Бастапқы бет » Билік » Қармақшы ауданының әкімдігі » Аудан әкімі

 

Аудан әкімінің алғы сөзі

Құрметті сайт оқырмандары!

Жаһандану  үрдістерінің   талаптарына  сай ақпарат  ағынындағы жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ашық пікір алысу мақсатында осы сайтты ашып отырмыз. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы әкімінің ресми сайты баршаңызбен жылы жүзде сұхбат жасауға қызмет етеді.
Сылаңдай   аққан   сұлу   Сырдың   бойындағы   қасиетті   Қорқыт   баба  мәңгілік қоныс тепкен мекенде елдік пен ерлікті, еңбек пен бірлікті жыр еткен, достық пен туыстықты ту еткен халық ата салтты алтындай сақтап, баба дәстүрін қастерлеп жаңа ұрпақ өрбітіп келеді. Жүз жырау елі" атанған, ән жыры қалқыған, дәулеті шалқыған жайдары елмен байланыста болыңыздар.

Құрметпен, аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы

Өмірбаяны

Мақашов Сұлтан Ысқақұлы - 1961 жылы дүниеге келген. 1983 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын және 2001 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық университетін бітірген. Инженер-құрылысшы және заңгер біліктіліктері бар.

Еңбек жолын 1978 жылы Қазалы ауданы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатында слесарь ретінде бастаған.

1984-1992 жылдары - Қазалы аудандық № 86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб болып жұмыс жасаған.

1992-1995 жылдары - № 2 азаматтық құрылыс мекемесінде бас инженер, «Казалинскводстрой» тресінің № 86 жылжымалы механикаландырылған колоннаның жоспарлау бөлімінің бастығы болып еңбек еткен.

1995-2012 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі, «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Қазалы филиалының директоры қызметтерінде жұмыс жасаған.

2012 жылдан осы кезге дейін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызметін атқарып келді

Аудан әкімінің есебі

Аудан және кент, ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулері  барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтер

Аудан және кент, ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулері  барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтер

Аудан және кент, ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулері  барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтер

Аудан әкімінің 2016 жылғы есебі

Аудан және кент, ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулері  барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспары

Қармақшы ауданы бойынша барлық  деңгейдегі әкімдердің халық алдында есептері барысында айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет (2017 жылғы 1 қаңтар бойынша)

Қармақшы ауданы бойынша барлық  деңгейдегі әкімдердің халық алдында есептері барысында айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет (2016 жылғы 1 сәуір бойынша)

Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есептері барысында айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі 
іс шаралар жоспары

Аудан әкімінің 2015 жылғы есебі және есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелердің тізбесі мен оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау мерзімдері  

Аудан әкімінің 2014 жылғы есебі

Аудан әкімінің 2013 жылғы есебі

Қармақшы ауданы әкімінің блогы