Бастапқы бет » Билік » Сыбайлас жемқорлықпен курес » Қармақшы ауданы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында» атқарылған жұмыстар

Аудан көлемінде 2017 жылдың ІІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа байланысты атқарылған жұмыстар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс–шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс – шаралар жоспары туралы» облыс әкімдігінің 03 маусым 2015 жылғы №25 қаулысын басшылыққа ала отырып Қармақшы ауданының әкімдігі тиісті жұмыстар жүргізіп келеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» Заңдары талаптарының сақталуын, Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген іс – шаралардың орындалуын қамтамасыз ету аясында 2017 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің өкімімен құрылған аудандық ақпараттық – насихаттық топ мүшелері кент және ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудандағы барлық мүдделі мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне 2017 жылдың 5 қаңтары күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы Заңдарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің сақталуы бағытында құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізіліп, таныстырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық насихаттық шаралар аясында аудандық мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына 23 мақала және аудан әкімдігінің интернет-ресурсына 2 мақала жарияланды.
2017 жылдың наурыз айының 9 күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) бастамасымен «Есіктен есікке» атты ведомстволық бағдарламасын орындауға орай, халықты ақпараттандыру мақсатында кент және ауылдық округтерде адамдар көп шоғырланатын жерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жарнамалар мен суреттер және плакаттар орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шараларын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу аясында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы тоқсанына бір рет тұрақты түрде өткізіліп келеді, ағымдағы жылдың 9 айымен 3 рет комиссия отырысы өткізіліп, онда 6 мәселе қаралып, комиссия қорытындысымен 30 хаттамалық ұсынымдар беріліп, оның 23 - і орындалып, 7 - ы орындалу үстінде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар аясында 2017 жылдың 9 айымен аудан әкімдігіне қарасты бөлімдерде 23, кент, ауылдық округтер бойынша 31 семинар, дөңгелек үстел өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесін орнатуда аудандық білім бөлімі мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубтарының Қауымдастығының алғашқы слеті 2017 жылдың 30 наурызы күні Жосалы кенті орталығындағы №250 мектеп – лицейінде аудандық деңгейде өткізілді.
Слетке, аудан прокуроры Б.Мырзабаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы департаментінің бас маманы Ә.Жолекешов, аудан әкімі аппараты, ішкі істер органдары қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагог қызметкерлер,үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Слеттың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда білім алушыларды жалпы қоғамды тұлғаның адамгершілік, зияткерлік мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту.
Слетте білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа мәдеинетті қалыптастыру жолы аясында жыр-шумақтар айтып, «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы мүшелеріне қабылданушылар Ант қабылдады.
2017 жылдың 1 наурызы күні «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қармақшы аудандық бөлімі, аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандум бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың бұлжытпай орындалуын және бақылауға орай Қармақшы ауданы әкімдігінің 20 қаңтар 2017 жылғы №408 қаулысымен тапсырыс берушілер үшін әлеуметтік нысандарға ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізудің мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, отындардың (дизель, көмір) мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып «Қармақшы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі айқындалды.
Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Парасыз болашаққа Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыс бойынша мобильді топ құрамы аудан әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті атқарушы орган басшылары, кент, ауылдық округі әкімдерінің, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді. Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектепте білім қызметкерлері және аудандық емханада медицина қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, оларға заң аясында құқықтық кеңестер беріліп, түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бейнероликтер көрсетілді.
Аудан әкімінің 2017 жылдың 14 маусымы күнгі №1/4-6/424-іқ/ш санды хатымен аудан әкімі орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының және аудан әкімдігіне қарасты барлық кент, ауылдық округі әкімдеріне, бөлім басшыларының назарына егер ұжымда немесе ведомствалық бағыныстылығы бар ұйымда қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда тікелей жауапкершілік басшылардан сұралатынын қатаң түрде ескертіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында қосымша іс-шаралар қабылдап жұмыс жасау туралы тапсырмалар берілді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» – деп көрсетілген.
Осыған орай, Қармақшы ауданының әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл аясында тиісті жұмыстарды өз деңгейінде атқара беретін болады.


Аудан көлемінде 2017 жылдың І жарты жылдығында сыбайлас жемқорлыққа байланысты атқарылған жұмыстар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс–шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс – шаралар жоспары туралы» облыс әкімдігінің 03 маусым 2015 жылғы №25 қаулысын басшылыққа ала отырып Қармақшы ауданының әкімдігі тиісті жұмыстар жүргізіп келеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңдары талаптарының сақталуын, Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген іс – шаралардың орындалуын қамтамасыз ету аясында 2017 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің өкімімен құрылған аудандық ақпараттық – насихаттық топ мүшелері кент және ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудандағы барлық мүдделі мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне 2017 жылдың 5 қаңтары күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы Заңдарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің сақталуы бағытында құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізіліп, таныстырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық насихаттық шаралар аясында аудандық мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына 21 мақала және аудан әкімдігінің интернет-ресурсына 2 мақала жарияланды.
2017 жылдың наурыз айының 9 күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) бастамасымен «Есіктен есікке» атты ведомстволық бағдарламасын орындауға орай, халықты ақпараттандыру мақсатында кент және ауылдық округтерде адамдар көп шоғырланатын жерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жарнамалар мен суреттер және плакаттар орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шараларын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу аясында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы тоқсанына бір рет тұрақты түрде өткізіліп келеді, ағымдағы жылдың 6 айымен 2 рет комиссия отырысы өткізіліп, онда 4 мәселе қаралып, комиссия қорытындысымен 23 хаттамалық ұсынымдар беріліп,  оның 14 - і орындалып, 9 - ы  орындалу үстінде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар аясында 2017 жылдың 6 айымен аудан әкімдігіне қарасты бөлімдерде 21, кент, ауылдық округтер бойынша 29 семинар, дөңгелек үстел өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесін орнатуда аудандық білім бөлімі мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубтарының Қауымдастығының алғашқы слеті 2017 жылдың 30 наурызы күні Жосалы кенті орталығындағы №250 мектеп – лицейінде аудандық деңгейде өткізілді.
Слетке, аудан прокуроры Б.Мырзабаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы департаментінің бас маманы Ә.Жолекешов, аудан әкімі аппараты, ішкі істер органдары қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагог қызметкерлер,үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Слеттың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда білім алушыларды жалпы қоғамды тұлғаның адамгершілік, зияткерлік мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту.
Слетте білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа мәдеинетті қалыптастыру жолы аясында жыр-шумақтар айтып, «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы мүшелеріне қабылданушылар Ант қабылдады.
2017 жылдың 1 наурызы күні «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қармақшы аудандық бөлімі, аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандум бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың бұлжытпай орындалуын және бақылауға орай Қармақшы ауданы әкімдігінің 20 қаңтар 2017 жылғы №408 қаулысымен тапсырыс берушілер үшін әлеуметтік нысандарға ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізудің мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, отындардың (дизель, көмір) мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып «Қармақшы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі айқындалды.
Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Парасыз болашаққа Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыс бойынша мобильді топ құрамы аудан әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті атқарушы орган басшылары, кент, ауылдық округі әкімдерінің, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді. Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектепте білім қызметкерлері және аудандық емханада медицина қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, оларға заң аясында құқықтық кеңестер беріліп, түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бейнероликтер көрсетілді.
Аудан әкімінің 2017 жылдың 14 маусымы күнгі №1/4-6/424-іқ/ш санды хатымен аудан әкімі орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының және аудан әкімдігіне қарасты барлық кент, ауылдық округі әкімдеріне, бөлім басшыларының назарына егер ұжымда немесе ведомствалық бағыныстылығы бар ұйымда қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда тікелей жауапкершілік басшылардан сұралатынын қатаң түрде ескертіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында қосымша іс-шаралар қабылдап жұмыс жасау туралы тапсырмалар берілді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» – деп көрсетілген.
Осыған орай, Қармақшы ауданының әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл аясында тиісті жұмыстарды өз деңгейінде атқара беретін болады.


2017 жылдың І тоқсанында аудан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының,  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс–шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі  Қызылорда облысының іс – шаралар жоспары туралы» облыс әкімдігінің 03 маусым 2015 жылғы №25 қаулысын басшылыққа ала отырып Қармақшы ауданының әкімдігі тиісті жұмыстар жүргізіп келеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңдары талаптарының сақталуын, Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген іс – шаралардың орындалуын қамтамасыз ету аясында  2017 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің өкімімен құрылған аудандық ақпараттық – насихаттық топ мүшелері кент және ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.    
Аудандағы барлық мүдделі мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне 2017 жылдың 5 қаңтары күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы Заңдарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің сақталуы бағытында құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізіліп, таныстырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық насихаттық шаралар аясында аудандық мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан аудандық «Қармақшы таңы» газетіне  2017 жылдың 4 ақпанында «Сыбайластықпен күресте сергек болайық», 7 ақпанда «Сыбайластыққа жол бермейміз», 14 ақпан күні «Күрес күшейе түседі»,  18 ақпанында «Жемқорлықсыз ел - өркениетті ел», «Қоғамға қауіпті кесел», 2017 жылдың 28 наурызы күні  «Жемқорлық-азаматтығымызға сын» атты  барлығы 6 мақала, аудан әкімдігінің интернет-ресурсына 1 мақала жарияланды.  
2017 жылдың наурыз айының 9 күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) бастамасымен «Есіктен есікке» атты ведомстволық бағдарламасын орындауға орай, халықты ақпараттандыру мақсатында кент және ауылдық округтерде адамдар көп шоғырланатын жерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жарнамалар мен суреттер және плакаттар орналастырылды.      
Сыбайлас   жемқорлыққа   қарсы іс – қимыл шараларын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрылған, комиссия құрылғаннан бері жоспарлы шараларын атқарып, тоқсан сайын комиссиялар өткізіліп келсе, 2017 жылдың наурыз айының 31 күні комиссияның І тоқсанының отырысы өткізілді.  
Күн тәртібінде 2 мәселе жан-жақты талқыланып, нәтижесімен мүдделі органдарға орындау үшін 14 хаттамалық ұсынымдар жолданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар аясында 2017 жылдың 1-тоқсанында аудан әкімдігіне қарасты бөлімдерде 21, кент, ауылдық округтер бойынша 29  семинар, дөңгелек үстел өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесін орнатуда аудандық білім бөлімі мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубтарының Қауымдастығының алғашқы слеті  2017 жылдың 30 наурызы күні Жосалы кенті орталығындағы №250 мектеп – лицейінде аудандық деңгейде өткізілді.
2017 жылдың 1 наурызы күні «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қармақшы аудандық бөлімі, аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандум бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың бұлжытпай орындалуын және бақылауға орай Қармақшы ауданы әкімдігінің  20 қаңтар 2017 жылғы №408 қаулысымен тапсырыс берушілер үшін әлеуметтік нысандарға ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізудің мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, отындардың (дизель, көмір) мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып «Қармақшы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  мемлекеттік мекемесі айқындалды.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» – деп көрсетілген.
Осыған орай, Қармақшы ауданының әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс – қимыл аясында тиісті жұмыстарды өз деңгейінде атқара беретін болады.


Аудан көлемінде 2016 жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл аясында атқарылған жұмыстар туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл профилактикалық шаралар аясында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс – шаралар жоспары туралы» облыс әкімдігінің 03 маусым 2016 жылғы №25 қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі тиісті жұмыстар жүргізіп келеді.
2015 жылдың 18 қарашасында қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында 2016 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің өкімімен құрылған аудандық ақпараттық – насихаттық топ мүшелері кент және ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімдігімен және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен 2016 жылы 6 рет семинар, 8 рет дөңгелек үстел өткізілді.
Жиын қорытындысымен сыбайластыққа жол бермеу, жөнінде ескертпе жадынамалар таратылды.
Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы тоқсанына бір рет тұрақты түрде өткізіліп келеді, 4 рет комиссия отырысы өткізіліп, 8 мәселе қаралып, комиссия қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуда.
2016 жылы бұқаралық ақпарат құралдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бағытында өткен семинарлар, дөңгелек үстел отырысы және кездесулер туралы 30 мақала жарияланса, жергілікті атқарушы органдар тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында 50 мақала бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды.
Сонымен қатар аудан әкімдігінің интернет – ресурсына да мерзімінде жариялануда.
2016 жылдың маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл аясында яғни қоғам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, құқық қорғау органдары өкілдерімен бірлесіп аудан көлеміндегі білім беру, мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдары, денсаулық сақтау саласы ұйымдары арасында олардың қызметкерлерінің яғни 200 респонденттің қатысуымен сауалнама жүргізілді.
Сауалнама қорытындысымен аталған ұйым басшыларына тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі ұсынылып, комиссия отырысында тапсырмалар берілді.
Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде 2016 жылдың қазан айының 10 күні ұжым қызметкерлерімен, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы өкілдерімен, аудан әкімі аппаратымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бағытында жиналыс өткізілді.
Ауылшаруашылығы бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылға байланысты қосымша іс – шаралар жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, 2016 жылдың қазан айының 6 күні аудандағы кент, ауылдық округі әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізіліп, комиссия отырысының күн тәртібінде «Аудан көлемінде көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет көрсетудің жағдайы туралы» мәселесі қаралып, комиссия отырысының хаттамасымен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Алдағы уақытта да аудан әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл аясында тиісті жұмыстар өз жалғасын таба беретін болады.


Қармақшы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 2015 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстары туралы

Қармақшы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы аясында атқарылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу бойынша іс-қимылдар мен мәселелер аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырыстарында тұрақты түрде қаралуда. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс - шаралар» жоспарын жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін барлық кент, ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, келісіліп, бекітілген кестеге сәйкес құқықтық оқулар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алудағы жұмыстарды жандандыру, кент, ауылдық округ әкімдері елді - мекендерде құқық тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық көріністердің алдын - алу бағытында тиісті шаралар ұйымдастырылып келеді.
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі және «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қармақшы ауданының іс – шаралар жоспары және Қармақшы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2015 жылға арналған кешенді әлеуметтік – мәдени іс – шаралар жоспары бекітіліп, іс – шараға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Аудандағы барлық мемлекеттік мекемелерінде «Азаматтардың арыз шағымдары үшін» арнайы жәшіктері орнатылып, тиісті комиссиялары құрылған. Мекеме басшыларының қабылдау кестелерімен сенім телефондары аудандық «Қармақшы таңы» газетінде жарияланған. Мемлекеттік әкімшілік қызметші болып табылатын қызметкерлер өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді жыл бойы белгіленген уақытта салық басқармасына декларацияларын тапсырып келеді. Қармақшы ауданы бойынша 2015 жылдың осы кезеңіне жер учаскелерін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй бөлуге қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ. Аудандағы барлық мемлекеттік мекемелерде мекеме қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жаңартылып отырылатын нормативтік құқықтық актілердің электрондық қорлары 100 % орнатылған. Мемлекеттік органдардың және оларға бағынысты ұйымдардың ережелері мен жарғыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылықты білгілей отырып, осы жөнінде тікелей басшылардың міндеттеріне жүктеуді көздейтін толықтырулар енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы құқық қорғау органдарымен халыққа қызмет көрсететін мекеме басшыларымен бірлескен тұрғындарды қабылдау кестелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады. Соған сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында аудандық салық комитеті, аудандық әділет басқармасы, қазынашылық, аудандық мұрағат, аудандық ішкі саясат бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық ішкі істер бөлімі басшыларымен белгіленген мерзімде аудандық филиалда жеке және заңды тұлғаларды қабылдау тұрақты өткізіліп келеді. «Азаматтық қоғам» атты әлеуметтік қызмет аясында «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесе «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы» атты 1 дөңгелек үстел отырысын, 4 кездесу ұйымдастырып, 100 - ге жуық тақырыптық кітапша таратылды.
Аудандық партия филиалында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға орай отырыс, дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Аудан халқының қоғамдық саяси жағдайларына талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында әлеуметтік сауалнамалар жүргізіліп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алуға баса көңіл бөлінді. Атап айтар болсақ аудандық ішкі саясат бөлімімен Қызылорда қаласындағы «Регион Юг - Запад» қоғамдық бірлестігі ауданда сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау жүргізу мақсатында сауалнамалар жүргізілді. Есепті мерзімде жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, сұралғандардың басым бөлігі яғни 72 % -ы аудандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмен деп бағалағандығы анықталды.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында және аудандық қазынашылық басқармасында, Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханада 2015 жылдың мамыр және шілде айларында «Жемқорлықпен күрес – маңызды мәселе» атты тақырыппен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша орталық аймақ бойынша ауданаралық бөлімінің консультанты М. Байқуатованың қатысуымен семинар болып өтті. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысы 2015 жылдың 12 айы бойынша 4 отырысы өткізілді. Комиссия отырысының қорытындысымен хаттама жасалып, тиісті тапсырмалар беріліп, мерзімінде орындалуда. Бұл жөнінде аудандық «Қармақшы таңы» газетінде мақалалар жариялануда.
Cонымен қатар Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның 2016 жылға арналған іс- шаралар жоспары бекітіліп жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық «Қармақшы таңы» газетінде «Жемқорлық індет – жою міндет» атты айдарымен жыл басынан бері «Сыбайластыққа қарсы күрес – бүкілхалықтық іс», «Жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ іс», «Жемқорлықпен күрес – маңызды мәселе», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Сыбайластыққа қарсы тұрамыз», «Жегі құртпен күрес жүйелі жолда», «Қоғам болып күресейік», «Күрес бәсеңдемейді», «Мемлекеттің ғана міндеті емес», «Жемқорлықтың жолын кесу жолында», «Жемқорлықты жүгендеу - өз қолымызда», «Заң бұзушылық – сыбайластыққа жол ашады», «Құқықтық оқу өткізді», «Бізде жемқорлыққа жол жоқ» атты мақалалар жарияланды.
Мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтардын алдын алу мақсатында 2015 жылдың 15 шілдесінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында құрылған ақпараттық – насихаттық мобильді топ мүшелері (Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссияның бөлім басшысы, Қызылорда облысының статистика департаментінің бас маманы, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы, Жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары, Мемлекеттік сатып алу басқарма басшысының орынбасары, Қармақшы ауданы прокуроры, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда бойынша департаментінің тәртіптік – әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік көрсетілетін бөлімінің консультанты) кенттік және ауылдық округтер әкімдері мен бөлімдер және мекеме, кәсіпорын басшыларының қатысуымен семинар кеңес өткізді.
2014 жылдың 12 айында Қармақшы ауданы әкімдігі мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалардың Сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік жазаға тартылғандар саны 3 (үшеу) :
2015 жылдың 12 айында
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік жазаға тартылғандар саны : 6 (алты)