Бастапқы бет » Құқық » 100 нақты қадам » Орындалуы

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша аудандық іс-шаралар жоспары

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

1 қадам. Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту.

2 қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

3 қадам. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің рөлін атқару есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу рәсімін орталықтандыру. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.

4 қадам. Мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).

10 қадам. Мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу.

11 қадам. Шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сектордың жекелеген мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу.

1

Меритократия қағидатын нығайту мақсатында азаматтардың мемлекеттік қызметке өткізілетін конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету.

 

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің кадр және персоналды басқару бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

Қармақшы ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар бойынша «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстардың ашықтылығын қамтамасыз ету мақсатында конкурсқа хабарландырулар Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында, өткен конкурстардың қорытынды хаттамалары Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында тұрақты түрде жарияланып және Қармақшы ауданы әкімдігі ғимаратының кіре беріс бетінде ілініп отыр. Қазіргі таңда аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы жоғары лауазымға, яғни, сектор меңгерушісіне, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы сектор меңгерушісіне, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына мансаптық өсу арқылы 3 қызметкер, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары,  Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Төретам кенті әкімі аппаратының жетекші маманы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Жосалы кенті әкімі аппаратының жетекші маманы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс арқылы 6 қызметкер,   аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, аудандық қаржы бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына осы мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс арқылы 2 қызметкер қызметке орналасты.

5 қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру.

6 қадам. Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу.

7 қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу.

8 қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру.

9 қадам. Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.

12 қадам. Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.

2

Мемлекеттік қызметшілердің дұрыс жұмысын баяндау, мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған материалдар жариялау.

«Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Мемлекеттік қызметшілердің дұрыс жұмысын баяндау, мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған материалдар жариялау бойынша: аудандық «Қармақшы таңы» газетінің 20.01.2016 жылғы №5 санында «Мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі арта түседі» атты, 20.04.2016 жылғы №31 санында «Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту» атты материалдар жарияланды. Қармақшы ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар бойынша 23.07.2016 жылы қайта даярлау курстарынан 17 мемлекеттік қызметкер даярланса, 21 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттырды.

3

Мемлекеттік органдардың веб-ресурстарында мемлекеттік қызметтің дұрыс имиджін қалыптастыру мен нығайтуға арналған бөлім енгізу.

 

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің кадр және персоналды басқару бөлімі және құжаттамалық

 қамтамасыз ету және бақылау  бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мен нығайтуға арналған «Мемлекеттік қызмет» бөлімі енгізілді.

13 қадам. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлеу.

4

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңының 12-тармағындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сұрақтарына сәйкес семинарлар өткізу. 

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің

кадр және персоналды басқару бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

15.01.2016 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» және жаңадан қабылданған Әдеп кодексінің талаптарымен таныстыру рәсімі, 25.02.2016 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет өткерудің жаңа тәртіптерінің белгіленуіне байланысты мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет өткеру тәртіптерінің негізгі бағыттары жөнінде түсініктеме жүргізу үшін оқыту-семинары, 14.04. 2016 ж. Қызылорда облысының мемлекеттiк қызметшiлердi және бюджеттiк сала қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға, құқықтық мәдениетін жоғарылатуға, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағыттау мақсатында «Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту» тақырыбындағы семинар өткізілді

5

Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мәтіні баршаға көрінетіндей жерде орналастырсын.

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің

 кадр және персоналды басқару бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

Қармақшы ауданы әкімдігі ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі стендісі ілінді.

 

6

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтарына байланысты оқу семинарлар өткізу.

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің

кадр және персоналды басқару бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

15.01.2016 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» және жаңадан қабылданған Әдеп кодексінің талаптарымен таныстыру рәсімі, 25.02.2016 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет өткерудің жаңа тәртіптерінің белгіленуіне байланысты мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет өткеру тәртіптерінің негізгі бағыттары жөнінде түсініктеме жүргізу үшін оқыту-семинары, 14.04.2016 ж. Қызылорда облысының мемлекеттiк қызметшiлердi және бюджеттiк сала қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға, құқықтық мәдениетін жоғарылатуға, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағыттау мақсатында «Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту» тақырыбындағы семинар өткізілді.

7

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде ішкі талдау жүргізу.

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің

кадр және персоналды

басқару бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

«Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Дүйсенбаевқа Қармақшы аудандық прокуратурасының 17.03.2016 жылғы №2-1006-16-00752 санды заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысы және ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 07.04.2016 жылғы №7 шешімі негізінде Қармақшы ауданы әкімдігінің 25.04.2016 жылғы №125-Ө өкімімен «Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасы берілді. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылып, алдығы уақытта осы бағытта жұмыстар жүргізілетін болады.

8

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мақсатында әкімдіктің, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарының кіріс-шығысында, лицензиялау-рұқсат беру жүйесі қызметтерінің қызметтік бөлмелерінде бейнекамералар орнату мүмкіндіктерін қарастыру.

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің

мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мақсатында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ғимаратында 4 бейнекамера орнатылған (ішінде - 2, сыртта - 2). 

9

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпараттандыру жұмысын жалғастыру.

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің

мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен   2016 жылдың 10-шы маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл аясында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Оған құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Аудан әкімдігінің интернет-ресурсына жарияланды.

 Сонымен қатар, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпараттандыру жұмыстары жалғасын табатын болады.

14 қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау.

15 қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

21 қадам. Алқабилер соты қолданылатын салаларды кеңейту.

10

Алқабилерге үміткерлерді іріктеуді жалғастыру, алқабилерге үміткерлердің тізімін жасау.

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің

мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» Заңына сәйкес қылмыстық сот істеріне қатысу үшін аудан бойынша сұратылған Қызылорда облыстықұ сотына 600 кандидаттың және әскери сотқа 100 кандидаттың бастапқы тізімі жасақталып облыс әкімі аппаратына жолданды.

28 қадам. Полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсарту.

31 қадам. Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес жүйесін құру арқылы полицияның ашықтығын қамтамасыз ету.

30 қадам. Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру.

11

Жергiлiктi полиция қызметiнiң бастығы өкiлдi және атқарушы органдардың алдында – жылына екi реттен сиретпей, халықтың алдында жылына бiр рет жергiлiктi полиция қызметiнiң жұмысы туралы есебі тыңдалсын.

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің

мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

2016 жылдың 12 қаңтардағы Қармақшы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 46  сессиясының № 320 шешімімен Ғ.Нағиевке  келісім беріліп, тағайындалды.

12

Учаскелiк полиция инспекторы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы әкiмшiлiк учаскеде тұратын халықтың алдында тоқсанына бiр реттен сиретпей есебі берілсін.

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің

мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

Жосалы кенті әкіммінің мәжіліс залында жергілікті полция қызметінің басшысы 2016 жылдың ақпан айында және сәуір айында аудан тұрғындарының, қоғамдастық мүшелерінің алдын атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

33 қадам. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру.

ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ

35 қадам. Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу.

36 қадам. Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету. Ауыл шаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.

13

Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатында пайдаланбай бос жатқан жерлерді айналымға еңгізу, аукцион арқылы халыққа сату

«Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

 

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

Бөліммен 2016 жылдың 6 айында республикалық және жергілікті бюджетке 20864,5 мың теңге түсіру жұмыстарын атқарды. Атап айтқанда:

-Жер учаскелерін аукционда сатуға байланысты: Ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарына сәйкес, биылғы жылы 2 рет аукцион өткізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы көлемі 3900,0 гектар 8 жер учаскесіне жалдау құқығы 1163,0 мың теңгеге сатылса, кәсіпкерлік мақсаттарына жалпы көлемі 5,134 гектар 9 жер учаскесі 4464,3  мың теңгеге сатылып, аукциондар арқылы барлығы 9953,0 мың теңге жергілікті бюджетке түсірілді. Сонымен қатар 18.07.2016 жылға дейін 1028,3 мың теңгені жергілікті бюджетке түсіру жұмыстары атқарылады. 

Жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты: 2016 жылы аудан бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбаған барлығы 85 жер учаскесінің меншік иелеріне (тұрғын үйге қызмет көрсету 52, кәсіпкерлік мақсатында 18, ауыл шаруашылығында 15) ескертпе хаттар таратылды. Осы ескертпелер нәтижесімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1630,0 гектар 9 жер учаскесі (өз еркімен 3, біржақты бұзу 4, сот арқылы  , мерзімі аяқталған 1), мемлекетке қайтарылды. 6 жер учаскесі құжаттарын қайта рәсімдеді. Жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмай отырған 18 тұлға анықталып, жер учаскелерін заңдылығын тексеруге "Қызылорда облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне хат жолданды. Бөлім тарапынан жер учаскесін заңсыз пайдалану және өз бетінше иемдену қадағаланып отыр.

41 қадам. Мүлікті және қаржыны заңдастыру рәсімдерін оңайлату.

42 қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауы кезең-кезеңмен енгізу

43 қадам. Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру.

44 қадам. Жарнама салық салу тетіктерін жетілдіру.

45 қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық тәртібін оңтайландыру.

14

Салық жүйесіндегі өзгерістерге байланысты азаматтарға түсінік жұмыстарын жүргізу

«Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

Салық заңнамасына сәйкес және басқа заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды салық төлеушілерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізу, түсіндіру мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілуде. Салық төлеушілерімен салық заңдылықтарын түсіндіру жөнінде 3 рет семинар-кеңес, 3 рет дөңгелек үстелдер өткізілді. Жергілікті Қармақшы таңы және Байтерек газеттеріне салық заңдылықтарындағы өзгерістер туралы 3 рет мақала, 2 рет құлақтандыру берілді. Салық заңдылықтарындағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында ақпараттық стендіге хабарламалар ілінді.  

15

Барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауға байланысты жұмыс жасау

«Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

Бұл көрсеткіштің орындалуы 2017 жылдан бастап жоспарлануда

46 қадам. Рұқсат алуды оңтайландыру. Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы («30-20-10») қағидаты енгізу.

48 қадам. Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу.

16

Үш сатылы («30-20-10») қағидат бойынша рұқсат алу процесін жүзеге асыру.

 

«Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

Рұқсат алуды оңтайландыру, Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы (30-20-10) қағидатын енгізу бойынша бөлім тарапынан көрсетілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына сәйкес «Сәулет жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің көрсетілу уақыты техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі, мерзімі 2 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі, мерзімі 2 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 17 (он жеті) жұмыс күні болып бекітілген. Қазіргі танда жоғарыда көрсетілген стандартқа сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

17

Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін жүзеге асыру.

«Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

жұмыстары құрылыстың нақты құнын және құрылыс бағаларын (еңбек, машиналар мен механизмдер, құрылыс материалдары, жалақы) кез-келген уақыт мезетінде анықтауға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ тапсырыс берушілерге жоспарланған  бюджет бойынша жұмыс жасауға оңтайлы жағдай тудыратынын хабарлай келе, аталған жұмыстар облыстық деңгейде атқарылып, қажетті шаралар жасалып жатқанын хабарлайды.

50 қадам. Электр энергетикасы саласын қайтадан құру, «Біріңғай сатып алушы» моделін енгізу.

51 қадам. Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру.

52 қадам. Электр энергетикасы секторында салаға инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тариф саясатын енгізу.

18

Энергияны үнемдеу бағытында әлеуметтік және бюджеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар арасында келісім-шартқа отыру жұмыстарын жүргізу

Шиелі жарығы ЖШС

«Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

Бөлім тарапынан «Шиелі жарығы» ЖШС – не заңды тұлғалармен электр энергиясын үнемдеу мақсатында тиісті шараларды атқару қажеттігі жөнінде қатынас берілген. Алайда, «Шиелі жарығы» ЖШС тарапынан энергия үнемдеуге байланысты тиісті шараларды атқару әр мекеме бойынша жеке атқарылуы қажет екендігі жөнінде ұсыныс берілді.

Осыған сәйкес, Бөлім тарапынан барлық кент, ауылдық округі мен мекеме басшыларына энергияны үнемдеу және тиімді пайдалану қажеттігі жөнінде ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

 

 

19

 

Энергия үнемдеу бағытына стратегиялық инвесторлар тарту жөнінде облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе шаралар атқару

 

«Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

53 қадам. ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру мақсаттарында монополиямен қызмет жұмысының тұжырымдарын өзгерту.

54 қадам. Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту.

20

Ауданның шағын және орта бизнесін дамытуда әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша шаралар қабылдау.

 

«Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

2016 жылдың басынан бері аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі және аудандық кәсіпкерлік палатасы қызметкерлері 12 бизнес жобаны сүйемелдеуге алып, «Қызылорда»  Өңірлік Инвестиция Орталығы» ЖШС-гі арқылы несиелендіруді іске асыруда. Қазіргі уақытта 12 жоба, оның ішінде 3-і банктен құжаттары иесіне қайтарылды, 3 жоба оң шешімін тапты, 6 жобаның толық құжаттары банктерге өткізіліп, тексеру үстінде.  Қаржыландыру басталды. Бұл жобаларды сүйемелдеу барысында құжат жинау кезіндегі кездескен әкімшілік кедергілерді болдырмау немесе шешімін табу мәселелерінде  кәсіпкерлерге нақты қолдаулар көрсетілді.

55 қадам. Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту.

56 қадам. Экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» – халықаралық стратегиялық бірлескен кәсіпорындар құру.

57 қадам. Туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.

21

Байқоныр қаласының мәдени-ошақтарымен танысу және зымырандардың ұшуын тамашалау рәсімі, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешеніне экскурсияларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

«Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

Қармақшы ауданында Байқоныр қаласының мәдени-ошақтарымен танысу және зымырандардың ұшуын тамашалау рәсімін, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешеніне экскурсияларды ұйымдастырумен Байқоңыр қаласындағы ООО «ТурСервис» және ГУП "БайконурГрандСервис" туристік фирмалары айналысуда.

22

«Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойында жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандарын салу 

«Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

Қармақшы ауданында жол бойында сервистік қызмет көрсету «А» санатында – 1 жоба іске асырылды, «В» санатында – 1 жоба, «С» санатында -2 жоба іске асырылуда. Олар:

«А» санаты бойынша «Дострой» ЖШС-нің «Қорқыт-Ата зиярат ету орталығы» кешені. Жобаның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, жұмыс жасап тұр.

Жеке кәсіпкер Г.Бертлеуованың  «С» санатты (1645 км, сол жағы; 2,0 га) сервистік нысаны. 2015 жылдың сәуір айында сервистік нысанның құрылысы басталды. 2015 жылдың қараша айында кафе құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта, жанар-жағармай бекетінің монтаждау, көлік жөндеу стансасын, көлік тұрағы асфальттау жұмыстары  жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының  аяқталу мерзімі 2017 жыл. Сервис нысанының құрылысын жүргізе отырып, жеке кәсіпкер Г.Бертлеуова жолаушыларға кафе қызметін ұсынуда.

Жоба құны  287,1 млн. теңгені құрайды. Кешенді кафе, дүкен, автокөлік жөндеу орталығы, жанар-жағар май бекеті, шағын және ірі көлемді автокөліктерге арналған автотұрақ жұмыс жасайтын болады. Жобаның құрылыс уақытында 15 адам, жоба іске асқанда 5 адам жұмыспен қамтылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2015-2017 жылдар аралығы.

Жеке кәсіпкер Ш.Карбаевтың «С» санатты (1594 км, оң жағы; 1,7 га) сервистік нысаны. Сервистік нысанның құрылысы 2015 жылы басталды. 2016 жылдың сәуір айында  кафе құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сервистік нысан аумағы қоршалған, 2016-2017 жылдары көлік жөндеу орталығын  және қосымша құрылыстар мен автотұрақ салу жоспарлануда.

Жоба құны  164,9 млн. теңгені құрайды. Кешенді кафе, дүкен, автокөлік жөндеу орталығы, жанар-жағар май бекеті, шағын және ірі көлемді автокөліктерге арналған автотұрақ жұмыс жасайтын болады. Жобаның құрылыс уақытында 15 адам, жоба іске асқанда 5 адам жұмыспен қамтылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2015-2017 жылдар аралығы.

Сервис нысанының құрылысын жүргізе отырып, жеке кәсіпкер Ш.Карбаев жолаушыларға кафе қызметін ұсынуда.

Жеке кәсіпкер Мусаев Амангелді «В» санатты (1575+48 км, сол жағы; 2,5 га)  сервистік нысаны. Жоба бойынша кешеннің құрылысы 2015 жылдың тамыз айында басталды. 2016 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша кешенді кафе, қонақ үй және көлік жөндеу орталығы ғимараттарының құрылыстары жартылай аяқталған. Қазіргі таңда, 2-қабатты ғимараттың (1-қабаты кафе, 2-қабаты қонақ үй) ішкі үй жайларын әрлеу, сервистік нысан аумағын асфальттау үшін құм төгу, жерді тегістеу жұмыстары жұргізілуде.

Жоба құны  274,2  млн. теңгені құрайды.  Жоба  құрылысы  уақытында 20 адам,   жоба іске асқан уақытта  14 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның  іске асырылу уақыты 2015-2017 жылдар.

59 қадам. Мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту.

60 қадам. Сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту.

23

ЖК Даңлыбаев Дастан шұбат өңдеу цехын ұйымдастыру жұмыстары. Жобаның қуаттылығы күніне 300 литр

«Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

Жеке кәсіпкер «Даңлыбаев Дастан» шұбат өңдеу цехын ұймдастыру жобасы. Жобаның қуаттылығы күніне 300 л бөтелкедегі шұбат өндіру. Жобаның іске асыру мерзімі 2017-2018 жылдар. Қазіргі уақытта шұбат өңдеу технологиясы мен құрал-жабдықтарын зерттеу үстінде.  

 

61 қадам. Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту.

24

"Евразия Агро Холдинг" компаниясының қой бордақылау жобасы. Жоба бойынша 20,0 мың басқа дейін қой бордақыланады.

«Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

«Евразия Агро Холдинг» компаниясының қой бордақылау алаңын ашу жобасын іске асыру шеңберінде компания өкілдері Қармақшы ауданындағы жер жағдайымен танысып кетті. Жоба іске асқан жағдайда Қармақшы ауданына 20 мың басқа дейін қой жеткізіліп, бордақыланатын болады.

25

Иран Ислам Республикасының "Ай групп" компаниясы егін және ет бағытындағы мал шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыру

«Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

Ағымдағы жылы Иран Ислам Республикасының «Ай групп» компаниясы іс-сапармен келіп, ауданның аграрлық саласындағы жерлерімен танысты. Компанияның мақсаты егін және ет бағытындағы мал шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыру. Қазіргі уақытта, «Ай групп» компаниясынан нақты ұсыныстар күтілуде.

 

62 қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «Ұлттық чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру.

26

Әлеуеті экспортқа негізделген өндірістерді дамыту бойынша нақты тұжырымдама қабылдау. “Ұлттық чемпиондар” статусына бағыттау мақсатында экономиканың шикізат емес салаларында орта бизнестің дамуын ынталандыру.

«Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

«Ұлттық чемпион» атты бастама шағын бизнес пен өнім шығарушы кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында жұмыс жасайды. Бұл бастама іске асу үшін өндірісте жұмыс жасайтын кәсіпорындар, орта бизнестегі компаниялардың жылдық айналымы кемі 5 млрд теңгеден кем болмауы керек. Қазіргі таңда аудан көлемінде мұндай айналыммен жұмыс жасап тұрған өндіріс пен бизнестегі компаниялар жоқ.

76 қадам. ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

27

Барлығына бірдей бастауыш білім бойынша білім берудің мемлекеттік стандартының жаңа жобасының 12-жылдық білім беруге көшуді апробациялауды өткізу

«Қармақшы аудандық білім бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12-жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру 

79 қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. 

28

Білім мекемелерінде ағылшын тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен (электрондық нұсқалары) қамтамасыз ету

 

«Қармақшы аудандық білім бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты –даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. Назарбаев зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталықтарында үстіміздегі жылдың 31 мамыр 12 тамыз аралығында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 31 ағылшын тілі мұғалімнің білім жетілдіруі жоспарлануда.

80 қадам. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру.

29

Міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

2017 жылдың қаңтар айынан бастап жоспарлануда яғни сақтандыруға арнайы қаражат бөлінуге ОДСБ ұсыныс жасалуда.

 

30

Түрлі медициналық қызметінің өнім берушулерімен өзара қарым-қатынастағы анық және айқын тарифтік, келісім-шарттық тиімді қызметтерін даярлау

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Облыс бойынша медицина мекемелерімен медициналық қызмет түрлерімен келісім-шарт арқылы жұмыс жасалуда

31

Медицина қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау үшін жергілікті атқарушы органдармен ортақ жауапкершілік тетіктерін әзірлей отырып:

 

 

 

Тиісті қаржыландыру көздері мен жергілікті деңгейде денсаулық сақтау қызметкерлерін қолдау үшін әлеуметтік, қаржылық, материалдың стимулдарды жандандыру

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Жұмыс көрсеткіштеріне байланысты диференсалды ақы немесе сыйақы жоспарлануда

 

 

Өңірлік деңгейде корпоративтік басқару жүйесін енгізу

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Өңірлік деңгейде корпоративтік басқару жүйесін енгізу жоспарлануда тетіктері қарастырылуда

 

Ведомстволық бағыныстылығы мен қаржыландыру  көздеріне қарамастан, өңірдің халық денсаулығы көрсеткіштері үшін аудандық құрылымдардың ортақ жауапкершілігін орнату

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Статистикалық атқарылған мәліметтер орталықтандырылған көрсеткіштер талданады.

81 қадам. Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу.

 

32

Медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарын сенімгерлік басқаруға және жеке практикамен айналысатын дәрігерлерге мемлекеттік мүлікті жалға беру

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Аурухана ғимаратын жалға беруді Қызылорда облыстық қаржы басқармасы арқылы жүргізіледі (тендер арқылы).

 

33

Медициналық техниканың және зертханалық қызметтің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін компанияларды тарту

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Қазіргі таңда зертхана «Инвиво»-мен келісім-шарт жасалынып сапалы жұмыс жасалуда

34

Жаңартылған бағдарламалар бойынша медициналық кадрлармен денсаулық сақтау менеджерлерін қайта даярлау

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Жаңартылған бағдарламалар бойынша жыл сайын жоспарға сәйкес мамандар біліктілігін жетілдіруде. Алдағы уақытта жоспарға сай мамандар жаңа бағдарламалармен танысып білім жетілдіреді.

 

82 қадам. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру.

35

Медициналық қызмет көрсетудің алдынғы қатарлы стандарттарын енгізе отырып сапаны және қолжетімділікті бақылау

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Медициналық қызмет көрсетудің алдынғы қатарлы стандарттарын енгізе отырып сапаны және қолжетімділікті бақылау,мақсатында пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі құрылып мамандар керекті құрал-жабдықтармен және телефон желісімен қамтамасыз етілді.

36

Медицина ұйымдарын бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Бәсекеге қабілетті, барлық медициналық аппараттармен жабдықталған, мамандар да жеткілікті

37

Отбасылық тәжірибені одан әрі жетілдіру және медициналық санитарлық алғашқы көмекті нығайту

Қызылорда облысы Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Отбасылық тәжірибені одан әрі жетілдіру және медициналық санитарлық алғашқы көмекті нығайту бойынша мамандар білімін жетілдіріп, штаттық  бірліктер толықтырылып қамтамасыз етілді.

83 қадам. Еңбек қатынастарын ырықтандыру.

84 қадам. Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.

38

«Өрлеу» жобасы бойынша шартты қаржылай көмек көрсету мәселелері бойынша жарияланымдар, мақалалар, халықты ақпараттандыруды ұйымдастыру.

 

«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Ағымдағы жылғы 26 сәуірде аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовпен «Өрлеу» пилоттық жобасының негізгі тәсілдерін халыққа түсіндіру бойынша белсенді ақпараттық жұмыстар жүргізудің іс-шаралар жоспары бекітілді. Ауданның барлық ауылдық округтеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мобильдік топ құрылып, елді-мекендердегі халықпен кездесулер кесте бойынша үстіміздегі айда жүргізілуде.

«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсету туралы бұқараны ақпараттандыру мақсатында жергілікті «Қармақшы таңы» газетінің ү.ж.19 наурыздағы № 22(9476) шығарылымында «Азаматтарға жаңа мүмкіндік» атты мақала жарияланса, аталған мақала қазақ және орыс тілдерінде Байқоңыр қалалық «Бәйтерек-Байқоңыр» газетінің 29 сәуірдегі № 18 шығарылымында жарық көрді. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ресми сайтында «Жаңалықтар» арнасында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық материал орналастырылды.

39

Құрамында еңбекке жарамды мүшелері бар отбасылар үшін өзара міндеттеме қағидаттарына негізделген шартты қаржылай көмек жүйесін ендіру

«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

2016 жылға «Шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламаға жергілікті бюджеттен 4000,0 мың теңге қаржы қаралды. Үстіміздегі жылдың 20 шілдедегі жағдай бойынша 5 отбасының 36 мүшесіне алты ай мерзімге 719,3 мың теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалып, отбасы құрамындағы еңбекке жарамды 5 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, 1 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек тағайындау және төлеу тәртібі Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына енгізіліп, аталған Қағидалар Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы 313 шешімімен қайта бекітілді.

IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

85 қадам. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.

40

«Біз Мәңгілік елдің ұрпақтарымыз» атты акция

«Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

«Мәңгілік Ел» патриоттық акциясы аясында 2016 жылдың сәуір айында Чернобыль атом стансасындағы апатына 30 жыл толуына орай аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматарға құрмет көрсетіліп, жастарды отансүйгіштік қасиеттерге баулу мақсатында кездесу болып өтті.

Сондай-ақ 2016 жылдың мамыр айында 7 мамыр-Отан қорғаушы күніне орай мерекелік салтанат болып өтті. Салтанатты жиында ауған соғысының ардагерлері мен қорғаныс саласындағы қызметкерлер «Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов» атындағы медалымен марапатталды. Бұған қоса, облыс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында өткізілген «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынында үздік өнер көрсеткен бір топ мектеп оқушыларына мақтау қағаздары және жастарды әскери дайындыққа баулу, тәрбиелеу мақсатында өнегелі жұмыстар жүргізген алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне алғыс хаттар тапсырылды.

Шара соңында аудандық ардаргерлер кеңесінің төрағасы отан алдындағы әскери міндеттерін өтеуге аттанып бара жатқан жас сарбаздарға «Аманат хат» тапсырып, алдағы әскери өмірлеріне сәттілік тіледі.

 

41

«Мәңгілік ел» идеясын тұрғындары арасында насихаттау

«Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

86 қадам. Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады.

42

Аудан көлемінде жобалар әзірлеп, жүзеге асыру. Өңірдегі мәдени шаралар құрып, жүзеге асырумен байланыстырады

«Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» кең көлемді жобасын насихаттау мақсатында аудандық «Қармақшы таңы» газетінің 20.04.2016 жылғы №31 санында «Бүлдіршіндер жүрегіне жол тапқан» Толағай отбасылық сайысы жарияланды.

 

87 қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың “Менің елім” ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады.

43

«Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интертет жобасына ақпарат жинауды қамтамасыз ету.

«Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

«Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасына байланысты үстіміздегі жылдың наурыз айында ақпарат жинақталып, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жолданғандығын хабарлаймын.

88 қадам. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.

44

Еңбек, кәсіпкерлік, ғылыми-ағарту және басқа кәсіби қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Қармақшы ауданының жетістіктерінің дербес тарихтары (осы заманның кейіпкерлері) туралы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын ілгері жылжыту бойынша ұлттық жобаға ақпарат жинақтауды қамтамасыз ету.

«Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың нәтижесінде еңбек, кәсіп т.б. жетістіктерді және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтарын насихаттау бағытында аудандық «Қармақшы таңы» газетінде «Жалпыға Ортақ Еңбек» қоғамы тақырыбында материалдар жарияланып келеді.

Осы мақсатта аудандық «Қармақшы таңы» газетінің 02.04.2016 жылғы №26 санында «Еңбек – бәрін де жеңбек», 06.04.2016 жылғы №27 санында «Еңбек түбі – береке», 16.04.2016 жылғы №30 санында «Ине мен оймақ – өрісті бастауы», 20.04.2016 жылғы №31 санында «Қаржылық қолдау қайтарымы», 27.04.2016 жылғы №33 санында «Адина» сауда орталығы ашылды, 13.05.2016 жылғы №37 санында «Кәсіпкерліктің бір ісі – барша халық ырысы», 23.04.2016 жылғы №32 санында «Ісіне мығым, қызметіне адал», 07.05.2016 жылғы №36 санында «Ісі кенеулінің – есімі елеулі»

89 қадам. «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.

90 қадам. Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету.

45

5 институционалды реформаларды, сонымен қатар қазақстандық бірегейлікті ақпараттық сүйемелдеу және жүзеге асыру бойынша медиа-жоспар бекіту.

 

«Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

Қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыру ақпараттық қамту және ілгерлету мақсатында қазіргі таңда барлық кент, ауылдық округтерде қоғамдық келісім кеңестері құрылды.

Осы мақсатта «Қармақшы таңы» газетінде 09.04.2016 жылғы №28 санында «Халық пен «Нұр Отан» - біртұтас», 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 04.05.2016 жылғы №35 санында «Мерекелік салтанат», 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай 07.05.2016 жылғы №36 санында «Әскер – бейбітшілік тірегі», 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 13.05.2016 жылғы №37 санында «Батырлар ерлігі ұрпақ жадында» атты материалдар жарық көрді.

Бұл бағыттағы жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады.

V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

91 қадам. Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу.

92 қадам. Мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру.

46

Есеп беру жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасының мақсатты индикаторларына жетуді бақылау, сонымен қатар жергілікті атқарушы органның 2016 жылғы меморандумында қарастырылған маңызды мақсатты индикаторларына жету (орындау) бойынша мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігі дәрежесін күшейту.

«Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ (жинақ)

барлық бюджеттік

бағдарлама әкімшілері

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

2016-2020 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары аудандық мәслихаттың кезекті 45 сесиясында 23 желтоқсан 2015 жылы № 309 шешімімен және 20 қаңтар 2016 жылғы № 149 аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілді.

Есеп беру жылдың қорытындысы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму Бағдарламасының мақсатты индикаторларына жетуді бақылау, сонымен қатар жергілікті атқарушы органның 2016 жылғы меморандумында қарастырылған маңызды мақсатты индикаторларына жету (орындау) бойынша мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігі дәрежесін күшейтіліп, мақсатты индикаторларына ай сайын бақылау жасалуда. Орындалу ақпараты облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданады.

47

Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасының маңызды мақсатты индикаторлар бөлігінде қайта форматтау, сонымен қатар жүргізілген бақылау және аталмыш құжатты жүзеге асыруды бақылау нәтижесінде мақсатты индикаторлардың мағынасын өзгерту, ресурстарды қайта бағыттау, бөлек мақсаттар мен шараларды қайтадан қарау жолымен оны түзету.

«Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ (жинақ)

барлық бюджеттік

бағдарлама әкімшілері

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасының маңызды мақсатты индикаторлары жергілікті атқарушы органның 2016 жылғы меморандумдар бекітіліп, бақылау қатар жүргізіледі.

93 қадам. Аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу.

94 қадам. «Ашық үкіметті» енгізу.

95 қадам. Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық жоспарлар және аумақтық даму бағдарламалардың маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу.

48

Аудан әкімінің халық алдында стратегиялық жоспарлар және аумақтық даму бағдарламалардың маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды қамтамасыз ету

«Электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі» КММ

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

Аудан әкімінің халық алдындағы есептері жылына бір рет өткізіліп, веб-сайттарға уақытылы екі тілде орналастырылған. Қармақшы ауданының  әлеуметтік-экономикалық даму ақпараты тоқсан сайын веб-сайттарға беріледі.

96 қадам. Орталық мемлекеттік органдардың статистикалық базалары мәліметтеріне ОНЛАЙН-қолжетімділікті қамтамасыз ету.

49

Интернет порталда орналастыру:

ашық бюджет, бюджеттік және қаржылық есептілік бойынша ақпарат, сыртқы қаржы аудит қорытындылары, мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтердің сапасын қоғамдық бағалау қорытындылары, жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп (оның ішінде шетел мемлекеті, халықаралық немесе шетелдік ұйым және (немесе) қор ұсынған гранттарды пайдалану туралы), сондай-ақ олардың кезеңімен өзектендіруін қамтамасыз ету.

«Электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі» КММ

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

Қармақшы ауданының ашық бюджет, бюджеттік және қаржылық есептілік бойынша ақпарат, сыртқы қаржы аудит қорытындылары, мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтердің сапасын қоғамдық бағалау қорытындылары, жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп (оның ішінде шетел мемлекеті, халықаралық немесе шетелдік ұйым және (немесе) қор ұсынған гранттарды пайдалану туралы), сондай-ақ олардың кезеңімен өзектендіруін қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат тоқсан сайын интернет порталға және веб-сайттарға екі тілде жария етіледі.

97 қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру.

50

Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық жоспарлар және ауданның даму бағдарламасының маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын қамтамасыз ету.

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

Биылғы жылдың 26 ақпанында аудан әкімі С.Мақашов халық алдында 2015 жылғы атқарылған жұмыстары және 2016 жылғы міндеттері жөнінде есеп берді.

51

Мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтарды қатыстыруды кеңейту бойынша жергілікті өзін-өзін басқару жүйесін дамытудың бірінші кезеңін жүзеге асыру.

 

Қармақшы ауданының әкімдігі «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімі

Үйлестіруші: аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов

Мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтарды қатыстыруды кеңейту бойынша жергілікті өзін-өзін басқару жүйесін дамытудың бірінші кезеңі жүзеге асыру үстінде.

98 қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады.

52

Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу аясында заңды тұлғалардан көлік және жер салығы бойынша ауылдық салық төлеушілер Тізімін анықтау бойынша алдын ала жұмыс бастау.

 

«Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ (жинақ)

барлық бюджеттік

бағдарлама әкімшілері

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған байланысты кент, ауылдық округі жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті 4 салық түрі  енгізіліп бюджетке түсірілуде. Бұған қоса жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу аясында қосымша 2 салық түрі, атап айтқанда заңды тұлғалардан көлік және жер салығы бойынша салық төлемгерлердің тізбесінің бұйрығы шығып, үстіміздегі жылдың 22 маусымындағы (№19 шешімі)  кезекті аудандық мәслихаттың сесиясында қаралып, бекітілді. Бұл жөнінде аудандық қаржы бөліміне (кенттермен ауылдық округтерде) салық төлеушілердің тіркеуде тұрған заңды тұлғаларға салынатын көлік құралдары салығы мен заңды тұлғаларға салынатын жер салығы бойынша салық төлемгердің тізбесін анықтау мақсатында ақпарат жолданды. Қазіргі кезде осы 6 салық түрі бойынша салық көлемдері есептеліп жергілікті бюджетке түсіру жұмыстары жүргізілуде.

99 қадам. Мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту.

53

Қоғамдық кеңестер құру және олардың стратегиялық жоспарлардың және аймақтарды дамыту бағдарламаларының; бюджеттердің, есептердің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық құжаттардың жобаларын орындауды талқылау бөлігінде олардың рөлін күшейту.

«Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Қармақшы ауданы бойынша 2016 жылдың 10 ақпанында аудандық мәслихат шешімдерімен Қармақшы ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы мен ережесі бекітілді. Аудандық Қоғамдық кеңес 13 мүшесінен тұрады. Құрамына мемлекеттік мекемелерінің басшылары,аудан тұрғындары және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері енгізілген.

Биылғы жылы аудандық Қоғамдық кеңеспен 4 отырысы өткізілген. Атап айтқанда, 2016 жылдың 10 ақпанында «Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасын, хатшысын және төралқа құрамын сайлау туралы» мәселе қаралған, 2016 жылдың 13 ақпанында Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов және мәслихат хатшысы М.Наятұлының 2015 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы уақыттары міндеттері жайлы есептері тыңдалған, 2016 жылдың 8 сәуірінде «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №308 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасы және 2016 жылдың 6 мамырында «Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы» және «2016 жылға мектепге дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің Қаулыларының жобасы, 2016 жылдың  9 маусым күні «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылау, Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша мәселелерді талқылау, Аудан бюджетінің салық салу базасын ұлғайту бағытындағы жұмыстарды талқылау, Бірыңғай медициналық сақтандыру мәселелерін талқылау, Қызылорда облысындағы «Южное Ровное» кен орнын бағалау жұмыстары бойынша жобаға қосымша қарауға көзделіп отырған  қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау жобасы талқыланды.

Аудандық қоғамдық кеңестің жұмысын тұрғындар арасында насихаттау мақсатында Қармақшы ауданы әкімдігінің karmakshy.gov.kz ресми интернет ресурсында «Қоғамдық кеңес» атты бөлімі ашылып, ақпараттар орналастырылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттада өз жалғасын таба беретін болады.

 

100 қадам. Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру.

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме;

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары;

ЭЫДҰ – экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы;

БМСК – бастапқы медициналық-санитарлық көмек.