18.07.2018

Валюта бағамы:

Спорт

Спорт саласы бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 14 581 адам, аудан халқының 27,1% құрады (2016 жылы 14107 адам спортпен шұғылданып, аудан тұрғындарының 26 пайызын қамтыған). Тұрғындар 12 олимпиадалық (баскетбол, бокс, волейбол, гандбол, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, ауыр атлетика, футбол, таеквондо, каратэ-до), 5 ұлттық спорт түрлері (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, ат бәйгесі және т.б. ат спорты түрлері), 5 олимпиадалық емес спорт түрлері (қол күресі, гір спорты, самбо күресі, шахмат, дойбы) және 2 мүгедектер спортымен (шахмат к.м.ш., жеңіл атлетика) шұғылданады.

Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2018 жылғы кешенді спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарында іс-шара бекітілген. Осы іс-шаралардың негізгі бағыты жастармен жұмыс жасау, оларды спортқа тарту, еңбекке баулу бағытына ұйымдастырылған. 2018 жылдың ІІ-тоқсанында аудан көлемінде 84 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 7253 спортшы қатысқан. Атап айтар болсақ: ауқымды шараларға «Нашақорлыққа ЖОҚ!» атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, Интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларының арасындағы, 23 маусым ҚР мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында аудандық ұжымдар арасында және мүгедектер арасында аудандық спартакиадалары өткізілді.

2018 жылға аудан бойынша 27 спорт–нұсқаушы штат бірлігі бөлініп, 2017 жылдың сәуір айынан бастап спорт нұсқаушылар өз аймақтары бойынша жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде аудан орталығы Жосалы кентіне – 11 штат, Байқоңыр қаласында - 2 штат, Төретам-2 штат, Ақай, Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун, Тұрмағанбет, Ақжар, Қармақшы, Дүр Оңғар, Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Иіркөл, Қызылтам ауылдарында әр қайсысына -1 штаттан бөлініп жұмыстар атқарылуда. Спорт-нұсқаушыларда шұғылданушылар саны 4860-ге жетті. Сонымен қатар өздеріңізге белгілі мамыр айында Ұлы жеңістің 72 – жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевтың жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық ХХІІ мемориалға Беларусия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия мемлекеттерінен палуандар келіп қатысты.

Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу айлығы мамыр-маусым айлары аралығында өткізілді. Аудан көлеміндегі Президенттік сынақ тапсыру айлығы жалпы білім беретін мектептер, мекеме және ұжымдар аталған спорттық шараға тартылып, барлығы 9 732 адам қамтылды. 1754 оқушысы спорт мектептерінде және спорт клубта спорт түрлерімен жүйелі жаттығады, бұл аудандағы жасөспірімдердің 15,6 пайызын қамтиды.

№15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебінде 1004 оқушы спорттың 12 түрімен (қол добы, дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, футбол, бокс, баскетбол, ауыр атлетика, каратэ-до) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 27 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы кенті, Қармақшы ауылында және Ақай ауылында жұмыс жасайды. Қармақшы аудандық №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 542 оқушы спорттың 5 түрімен (ауыр атлетика, дзюдо, самбо, қазақ күресі, бокс) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 15 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Төретам кенті мен Ақай, Жаңажол, ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Ақжар және Т.Көмекбаев ауылдық округтерінде жұмыс жасайды. «Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Спорт клубында» қазіргі таңда 8 спорт нұсқаушысында 208 спортшы спорттың 4 (дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ) түрінен шұғылдануда. Төретам кентінде «Дене шынықтыру-сауықтыру» кешенінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Нысанның жалпы құны 364 937,0 мың теңге. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, мердігер «Интегрострой» ЖШС-гі. Спорт кешенінде спорттың ойын түрлерінен бөлімшелер ашу жоспарлануда. Жыл басында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық жасау туралы мемарандумға қол қойылды. Үстіміздегі жылғы меже және осы мемарандумға сәйкес аудан бойынша бұқаралық спортпен шұғылданушы тұрғындарды 28% жеткізу болып табылады.

2018 жылдың осы кезеңінде аудан спортшылары ҚР біріншіліктері мен чемпионаттарында 4 – алтын, 5 – күміс, 13 – қола медальды жеңіп алса, Салтанат Сұлтанбекова сәуір айында Алматы қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатында 48 кг ІІІ-орын, Ғалымжан Абдрахманов наурыз айында Мәскеу қаласында (Ресей) өткен А. Харлампиевтің жүлдесіне арналған самбо күресінен Әлем Кубогында күміс жүлде, мамыр айында Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өткен Азия чемпионатында чемпион атанды, осы Азия біріншілігінде жерлестеріміз Д.Қодарова 72 кг, Д.Тілеумұратова, Д.Тұрғанов 48 кг жеңімпаз атанса, Д.Абдеков 62 кг күміс жүлдегерлер атанды. Мақшат Мейіржан жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Пекин қаласында (Қытайда) өтіп жатқан Халықаралық гран-при турнирінде 1500 метр және 800 метрге жүгіруден жеңіпаз атанды. Жыл басынан бері спорт шебері атағына 1-спортшы, спорт шеберлігіне үміткер 29-спортшы және 8 – І разрядты спортшы нормативін орындады.


Спорт саласы бойынша 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

І Бұқаралық спорт

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 14 581 адам, аудан халқының 27,1% құрады (2016 жылы 14107 адам спортпен шұғылданып, аудан тұрғындарының 26 пайызын қамтыған).

Тұрғындар спорт түрімен шұғылданады, оның ішінде 10 олимпиадалық (баскетбол, бокс, волейбол, гандбол, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, ауыр атлетика, футбол, таэквондо), 2 ұлттық спорт түрлері (қазақ күресі, тоғызқұмалақ), 5 олимпиадалық емес спорт түрлері (гір спорты, каратэ-до, самбо күресі, шахмат, дойбы), 1 мүгедектер спорт (шахмат) бар.

Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2018 жылғы кешенді спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарында іс-шара бекітілген. Осы іс-шаралардың негізгі бағыты жастармен жұмыс жасау, оларды спортқа тарту, еңбекке баулу бағытына ұйымдастырылған. 2018 жылдың І-тоқсанында аудан көлемінде 52 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 4407 спортшы қатысқан. Атап айтар болсақ: ауқымды шараларға «Нашақорлыққа ЖОҚ!» атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, Интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларының арасындағы аудандық спартакиядалары өткізілді.

2018 жылға аудан бойынша 27 спорт–нұсқаушы штат бірлігі бөлініп, 2017 жылдың сәуір айынан бастап спорт нұсқаушылар өз аймақтары бойынша жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде аудан орталығы Жосалы кентіне – 11 штат, Байқоңыр қаласында - 2 штат, Төретам кентіне - 2 штат, Ақай, Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун, Тұрмағанбет, Ақжар, Қармақшы, Дүр Оңғар, Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Иіркөл, Қызылтам ауылдарында әр қайсысына - 1 штаттан бөлініп жұмыстар атқарылуда. Спорт-нұсқаушыларда шұғылданушылар саны 4860-ге жетті.

ІІ-Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері

1700 оқушысы спорт мектептерінде және спорт клубта спорт түрлерімен жүйелі жаттығады, бұл аудандағы жасөспірімдердің 15,6 пайызын қамтиды.

№15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебінде 868 оқушы спорттың 11 түрімен (қол добы, дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, футбол, бокс, баскетбол, ауыр атлетика, каратэ-до, таеквондо, кикбоксинг) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 25 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы кенті, Қармақшы ауылында жұмыс жасайды.

Қармақшы аудандық №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 624 оқушы спорттың 6 түрімен (ауыр атлетика, дзюдо, самбо, қазақ күресі, бокс, волейбол, белбеу күресі) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 17 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Төретам кенті, Ақай, Дүр Оңғар, ІІІ-Интернационал, Ақтөбе, Ақжар, Т.Көмекбаев ауылдық округтерінде жұмыс жасайды.

Спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында 2006 жылы ауданда «Спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ашылып, қазіргі таңда 9 жаттықтырушы 208 спортшыны спорттың 4 (дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ) түрінен шұғылдануда.

ІІІ Жоғарғы спорттық жетістіктер

Үстіміздегі жылы аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 3алтын, 5 күміс, 13 қола медальды иеленсе, Әлем Кубогында 1 күміс медальді иеленді (Ғ. Абдрахманов 74 кг ІІ-орын самбо күресінен Әлем Кубогы).

Үстіміздегі жылдың осы уақытында аудан спортшылары 2 – Қазақстан Республикасының спорт шебері (Бутурина Кристина – ауыр атлетикадан, Тілеумұратова Диана самбо күресінен) атағын иеленсе, 20 спортшы ҚР Ұлттық құрама командасының сапына алынса, 13 спорт шеберлігіне үміткер және 2 – І разрядты спортшылар дайындалды.


Спорт саласы бойынша 2017 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар

І Бұқаралық спорт

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 14 581 адам, аудан халқының 27,1% құрады (2016 жылы 14107 адам спортпен шұғылданып, аудан тұрғындарының 26 пайызын қамтыған).

Тұрғындар спорт түрімен шұғылданады, оның ішінде 10 олимпиадалық (баскетбол, бокс, волейбол, гандбол, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, ауыр атлетика, футбол, таеквондо), 2 ұлттық спорт түрлері (қазақ күресі, тоғызқұмалақ), 5 олимпиадалық емес спорт түрлері (гір спорты, каратэ-до, самбо күресі, шахмат, дойбы),1 мүгедектер спорт (шахмат) бар.

Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылғы кешенді спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарында іс-шара бекітілген. Осы іс-шаралардың негізгі бағыты жастармен жұмыс жасау, оларды спортқа тарту, еңбекке баулу бағытына ұйымдастырылған. 2017 жылы аудан көлемінде 152 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 12 018 спортшы қатысқан. Атап айтар болсақ: ауқымды шараларға «Нашақорлыққа ЖОҚ!» атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, Интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күніне орай жергілікті атқарушы органдар арасындағы аудандық спартакиядалары өткізілді.

Сонымен қатар өздеріңізге белгілі 5-7 мамыр аралығында Ұлы жеңістің 72 – жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевтың жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық ХХІІ мемориалға Беларусия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия мемлекеттерінен палуандар келіп қатысты.

Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу туралы 2015 жылы 28 мамырда №726 қаулысы шықты. Бұған байланысты үстіміздегі 17 мамырда №256 аудан әкімінің ҚР халқының дене шынықтыру дайындығының Президенттік тестілерін өткізу туралы қаулысы бекітілді. Аталған қаулыға сәйкес үстіміздегі жылғы 22-30 мамыр аралығында аудан көлеміндегі Президенттік сынақ тапсыру айлығы жалпы білім беретін мектептер, мекеме және ұжымдар аталған спорттық шараға тартылып, барлығы 12831 адам қамтылды.

2017 жылға аудан бойынша 27 спорт–нұсқаушы штат бірлігі бөлініп, 2017 жылдың сәуір айынан бастап спорт нұсқаушылар өз аймақтары бойынша жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде аудан орталығы Жосалы кентіне – 11 штат, Байқоңыр қаласында - 2 штат, Төретам-2 штат, Ақай, Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун, Тұрмағанбет, Ақжар, Қармақшы, Дүр Оңғар, Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Иіркөл, Қызылтам ауылдарында әр қайсысына -1 штаттан бөлініп жұмыстар атқарылуда. Спорт-нұсқаушыларда шұғылданушылар саны 4860-ге жетті.

ІІ-Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері

1680 оқушысы спорт мектептерінде және спорт клубта спорт түрлерімен жүйелі жаттығады, бұл аудандағы жасөспірімдердің 15,6 пайызын қамтиды (2014 жылы 1486 оқушы қамтылып 15,1 пайызын қамтыған).

№15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебінде 862 оқушы спорттың 10 түрімен (қол добы, дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, футбол, бокс, баскетбол, ауыр атлетика, каратэ-до, таеквондо) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 25 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы кенті, Қармақшы ауылында жұмыс жасайды.

Қармақшы аудандық №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 542 оқушы спорттың 5 түрімен (ауыр атлетика, дзюдо, самбо, қазақ күресі, бокс) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 15 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Төретам кенті, Ақай, Дүр Оңғар, ІІІ-Интернационал, Ақтөбе, Ақжар, Т. Көмекбаев ауылдық округтерінде жұмыс жасайды.

Спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында 2006 жылы ауданда «Спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ашылып, қазіргі таңда 9 жаттықтырушы 276 спортшыны спорттың 6 (волейбол, қол добы (гандбол) дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ) түрінен шұғылдануда.

ІІІ Жоғарғы спорттық жетістіктер

Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 15-алтын, 22-күміс, 21-қола медальды иеленсе, Азия чемпионатында 2-қола, Әлем Кубогын мен Әлем чемпионатында 2-алтын медальді иеленді.

Оған қоса Астана қаласында 2-ші шілде күні өткен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде жерлесіміз Еламан Ерғалиев кіл мықтылар айқасында жеңімпаз атанып, Сыр өңірінің абыройын асқақтатқаны белгілі.

Үстіміздегі жылы Абдрахманов Ғалымжан самбо күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері және Астана қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен Әлем Кубогының жеңімпазы атанып самбо күресінен «Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» деген атаққа қол жеткізсе, 22-26 қыркүйек аралығында Түркіменстанның Ашхабат қаласында өткен Жабық кешендегі Азия Ойындарында 74 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Астанада 27-29 қазан аралығында қазақ күресінен 40 мемлекеттен 180-ге жуық палуанның қатысуымен әлем чемпионаты өтті. Осы әлемдік додада 74 кг салмақ дәрежесінде жерлесіміз Абдрахманов Ғалымжан Әлем чемпионаты атанды. Ғалымжан финалда Кубалық палуан Тарлос Исраилді жеңді.

Үстіміздегі жылдың осы уақытында аудан спортшылары 1 - Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (Абдрахманов Ғалымжан самбо күресі), 6 – Қазақстан Республикасының спорт шебері (Сахитова Гүлмира таеквондодан, Шамшатов Ержан, Рахметов Еранат ауыр атлетикадан, Мақшат Мейіржан, Елібаев Бағдат, Көлдеев Нұрсұлтан жеңіл атлетика м.с.) атағын иеленсе, 20 спортшы ҚР Ұлттық құрама командасына сапына алынса, 72 спорт шеберлігіне үміткер және 21 – І разрядты спортшылар дайындалды, 6-жаттықтырушы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты» біліктілігін алды.


Спорт саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

І Бұқаралық спорт.
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 14107 адам, аудан халқының 26,0% құрады (2016 жылы 13539 адам спортпен шұғылданып, аудан тұрғындарының 25,1 пайызын қамтыған). Тұрғындар спорт түрімен шұғылданады, оның ішінде 10 олимпиадалық (баскетбол, бокс, волейбол, гандбол, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, ауыр атлетика, футбол, таеквондо), 2 ұлттық спорт түрлері (қазақ күресі, тоғызқұмалақ), 5 олимпиадалық емес спорт түрлері (гір спорты, каратэ-до, самбо күресі, шахмат, дойбы), 1 мүгедектер спорт (шахмат) бар.
Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылғы кешенді спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарында іс-шара бекітілген. Осы іс-шаралардың негізгі бағыты жастармен жұмыс жасау, оларды спортқа тарту, еңбекке баулу бағытына ұйымдастырылған. 2017 жылдың 9 айы бойынша аудан көлемінде 112 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 9526 спортшы қатысқан. Атап айтар болсақ: ауқымды шараларға «Нашақорлыққа ЖОҚ!» атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, Интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күніне орай жергілікті атқарушы органдар арасындағы аудандық спартакиядалары өткізілді.
Сонымен қатар өздеріңізге белгілі 5-7 мамыр аралығында Ұлы жеңістің 72 – жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевтың жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық ХХІІ мемориалға Беларусия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Моңғолия мемлекеттерінен палуандар келіп қатысты. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу туралы 2015 жылы 28 мамырда №726 қаулысы шықты. Бұған байланысты үстіміздегі 17 мамырда №256 аудан әкімінің ҚР халқының дене шынықтыру дайындығының Президенттік тестілерін өткізу туралы қаулысы бекітілді. Аталған қаулыға сәйкес үстіміздегі жылғы 22-30 мамыр аралығында аудан көлеміндегі Президенттік сынақ тапсыру айлығы жалпы білім беретін мектептер, мекеме және ұжымдар аталған спорттық шараға тартылып, барлығы 12831 адам қамтылды.
2017 жылға аудан бойынша 27 спорт–нұсқаушы штат бірлігі бөлініп, 2017 жылдың сәуір айынан бастап спорт нұсқаушылар өз аймақтары бойынша жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде аудан орталығы Жосалы кентіне – 11 штат, Байқоңыр қаласында - 2 штат, Төретам-2 штат, Ақай, Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун, Тұрмағанбет, Ақжар, Қармақшы, Дүр Оңғар, Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Иіркөл, Қызылтам ауылдарында әр қайсысына -1 штаттан бөлініп жұмыстар атқарылуда. Спорт-нұсқаушыларда шұғылданушылар саны 4860-ге жетті.

ІІ-Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері.
1680 оқушысы спорт мектептерінде және спорт клубта спорт түрлерімен жүйелі жаттығады, бұл аудандағы жасөспірімдердің 15,6 пайызын қамтиды (2014 жылы 1486 оқушы қамтылып 15,1 пайызын қамтыған).
№15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебінде 862 оқушы спорттың 10 түрімен (қол добы, дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, футбол, бокс, баскетбол, ауыр атлетика, каратэ-до, таеквондо) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 25 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы кенті, Қармақшы ауылында жұмыс жасайды.
Қармақшы аудандық №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 542 оқушы спорттың 5 түрімен (ауыр атлетика, дзюдо, самбо, қазақ күресі, бокс) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 15 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Төретам кенті, Ақай, Дүр Оңғар, ІІІ-Интернационал, Ақтөбе, Ақжар, Т. Көмекбаев ауылдық округтерінде жұмыс жасайды.
Спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында 2006 жылы ауданда «Спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ашылып, қазіргі таңда 9 жаттықтырушы 276 спортшыны спорттың 6 (волейбол, қол добы (гандбол) дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ) түрінен шұғылдануда.

ІІІ Жоғарғы спорттық жетістіктер.
Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 6-алтын,14-күміс,15-қола медальды иеленсе, Азия чемпионатында 1-қола және Әлем Кубогында 1-алтын медальді иеленді.
Үстіміздегі жылы Абдрахманов Ғалымжан самбо күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері және Астана қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен Әлем Кубогының жеңімпазы атанып «Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» деген атаққа қол жеткізіп отыр.
Оған қоса Астана қаласында 2-ші шілдекүні өткен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде жерлесіміз Еламан Ерғалиев кіл мықтылар айқасында жеңімпаз атанып, Сыр өңірінің абыройын асқақтатқаны белгілі.
Үстіміздегі жылдың осы уақытында аудан спортшылары 1 - Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленсе (Абдрахманов Ғалымжан самбо күресі) 3 – Қазақстан Республикасының спорт шебері (Сахитова Гүлмира таеквондодан, Шамшатов Ержан және Рахметов Еранат ауыр атлетикадан) атағын иеленсе, 60 спорт шеберлігіне үміткер және 18 – І разрядты спортшылар дайындалса, 6-жаттықтырушы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты» біліктілігін алды.


Спорт саласы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

І Бұқаралық спорт
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 14107 адам, аудан халқының 26,0% құрады (2016 жылы 13539 адам спортпен шұғылданып, аудан тұрғындарының 25,1 пайызын қамтыған).
Тұрғындар спорт түрімен шұғылданады, оның ішінде 10 олимпиадалық (баскетбол, бокс, волейбол, гандбол, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, ауыр атлетика, футбол, таеквондо), 2 ұлттық спорт түрлері (қазақ күресі, тоғызқұмалақ), 5 олимпиадалық емес спорт түрлері (гір спорты, каратэ-до, самбо күресі, шахмат, дойбы), 1 мүгедектер спорт (шахмат) бар.
Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылғы кешенді спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарында іс-шара бекітілген. Осы іс-шаралардың негізгі бағыты жастармен жұмыс жасау, оларды спортқа тарту, еңбекке баулу бағытына ұйымдастырылған. 2017 жылдың ІІ тоқсанында 82 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 6 143 спортшы қатысқан. Атап айтар болсақ: ауқымды шараларға «Нашақорлыққа ЖОҚ!» атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, Интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күніне орай жергілікті атқарушы органдар арасындағы аудандық спартакиядалары өткізілді.
Сонымен қатар өздеріңізге белгілі 5-7 мамыр аралығында Ұлы жеңістің 72 – жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевтың жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық ХХІІ мемориалға Беларусия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия мемлекеттерінен палуандар келіп қатысты.
ІІ Жоғарғы спорттық жетістіктер
Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 5-алтын, 13-күміс, 15-қола медальді жеңіп алды.
Жерлесіміз Абдрахманов Ғалымжан 74 кг салмақ дәрежесінде қазақ күресі мен самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.


Спорт саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 14107 адам, аудан халқының 26,0% құрады (2015 жылы 13539 адам спортпен шұғылданып, аудан тұрғындарының 25,1 пайызын қамтыған).
Тұрғындар спорт түрімен шұғылданады, оның ішінде 10 олимпиадалық (баскетбол, бокс, волейбол, гандбол, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, ауыр атлетика, футбол, таеквондо), 2 ұлттық спорт түрлері (қазақ күресі, тоғызқұмалақ), 5 олимпиадалық емес спорт түрлері (гір спорты, каратэ-до, самбо күресі, шахмат, дойбы), 1 мүгедектер спорт (шахмат) бар.
Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылғы кешенді спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарында іс-шара бекітілген. Осы іс-шаралардың негізгі бағыты жастармен жұмыс жасау, оларды спортқа тарту, еңбекке баулу бағытына ұйымдастырылған. 2017 жылдың І тоқсанында 35 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 2 070 спортшы қатысқан. Атап айтар болсақ: ауқымды шараларға «Нашақорлыққа ЖОҚ!» атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, Интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларының аудандық спартакиадасы өткізілді. Алдағы уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футболдан республикалық «Кока-кола Былғары доп» жүлдесі жолындағы аудандық іріктеу жарысы 3 жас ерекшелігі бойынша 4 аймаққа бөлініп, әр жас ерекшелігі бойынша жеңімпаз командалар сәуір және мамыр айларында облыс біріншіліктеріне қатысуы жоспарлануда.
Сонымен қатар өздеріңізге белгілі 5-7 мамыр аралығында Ұлы жеңістің 72 – жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевтың жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық мемориалға Беларусия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия мемлекеттерінен палуандар келеді деп жоспарлануда.
ІІ Жоғарғы спорттық жетістіктер
Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 4-алтын, 6-күміс, 7-қола медальді жеңіп алды.
Жерлесіміз Абдрахманов Ғалымжан 74 кг салмақ дәрежесінде қазақ күресі мен самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.


Спорт саласы бойынша 2016 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар

І – Бұқаралық спорт

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 14107 адам, аудан халқының 26,0% құрады (2015 жылы 13539 адам спортпен шұғылданып, аудан тұрғындарының 25,1 пайызын қамтыған).

Тұрғындар спорт түрімен шұғылданады, оның ішінде 10 олимпиадалық (баскетбол, бокс, волейбол, гандбол, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, ауыр атлетика, футбол, таеквондо), 2 ұлттық спорт түрлері (қазақ күресі, тоғызқұмалақ),5 олимпиадалық емес спорт түрлері (гір спорты, каратэ-до, самбо күресі, шахмат, дойбы), 1 мүгедектер спорт (шахмат) бар.

Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2016 жылғы кешенді спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарында барлығы 74 спорттық іс-шара бекітілген. Осы іс-шаралардың негізгі бағыты жастармен жұмыс жасау, оларды спортқа тарту, еңбекке баулу бағытына ұйымдастырылған. 2016 жылдың бүгінгі күнге дейін 109 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 9966 спортшы қатысқан. Атап айтар болсақ: ауқымды шараларға «Нашақорлыққа жол-ЖОҚ!» атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, Интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларының аудандық спартакиадасы және Балалар мен жасөспірімдер арасында футболдан республикалық «Кока-кола Былғары доп» жүлдесі жолындағы аудандық іріктеу жарысы 3 жас ерекшелігі бойынша 4 аймаққа бөлініп, әр жас ерекшелігі бойынша жеңімпаз командалар сәуір және мамыр айларында облыс біріншіліктеріне қатысуы жоспарланса, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақ күресінен VІІ-ші аудандық жарыстары өз мәресіне жетті.

Өздеріңізге белгілі 6-8 мамыр аралығында Ұлы жеңістің 71 – жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры Т. Көмекбаевтың жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық мемориалға Беларусия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия мемлекеттерінен 160-қа жуық спортшы қатысқан дүбірлі шара өтсе, бокстан жасөспірімдер арасында спорт ардагері Қуаныш Қаражановтың жүлдесіне арналған облыстық ашық турнирге Ақтөбе, Алматы, ОҚО, Жамбыл облыстарынан және барлық аудандардан, Қызылорда және Байқоңыр қалаларынан 154 спортшы қатысты.

Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу туралы 2015 жылы 28 мамырда №726 қаулысы шықты. Бұған байланысты үстіміздегі 17 мамырда №256 аудан әкімінің ҚР халқының дене шынықтыру дайындығының Президенттік тестілерін өткізу туралы қаулысы бекітілді. Аталған қаулыға сәйкес 18-30 мамыр аралығында аудан көлеміндегі Президенттік сынақ тапсыру айлығы жалпы білім беретін мектептер, мекеме және ұжымдар аталған спорттық шараға тартылып, барлығы 12831 адам қамтылды.

2016 жылға аудан бойынша 27 спорт–нұсқаушы штат бірлігі бөлініп, 2016 жылдың 17 мамырынан бастап спорт нұсқаушылар өз аймақтары бойынша жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде аудан орталығы Жосалы кентіне – 11 штат, Байқоңыр қаласында - 2 штат, Төретам-2 штат, Ақай, Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун, Тұрмағанбет, Ақжар, Қармақшы, Дүр Оңғар, Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Иіркөл, Қызылтам ауылдарында әр қайсысына -1 штаттан бөлініп жұмыстар атқарылуда. Спорт-нұсқаушыларда шұғылданушылар саны 4860-ге жетті.

2016 жылдың 5-9 қазан аралығында Қазалы ауданында «Алтын күз-2016» ауыл спортшыларының ХХХ-шы облыстық спартакиадасы өтті. Шарадағы спорт түрлерінен аудан спортшылары көкпардан ІІІ-орын, қол күрес ІІІ-орын, үстел теннисі ІІІ-орын, Президенттік көпсайыстан ІІ-орын, тоғызқұмалақтан ІІ-орын, баскетбол әйелдер ІІ-орын, шахматтан ІІ-орын, гір спорты І-орын, қазақ күресінен І-орын, баскетбол ерлер І-орынды иеленіп, жалпы командалық есепте 92 ұпаймен ІІІ-орынды иеленді.

ІІ-Спорттық нысандар

Статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданда 153 спорттық нысан жұмыс жасайды. 2015 жылмен салыстырғанда 7 спорттық нысанға көбейіп отыр, себебі жаңадан Ақай ауылдық округінде №279 орта мектебі (5 спорттық нысан) және №15 Қармақшы ауданының ОРМБЖМ (2 спорттық нысан) қосылды. Сонымен қатар (1 стадион, 1 спорт кешені, 14 ату тирі, 30 спорт зал, жазықтықты құрылғылар 90 (оның 66-і спорт алаң, 22 –сі жасанды жамылғысы бар алаң, 1 спорттық ядро, 1 футбол алаңы) және 12 орнатылған спорт залдар) жасайды.

ІІІ-Жоғарғы спорттық жетістіктер

Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 17-алтын, 9-күміс, 11-қола медальды жеңіп алса, Азия және Әлем чемпионаттарында 1-алтын, 1-күміс және 2-қола жүлдені иеленді.

Жерлесіміз Исағабылов Мақсат үстіміздегі жылғы 27-29 мамыр аралығында Ашхабат қаласында (Тәжікстан) өткен самбодан ерлер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанса, жасөспірімдер арасында Әбдекво Дамир 60 кг күміс жүлдегері және Дамир 6-10 қазан аралығында Бухарест (Руминия) қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Үстіміздегі жылғы 8-11 қыркүйек аралығында Кочи (Индия) қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз Сұлтанбекова Салтанат 52 кг салмақта қола жүлдегер атанды.

Үстіміздегі жылдың осы уақытында аудан спортшылары 1 - Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленсе (Исағабылов Мақсат самбо күресі) 8 – Қазақстан Республикасының спорт шебері (Қожабаев Әмірхан ауыр атлетика, қазақ күресінен Сламбекова Набира, Қодарова Динара, дзюдодан Серікбаев Айбек, самбо күресінен Есенов Жайдарбай, Мұрат Жансая, ауыр атлетикадан Зайчикова Айшолпан), Әукебаев Кемелжан (әскери самбо) атағын иеленсе, 55 спорт шеберлігіне үміткер және 16І разрядты спортшылар дайындалса, 1-жаттықтырушы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты», 5-жаттықтырушы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты» біліктілігін алды.

ІV-Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері

Ауданда екі спорт мектебі жұмыс жасайды. Жалпы білім беретін мектептерде 8819 мектеп оқушысы болса, оның 1680 оқушысы спорт мектептерінде және спорт клубта спорт түрлерімен жүйелі жаттығады, бұл аудандағы жасөспірімдердің 15,6 пайызын қамтиды (2014 жылы 1486 оқушы қамтылып 15,1 пайызын қамтыған).

№15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебінде 862 оқушы спорттың 10 түрімен (қол добы, дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, футбол, бокс, баскетбол, ауыр атлетика, каратэ-до, таеквондо) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 25 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы кенті, Қармақшы ауылында жұмыс жасайды.

Қармақшы аудандық №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 542 оқушы спорттың 5 түрімен (ауыр атлетика, дзюдо, самбо, қазақ күресі, бокс) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 15 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Төретам кенті, Ақай, Дүр Оңғар, ІІІ-Интернационал, Ақтөбе, Ақжар, Т. Көмекбаев ауылдық округтерінде жұмыс жасайды.

Спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында 2006 жылы ауданда «Спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ашылып, қазіргі таңда 9 жаттықтырушы 276 спортшыны спорттың 6 (волейбол, қол добы (гандбол) дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ) түрінен шұғылдануда.


Спорт саласы бойынша 2015 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Жүктеу...19,4КБ

  • Құрылған күні: 05.10.2017 14:07
  • Жаңартылған күні: 05.07.2018 17:26
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі