Бастапқы бет » Инфрақұрылым » Жер қатынастары

Жер қатынастары саласы бойоынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Ауданның жалпы жер қоры - 3104070 гектарды құрайды. Осы көлемінің ішінен 556324 гектар жерді Байқоңыр ғарыш кешені үшін Ресей Федерациясы жалға алып пайдалануда және 127834 гектар Қарағанды облысынан ұзақ мерзімге пайдалануға алынған жерлер.
Аудан бойынша барлық жер пайдаланушылары жер санаттары 2016 жылдың 1 қарашасындағы жер есебі бойынша: ауылшаруашылығы жерлері–390721 гектар, елді мекен жерлері–47324 гектар, өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттағы жерлер–4671 гектар, орман қорының жері – 435283 гектар, су қорының жері–12386 гектар, мемлекеттік қордағы жерлер–1785195 гектар болып бөлінді.
Ауданда барлығы 33106 гектар суармалы жер бар, оның ішінде инженерлік жүйеге келтірілгені 23050 гектар, 38 күріш ауыспалы егіс жүйесі және 6 мал азығындық ауыспалы егіс жүйесі бар. 2016 жылы 4 жер учаскесі жалпы көлемі 789 гектар жері ауыстырылса, 2017 жылдың 9 айында 3 жер учаскесі жалпы көлемі 837,0 гектар жер учаскесі ауыстырылды.
2017 жылдың 9 айында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 124 өтініштер түскен. Оның ішінде: Заңды тұлғалардан - 15; жеке тұлғалардан - 109; қанағаттандырылғаны- 114, түсіндірілгені-9, бас тартылғаны-0, қаралуда-1.
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2017 жылдың 9 айында барлығы- 802 өтініш түскен, нысаналы мақсатын өзгертуге -54, жерге орналастыру жобасын бекітуге-578, Іздестіру жұмыстары үшін рұқсат беру - 4, мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту - 67, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 1, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конурстарда, аукциондарда) сатып алу -98.
Бөліммен 2017 жылдың 9 айында жергілікті бюджетке 29083,0 мың теңге түсіру жұмыстарын атқарды. Атап айтқанда:
-Жер учаскелерін аукционда сатуға байланысты: Ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарына сәйкес, биылғы жылдың 9 айында 4 рет аукцион өткізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы көлемі 5472,0 гектар 16 жер учаскесіне жалдау құқығы 2501,0 мың теңгеге сатылса, 113,0 мың қазан айында түсіру жоспарлануда. кәсіпкерлік мақсаттарына жалпы көлемі 10,9918 гектар 35 жер учаскесі 5726,2 мың теңгеге сатылып, 220,0 мың қазан айнда түсіру жоспарлануда, аукциондар арқылы барлығы 8227,2 мың теңге жергілікті бюджетке түсірілді.
-Жер учаскелерін жалға беруге байланысты:
Биылғы жылдың 9 айында жаңадан жеке және заңды тұлғалармен 383 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 5425,4 мың теңге түсірілді.
-Нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты:
Аудан, кент, ауыл округтері әкімдіктерінен жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге биылғы жылдың 9 айында 54 өтініш түсіп, жер учаскелерінің бағалық құнымен 1841,8 мың теңге аудандық бюджетке толық аударылды .
-Мемлекеттен жер учаскесін сатып алуға байланысты:
2017 жылдың 9 айында жер учаскелерін мемлекеттен сатып алуға байланысты 39 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 11788,5 мың теңге түсіру жұмыстары атқарылды.
-Ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатуға байланысты:
Ауыл шаруашылығынан шығып қалудан туындайтын ауыл шаруашылығы шығасыларынан 2017 жылдың 9 айында 1799,9 мың теңге түсірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 18 тамыз 2016 жылғы №308 жарлығымен «жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруге» 2021 жылға дейін мораторий жарияланған.
- Жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты:
2017 жылы аудан бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбаған, жер заңнамасын бұза отырып пайдаланған және құжаттарын сәйкестендірмеген барлығы 8 жер учаскесінің меншік иелеріне ( ауыл шаруашылығында 8.) ескертпе хаттар таратылды. Осы ескертпелер нәтижесімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1037,0 гектар 4 жер учаскесі (өз еркімен біржақты бұзу 4), мемлекетке қайтарылды. Жосалы кенті бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 9 жер учаскесінің меншік иелері анықталып ескертпе хаттар таратылып, Қызылорда облысы бойынша жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасына тексеруге жолданды. Нәтижесінде: 9 тұлғаға басқарма тарапынан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 802, 339-баптарына сәйкес әкімшілік іс өндірістері қозғалып, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Бөлім тарапынан жер учаскесін заңсыз пайдалану және өз бетінше иемдену қадағаланып отыр.
Аудан бойынша жер заңдылықтарының сақталуы және бос жерлерді түгендеу жұмыстарының барысы туралы.
Жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты:
Қармақшы ауданы бойынша 5 заңды тұлғаның "ҚазМұнайГАз-қайта өндеу және маркетинг" АҚ (1,1 га), "Қайнар Сауда ЛТД" (0,3 га) , "Арал Газ" (0,6 га), "Рахат Ойл KZ" (5,0 га), "Даймонд - Транс" (2500 га) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жер учаскелерін пайдаланбай бос жатқандығы анықталып, актіленіп, сызбалары дайындалып облыс бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына Жер кодексінің 14-1, 65, 92, 94, 145,148 баптарына сәйкес тексеру жүргізіп беру туралы 2017 жылдың 14 ақпанында №0/2-2/82 санды қатынас хаты жолданған.
Сонымен қатар, аудан көлемінде жер учаскелерін толықтай өз бетінше заңсыз иеленген 15 тұлға анықталды. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-бабына сәйкес 8 (Жосалы кенті-2; Төретам кенті - 4; Ақай ауылы - 2) тұлғаға жалпы сомасы 795 225 теңге айыппұл салынса, 7 (Төретам кенті - 6; Ақай ауылы - 1) тұлғаға шара көруге Төретам кенті және Ақай ауылдық округі әкімдігіне жолданған. Бірақ әлі нәтиже жоқ.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 02.11.2015 жылғы № 387-V ҚРЗ Заңымен ҚР Жер және ҚР ӘҚБТ кодекстерінің кейбір баптарына өзгерістер енгізілді.
Айтар болсам, ҚР ЖК-нің 145, 146, 147-баптарына жаңа редакцияда жазылып, тармақшамен толықтырылған.
Жер Кодексінің 145-бабының 1 тармағында. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды орталық уәкiлеттi орган, жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдар, өзге де уәкiлеттi органдар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері өздерінің құзыреттері шегінде жүзеге асырады делінген.
Осы аталған өзгерістерге сәйкес Қызылорда облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы 16.11.2016 жылы және 15.02.2017 жылы семинар кеңестер өткізіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жосалы, Төретам кенттері және Ақай ауылдық округтері әкімдіктерінен басқа ауылдық округтері осы өзгерістерге сәйкес жұмыстар атқармай отыр.
Баршаңызға белгілі 2016 жылдың 29 желтоқсанында облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовпен бекітіліп облыстық прокуратурасымен келісілген "Қызылорда облысындағы пайдаланылмайтын және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жерлердің толық алып қойылуын қамтамасыз ету бойынша" Жол картасы әзірленген. Жол картасының орындау мақсатында аудан әкімінің 2017 жылдың 27 қаңтарында №101-ө/нқ санды мобильдік топ құру туралы өкімі қабылданды. Топтың құрамына аудандық прокуратура, әділет басқармасы, жергілікті полиция, "Азаматтарға арналған үкімет" Қармақшы филиалы, ауылдық округ әкімдері және тиісті бөлім басшылары енгізілген. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес 2017 жылдың 1-тоқсанына Жосалы кентінің орталық, солүсік, шығыс, онтүстік, батыс бөліктерін тексеру; 2-тоқсанында Төретам кенті және Ақай ауылдық округін; 3-тоқсанында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді; 4-тоқсанында ауданның ауылдық елді мекендерін тексеру, мониторинг және зерттеу жұмыстарын жүргізуге жоспарлап отыр.
Аталған жоспарға сәйкес Жосалы кенті бойынша 100 % аралау жұмыстары аяқталды. Мониторинг және зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде Жосалы кенті бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 6 жер учаскесінің меншік иелері анықталып ескертпе хаттар таратылып, Қызылорда облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына тексеруге жолданды. Нәтижесінде: 2 тұлғаға басқарма тарапынан ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 802, 339 - баптарына сәйкес әкімшілік іс өндірістері қозғалып, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Бөлім тарапынан жер учаскесін заңсыз пайдалану және өз бетінше иемендену қадағаланып отыр.
Ауданның 12 елді мекенінде жалпы көлемі 28,5 гектар (Жосалы кенті - 9,0 га, Алдашбай ахун - 1,5 га, Ақжар - 2,0 га, Қуандария - 1,5 га, Иіркөл - 2,0 га, Дауылкөл - 1,5 га, ІІІ-Интернационал - 2,0 га, Жосалы - 1,5 га, Қармақшы - 2,0 га, Ақтөбе - 1,5 га, Жаңажол - 2,0 га, Т.Көмекбаев - 2,0 га ) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді (полигон) салу үшін жер учаскелеріне тұрақты жер пайдалану құқығы табысталды.
Аудан бойынша (жалпы көлемі 134,09 га) құм өндірумен 4 заңды тұлға: «Анк–Дәулет» ЖШС А.Қанатбай - 23,0 га, «Казкум–Ордазы» ЖШС А.Ертілеуов - 31,59 га, «Береке Оңтүстік» ЖШС Т.Түргенбаев - 39,5 га, «МИР-2001» ЖШС Е.Медетов - 39,3га, саз өндірумен 1 заңды тұлға : "Қармақшы құрылыс" ЖШС Ә.Қ.Қаршыға - 0,7 га " жұмыс жасауда.
Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне арнайы кезекке қоюға байланысты.
3 елді мекен бойынша тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесіне мұқтаж азаматтар ретінде арнайы кезекте барлығы 6179 адам тұр (Жосалы кенті – 1820 (325 тұлғаға табысталған), Төретам кенті - 2343, Ақай ауылы - 2016). Облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Төретам кенті және Ақай ауылына Байқоңыр ғарыш кешенің жерінен жер қосып беру туралы Үкімет арқылы жұмыстар атқарылуда. "Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-мен Жосалы кенті Мөлтек ықшам ауданының болашақ даму жоспарына сәйкес 171,0 гектар аумақты құрайтын жерге түбегейлі жоспарлау жобасы (ПДП) әзірленген. Жосалы кенті бойынша 2006 жылы арнай кезекке қойылған 104 тұлғаға, 2007 жылы арнайы кезекке қойылған 290 тұлғаға, 2008 жылы арнайы кезекке қойылған 155 тұлғаға және 2009 жылы арнайы кезекке қойылған 84 тұлғаға Жосалы кенті бойынша жер қатынастарын реттеу комиссиясының тұрғын үй құрылысы үшін жер табыстау туралы оң қорытындысы қабылданып, оның ішінде 325 тұлғаға Жосалы кенті әкімінің жер учаскесін табыстау туралы шешімі қабылданд.жылдар аралғында кезекте тұрған жеке тұлғаларға қорытынды қабылдау үшін жұмыс жасалуда.


Жер қатынастары саласы бойоынша 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар

Ауданның жалпы жер қоры - 3104070 гектарды құрайды. Осы көлемінің ішінен 556324 гектар жерді Байқоңыр ғарыш кешені үшін Ресей Федерациясы жалға алып пайдалануда және 127834 гектар Қарағанды облысынан ұзақ мерзімге пайдалануға алынған жерлер.
Аудан бойынша барлық жер пайдаланушылары жер санаттары 2016 жылдың 1 қарашасындағы жер есебі бойынша: ауылшаруашылығы жерлері–390721 гектар, елді мекен жерлері–47324 гектар, өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттағы жерлер–4671 гектар, орман қорының жері – 435283 гектар, су қорының жері–12386 гектар, мемлекеттік қордағы жерлер–1785195 гектар болып бөлінді.
Ауданда барлығы 33106 гектар суармалы жер бар, оның ішінде инженерлік жүйеге келтірілгені 23050 гектар, 38 күріш ауыспалы егіс жүйесі және 6 мал азығындық ауыспалы егіс жүйесі бар. 2016 жылы 4 жер учаскесі жалпы көлемі 789 гектар жері ауыстырылса, 2017 жылдың 4 айында 3 жер учаскесі жалпы көлемі 837,0 гектар жер учаскесі ауыстырылды
2017 жылдың 6 айында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 82 өтініштер түскен. Оның ішінде: Заңды тұлғалардан- 11; жеке тұлғалардан-71; қанағаттандырылғаны- 72, түсіндірілгені-8, бас тартылғаны-0, қаралуда-2.
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2017 жылдың 6 айында барлығы- 609 өтініш түскен, нысаналы мақсатын өзгертуге -43, жерге орналастыру жобасын бекітуге-450, Іздестіру жұмыстары үшін рұқсат беру -1, мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту - 52, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 1, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конурстарда, аукциондарда) сатып алу -62.
Бөліммен 2017 жылдың 6 айында жергілікті бюджетке 18563,3 мың теңге түсіру жұмыстарын атқарды. Атап айтқанда:
-Жер учаскелерін аукционда сатуға байланысты: Ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарына сәйкес, биылғы жылдың 6 айында 2 рет аукцион өткізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы көлемі 2672,0 гектар 8 жер учаскесіне жалдау құқығы 798,0 мың теңгеге сатылса, кәсіпкерлік мақсаттарына жалпы көлемі 8,1762 гектар 25 жер учаскесі 5670,5 мың теңгеге сатылып, аукциондар арқылы барлығы 6475,7 мың теңге жергілікті бюджетке түсірілді.
-Жер учаскелерін жалға беруге байланысты:
Биылғы жылдың 6 айында жаңадан жеке және заңды тұлғалармен 315 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 2825,5 мың теңге түсірілді.
-Нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты:
Аудан, кент, ауыл округтері әкімдіктерінен жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге биылғы жылдың 6 айында 52 өтініш түсіп, жер учаскелерінің бағалық құнымен 1713,7 мың теңге аудандық бюджетке толық аударылды .
-Мемлекеттен жер учаскесін сатып алуға байланысты:
2017 жылдың 6 айында жер учаскелерін мемлекеттен сатып алуға байланысты 32 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 6795,9 мың теңге түсіру жұмыстары атқарылды.
-Ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатуға байланысты:
Ауыл шаруашылығынан шығып қалудан туындайтын ауыл шаруашылығы шығасыларынан 2017 жылдың 6 айында 752,3 мың теңге түсірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 18 тамыз 2016 жылғы №308 жарлығымен «жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруге» 2021 жылға дейін мораторий жарияланған.
- Жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты:
2017 жылы аудан бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбаған, жер заңнамасын бұза отырып пайдаланған және құжаттарын сәйкестендірмеген барлығы 8 жер учаскесінің меншік иелеріне ( ауыл шаруашылығында 8.) ескертпе хаттар таратылды. Осы ескертпелер нәтижесімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1037,0 гектар 4 жер учаскесі (өз еркімен біржақты бұзу 4), мемлекетке қайтарылды. Жосалы кенті бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 9 жер учаскесінің меншік иелері анықталып ескертпе хаттар таратылып, Қызылорда облысы бойынша жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасына тексеруге жолданды. Нәтижесінде: 9 тұлғаға басқарма тарапынан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 802, 339-баптарына сәйкес әкімшілік іс өндірістері қозғалып, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Бөлім тарапынан жер учаскесін заңсыз пайдалану және өз бетінше иемдену қадағаланып отыр.
Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне арнайы кезекке қоюға байланысты.
3 елді мекен бойынша тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесіне мұқтаж азаматтар ретінде арнайы кезекте барлығы 6076 адам тұр (Жосалы кенті – 1770 (277 тұлғаға табысталған), Төретам кенті - 2311, Ақай ауылы - 1995). Облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Төретам кенті және Ақай ауылына Байқоңыр ғарыш кешенің жерінен жер қосып беру туралы Үкімет арқылы жұмыстар атқарылуда. "Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-мен Жосалы кенті Мөлтек ықшам ауданының болашақ даму жоспарына сәйкес 171,0 гектар аумақты құрайтын жерге түбегейлі жоспарлау жобасы (ПДП) әзірленген. Жосалы кенті бойынша 2006 жылы арнай кезекке қойылған 104 тұлғаға, 2007 жылы арнайы кезекке қойылған 290 тұлғаға, 2008 жылы арнайы кезекке қойылған 155 тұлғаға және 2009 жылы арнайы кезекке қойылған 84 тұлғаға Жосалы кенті бойынша жер қатынастарын реттеу комиссиясының тұрғын үй құрылысы үшін жер табыстау туралы оң қорытындысы қабылданып, оның ішінде 277 тұлғаға Жосалы кенті әкімінің жер учаскесін табыстау туралы шешімі қабылданды. Қазіргі таңға 2009-2016 жылдар аралғында кезекте тұрған жеке тұлғаларға қорытынды қабылдау үшін жұмыс жасалуда.


"Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар есебі.

Ауданның жалпы жер қоры - 3104070 гектарды құрайды. Осы көлемінің ішінен 556324 гектар жерді Байқоңыр ғарыш кешені үшін Ресей Федерациясы жалға алып пайдалануда және 127834 гектар Қарағанды облысынан ұзақ мерзімге пайдалануға алынған жерлер.
Аудан бойынша барлық жер пайдаланушылары жер санаттары 2016 жылдың 1 қарашасындағы жер есебі бойынша: ауылшаруашылығы жерлері–390721 гектар, елді мекен жерлері–47324 гектар, өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттағы жерлер–4671 гектар, орман қорының жері – 435283 гектар, су қорының жері–12386 гектар, мемлекеттік қордағы жерлер–1785195 гектар болып бөлінді.
Ауданда барлығы 33106 гектар суармалы жер бар, оның ішінде инженерлік жүйеге келтірілгені 23050 гектар, 38 күріш ауыспалы егіс жүйесі және 6 мал азығындық ауыспалы егіс жүйесі бар. 2016 жылы 4 жер учаскесі жалпы көлемі 789 гектар жері ауыстырылса, 2017 жылдың І тоқсанында 1 жер учаскесі жалпы көлемі 360 гектар жер учаскесі ауыстырылды
2017 жылдың І тоқсанында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 47 өтініштер түскен. Оның ішінде: Заңды тұлғалардан-5; жеке тұлғалардан-42; қанағаттандырылғаны- 37, түсіндірілгені-0, бас тартылғаны-0, қаралуда-5.
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2017 жылдың І тоқсанында барлығы- 286 өтініш түскен, нысаналы мақсатын өзгертуге -24, жерге орналастыру жобасын бекітуге-211, Іздестіру жұмыстары үшін рұқсат беру -1, мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту - 35, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 1, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конурстарда, аукциондарда) сатып алу -14.
Бөліммен 2017 жылдың І тоқсанында жергілікті бюджетке 6259,0 мың теңге түсіру жұмыстарын атқарды. Атап айтқанда:
-Жер учаскелерін аукционда сатуға байланысты: Ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарына сәйкес, биылғы жылдың І тоқсанында 1 рет аукцион өткізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы көлемі 1000,0 гектар 4 жер учаскесіне жалдау құқығы 300,0 мың теңгеге сатылса, кәсіпкерлік мақсаттарына жалпы көлемі 5,06 гектар 2 жер учаскесі 754,0 мың теңгеге сатылып, аукциондар арқылы барлығы 1054,0 мың теңге жергілікті бюджетке түсірілді
-Жер учаскелерін жалға беруге байланысты:
Биылғы жылдың І тоқсанында жаңадан жеке және заңды тұлғалармен 114 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 1961,9 мың теңге түсірілді.
-Нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты:
Аудан, кент, ауыл округтері әкімдіктерінен жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге биылғы жылдың І тоқсанында 24 өтініш түсіп, жер учаскелерінің бағалық құнымен 1262,4 мың теңге аудандық бюджетке толық аударылды .
-Мемлекеттен жер учаскесін сатып алуға байланысты:
2017 жылдың 3 айында жер учаскелерін мемлекеттен сатып алуға байланысты 17 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 1280,7 мың теңге түсіру жұмыстары атқарылды.
-Ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатуға байланысты:
Ауыл шаруашылығынан шығып қалудан туындайтын ауыл шаруашылығы шығасыларынан 2017 жылдың І тоқсанында 699,9 мың теңге түсірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 18 тамыз 2016 жылғы №308 жарлығымен «жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруге» 2021 жылға дейін мораторий жарияланған.
- Жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты:
2017 жылы аудан бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбаған, жер заңнамасын бұза отырып пайдаланған және құжаттарын сәйкестендірмеген барлығы 8 жер учаскесінің меншік иелеріне ( ауыл шаруашылығында 8.) ескертпе хаттар таратылды. Осы ескертпелер нәтижесімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 87,0 гектар 1 жер учаскесі (өз еркімен біржақты бұзу 1), мемлекетке қайтарылды. Жосалы кенті бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 6 жер учаскесінің меншік иелері анықталып ескертпе хаттар таратылып, Қызылорда облысы бойынша жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасына тексеруге жолданды. Нәтижесінде: 2 тұлғаға басқарма тарапынан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 802, 339-баптарына сәйкес әкімшілік іс өндірістері қозғалып, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Бөлім тарапынан жер учаскесін заңсыз пайдалану және өз бетінше иемдену қадағаланып отыр.
Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне арнайы кезекке қоюға байланысты.
3 елді мекен бойынша тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесіне мұқтаж азаматтар ретінде арнайы кезекте барлығы 5797 адам тұр (Жосалы кенті – 1539 (145 тұлғаға табысталған), Төретам кенті - 2286, Ақай ауылы - 1972). Облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Төретам кенті және Ақай ауылына Байқоңыр ғарыш кешенің жерінен жер қосып беру туралы Үкімет арқылы жұмыстар атқарылуда. "Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-мен Жосалы кенті Мөлтек ықшам ауданының болашақ даму жоспарына сәйкес 171,0 гектар аумақты құрайтын жерге түбегейлі жоспарлау жобасы (ПДП) әзірленген. Жосалы кенті бойынша 2006 жылы арнай кезекке қойылған 104 тұлғаға және 2007 жылы арнайы кезекке қойылған 290 тұлғаға Жосалы кенті бойынша жер қатынастарын реттеу комиссиясының тұрғын үй құрылысы үшін жер табыстау туралы оң қорытындысы қабылданып, оның ішінде 145 тұлғаға Жосалы кенті әкімінің жер учаскесін табыстау туралы шешімі қабылданды.


 "Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2016 жылы атқарылған жұмыстар есебі.

Ауданның жалпы жер қоры - 3104070 гектарды құрайды. Осы көлемінің ішінен 556324 гектар жерді Байқоңыр ғарыш кешені үшін Ресей Федерациясы жалға алып пайдалануда және 127834 гектар Қарағанды облысынан ұзақ мерзімге пайдалануға алынған жерлер.
Аудан бойынша барлық жер пайдаланушылары жер санаттары 2016 жылдың 1 қарашасындағы жер есебі бойынша: ауылшаруашылығы жерлері–384634 гектар, елді мекен жерлері–47324 гектар, өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттағы жерлер–4612 гектар, орман қорының жері – 428961 гектар, су қорының жері–12368 гектар, мемлекеттік қордағы жерлер–1797681 гектар болып бөлінді.
Ауданда барлығы 32317 гектар суармалы жер бар, оның ішінде инженерлік жүйеге келтірілгені 23050 гектар, 38 күріш ауыспалы егіс жүйесі және 6 мал азығындық ауыспалы егіс жүйесі бар. 2015 жылы ауыл шаруашылық құрылымдарының жайылымдық жерлерінен суармалы егістікке 6389 гектар жері, 2016 жылы 4 жер учаскесі жалпы көлемі 789 гектар жері ауыстырылды.
2016 жылдың 26 желтоқсанына дейін айында аудан, кент, ауыл округтері әкімдіктерінен және бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 291 өтініштер түскен. Оның ішінде: қанағаттандырылғаны-231, түсіндірілгені-18, бас тартылғаны-35, қаралуда-5.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлығы- 618 өтініш түскен, нысаналы мақсатын өзгертуге -59, жерге орналастыру жобасын бекітуге-370, Іздестіру жұмыстары үшін рұқсат беру -2, мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту - 88, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 4, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конурстарда, аукциондарда) сатып алу -94.
Бөліммен 2016 жылдың 25 желтоқсанына республикалық және жергілікті бюджетке 44582,8 мың теңге түсіру жұмыстарын атқарды. Атап айтқанда:
Жер учаскелерін аукционда сатуға байланысты: Ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарына сәйкес, биылғы жылы 7 рет аукцион өткізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы көлемі 9357,0 гектар 25 жер учаскесіне жалдау құқығы 5191,1 мың теңгеге сатылса, кәсіпкерлік мақсаттарына жалпы көлемі 24,3904 гектар 20 жер учаскесі 18400,9 мың теңгеге сатылып, аукциондар арқылы барлығы 23592,0 мың теңге жергілікті бюджетке түсірілді.
Жер учаскелерін жалға беруге байланысты:
Биылғы жылы жаңадан жеке және заңды тұлғалармен 135 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 4254,4 мың теңге түсірілді.
Нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты:
Аудан, кент, ауыл округтері әкімдіктерінен жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге биылғы жылы 59 өтініш түсіп, жер учаскелерінің бағалық құнымен 2881,4 мың теңге аудандық бюджетке толық аударылды.
Мемлекеттен жер учаскесін сатып алуға байланысты:
2016 жылы жер учаскелерін мемлекеттен сатып алуға байланысты 77 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 12138,0 мың теңге түсіру жұмыстары атқарылды.
Ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатуға байланысты:
Жеке меншік құқығын беруден (сатудан) республикалық бюджетке 583,9 мың теңге түсіру жұмыстары атқарылса, ауыл шаруашылығынан шығып қалудан туындайтын ауыл шаруашылығы шығасыларынан 1132,9 мың теңге түсірілді.
Жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты:
2016 жылы аудан бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбаған барлығы 85 жер учаскесінің меншік иелеріне (тұрғын үйге қызмет көрсету 52, кәсіпкерлік мақсатында 18, ауыл шаруашылығында 15) ескертпе хаттар таратылды. Осы ескертпелер нәтижесімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2760,0 гектар 9 жер учаскесі (өз еркімен 3, біржақты бұзу 4, сот арқылы 1, мерзімі аяқталған 1), мемлекетке қайтарылды. 6 жер учаскесі құжаттарын қайта рәсімдеді. Жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмай отырған 18 тұлға анықталып, жер учаскелерін заңдылығын тексеруге "Қызылорда облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне хат жолданды. Бөлім тарапынан жер учаскесін заңсыз пайдалану және өз бетінше иемдену қадағаланып отыр.
Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне арнайы кезекке қоюға байланысты.
3 елді мекен бойынша тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесіне мұқтаж азаматтар ретінде арнайы кезекте барлығы 5731 адам тұр (Жосалы кенті - 1523, Төретам кенті - 2254, Ақай ауылы - 1954). Жосалы кенті бойынша 2006 жылы арнай кезекке қойылған 104 тұлғаға Жосалы кенті бойынша жер қатынастарын реттеу комиссиясының тұрғын үй құрылысы үшін жер табыстау туралы оң қорытындысы қабылданып оның ішінде 25 тұлғаға Жосалы кенті әкімінің жер учаскесін табыстау туралы шешімі қабылданды. Облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Төретам кенті және Ақай ауылына Байқоңыр ғарыш кешенің жерінен жер қосып беру туралы Үкімет арқылы жұмыстар атқарылуда. "Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-мен Жосалы кенті Мөлтек ықшам ауданының болашақ даму жоспарына сәйкес 171,0 гектар аумақты құрайтын жерге түбегейлі жоспарлау жобасы (ПДП) әзірленген, алдағы уақытта инфрақұрылым жүргізілген жағдайда тұрғындардың барлық өтініштері қанағаттандырылады.


Қармақшы ауданды бойынша  жер қатынастары саласында  2015 жылы атқарылған және алдағы атқарылатын жұмыстар есебі.

Ауданның жалпы жер қоры - 3104070 гектарды құрайды. Осы көлемнің ішінен 556324 гектар жерді Байқоңыр ғарыш кешені үшін Ресей Федерациясы жалға алып пайдалануда және 127834 гектар Қарағанды облысынан ұзақ мерзімге пайдалануға алынған жерлер.
Аудан бойынша барлық жер пайдаланушылары жер санаттары 2015 жылдың 1 қарашасындағы жер есебі бойынша: ауылшаруашылығы жерлері – 384634 гектар, елді мекен жерлері – 47324 гектар, өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттағы жерлер – 4612 гектар, орман қорының жері – 428961 гектар, су қорының жері – 12368 гектар, мемлекеттік қордағы жерлер–1797681 гектар болып бөлінді.
Ауданда барлығы 32317 гектар суармалы жер бар, оның ішінде инженерлік жүйеге келтірілгені 23050 гектар, 38 күріш ауыспалы егіс жүйесі және 6 мал азығындық ауыспалы егіс жүйесі бар.
2015 жылы 31 желтоқсанына аудан, кент, ауыл округтері әкімдіктерінен және бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 428 өтініштер түскен. Оның ішінде: қанағаттандырылғаны-293, түсіндірілгені-74, бас тартылғаны-47, келесі жылға қарауға қалғаны-14. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлығы-234 өтініш түскен. Оның ішінде: нысаналы мақсатын өзгертуге-54, жерге орналастыру жобасын бекітуге-180.
Бөліммен 2015 жылдың 12 айында республикалық және жергілікті бюджетке 22739,8 мың теңге түсіру жұмыстарын атқарды. Атап айтқанда:
Жер учаскелерін аукционда сатуға байланысты: Ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарына сәйкес, биылғы жылы 5 рет аукцион өткізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы көлемі 9536,0 гектар 37 жер учаскесіне жалдау құқығы 2955,0 мың теңгеге сатылса, кәсіпкерлік мақсаттарына жалпы көлемі 3,6 гектар 32 жер учаскесі 3462 мың теңгеге сатылып, аукциондар арқылы барлығы 6417,0 мың теңге жергілікті бюджетке түсірілді.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 29 желтоқсанында шаруа қожалықтары және кәсіпкерлік мақсаттарына барлығы 64 жер учаскесі аукцион шығарылып, аукцион нәтижесімен 47 жер учаскесі өткізілді. Алдағы жылы келісім-шартқа отыру жұмыстары атқарылып, жергілікті бюджетке қаржы түсіріледі.
Жер учаскелерін жалға беруге байланысты:
Биылғы жылы жаңадан жеке және заңды тұлғалармен 93 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 5321,0 мың теңге түсірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 378 бабына ҚР Салық кодексіне 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жер учаскелерінің жер салықтары жоғарылатылып, барлық шаруашылықтармен қосымша (Ауданда барлығы 225 меншік иелері болса, оның ішінде жеке меншік 6, тұрақты 17, жаңадан берілген 50 болса, қосымша келісім-шарт жасалатын 152. Бөлім тарапынан аталған 152 уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскесіне жер салығының базалық салық мөлшерлемесін 5 есеге көтеру арқылы, жалға беру шарттарына өзгерістер енгізіліп барлығы 208 қосымша келісім-шарттар толық жасалды) келісім-шарттар жасау жұмыстары толық атқарылды.
Сонымен қатар, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін он еседен асырмай жоғарылатуға Қармақшы ауданы әкімдігінің ұсынысымен пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жер салығын көтеруге Қармақшы ауданы мәслихаты отырысында қаралып, 23.07.2015 жылғы №275 шешіммен жер салығы бес есеге жоғарылату бекітіліп, Қызылорда облыстық әділет департаментінде шешім 06.08.2015 жылғы №5084 санмен тіркелді.
Нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты:
Аудан, кент, ауыл округтері әкімдіктерінен жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге биылғы жылы 54 өтініш түсіп, жер учаскелерінің бағалық құнымен 1299,8 мың теңге аудандық бюджетке толық аударылды.
Мемлекеттен жер учаскесін сатып алуға байланысты:
2015 жылы жер учаскелерін мемлекеттен сатып алуға байланысты 25 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 7992,3 мың теңге түсіру жұмыстары атқарылды.
Ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншік құқығын беруден республикалық бюджетке 1353,8 мың теңге түсіру жұмыстары атқарылса, ауыл шаруашылығынан шығып қалудан туындайтын ауыл шаруашылығы шығасыларын өтеуге байланысты 355,9 мың теңге түсірілді.
Жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты:
Жыл басынан бері аудан бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбаған барлығы 40 жер учаскесінің меншік иелеріне ескертпе хаттар таратылды. Оның ішінде: кәсіпкерлік мақсатында 17, ауыл шаруашылығында 23 жер учаскесі. Осы ескертпелер нәтижесімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2034,0 гектар 16 жер учаскесі мемлекетке қайтарылса (6 өз еркімен қайтару, 10 біржақты бұзу арқылы), кәсіпкерлік мақсатындағы 5,6 гектар 4 жер учаскесі (А.Алтынсариев мал бордақылау және мал сою пункті-1,0 га, А.Жыңғылбаев базар-0,6 га, О.Боранбаев мал бордақылау және мал сою алаңы-2,0 га, Б.Боранбаев қосалқы шаруашылықо-2,0 га ) мемлекетке қайтарылды. Сонымен қатар, жер учаскелерін заңсыз пайдаланған 5 тұлғаның жер учаскелерін тексеруге "Қызылорда облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы" ММ-не хат жолданған. Тексеру нәтижесі бойынша 3 адамға (Махамбетов, Ә.Лақбаев, М.Ерманов) ескертулер беріліп, 2 адамға (Джакешов 148650, Г.Косанова 148650) барлығы 297300 теңге айыппұлдар салынған. Ауданда бұдан бақа жер учаскелерін заңсыз пайдалану және өз бетінше жер учаскелерін иемденген жеке және заңды тұлғалар жоқ, бөлім тарапынан қадағаланып отыр.
Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне арнайы кезекте тұрғандарға байланысты.
3 елді мекен бойынша тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесіне мұқтаж азаматтар ретінде арнайы кезекте барлығы 5204 адам тұр. Оның ішінде: Жосалы кенті - 1187, Төретам кенті - 2151, Ақай ауылы - 1866 қойылып келеді. Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Төретам кенті және Ақай ауылына Байқоңыр ғарыш кешенің жерінен жер қосып беру туралы Үкімет арқылы жұмыстар атқарылуда. "Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-мен Жосалы кенті Мөлтек ықшам ауданының болашақ даму жоспарына сәйкес 171,0 гектар аумақты құрайтын жерге түбегейлі жоспарлау жобасы (ПДП) әзірленген, алдағы уақытта инфрақұрылым жүргізілген жағдайда тұрғындардың өтініштері қанағаттандырылады.
Аудан көлемінде пайдаланылмай жатқан және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерге байланысты.
Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №691-Ө өкімімен облыс көлемінде заңсыз карьерлерді анықтау және олар бойынша шаралар қабылдау үшін жұмысшы тобы құрылып, жұмысшы топтың құрамына мемлекеттік органдардың мамандары енгізілген.
Қармақшы аудандық прокуратурасымен Қармақшы ауданы бойынша жер учаскесін заңсыз қазу фактілерін анықтау мақсатында рейд ұйымдастырылды. Рейд нәтижесінде Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінен шамамен 3 шақырым жерде орналасқан "Сарыөзек" өңірінен жер учаскелерін заңсыз қазып, кірпіш (қыш) шығарылып жатқан жер анықталды. Аталған жер учаскесі Жосалы кенті, Сейтжан ахун көшесі №76 үйдің тұрғыны Қаршыға Әділет Қаршығаұлына 31.01.2014 жылғы №8 "Жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты" негізінде жалпы көлемі 5,0 гектар, кадастрлық нөмірі 10-151-031-407, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 (он) жыл мерзімге ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін берілген. Бөлім тарапынан фототүсірілім және қазылған жер учаскелерінің көлемі (0,37 га) анықталып, сызбалары прокуратура органына мәлімет үшін берілді. Қазіргі таңда, "Қызылорда облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі тарапынан әкімшілік шаралар жүргізілді.
Елді мекен шекараларын белгілеуге байланысты.
Жосалы кентінің жерін аймақтарға бөлу мақсатында (зонирование) бағалауға байланысты бағалау коэффициенттері аудандық мәслихаттың 03.03.2015 жылғы №245 шешімімен бекітіліп, облыстық әділет департаментінде 30.03.2015 жылы №4928 санымен тіркелді.
Төретам кентінің жерін аймақтарға бөлу мақсатында (зонирование) бағалауға байланысты бағалау коэффициенттері аудандық мәслихаттың 22.09.2015 жылғы №295 шешімімен бекітіліп, облыстық әділет департаментінде 14.10.2015 жылы №5172 санымен тіркелді.
Ақай елді мекенінің шекараларын (шегін) белгілеу жұмыстары атқарылып, аудандық мәслихатының 12.11.2015 жылғы №301 шешімімен бекітілп, облыстық әділет департаментінде 08.12.2015 жылғы №5251 санмен тіркелді.
Тұтыну қалдықтарын тастайтын полигондарға байланысты.
11 ауылдық округте өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мен жою жөніндегі объектілерді (полигон) салу үшін облыс әкімінің 2015 жылы №252 қаулысы шығарылып, бөлім тарапынан ауыл әкімдіктерге табыс етілді.
Ауыл шаруашылық субъектілеріне паспорт жасауға байланысты.
Аудан бойынша 225 жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылық мақсатында жұмыс жасайды. Осы аталған тұлғалардың 276 жер учаскелеріне қазіргі таңда 68-іне жер учаскелерінің паспорттары берілген. Сонымен қатар, 208 ауыл шаруашылық субъектілеріне паспорт жасау мақсатында "Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы" ММ-не 24.12.2015 жылғы №0/2-1/785 және "ЖЕРҒӨО" РМК Қызылорда филиалына 24.12.2015 жылғы №0/3-2/786 хаттармен ұсыныстар берілді. Осыған сәйкес 2016 жылы 108 шаруашылыққа паспорт жасау жоспарлануда.
Алдағы жұмыс барысында бөлім аудан көлеміндегі жер учаскелерінің бағалық құнын бекіту, иесіз жерлерді анықтау, жерлерді сауда-саттықта аукцион (конкурстар) арқылы сатуды ұйымдастыру, жер учаскелеріне уақытша, жеке меншік келісім шарттарын жасау және жыл сайынғы жер салығын уақытылы түсіру, жаңадан берілетін жер учаскелері туралы салық органдарына мәлімет беру және нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбаған жер учаскелерін анықтап мемлекетке қайтару жұмыстарын атқару, нысаналы мақсатына қарай пайдаланбаған ауыл шаруашылығы жерлеріне салық көлемін қолданыстағы Заңдылықтарға сәйкес 5 есеге дейін жоғарылатып төлеу жұмыстарын атқара беретін болады.