Бастапқы бет » Билік » Мәслихат » Мәслихат хатшысы

Мәслихат хатшысы

Марат Наятұлы

Өмірбаяны 

Марат Наятұлы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылында 1959 жылдың 1 маусымында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы агроном. 1976 жылы №107 Комсомол атындағы қазақ орта мектебінің оныншы сыныбын бітіргеннен кейін Энгельс атындағы ұжшарда (қазіргі Дүр Оңғар ауылы) еңбек жолын жұмысшы машинист-тракторист болудан бастады.
1981-1985 жылдары ұжшар бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, 1986-1990 жылдары №7 өндірістік комсомол жастар бригадасының бригадирі, 1991-1997 жылдары Энгельс атындағы ұжшардың бас агрономы, 1997-2003 жылдары «Әсіл» шаруа қожалығының төрағасы.
2004-2007 жылдары Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры. 2007 жылдың тамыз айынан осы уақытқа дейін Қармақшы аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарып келеді.
Жұмыс атқарған уақыттарда бірнеше рет аудандық, облыстық ЛКСМ ОК және ВЛКСМ ОК-нің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2004-2006 жылдары облыс бойынша «Озат орман шаруашылығы» атағын жеңіп алып, облыс әкімі, облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталып, облыстық табиғатты қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің дипломын жеңіп алған.
Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлері кәсіподақтар одағы заңды тұлғалар бірлестігінің  орталық комитетінің ІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы»  белгісімен және Қызылорда облысына – 70 жыл мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекелік медалімен, Білім және Ғылым Министрлігі балаларды қорғау комитетінің алғыс хатымен марапатталған. 
М.Наятұлы жарасымды жанұяның отағасы. Жұбайы Бахадурова Назен Уәлиханқызы 1963 жылғы, мамандығы мұғалім. Қазіргі уақытта аудандық білім беру бөлімінің мектеп жөніндегі инспекторы. Жанұялы, бес бала тәрбиелеп, екі немере сүйіп отыр.