Бастапқы бет » Билік » Мемлекеттік қызмет » «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттау

16 маусым 2017 жыл

3-ші деңгейдегі аттестаттау комиссиясының әңгімелесу кестесі

Жүктеу...13КБ


2 маусым 2017 жыл

3-ші деңгейдегі аттестаттау комиссиясының әңгімелесу кестесі

Жүктеу...12КБ


15 сәуір 2017 жыл

3-ші деңгейдегі аттестаттау комиссиясының әңгімелесу кестесі

Жүктеу...211КБ


«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауын өткізу бойынша ақпарат

Әңгімелесу өткізу тәртібі

Аттестаттау комиссиясы әңгімелесу басталғанға дейін аттестатталушының одан әрі жетілдіруді талап ететін құзыреттері негізінде сұрақтарды айқындау үшін тестілеу нәтижелері бойынша қорытынды зерделейді.
Аттестаттау комиссиясы аттестатталушымен әңгімелесу, оның ішінде бейнеконференция арқылы өткізеді.
Аттестатталушыны әңгімелесуге шақырған кезде аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестатталушының жеке куәлікті көрсетуі арқылы сәйкестігін анықтайды.
Аттестатталушының әңгімелесуден өтуі кезінде мыналарды алып өтуіне тыйым салынады:
- электрондық қабылдау-беру құрылғыларын (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық құрал-жабдықтар);
- оның кәсіби қызметіне қатысы бар құжаттарды.
Әңгімелесу басталғанға дейін аттестатталушыдан әңгімелесуді өткізу тілін (мемлекеттік немесе орыс тілі) нақтылайды және осы әдістемелік нұсқаулықтарға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша әңгімелесуден өту тәртібі туралы жадынама қол қою үшін ұсынылады.
Сонымен бірге әңгімелесу одан әрі аттестатталушы таңдаған тілде жүргізіледі.
Бір аттестталушымен әңгімелесу уақыты жиырма минуттан аспауы тиіс. Бұл ретте әрбір қойылатын сұраққа және оның жауабына 4 минут беріледі. Сұрақтардың жалпы саны – бес, оның ішінде екі бейіндік сұрақтан көп емес (бағалау парағының екінші бөлімінде көрсетілген лауазымдық міндеттер шеңберінде қалыптасады) және құзыреттер бойынша үш сұрақтан көп емес (тестілеу нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген, аттестатталушының дамуына арналған салалардан қалыптасады).
Бейіндік сұрақтарды аттестатталушының функционалдық міндеттеріне, ол жұмыс істейтін мемлекеттік орган мен бөлімшенің ерекшелігіне қатаң сәйкестікте қою қажет.
Мысалы, егер аттестатталушының лауазымдық міндеттері кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болса, онда қойылатын бейіндік сұрақ персоналды басқарудың жекелеген аспектілері жөнінде болуы мүмкін.
Сонымен бірге осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшаға сәйкес бейіндік сұрақтар қойылуы мүмкін. Мысалы. «Сіздің қызметіңіз Сіз жұмыс істейтін мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қаншалықты ықпал етеді?».
Құзыреттер бойынша сұрақтар жеке құзыреттерді бағалауға арналған тестілеу нәтижелерін ескере отырып қойылады. Бұл ретте аттестатталушының берген жауаптарының шынайылығы бойынша көрсеткіштер назарға алынады.
Сонымен, егер жауаптардың шынайылығы 50% және одан көп болса, онда сұрақтар «Дамытуға арналған салаларда» көрсетілген құзыреттер бойынша қалыптасады.
Мысалы, аттестатталушы бойынша қорытындыда «Ынтымақтастық» құзыреті дамытуға арналған салаға қатысты болады. Бұндай жағдайда қойылатын сұрақ аттестатталушының осы құзыретті іс жүзінде қолдануын айқындауға бағытталған. Бұл ретте, аттестатталушының нақты бір жағдайдағы оның іс-әрекетін жалпы ақпаратпен емес, нақтылап сипаттауы маңызды. Аттестатталушының жауаптарын талдау кезінде сол құзыреттерді жұмыс жағдайында қалай және қандай деңгейде көрсететінін анықтау қажет.
Осы ретте, құзыреттерді көрсету деңгейін ескеру маңызды саналады. егер «Дамытуға арналған салаларда» көрсетілген құзыреттер «А» немесе «В» деңгейінде болса, сұрақ қойылмайды.
Егер құзыреттер «С» немесе «D» деңгейінде болса ғана сұрақтар қойылады.
Жауаптардың шынайылығы 50%-дан кем болса, сұрақтардың «Дамытуға арналған салаларға» немесе «Күшті жақтарына» қатыстылығына қарамастан, кез келген құзыреттер бойынша сұрақтар қойылады.
Егер аттестатталушы құзыреттер бойынша сұраққа жалпы жауап берсе және жұмыс тәжірибесінен нақты мысал келтіре мысал келтіре алмаса, сол сұрақты басқаша, өзгертіп қою қажет.
Екінші рет оның жауап қайтара алмауы бағаланатын құзыреттің тиімді көрінісі жеткіліксіз деңгейде екенін растайды.Аттестатталушы сұрақ саласына жатпайтын мысалдар келтірсе, онда қойылатын сұрақты түсіндіру қажет және аттестатталушының оны дұрыс түсінгеніне көз жеткізу қажет. Бұдан соң аттестатталушы өзінің кәсіби қызметінен қолайлы мысал келтіруі тиіс.
Құзыреттер бойынша ұсынылатын сұрақтар тізбесі осы Әдістемелік ұсынымдарға 6-қосымшада келтірілген.
Сұрақтар жүйелі түрде, орташа екпінмен, түсінікті әрі аттестатталушыға қарата қойылады. Сұрақтардың кезектілігін төраға белгілейді.
Әңгімелесу барысында аттестатталушы құқылы:
аттестаттау комиссиясының өзіне қойған сұрақтарын нақтылауға;
сұраққа жауап беруге дайындалу үшін 1 минуттан аспайтын уақытты сұрауға;
өзін жайсыз сезінген жағдайда, медициналық көмекке жүгінуге;
су сұрауға;
аттестаттау комиссиясының төрағасы немесе мүшелері Әңгімелесу өткізу жөніндегі нұсқаулықты немесе осы Әдістемелік нұсқаулықты бұзғанын атап көрсетуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және әңгімелесу барысына кедергі келтірмейтін өзге де іс-әрекеттерді жасауға.
Бағалау деректері (осы Әдістемелік ұсынымдарға7-қосымшаға сәйкес)аттестаттау парағына қойылады:
- аттестаттау парағында құзыреттерді көрсету деңгейін көрсете отырып тестілеу нәтижелері бойынша қорытынды беріледі;
- қойылған сұрақтарға берілген жауаптарды бағалау нәтижелері аттестаттау парағының «Әңгімелесуді бағалау» бөліміне енгізіледі;
- баға аттестаттау парағының ескертпесінде көрсетілгендей, 4 баллдық шәкіл бойынша қойылады, сондай-ақ онда бағалар мен олардың дескрипторлары келтіріледі;
- аттестатталушыға қатысты шешім аттестаттау парағының «Ұсынылатын шешім» бөлімінде көрсетіледі;
- әңгімелесу парағына оларды толтырған тұлғалар қол қояды.
Аттестатталушымен әңгімелесу барысында аттестаттау комиссиясының мүшелеріне мыналарды істеуге болмайды:
- тұруға;
- орын-жайдан шығып кетуге;
- телефонмен сөйлесуге;
- қойылған сұрақтарға жауап алу кезінде аттестатталушымен пікірталастыруға;
- әңгімелесу барысына кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттерді жасауға.