26.09.2018

Валюта бағамы:

Туризм

Туризм саласы бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Қызылорда облысы «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» кластеріне енгізілген. Оның ішінде Қызылорда облысы бойыншабасты туристік назар Байқоңыр кешені аймағына бөлінген. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы 2016 жылы облыс көлемінде ұзақтығы мен туризм түріне қарай 15 туристік маршрут құрды, оның ішінде 8-туристік маршрут «Қорқыт Ата» және Байқоңыр кешенімен байланысты. Қармақшы ауданында орналасқан тарихи – мәдени мұра болып табылатын «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені және туристік әлеуеті өте жоғары Байқоңыр ғарыш айлағы Қызылорда облысын басқа өңірлерден ерекшелейтін символына айналған. «Қорқыт Ата» мемориалдық кешеніне 2018 жылдың 5 айында 4018 адам келген. Қармақшы ауданы аумағында «Тревэл Клуб» туристік компаниясы филиалы жұмыс істейді. Туристік фирманың өкілдігі Жосалы кентіндегі «Алматы» қонақ үйінде орналасқан, шетелдіктерге зымыран ұшуын бақылауға және «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне турларды ұйымдастырады. Қызылорда облысының туристік ассоциациясы Қармақшы ауданында орналасқан Марал Баба кесенесіне және Жеті Асар алқабындағы қалашықтарға туристік маршруттар құруды жоспарлап отыр. Жергілікті кәсіпкерлік субъектісі Кемесалған бекеті тұсынан «Этноауыл» ашуды мүмкіндігін қарастыруда. Қазіргі уақытта, жобаның рентабелділігі, қажетті жер көлемі және жобаны іске асыруға ыңғайлы мемлекеттік қолдау бағдарламаларының мүмкіндіктері саралануда. Қармақшы ауданында туризм саласын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жол бойындағы қызмет көрсету нысандары құрылысын қолдау арқылы дамыту көзделуде. Қазіргі уақытта, Қармақшы ауданы арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бөлігінде жаңа стандартқа сай 5 нысан бар.

Өткен 2017 жылы Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы қарауына 2 жол маңында қызмет көрсету нысан құрылысы жобасы (жеке кәсіпкер М.Тен, жеке кәсіпкер С.Оспанов) ұсынылды. Дегенмен, облыс әкімі жанындағы қала-құрылыс кеңесінің таратылуына байланысты бұл жобаларға эскиздік келісім алу Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала-құрылысы бөлімі тарапынан жұмыстары жүргізілуде. Жобалар туралы мәлімет: Жеке кәсіпкер Маргарита Теннің «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан (1651-1652 шақырымы) Төребай би ауылына бұрылысы тұсында «С»-санатты жол маңы қызмет көрсету кешенін салуды жоспарлауда. Жоба құны 250,4 млн.теңге. Жеке кәсіпкер Серік Оспановтың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан 1570 шақырымында бұрыннан тұрған «Чудная долина» кафесін «С»-санатына сәйкестендіріп, жол маңы қызмет көрсету кешенін қайта салуды жоспарлауда. Жоба құны 260,1 млн.теңге. Сонымен қатар, облыс әкімдігі бастауымен Қармақшы ауданында орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағының туристік тартымдылығын ұтымды пайдалану мақсатында, Төретам кенті тұсынан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан туристік аймақ ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Сонымен бірге, Қармақшы ауданы Жосалы кентінде 2 қонақ үй («Алматы», «KZ-МВК»), Төретам кентінде 1 қонақүй («Жамал») өз қызметтерін тұтынушыларға ұсынып келеді.


Қармақшы ауданында 2018 жылы туризм саласы бойынша атқарылатын жұмыстар жоспары (І-тоқсан)

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы қарауына 2 - жол маңында қызмет көрсету нысан құрылысы жобасы (жеке кәсіпкер М.Тен, жеке кәсіпкер С.Оспанов) ұсынылды. Қазіргі таңда, бұл жобалар облыс әкімі жанындағы қала-құрылыс кеңесінің 2018 жылғы кезекті отырысын күтуде.

Жеке кәсіпкер Маргарита Тен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан (1651-1652 –шақырымы) Төребай би ауылына бұрылысы тұсында «С»-санатты жол маңы қызмет көрсету кешенін салуды жоспарлауда. Жоба құны 250,4 млн.теңге.

Жеке кәсіпкер Серік Оспанов «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан 1570 шақырымындабұрыннан тұрған «Чудная долина» кафесін «С»-санатына сәйкестендіріп, жол маңы қызмет көрсету кешенін салуды жоспарлауда. Жоба құны 260,1 млн.теңге.


Туризм саласы бойынша 2017 жылда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізінің Қармақшы ауданы аумағымен өтетін бөлігінің бойында 3 нысан қызмет көрсетуде. Бұл қызмет көрсету нысандары 2014, 2015, 2016 жылдары іске қосылған жобалар.

2017 жылдың қараша айында ІІІ-Интернационал ауылы тұсынан жеке кәсіпкер Рагибова Гукчактың «С» санатты қызмет көрсету пункті іске қосылды. Жоба құны 350 млн теңге. Жұмыспен қамтылғандар саны 18 адам.


Туризм саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізінің Қармақшы ауданы аумағымен өтетін бөлігінің бойында 3 нысан қызмет көрсетуде. Бұл қызмет көрсету нысандары 2014, 2015, 2016 жылдары іске қосылған жобалар.
Қазіргі уақытта 2 нысанның құрылысы жүруде 2017 жылдың ІІІ-тоқсанында 1 нысан іске қосылады деп жоспарланған.


Туризм саласы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізі бойындағы қызмет көрсету бойынша Қармақшы ауданы аумағында 3 нысан жұмыс атқаруда, бұл нысандарда 45 адам жұмыспен қамтылған:
1) «Дорстрой» ЖШС-нің « «А» санатты қызмет көрсету нысаны (1629 км, сол жағы; 7,5 га). Қорқыт ата кешенінің қарсы беті. Толығымен іске қосылған;
2) Жеке кәсіпкер Бертлеуова Гулшаттың «С» санатты қызмет көрсету нысаны (1645 км, сол жағы; 2,0 га). Жосалы кентінің тұсы. Толығымен іске қосылған;
3) Жеке кәсіпкер Қарбаев Шамшадиннің «С» санатты қызмет көрсету нысаны (1594 км, оң жағы; 1,7 га). Диірмен төбе бекетінің тұсы-құрылысы жүргізілуде. Кафе құрылсы аяқталып, қызмет көрсетуде.
Бүгінгі күні 2 нысанның құрылысы жүргізілуде
1) Жеке кәсіпкер Мусаев Амангелдінің «В» санатты қызмет көрсету нысаны (1575+48 км, сол жағы; 2,5 га). Елшібай бекетінің тұсы.
2) Жеке кәсіпкер Г. Рагибованың «С» санатында қызмет көрсету нысаны (1679+880м, сол жағы, 3 га). ІІІ-Интернационал ауылы тұсы.


Туризм саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізі бойындағы қызмет көрсету бойынша Қармақшы ауданы аумағында 3 нысан жұмыс атқаруда, бұл нысандарда 45 адам жұмыспен қамтылған:
1) «Дорстрой» ЖШС-нің « «А» санатты қызмет көрсету нысаны (1629 км, сол жағы; 7,5 га). Қорқыт ата кешенінің қарсы беті;
2) Жеке кәсіпкер Бертлеуова Гулшаттың «С» санатты қызмет көрсету нысаны (1645 км, сол жағы; 2,0 га). Жосалы кентінің тұсы;
3) Жеке кәсіпкер Қарбаев Шамшадиннің «С» санатты қызмет көрсету нысаны (1594 км, оң жағы; 1,7 га). Диірмен төбе бекетінің тұсы.
1 қызмет көрсету нысанының құрылысы жүргізілуде:
1) Жеке кәсіпкер Мусаев Амангелдінің «В» санатты қызмет көрсету нысаны (1575+48 км, сол жағы; 2,5 га). Елшібай бекетінің тұсы.
ІІІ-Интернационал ауылы тұсынан жол бойындағы қызмет көрсету нысанын салу жобасы Қармақшы ауданы әкімі жанындағы кәсіпкерлік кеңесінде қолдау тауып, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы арқылы облыс әкімі жанындағы сәулет-қала құрылысы кеңесінің қарауына ұсынылды. Жоба жетекшісі жеке кәсіпкер Г. Рагибова.


Туризм саласы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасында туристтік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Қызылорда облысы оңтүстік кластеріне енген.

Қызылорда облысының туристік тұрғыдан танымал нысандарының бірі Байқоңыр ғарыш айлағы. Байқоңыр қаласының мәдени ошақтарымен және зымырандардың ұшуының тамашалау рәсімдерін ұйымдастыру жұмыстарымен 2 туристік мекеме айналысуда. Тамашалау рәсіміне Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа шет ел азаматтары келіп тамашалауда.

Өңірімізде танымдық, этномәдени туризмді дамытудың негізгі бағыттары «Байқоңыр» ғарыш кешенін және «Қорқыт-Ата» мемориалдық кешенін байланыстырып өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойында жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандарын салу арқылы туризм саласын дамыту көзделіп отыр.


Туризм саласы бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының туристтік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Қызылорда облысы оңтүстік кластеріне енген.
Қызылорда облысының туристік тұрғыдан танымал нысандарының бірі Байқоңыр ғарыш айлағы. Байқоңыр қаласының мәдени ошақтарымен және зымырандардың ұшуының тамашалау рәсімдерін ұйымдастыру жұмыстарымен 2 туристік мекеме айналысуда. Тамашалау рәсіміне Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа шет елдерден келіп тамашалауда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы өлкеміздің ең танымал тарихи және мәдени мұрасы «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығынан туристтік агенттік ашу мақсатында Қызылорда қаласында орналасқан 6 турфирмаға ұсыныс хат жолданып, басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Дегенмен, туристік агенттіктер Қармақшы ауданында филиалын ашуға қызығушылық танытпай отыр. Ауданда туристтік агенттіктің филиалын ашу бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы жасақтап жатқан туристтік маршрутына «Қорқыт ата» мемориалдық кешені, «Шірік Рабат» қаласы, «7 асар», «Марал баба» және «Қалқай Ишан» кесенесі, Сыр-шайыры Тұрмағамбет Ізтілеуовтың ескерткіші, «Жел Диірмен» және Жосалы кентіндегі «Этносаябақ», «Мәңгілік ел» монументі, «Қобыз» композициясы және 2015 жылы пайдалануға берілетін «Аудандық музей» нысандарын енгізу мүмкіндіктері қарастырылуда. Аудан аумағында орналасқан тарихи, мәдени мұра ескерткіштердің жалпы жағдайы мен статусы туралы мәліметтер жинақтау жұмыстары жүргізілуде.
Өңірімізде танымдық, этномәдени туризмді дамытудың негізгі бағыттары «Байқоңыр» ғарыш кешенін және «Қорқыт ата» мемориалдық кешенін байланыстырып өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойында жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандарын салу арқылы туризм саласын дамыту көзделіп отыр.
Қармақшы ауданы аумағынан ұзындығы 162 шақырымды құрайтын, 5 айналма жолы мен көпірі бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойында жол бойы қызмет көрсететін 1 жоба жүзеге асырылып, 2 жоба «Қазавтожол» ҰҚ АҚ-ның, Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының, облыс әкімі жанындағы сәулет-қала Кеңесінің оң қорытындысын алып, құрылысын бастап кетті, 1 жоба жер телімін рәсімдеу үстінде, 1 жоба құжаттарын әзірлеуде.
1 жоба «А» санаты бойынша «Дострой» ЖШС-нің «Қорқыт ата зиярат ету орталығы» кешені. Жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, Қазіргі уақытта толығымен жұмыс жасап тұр.
Индустрияландыру картасына енген жоба «Дорстрой» ЖШС-нің «Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы» жобасы. Жалпы құны 450,0 млн. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта қонақ үй, мейрамхана, асхана, намазхана, автотұрақ, жанар-жағар май бекеті іске қосылып жұмыс жасауда.
2 жоба «С» санаты бойынша жеке кәсіпкер Г.Бертлеуованың жобасы облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алды, жер телімін мемлекеттік акті алынды, архитектуралық-жобалық тапсырмасы мен жұмыс жобасы әзірленуде. Жоба құны 287,1 млн. теңгені құрайды. Жеке кәсіпкер Ш.Қарбаевтың жобасы облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алып, жер теліміне құжаттарын рәсімдеді. Жоба құны 164,9 млн. теңгені құрайды. Жоба иелері құрылыс жұмыстарын 2015 жылдың сәуір айында бастады.
1 жоба «В» санаты бойынша жеке кәсіпкер А.Мусаев жобасының эскиздік құжаттарын әзірлеп, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасынан, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы АҚ-ның филиалынан келісім алды және облыстық сәулет кеңесінің шешімімен жобасы мақұлданды. Қазіргі уақытта жер телімін алу үшін құжаттарын әзірлеуде.
1 жоба «С» санаты бойынша Жеке кәсіпкер Медетов Ренат Қармақшы ауданы, Жосалы кенті Самара-Шымкент трассасы бойында 0,1 жер телімінде «С» санаты бойынша сервистік нысан салуды жоспарлап отыр. Кәсіпкермен келіссөздер жүргізіліп, Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан консультациялар берілді. Нәтижесінде, жеке кәсіпкер жобаны іске асыруға қажетті рұқсат алу үшін құжаттарын әзірлеуде. («ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ-ның, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының және облыстық сәулет-қала құрылысы Кеңесінің оң шешімі қажет

  • Жарияланған күні: 04.10.2017 12:00
  • Жаңартылған күні: 11.07.2018 09:52
  • Көргендер саны: 969
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі