18.02.2018

Валюта бағамы:

Жұмыспен қамту

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі туралы:

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24,8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны - 23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері - 13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары - 10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны - 1,3 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,2% құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі - 5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі - 5,6%.

2017 жылдың 12 айында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 3624 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды.2018 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 264 адам, тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,1 пайызды құрайды.

2017 жылдың 12 айында 878 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. (оның ішінде: мүгедек - 29 адам, жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар – 10 адам, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 246 адам) /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/).

2017 жылы аудан бойынша 800 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 1099 жаңа жұмыс орындары ашылды, немесе жоспар 137,3 пайызға орындалды. Оның ішінде 802 тұрақты жұмыс орны, 297 уақытша жұмыс орны.

Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 12 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды. Жұмыс берушілер саны - 87, бос жұмыс орындар саны - 127.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру бағыттары

Бағдарламаға қатысуға жыл басынан жалпы саны 3624 адам хабарласты, олардың барлығымен әлеуметтік келісім шарт жасалды. Оның ішінде: 29 адам өзін-өзі қамтығандар, 3595 адам жұмыссыз.

Бағдарламаның І - бағыты бойынша 2017 жылға қайта даярлау курсына 350 адам жоспарланса, 2017 жылы 394 адам оқуға жолданды. Облыстық бюджеттен қаралған 49 млн 270 мың теңгенің 48 млн 887 мың теңгесі игерілді, немесе қаралған қаржының 99,2 пайызы игерілді.

Оқуға жолданған 394 бағдарлама қатысушыларының 356 адамы оқу курстарын толықтай аяқтап, 38 адам оқу курстарына қатыспауына байланысты оқудан шығарылды.

Оқуды аяқтаған бағдарлама қатысушыларынан 4 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Бағдарламаның ІІ - бағыты бойынша 2017 жылға жоспарланған 107 жұмыссыз азаматтардың барлығы кәсіпкерлік негіздерін оқытатын «Бастау Бизнес» курстарынан өтті.

Қазіргі уақытта оқу курстарын аяқтаған азаматтардың жобалары қаржы институтарында қаралуда. Жыл бойы 53 жоба 133,7 млн теңгеге несиелендірілді. 53 жобаның ішінде барлығы 15,0 млн.теңгеге мүмкіндігі шектеулі азаматтың 6 жобасы несиелендірілді. Несиелендірілген жобалар аясында 53 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бағдарламаның ІІІ-бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық және жергілікті бюджеттен 2017 жылға 55 адамға 15 млн. 132 мың теңге бөлінді. Қаралған қаржыға аудан бойынша 28 кәсіпкерлік субьектілеріне 151 адам жұмысқа жолданып, оның ішінде 1 адам мүмкіндігі шектеулі, қаржы толығымен игерілді.

Жастар тәжірибесіне республикалық және жергілікті бюджеттен 153 адамға 37 млн 224 мың теңге қаралған. Жыл басынан 163 жас маман 73 мекемеге жолданып, қаралған қаржы толығымен игерілді. 24 адам тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде 1 адам мүмкіндігі шектеулі.

2017 жылға қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 24 млн 813 мың теңге қаржы қаралды. Жыл басынан 400 жұмыссыз азамат жіберіліп, оның ішінде 5 адам мүмкіндігі шектеулі, 24 млн 813 мың теңге қаржы игерілді.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша:
Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24.8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,2 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2017 жылдың 9 айында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 2742 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 1090 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрайды.
2017 жылдың 9 айында 656 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 13 мүгедек, 7 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 246 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/.
Аудан бойынша 2017 жылы 750 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 770 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 473 тұрақты жұмыс орны, 297 уақытша жұмыс орны. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 9 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-87, бос жұмыс орындар саны-127.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру бағыттары
Бағдарламаға қатысуға жыл басынан жалпы саны 2742 адам хабарласты.2742 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды. Оның ішінде: 29 адам өзін-өзі қамтығандар, 2713 адам жұмыссыз.
І- бағыты бойынша 2017 жылға қайта даярлау курсына 250 адам жоспарланып, 2017 жылдың 9 айында 100 оқуға жолданды. Атап айтар болсақ, «Азпазшы» мамандығына 20 адам, «Компьютерлік сауаттылық» мамандығына 20 адам, «Машина механизмдерін пайдалану және жөндеу» мамандығына 20 адам, «Газоэлектросварщик» мамандығына 20 адам Қармақшы аграрлы-техникалық колледжіне, «Қаптаушы – тасшы» мамандығына 20 адам С.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжіне жолданды. 90 адам оқуды аяқтады.
Облыстық бюджеттен 33728,0 мың теңге қаралып, оның 14908,1 мың теңгесі игерілді.
Бағдарламаның ІІ бағыты аясында атқарылып жатырған жұмыстар.
2017 жылы Қармақшы ауданы бойынша Бағдарлама аясында «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 107 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған.
Оқытудың төрт кезеңінде 107 адам оқу курстарынан өтті. (бірінші кезеңінде 5 сәуірі мен 15 мамыры аралығында 32 адам, екінші кезеңінде 15 мамыр мен 15 маусым аралығында 37 адам, үшінші кезеңінде шілде айының 3 мен 28 аралығында 17 адам, 7 тамызында оқыту курстарының төртінші кезеңі бойынша 21 адам оқумен қамтылып толығымен аяқтады).
Оқу курстарын аяқтаған азаматтардың жобалары қаржы институтарында қаралуда. Қазіргі уақытта 31 жоба 83,7 млн теңгеге несиеленді. Несиелендірілген 31 жоба аясында 31 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. Қосымша қайтарылған қаржы есебінен реинвест арқылы 25 адамға 70,0 млн. теңге қаржы қаралды.
ІІІ-бағыты бойынша Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 2017 жылға 55 адамға 15132,0 мың.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға аудан бойынша 18 кәсіпкерлік субьектілеріне 69 адам жұмысқа жолданып, 12590,0 мың. теңге игерілді.
Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен – 80 адамға 27216,0 мың.теңге қаралған. Жыл басынан 88 жас мамандар 44 мекемеге жолданып, 23814,0 мың теңге игерілді. 9 адам тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде 1 адам мүмкіндігі шектеулі. Жастар тәжірибесіне жергілікті бюджеттен – 20 адамға – 4902,0 мың.теңге қаралған. Жыл басынан 21 жас мамандар 15 мекемеге жолданып, 4710,0 мың. теңге қаржы игерілді, 6 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылды.
2017 жылға қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен жыл бойына 25683,0 мың.теңге қаржы қаралып, 2017 жылы 339 жұмыссыз азаматтар жіберіліп, 18058,5 мың.теңге қаржы игерілді.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 25.3 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,2 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2017 жылдың 2 тоқсанында халықты жұмыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 1148 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 1111 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрайды.
2017 жылдың 2 тоқсанында 416 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 11 мүгедек, 5 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 211 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/.
Аудан бойынша 2017 жылы 759 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 432 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 327 тұрақты жұмыс орны, 105 уақытша жұмыс орны. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 8 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-77, бос жұмыс орындар саны-110.
Жүгінген нысаналы топтардың (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, мүгедектер, оралмандар) жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіргендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесінің жоспары -41%, 2017 жылдың 2 тоқсанында тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі-24,6% құрап отыр. 2017 жылдың 2 тоқсанында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде хабарласкандар саны-65 адам, жұмысқа орналасқаны-11 адам, жазасын өтеп келгендердің хабарласқандар саны-34 адам, жұмысқа орналасқандар-5 адам.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24.8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2017 жылдың 1 тоқсанында халықты жұмыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 1130 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 711 адам, жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрайды.
2017 жылдың 1 тоқсанында 241 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 3 мүгедек, 3 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 146 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде.
Аудан бойынша 2017 жылы 750 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 2 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-18, бос жұмыс орындар саны-22, жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне -251 (98,0%), жұмысқа орналасқандар-241 адам (21,4 %).
Жүгінген нысаналы топтардың (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, мүгедектер, оралмандар) жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіргендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесінің жоспары -41%, 2017 жылдың 1 тоқсанында тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі-17,6% құрап отыр. 2017 жылдың 1 тоқсанында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде хабарласкандар саны-19 адам, жұмысқа орналасқаны-3 адам, жазасын өтеп келгендердің хабарласқандар саны-15адам, жұмысқа орналасқандар-3 адам.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2016 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24.8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2016 жылы халықты жұмыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 3823 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 130 адам, жұмыссыздық деңгейі 0,5 пайызды құрайды.
2016 жылы 1537 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 41 мүгедек, 14 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 757 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/.
Аудан бойынша 2016 жылы 742 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жыл көлемінде жаңа жұмыс орындары 897, оның ішінде тұрақты орны-789 (106,3%), уақытша жұмыс орындары-108 орын, Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 12 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-132, бос жұмыс орындар саны-255, жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне -251 (98,0%) Жұмыссыз ретінде хабарласқандар саны-3823 адам, жұмысқа орналасқандар-1537 адам (40,2 %).
Жүгінген нысаналы топтардың (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, мүгедектер, оралмандар) жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіргендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесінің жоспары -41%, 2016жылы тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі-47,7% құрап отыр. 2016 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде хабарласкандар саны-81 адам, жұмысқа орналасқаны-41 адам, жазасын өтеп келгендердің хабарласқандар саны-49адам, жұмысқа орналасқандар-21 адам.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2015 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

2016 жылдың 1 қаңтарына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 2584 адам. Қазіргі таңда есепте тұрған жұмыссыздар саны 872 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 3,5 пайызды құрайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға көбейіп отыр. Жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады.Жалдамалы жұмысшылар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға төмендеген. Ауданда жалдамалы жұмысшылар санының төмендеу себебі, биылғы жылы ауданның ірі мекемесі «Жосалы жол дистанциясы» мекемесі жабылып, Қазалы ауданына қосылды. Сонымен бірге «ППС Ойл трэйд» ЖШС өз жұмысын тоқтатты.Байқоңыр қаласында жұмыс орындары қысқартылуда. Ауданда 6 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 62 азамат жұмыспен қамтылды.

  • Жарияланған күні: 04.10.2017 12:00
  • Жаңартылған күні: 10.01.2018 18:30
  • Көргендер саны: 348
Жаңғырту 3.0
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі