23.04.2018

Валюта бағамы:

Әлеуметтік қорғау

2018 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж 3252 азаматтарға мемлекет тарапынан 79 млн 655 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем түрлері төленді.

- Атаулы әлеуметтік көмекке 2018 жылы 236171,0 мың теңге бөлінді. 2018 жылдың 1 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек 346 отбасының 1618 адамына 27124,4 мың теңге төленді.

-Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2018 жылға 102109,0 мың теңге қаражат қаралып, 2018 жылдың 1 тоқсанында 1404 отбасының 5035 мүшесіне 41429,3 мың теңге төленді.

Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: - үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 93 балаға 2013,0 мың теңге; - 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 77 адамға 5555,5 мың теңге; -туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы науқастарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек 54 адамға 3222,7 мың теңге; -гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік көмек 6 балаға 310,8 мың теңге.


2017 жыл қорытындысы Аудандағы тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша әлеуметтік төлемдер.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж 13950 азаматтарға мемлекет тарапынан 242 млн 047 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем түрлері төленді.

Әлеуметтік көмекке 2017 жылы 6 879,0 мың теңге бөлінді.

2017 жылдың 12 айында атаулы әлеуметтік көмек 46 отбасының 193 адамына 5 824,5 мың теңге төленді. Қалған 1054,5 мың теңгесі үнемделіп, бюджетке қайтарылды.


Әлеуметтік көмек. Аудан және Байқоңыр қаласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында 6568 аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға 121,4 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

- 40 алушыға 3,2 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді;

- 1470 отбасына 58,7 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді;

- 5026 балаға 59,5 млн.теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді;


Әлеуметтік көмек. Аудан және Байқоңыр қаласы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында 6084 аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға 127,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

- 37 алушыға 1,9 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді;

- 1324 отбасына 29,1 млн теңгеге тұрғын үй көмегі төленді;

- 4138 балаға 28,9 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді;


Әлеуметтік көмек. Аудан және Байқоңыр қаласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында 11784 аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға 297,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

- 286 алушыға 6,6 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда алушылардың саны 37 адамға азайды;

- 1909 отбасына 96,5 млн теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалды, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылар саны 2 отбасына көбейіп отыр;

- 5777 балаға 104,0 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алушылар саны 66 балаға, төленген қаржы көлемі 5,0 млн теңгеге артты.

- жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 997 адамға 66,3 млн теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.


Әлеуметтік көмек. Аудан жәнеБайқоңыр қаласы бойынша 2016 жылдың қорытындысымен 8214 аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға 215,9 млн теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

- 256 алушыға 4,6 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда алушылардың саны 20 адамға азайды;

- 1696 отбасына 72,9 млн теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалды, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылар саны 62 отбасына азайды;

- 5280 балаға 77,2 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алушылар саны 51 балаға, төленген қаржы көлемі 2,7 млн теңгеге артты.

- жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 982 адамға 61,2 млн теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.


Әлеуметтік көмек. Аудан және Байқоңыр қаласы бойынша 2015 жылдың қорытындысымен 12363 аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға 300,1 млн теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

- 323 азаматтарға 6,3 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2014 жылмен салыстырғанда алушылардың саны 9 адамға, ал төленген қаражат көлемі 0,7 млн теңгеге азайды;

- 1907 отбасына 78,0 млн теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалды, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылар саны 167 отбасына, төленген қаражат көлемі 45,6 млн теңгеге азайды;

- 5711 балаға 99,0 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы ттөленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алушылар саны 180 балаға, төленген қаржы көлемі 12,6 млн теңгеге артты.

- жергілікті және республикалық бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 4422 адамға 116,8 млн теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

  • Құрылған күні: 05.10.2017 13:34
  • Жаңартылған күні: 05.04.2018 10:22
Жаңғырту 3.0
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі