл сайын өткізілетін дәстүрлі пәндік олимпиадаларда, білім байқауларында алдыңғы қатардан көрініп, аудан мерейін асқақтатып келеді. Атап айтсақ, Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 13 мектептен 23 оқушы қатысты. Нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орындар алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 4 мектептен жолдама алған 5 оқушының 2-уі жүлделі орынмен оралды. Олар: №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина қазақ тілінде оқылатын мектептегі орыс тілі пәнінен І орын, №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын алды.
Аудан бойынша 728 класс комплектісі бар. 1843 мұғалім 13659 оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. 29 мектепте қазіргі уақытта 35 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, 29 тәлімгер, 50 психолог маман жұмыстар атқаруда. Тәрбие - үздіксіз жүргізілетін процесс екенін ескерсек, 2016-2017 оқу жылында тәрбие бойынша 9 семинар, 9 айлық, 20 акция, 87 рет АІІБ- нің қызметкерлерімен кездесу, 2 рет аудандық ата-аналар жиналысы, 57 тәрбиелік кештер, 2 тақырыптық форум, 15 апталық, 15 кездесу ұйымдастырылды.
Жалпы аудан білім алатын 13659 оқушының 335-і аудандық әуез мектебіне, 1166 оқушы оқушылар үйіне, 1408 оқушы спорт мектебіне қатысады.
Аудан бойынша демеушілік пен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 147 оқушыға 2 млн 793 мың теңге көлемінде көмек берілді. Жалпыға міндетті оқу қорынан 2051 оқушыға 17 млн 197 мың теңге көлемінде, 2886 оқушысына 107 70,06 мың теңге көлемінде ыстық тамақ берілді.
Биылғы жылы 1-10 сынып аралығында 13659 оқушының 11243-н, яғни барлық оқушының 86 пайызын жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда.
Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне 1-4 сынып оқушылары арасынан 1499 оқушы қамтылып отыр. Қазіргі уақытқа дейін 2131 оқушы дем алды.
Аудандық бюжеттен 6 млн 381 мың теңге бөлініп, 219 оқушы Астана қаласына «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне 80 бала барды. Сонымен қатар 986 оқушы ата-ана демеушілігімен бару алдағы уақытта жоспарлануда.
Салауатты өмір салтына баулу мақсатында аудандық оқушылар үйі мен Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебі жоспарға сай жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Аудандық оқушылар үйіндегі түрлі үйірмелерге 1166 оқушы, әуез мектебіне 335 оқушы, спорт мектебіне 1408 оқушы қатысады. Аудандық «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігіне 10560 оқушы тартылған.
Ауданда 28 орта, 1 орталау меткепте 39 кітапханашы қызмет етеді. Ауданда мектеп кітапханашалырының сандық және сапалық құрамы: жоғары білімді 28, арнаулы орта білімді 11, кітапхана мамандығы бойынша 31, педагог мамандар 8.

Ауданда жалпы кітап қоры – 509054, оның ішінде мектеп оқулығы 372943, көркем әдебиет 131913, элкетронды оқулықтар 4198. Оқырмандар саны – 15306, оқырмандардың кітапханаға келу саны – 80415, кітап берілімі – 122982. Қордың өсуі – 71853. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2,5,7 сынып оқулықтары алынады. Ол үшін барлығы 134 млн теңге қаржы қаралған.


Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Биылғы оқу жылында 13637 оқушы мектеп партасына отырды(оның ішінде Байқоңыр қаласындағы оқушылар саны – 4848 бала). Олардың 2755-і үздікке,5018-і екпіндіге үлгереді. Үлгерім сапасы 58 пайыз. 9-сыныпты негізгі мектепті 1062 оқушы бітіреді.
Білім саласында биылғы оқу жылындағы ерекшелік 1-ші сыныпқа келген 1642 оқушы жаңартылған оқу бағдарламасы (12 жылдық білім беру жүйесі) бойынша білім алуда.1-сыныпқа арналған қажетті оқулықтар жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 82 педагог арнайы даярлықтан өтті.
Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін 28 орта , 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды Биылғы жылы 624 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 220-ы Байқоңыр қаласы, 404-і Жосалы, Төретам, Ақай кенттерімен Қармақшы ауылдық мектептерінен. Дәстүр бойынша байқау сынақ қыркүйек айынан басталды. Аудан мектептеріндегі ұйымдастырылған тестілер нәтижесі бойынша қыркүйек айында орташа балл-55,7 болса, қазан айында орташа балл-53,6 балл, қараша айында 69,6 балл болды, желтоқсанда-67,1, қаңтар айында-73,1 баллмен қорытты. Ақпан айының байқау сынақ қорытындысы бойынша 624 бітірушінің 523-і ( 84%) қатысып,орташа баллдық көрсеткіші 76,5 , наурыз айында 508 бітіруші қатысып орташа балл 93,6 болды.
Биылғы жылы жаңа форматтағы екі кезеңге бөлінген өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ білім алушыларды қорытынды аттестаттау. Мектептерде тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім болып табылады. Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.(«Білім туралы»заңы 9.04.2016ж №501-У-ЗРК)
Аудандық білім бөлімі тарапынан мемлекеттік қорытынды аттестатттау мен ҰБТ –дегі өзгерістер жобасымен мектептерде ата-аналар, бітірушілер, пән мұғалімдерімен бірлескен түсіндірме жиналыстары өткізіліп баспасөз бетінде мақала жарияланды. ҚР БҒМ-нің №660 бұйрығымен, ҰБТ-ді өткізудің жоба ережелерімен таныстырылды.
Биылғы жылға Жаңақорған ауданындағы қосымша білім беретін дайындық орталығына бару үшін 300 бітірушіге 7200,0 мың теңге, тегін байқау сынақ кітапшасымен қамту үшін 532 мың тг қаржы бөлінді.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес оқушыларды үйден мектепке және мектептен үйге тегін тасымалдау стандартына сәйкес Жосалы кент орталығындағы №250 мектеп-лицейдің, Төретам кентіндегі №80, №269, №279 мектеп оқушылары күнделікті тасымалмен қамтылса,Т.Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектептің 19 оқушысы шалғай елді мекендегі үйлеріне тоқсан сайын тасымалданады.Тоқсан сайын тасымалданатын 19 оқушы мектеп жанындағы интернатта жатып білім алуда.
Жалпы білім беретін мектептерде 6-9 сынып оқушылары арасында «Халықтар достығы» тақырыбында аудандық шығармалар байқауы ұйымдастырылып, облыстық байқауда №183 мектептің 6 сынып оқушысы Жаудетова Аяулым 3 орынды, №274 орта мектептің 7 сынып оқушысы Баданова Айдана 2 орынды иеленді;
Облыстық «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» атты шығармалар байқауына №274, №26, №183 орта мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатысып, №105 орта мектептің 11 сынып оқушысы Әбдіхамизова Гүлсезім 1 орынды жеңіп алды.
2016-2017 оқу жылында 1-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалаарының XІІ Республикалық «Зерде» конкурсының ІІ ( облыстық ) кезеңіне 6 оқушы қатысып, ІІІ орындармен №80 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Ұ.Айбекова, 3 сынып оқушысы Ә.Ниязова, №279 орта мектептің 4 сынып оқушысы М.Шынасылова, №85 орта мектептің 3 сынып оқушысы Е.Жалғасбаев, І орынмен №109 орта мектептің 7 сынып оқушысы Ұ.Бекмаханова иеленді. Алматы қаласында –өткен Республикалық байқауда №109 орта мектептің 7 сынып оқушысы Ұ.Бекмаханова 2 орынды жеңіп алды.
2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен №250, №27, №185, №183, №26, №274 мектептерден 9 оқушы жүлделі орын алды. Нәтижесінде, №274 орта мектептің 10 сынып оқушысы Сыланова Айжан Республикалық конкурстың қрорытынды кезеңіне қатысып, 2 орынды жеңіп алды.
Аудан мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қашықтық олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
2016-2017 оқу жылына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінен 9 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, 5 оқушы Республикалық кезеңіне қатынасты. Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне №250, №277, №26, №27 мектеп оқушылары қатынасып, нәтижесінде №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина (қазақ меткебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінен) І орынды және №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек ( қазақстан тарихы пәні ) ІІ орынды жеңіп алды.
2017 жылы 31 наурыз айында өткен Облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға-талантты ұстаз » байқауының жоғары сынып оқушыларына арналған тапсырмалар бөліміне №183 орта мектептің «Болашақ» тобы қатысып, 1 орынды жеңіп алды.
Аудандық 6-9 сынып оқушылары арасында «Астана-ЭКСПО-2017» және «Универсиада – 2017 универсиада тарихы» атты сырттай шығарма байқауы өткізіліп, облыстық байқауға оқушыларымыз жолдама алып, жүлделі орындарды иеленді. 2017 жылы 30 қаңтар айында аудандық «Жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушыларына арналған «ЭКСПО-2017 – Болашақ энергиясы» тақырыбында эссе байқауында оқушыларымыз жүлделі орындармен облыста да жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Аудандық «ЭКСПО-2017» болашақ бастауы оқушылар арасындағы шығармашылық жұмыстар көрмесі 2017 жылы 15 наурызда аудандық оқушылар үйі базасында ұйымдастырылды. Оған әрбір 5 секция бойынша өткізілген көрмеге оқушыларымыз жоғарғы көрсеткіште қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Аудандық «Балалар бастауы-2017» балалар әлеуметтік жобаларының «Болашақ энергиясы» атты республикалық ғылыми жоба байқаудың аудандық кезеңіне 12 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі атанды.
Облыстық «ЭКСПО тарихы» атты сайысқа №80 мектеп-гимназияның 10-9 сынып оқушыларынан 3 оқушы ( Қожахметов Даниел, Мұратбеков Алмат, Уразалиев Азамат) қатысып, жүлделі 3 орынды жеңіп алды.
Дарынды оқушыларды айқандау, кәсіби бағдар беру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлесуімен өткен «Абай сыйы - 2017» атты 11 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың І –ші кезең он-лайн режимінде өткізіліп, осы қашықтықтан алған жоғары баллмен №106 орта мектептің 2 оқушысы ІІ кезеңіне Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында өткен олимпиадада Мұса Қаракөз І орын, қазақстан тарихы пәні бойынша жеңіп, 50 пайыз жеңілдікті осы оқу орнына сертификат, ІІ орынды Исағалиева Ақмарал ІІ орынды , 40 пайыздық оқу орнына жеңілдікті жеңіп алды.
2017 жылы 10 ақпанда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.
Аудандық 2017 жылы 27 қаңтарда «Жаһандық әлемдегі Тәуелсіз Қазақстан: білім мен ғылымның жетістіктері» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Үштілділікке байланысты.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетітің үштілділікке байланысты жылдық жоспарына сәйкес аудандық оқушылар үйін базасында 2017 жылдың қаңтар айының 10-ы күні «Бастауыш сынып бойынша қазақша және ағылшынша бейімделген аудармаларды ұйымдастыру. «Үздік аударма» байқауы»; 20.01.2016 күні №26 мектеп базасында «Үздік ағылшын тілі пәні бірлестігі» байқауы;
13.02.2016 жылы күні аудандық оқушылар үйі базасында «Үш тілді білу-әлемдік мәдениетті, өнерді, ғылымды білудің кілті» тақырыбында оқушылар арасында шығармалар байқауы өткізілді.
Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың Қызылорда облысы бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бойынша наурыз айында жұмыстар өткізіліп жұмыстың орындалғаны жөнінде кесте толтырылып, дәлелдемелер жинақталды.

Білім жетілдіру курсы туралы

«НЗМ» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығының жалпы білім беру ұйымдарының басшыларының бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 30-ы қаңтары және 27 ақпан күніекі лек бойынша 8 мектеп директоры Астана қаласына;
«НЗМ» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы Қызылорда филиалына 2017 жылдың 30 қаңтар күні «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша 7 педагог;
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 27.03.-31.03.2017 ж. аралығында мектеп директорының 2 оқу ісі жөніндегі және 2 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында біліктілігін арттырды.
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 30 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында №250 мектеп базасында 25 бастауыш сынып мұғалімдеріне және 20.02.-10.03.2017 ж. аралығында №30 мектеп базасында 25 бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қызылорда филилының ұйымдастырылуымен көшпелі біліктілік арттыру курстары болып өтті.
2017 жылдың 15 қаңтарында Дүр Оңғар ауылындағы №11 балабақшада «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында апатты жағдайлар қауіпін төмендетудің тиімді жолдары» тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті. Сонымен қатар Жосалы кент орталығындағы №1 санаториялық ясли-бақшасында бірінші және екінші санатқа өтетін тәрбиешілердің әдістемелік шығармашылық шеберхана отырысын өткізуді ұйымдастырылды. Наурыз айынының 31 жұлдызында Ақай ауылындағы №23 «Балдырған» ясли-бақшасында «Ұйымдастырылған оқу қызметің жаңаша ұйымдастырудын әдістемелік тәсілдері» тақырыбы бойынша облыстық әдістемелік семинар жоғары деңғейде өтілді.
Аудандағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілерінің, толық жұмыс күнімен жұмыс жасайтын шағын орталықтарының әдіскерлерінің 1 алқа кеңесі өткізілді.Оңда Қармақшы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Т.Көмекбаев
атындағы №250 мектеп-лицей жанындағы «Балапан», №185 мектеп

жанындағы «Ақерке» шағын орталықтарында «Білім беру салаларына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің әдіс-тәсілдері», «Балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануы» тақырыбы бойынша Төретам кентіндегі №22 «Гаухартас», Ақтөбе ауылындағы №16 «Перизат» балабақшаларында атқарылып жатқан жұмыстарының барысын бақылау қорытындысы туралы қаралды.


Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп,1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Жаңа оқу жылындағы 13566 оқушы мектеп партасына отырды (оның ішінде Байқоңыр қаласындағы оқушылар саны – 4772 бала) . 1836 педагог қызметкерлер білім беруде.Олардың 99-ы (6%) жоғары санатты,714-і (39%) бірінші санатты, 440-ы (24%) екінші санатты, 583-і (32%) санатсыз мамандар.

Биылғы жылдың ерекшелігі, аудан бойынша 1-ші сыныпқа келетін 1860 оқушы жаңартылған білім мазмұны (12 жылдық білім беру жүйесі) бойынша білім алуға көшеді. 1-сыныпқа арналған оқулықтар түгел дерлік жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 85 педагогтың 71-і (83,5%) арнайы даярлықтан өтті. (Байқоңыр қаласы бойынша бойынша 1 сыныпқа 645 оқушы қабылданады)

Сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы №275, №277 орта мектептерде 75 оқушы бірінші сыныпта орыс тілінде Қазақстан білім беру стандартымен оқыту енгізіледі.Байқоңыр қаласында жаңадан 2 мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізде балабақша ашу жоспарлануда. Ол №276 бастауыш мектебінің жабылуына сәйкес сол мектептің ғимаратында және екінші балабақша бұрынғы оқу-өндірістік комбинатының ғимаратында орналасады.

Аудан бойынша 57 (31 балабақша, 26 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 3615 бала тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығында балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері», Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2016 жылға 259 педагогты оқыту жоспарланып, 2016 жылдың 1 жарты жылдығында 211 педагог біліктілігін арттырды ( ол 81,4 %) .

Ән-әуез, бейнелеу және технология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және дене тәрбиесі пәндері бойынша жоспарланғаны 174 педагог, оқығаны 140 педагог немесе 80,4 %.

Байқоңыр қаласында орналасқан мектептерге физика, химия, математика, робототехника,биология, география кабинеттеріне құрал-жабдықтар сатып алуға 116,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында инклюзивті оқыту енгізілген. 2009 жылдан бастап Төретам кенті №80 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалармен арнаулы сыныптар жұмыс жасаса, 2012 жылдан бастап №30 орта мектепте 18 оқушы инклюзивті оқумен қамтамасыз етілген. Ауданда «Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жұмыс жасайды. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде педагог-логопед, педагог-психолог, педагог-дефектолог, ЛФК маманы, сурдо-педагог мамандар жұмыс жасайды. Жалағаш ПМПК көшпелі сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша түзету кабинеті 25 баламен жұмыс жүргізілуде. Аудан мектептеріндегі медициналық кабинеттер түгел дерлік медициналық лицензиямен қамтамасыз етілген. Бағдарламаға сәйкес мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептер үлесін дамыту мақсатында №26, №279 мектептермен №21,№20 балабақшаларында қосымша арнайы сыныптар мен топтар ашу жоспарлануда.

«Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына және үйге тегін жеткізумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартына сәйкес , Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін №250 №80 №99 №269 орта мектептерден 465 бала күнделікті тасымалмен, №185 орта мектептен 17 оқушыға елді мекендерден тоқсан сайынғы тасымал ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Төретам кентіндегі №269 орта мектептің оқушы тасымалдайтын 959 СД Паз 3206-110 маркалы автобусы жарамсыз күйде.2016 жылдың 22 шілдесінде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қаулысы шыққандығын және Төретам кент әкімдігі мен «Қазақмыс» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы арасындағы сақтандыру келісім шартының 2016 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін болуына байланысты аталған, «Қазақмыс» сақтандыру компаниясы автобус шығынына есептеу жұмыстары жүргізіліп толық өтейтіндігін мәлімдеген.Қазіргі таңда Төретам кенті әкімдігімен бірлесіп, осы мәселені шешу қажеттілігі бар.

Оқулықпен қамтылуы: Аудан бойынша 2016-2017 оқу жылына жоспарланған 90412 дана оқулықтар, оның ішінде 1 сыныптың барлық пән оқулықтары, 8 сыныптың барлық пән оқулықтары, 9 сыныптың дінтану, 4 сыныптың ағылшын пәні мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алу үшін республикалық бюджеттен Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептері үшін 53052,0 мың теңге, Қармақшы ауданы мектептері үшін облыстық бюджеттен 11902,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 39799,0 мың теңге барлығы 104 753 мың теңге бөлінді. Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептері үшін 29119158 теңгеге, 34758 дана оқулық 10797 дана оқу әдістемелік кешендер, көркем әдебиет, электронды оқулықтар, қармақшы ауданы үшін 44857 дана оқулық алынды. Қаралған қаржы көлемінде баспалар және оқулықтарды тасымалдау қызметіне келісім шарттар уақытылы жасалынып, оқулықтар 20 тамызға дейін толық тасымалданып болды. Жалпы Қармақшы және Байқоңыр қаласындағы мектептерге 90412 дана келіп оқулықпен қамту 100 пайызды құрайды.

Оқытудың жаңашыл әдістемелерін енгізуде ауданда 1 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасаса биылғы жылы кент орталығындағы №105 орта мектеп лицей бағытына ауыстырылды.

Облыс әкімінің «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының білім беру жүйесінде жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралардағы №6-тармағы бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250 мектеп-лицейлерде ағылшын тілін тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Жоғары білікті мамандарға жекелеген курстармен ақы төлеу үшін 3 мектепке 1500 сағатқа аталған қаржысы қаралып, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап енгізіледі.

Білім бөліміне қарасты стамотология кабинеттерімен кент орталығындағы №250, №121 және Ақай ауылындағы №99 орта мектептер жабдықталған. Қазіргі таңда №250 мектеп-лицейіндегі стомотология кабинеті құжаттандырылып, мамандармен қамтамасыз етіліп жұмыс жасауда. Ал, №121 және №99 орта мектептердегі стомология кабинеттерінің жұмыс жасауы үшін құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан мектептеріндегі медициналық кабинеттер түгел дерлік медициналық лицензиямен қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жылы 1 қыркүйектен бастап 2674 оқушы ыстық тамақпен қамтылады, оған 43898,0 мың теңге бөлініп тұр.

«Мектепке жол акцияларын» белсенді түрде өткізіп, демеушілік көмектер көрсетуді ұйымдастыруда. Акцияны ұйымдастыру мен өткізу туралы білім бөлімінің 22.07.2016 жылдың №414 бұйрығы шығып, іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілді. 2016 жылдың 19 тамыз күні «Бақытты балалық шақ мекені» тақырыбында аудандық акция өткізіліп тұрмысы төмен, жартылай жетім, қамқоршылықтағы отбасынан 55 баланың тізімі анықталып, 775000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оған аудандағы 43 мекеме демеушілік ретінде қатысты. Жалпы 20 тамыз аралығында 115 оқушыға 1175,0 мың теңге көлемінде көмек жасалынды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының өткізілуі жарияланды.

«Қармақшы таңы» газетіне 30.07.2016 жылдың № 59 санды нөмерінде «Мектепке жол» акциясының өтілуі мен аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасау хабарланды. Қамқоршылықтағы, жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын акцияға қатыстыру мақсатында тізімі жасалынды. 1-10 тамыз аралығында 240 балаға 1633,000 мың теңге көлемінде демеушілік жасалды.

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы

Жалпы 2016 жылдың ІІ- жартыжылдығына қажетті отын қорын жасақтауға аудандық бюджеттен 91557,3 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде сұйық отынға 81747,3 мың теңге (837 816,1 литр), қатты отынға 9809,8 мың теңге қаржы бөлінді.

Білім мекемелерінің сұраныстары бойынша қажетті құралдардың қаражаттары нақтыланып, мектептердің электр қондырғылардың техникалық ақаусыз жағдайына және техника қауіпсіздігінің сақталуына сәйкес күтім жасауға 2 664,0 мың теңге, №106 мектептің жылу жүйесін жөндеу жұмыстарына 6 227,0 мың теңге, мектептердің жылу жүйесіне және бу қазандықтарға бөлшектер алуға 14951,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда заттары алынып, орнатылды. Қазіргі таңда барлық мектептердің жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы 1 апаттық мектептің (Қуаңдария ауылы) құрылысын бастау үшін 2016 жылы облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге қаржы бөлініп қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы конкурс өткізіліп, мектептің салынатын жері белгеленген.Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақшаның жылу жүйесін газдандыру мақсатында аудандық бюджеттен 6 587,18 мың теңге және облыстық бюджеттен 45 911,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қалған қаржы 179,0 млн теңге үнемделген қаржы есебінен атқарылады. Қазіргі таңда білім және Ғылым министрлігімен қаржыны жылжыту жөнінде жұмыстар атқарылуда. Жұмыстарды атқаруға тиісті конкурстар жарияланды.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 3 мектепке 13239,0 мың теңге бөлінді. (№250 мектеп-лицей-3146,0 мың теңге, №85 мектепке-3866,0 мың теңге, №106 мектепке-6227,0 мың теңге).

Екі мектептің, атап айтқанда Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейдің және Төретам кентіндегі №85 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қазіргі таңда Иіркөл ауылындағы №106 мектептің бу қазандығының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмысын атқаруда.

Ағымдағы жылдың тамыз айында "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 11 932,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда келісім -шарт жасалынды.Жөндеу жұмыстары аяқталуда.


Қармақшы ауданы білім саласы бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Жүктеу...20,8КБ

  • Құрылған күні: 05.10.2017 13:51
  • Жаңартылған күні: 05.07.2018 16:54
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі