Бастапқы бет » Қармақшы ауданы әкімінің блогы

Сайтты және әкімнің блогын пайдалану ережелері.

Бұл айдар әкімдердің, басшылардың ресми веб-порталға келушілермен интерактивті қатынас түрі болып табылады.
Сіздің өтінішіңіздің қаралуы үшін, белгіленген ережелерді сақтау қажет:
* ұсынылған нысанның барлық жолдарын міндетті түрде дұрыс толтыру керек;
* бір хаттағы сұрақ біреуден артық болмауы және сұрақ қысқа, нақты мәселе бойынша қойылуы тиіс. Сұрақ мәтінінің көлемі 1000 белгімен (20 жол) шектелетінін есте ұстаған жөн;
* қойылатын сұрақтар республиканың басқа өңірлеріне қатысты болмауы тиіс;
* сұрақ дөрекі сөздерді пайдалана отырып, тіл тигізу түрінде қойылмауы тиіс.
* мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын басқа да құпиялар бар мәліметтерден тұратын, жекелеген жағдайларды есепке алмағанда, жасырын түрде қойылған, дөрекі сөздерден тұратын, орфографиялық қателердің, қысқарған сөздер мен аббревиатуралардың саны көп, сондай-ақ бас әріппен жазылған сұрақтар қаралмайды.
Сұрақтарыңызға жауап алуды жылдамдату үшін, қоятын сұрағыңыз анық және түсінікті болуға тиіс. Сұрақты қоймас бұрын, оған жауапты блог материалдарынан іздеп көрген жөн. Бұрын жарияланған жауаптармен танысуға кеңес береміз, себебі сіздің сұрағыңызға қажетті жауаптың болуы әбден ықтимал, жаңа өтінішке байланысты бұрын ұсынылған ақпаратты анықтауды немесе толықтыруды талап етпейтін қайталанатын сұрақтар қарауға қабылданбауы мүмкін.
Сайт  редакциясы  жоғарыда  көрсетілген   ережелерге сәйкес  келмейтін  өтініштерді жауап бермей-ақ  жойып жіберу  құқығына ие.

Ережемен келісемін, әкімге сұрақ қою