23.05.2018

Валюта бағамы:

Хабарландыру! Аудан тұрғындары назарына!

Афиша күні: 14.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында, ү.ж. 14 – 15 мамыр аралығында аудан тұрғындары үшін «Негізгі цифрлық дағдылар» бойынша компьютерлік сауаттылығын арттыру курстары өтеді.

Аталған курсқа ауданның кез келген тұрғыны қатыса алады. Курсқа қатысу тегін және оқыту курсын аяқтағаны жөнінде арнайы сертификат табысталатын болады.

«Негізгі цифрлық дағдылар» оқыту курсының бағдарламасы:

Тақырыбы

І модуль – Кіріспе. Компьютерлік сауаттылық

1

Кіріспе және дербес компьютермен алғашқы танысу. Windows-ты меңгеру. Папкалармен және файлдармен тиімді жұмыстар. Объектілерді құру, орналастыру және көшіру. Деректерді мұрағаттау.

ІІ модуль – Офистік бағдарламалардың негізгі жұмыстары

2

Офис пакетімен жұмыс (Word, Excel, Power Point, т.б.). Құжаттарды жасау және рәсімдеу. Суреттерді қою. Мәтіндік кестелерді тез құру және рәсімдеу. Құжаттарды қағазға басып шығару.

ІІІ модуль – Интернет-сауаттылық. Ақпараттық қауіпсіздік

3

Интернет бойынша кіріспе және алғашқы саяхат. Интернетке шығу жолдары. Интернет мүмкіндігі. Браузерлермен танысу. Электрондық поштамен жұмыс.Хаттарды құру, жіберу және қабылдау.

Ескертпе: Курсқа қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатпен келу міндеттеледі.

Өтетін орны: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы №26 қазақ орта мектебі, С.Есқараев атындағы №27 қазақ орта мектебі, О.Шораяқұлы атындағы №30 қазақ орта мектебі, А.Жанпейсов атындағы №105 қазақ орта мектебі, Ә.Егізбаев атындағы №121 қазақ орта мектебі, Ү.Томанов атындағы №183 қазақ орта мектебі, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі, №185 қазақ орта мектебі, №186 қазақ орта мектебі, №111 қазақ орта мектебі, Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі, №28 қазақ орта мектебі, №109 қазақ орта мектебі, №108 қазақ орта мектебі, №107 қазақ орта мектебі, №106 қазақ орта мектебі, №199 қазақ орта мектебі, №79 қазақ орта мектебі, №113 қазақ орта мектебі, №80 мектеп-гимназиясы, №85 қазақ орта мектебі, №99 қазақ орта мектебі, №269 қазақ орта мектебі, №279 қазақ орта мектебі, №272 қазақ орта мектебі, №273 қазақ орта мектебі, №274 қазақ орта мектебі, №275 қазақ орта мектебі, №277 қазақ орта мектебінің ғимараты.

  • Жарияланған күні: 11.05.2018 07:47
  • Жаңартылған күні: 14.05.2018 10:41
  • Көргендер саны: 47
Жаңғырту 3.0
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі