Бастапқы бет » Билік » Қармақшы ауданының әкімдігі » Аппарат басшысы

Шерниязов Берік Бектайұлы

Шерниязов Берік Бектайұлы 1979 жылы 28 ақпанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
1995 жылы №183 Ү.К.Томанов атындағы орта мектебін бітіріп, Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетіне құқықтану мамандығы бойынша оқуға түскен. 1999 жылы заңгер біліктілігімен оқу орнын аяқтап шыққан. Сол жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметі №2034 әскери бөліміне мерзімді  әскери  борышын өтеуге шақырылып, 2000 жылы әскери міндетін өтеген.
2002 жылы  мамыр айында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының бас маманы-заң кеңесшісі лауазымымен көзделген міндеттерді келісім-шарт негізінде атқаруға қабылданған.
2003 жылы Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің меңгерушісі
2004 жылы қазан айында Қызылорда облыстық әділет департаменті Қармақшы аудандық әділет басқармасының бас маманы2008 жылы шілде айында Байқоңыр аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Байқоңыр» кешенінің обьектілері мен мүлкінің пайдалану шарттары мен сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы
2009 жылы шілде айында Қызылорда облыстық әділет департаменті Қармақшы аудандық әділет басқармасының бас маманы,
2009 жылы Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің жетекшісі
2013 жылы наурыз айында  Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысының қызметіне тағайындалып, сол жылдың шілде айында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы қызметіне ауысқан.
2014 жылы қыркүйек айында Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы-құқық қорғау органдарымен жұмыс секторының меңгерушісі қызметіне тағайындалған.
2015 жылдың  қыркүйек айының 7 жұлдызынан бастап Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді.

№  

Жеке қабылдау жүргізтін адамның  (тегі,аты, әкесінің аты)

Жеке қабылдау жүргізетін адамның лауазымы

Жеке қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

1

Шерниязов Берік Бектайұлы

Аппарат басшысы

Бейсенбі күні
сағ.17.00-19.00

Жосалы кенті Т.Рыскұлов  
көшесі  №2а үй

 2-13-54