Бастапқы бет » Инфрақұрылым » Құрылыс

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Электрондық үкімет» бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасалуда. Яғни, аудан бойынша барлық елді мекендердегі тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар аталған жүйеге тіркеліп, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры жүйесімен сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша бөлім тарапынан төрт қызмет көрсетілуде. Атап айтқанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама беру, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру және эскиздік жобаны келісуден өткізу. Аталған қызметтер «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы құжаттар қабылданып, мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Қазіргі таңда 2017 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің төмендегі мәліметі бойынша:
1)жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде барлығы 526 анықтама;
2)сәулет жоспарлау тапсырмасын беру – 42;
3)тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру – 5;
4)эскиздік жобаны келісуден өткізу – 12.
Аудан көлемінде пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысы бойынша:
Жыл басынан аудан көлемінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидаларын және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1278 Қаулысына сәйкес жыл басынан 89 жеке тұрғын үй құрылысының қабылдау актілері бөлімге тіркеліп пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы ауданы 14550,0 шаршы метр құрады. Яғни 2016 жылдың 9 айлық қорытындысымен салыстырғанда 122,3 пайызға артты. Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша тұрақты түрде ай сайын аудандық статистика басқармасына және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына ақпараттар уақытылы берілуде.
Аудан көлемінде кәсіпкерлік мақсатта құрылыс жұмыстары аяқталып, объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісін әзірлеп, бөлімге тіркеткен объектілердің мәліметі бойынша:
-Тұрғын үйлерінің бөлмесін реконструкциялап дүкен және қонақ үй ретінде пайдалануға қабылдап, актілерін тіркеткендер саны 5;
-Жаңадан дүкен құрылысын пайдалануға қабылдап, актілерін тіркеткендер саны 1.
-Шағын бөдене құс фермасының құрылысын пайдалануға қабылдап, актілерін тіркеткендер саны 1.
-Сән салоны құрылысын пайдалануға қабылдап, актілерін тіркеткендер саны 2.
Бөлім тарапынан әзірленген эскиздік жобалар бойынша:
-Жосалы кентіндегі 90 орындық «Ертөстік» және «Айгөлек» балабақша ғимараттарының қасбетіне эскиздік жоба әзірленіп, эскиздік жоба сәйкес құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.
-Ақтөбе ауылындағы орталық саябаққа және көшелерге жүргізілетін абаттандыру жұмыстарына байланысты бөлім тарапынан эскиздік жобалар әзірленіп, қазіргі таңда эскиздік жобаға сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілуде;
-Жосалы кентіндегі Абай көшесінің бойындағы түнгі жарықтандыру жұмыстарына байланысты эскиздік жоба әзірленіп, түнгі жарықтандыру бағаналары орнатылды.
«Аудан бойынша салық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы»
Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы «аудан бюджетінің салық базасын ұлғайту жөніндегі» №98-Ө өкіміне сәйкес жедел жұмысшы тобы құрылып аудан тұрғындарына жеке меншік құқығындағы тұрғын емес үй-жайларға түгендеу жүргізу және мақсатсыз пайдаланып отырған жылжымайтын мүліктерге зерттеу жүргізу, оның ішінде: бітпеген құрылыстар, құқығы тіркелмеген құрылыстар, арнайы мүлкін тіркетпей жүрген (жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілері бойынша) жылжымайтын мүлік объектілерін анықтау және қызыл сызықтың сақталуын зерттеу жұмыстары бойынша анықталған меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтсақ, Қармақшы көшесі №9 үй 2 пәтер тұрғыны Маханова Феруза Тыныштыққызының (Үміт) азық түлік дүкені, Корқыт ата көшесі №65 үй 4 пәтер тұрғыны Төрежанова Аманкүлдің (Кәусәр) аралас сауда дүкені, Сегізов көшесі №1 үй 3 пәтер тұрғыны Тәжібаева Бибігүлдің (Гүлжан) шаштаразы.
Сонымен қатар жеке меншік тұрғын үйінің нысаналы мақсатын өзгерпей тұрғын үйін рұқсатсыз кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған Жосалы кентіндегі Амангелді көшесі №9 үйдің тұрғыны Даутова Айзаданың (Тұрмағамбет) фотостудиясы және М. Шоқай көшесі №6 мекен жайында орналасқан атауы жоқ азық-түлік дүкені.
Осы аталған нысандардың меншік иелеріне 1 ай мерзімге заңды құжаттарын рәсімдеп, ретке келтіру үшін ескертпе хат негізінде берілді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы 16-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, (өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi) делінген, осы заң талабына сәйкес төмендегі талаптарды орындау үшін аудан көлемінде орналасқан кент, ауылдық округ әкімдеріне, ауданның дербес бөлімдеріне және мекемелерге сыртқы келбетін талапқа сай ұстауға, ғимараттарының ауласын абаттандыруға және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға тиісті хат жолданды.
Берілген тапсырмаға сәйкес заң талаптарына сай күтіп ұстауға, ғимараттарының ауласын абаттандыруға және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға байланысты кент, ауылдық округ әкімдері, ауданның дербес бөлімдері және мекемелері алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жөніндегі ұсыныстарын жолдауда.
Қармақшы ауданы әкімінің 2017 жылғы 03 наурызындағы №108-Ө/нқ өкіміне «Ауданда санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы»
Жосалы кенті Абай көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлермен дүкендерге (әктеу, сырлау, қоршауды түзету, қоршауларды алу тазалау, ағаш егу) сынды жұмыстар жүргізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрған және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға ескерту берілді.
Аудан бойынша қала құрылысы регламенті талаптарының сақталуына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар, құрылыс салуға берілетін рұқсат құжаттарының жайы туралы.
Қармақшы ауданы Жосалы кентінің бас жоспары 2008 жылы әзірленіп, Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №86 шешімімен бекітілді. Бас жоспарға сәйкес Жосалы кентінің Мөлтек ықшам ауданына 2012-2014 жылдар аралығында 51 гектар және 120 гектарды құрайтын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Мөлтек ықшам ауданына 51 гектарды құрайтын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына аудандық бюджеттен 4, 300 мың теңге және мөлтек ықшам ауданы 120 гектарды құрайтын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына аудандық бюджеттен 11, 242 мың теңге бөлінді. Жалпы аумағы 171 гектар.
Аталған аумаққа 2016 жылы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы құны 814,898 млн.теңге қаржы бөлініп, жоба бойынша 33,144 шақырым қиыршық тас төселіп, 48,160 шақырымға электр желілері және 25,3 шақырымға телефон желілері жүргізілді.
Қазіргі уақытта жер учаскелерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізу және бос жер телімдері, сондай-ақ қала құрылыстық құжаттар туралы ақпаратқа халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Кодексінің 44-1 бабының 2-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ұлттық қауіпсіздік органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпараттар Қармақшы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына және бөлім тарапынан ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердің даму сызбаларын халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерге орналастыру жөнінде хат жолданды. Қазіргі уақытта даму сызбалар ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерге орналастырылды.
2006-2017 жылдар аралығында Жосалы кенті әкімшілігіне жеке тұрғын үй құрылысын салуға кезекке қойылған 1731 жеке тұлғалардың өтініштері тіркелген.
Оның ішінде:
2006-2016 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегіне 1192 жеке тұлға тіркеліп, 2016-2017 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегіне 539 жеке тұлға тіркелді.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 2006-2016 жылдар аралығындағы кезекке қойылған 1192 жеке тұлғалардың ішінде 92 жеке тұлғаның өтініштері қанағаттандырылды.
Сонымен қатар 2007 жылы арнайы кезекке қойылған 293 жеке тұлғаның ішінде 179 жеке тұлғаның өтініштері қанағаттандырылып, жалпы 2006-2007 жылдар аралығындағы 271 жеке тұлғаларға жеке тұрғын үй құрылыстарын салу үшін жер учаскелері «Тәуелсіздік» ықшам ауданынан (жалпы аумағы 120 га және 51 гектарды құрайтын «Мөлтек» аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес) табысталды.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес "Нұрлы-Жер" бағдарламасына сәйкес 20 тұрғын үйдің жобасына бюджеттік өтінім тапсырылып және қосымша 20 тұрғын үйге жобалау-іздестіру жұмыстары (ПИР) әзірлену үстінде. Аталған жобаның жобалау-іздестіру жұмыстары әзірленген кезде қосымша бюджеттік өтінім тапсырылады. Қазіргі уақытта 2 аумақты игеру жұмыстары жүргізілуде.
Бас жоспарға сәйкес жалпы көлемі 80,0 гектарды құрайтын «Мөлтек» ықшам ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу 2019 жылға жоспарлануда.
Қармақшы ауданы бойынша қала құрылыстық регламенттер талаптарының сақталуын анықтау жөніндегі жұмысшы тобы құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Анықталғандар Е. Көшербаев көшесінің бойында қызыл сызықтан асыра қоршап алған және құрылыс жұмыстарын жүргізген №49, №61, №93 тұрғын үйлерге уақытында тиісті ескертулер беріліп, нәтижесінде қоршаулары мен құрылыс жұмыстары тоқтатылып қалыпқа келтірілді. Атап айтқанда Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесіндегі дүкен құрылысы Қосуақова Элмираға рұқсатсыз құрылыс жүргізгені анықталып 400 мың көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қоса Жосалы кенті бойынша 3 Төретам кенті бойынша 2 кәсіпкерлік мақсатында салынған нысандар анықталып Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына тексеру үшін хат ретінде және қосымша суреттерімен жолданды.


Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар

2017 жылы Республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттерден және Қазақстан Республикасының Ұлттық қор резервінен бөлінген қаржыларға аудан көлемінде бірқатар құрылыс жұмыстары атқарылуда.
Атап айтқанда:
-Білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру саласы бойынша құрылысы 2016 жылы басталған нысандарды қоса алғанда 4 бала бақша, 2 мектеп құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 1 мектеп, 2 бала бақша құрылысы аяқталса, 2 бала бақша мен 1 мектеп құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар:
-«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Ертөстік» балабақшасы» («Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі. Жалпы сметалық құны 257,8 млн теңге. Келісім шарт соммасы -233,6 млн. теңге (келісім-шарт №160, 18.11.2016ж), «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Айгөлек» балабақшасы» («Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі. Жалпы сметалық құны: 252,1 млн.теңге. Келісім шарт соммасы -228,7 млн. теңге (келісім-шарт №166, 18.11.2016ж), «Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылындағы 140 орындық мектеп құрылысы» (мердігер «Промстройсервис-Е» ЖШС–гі. (Жалпы сметалық құны: 484,033 млн. теңге. Келісім шарт соммасы -460,0 млн. теңге (келісім-шарт №70, 21.09.2016. нысандары бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.
-«Қармақшы ауданы Иіркөл елді мекеніндегі 50 орындық №12 «Самал», Төребай би елді мекеніндегі 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақша құрылысы» нысандары бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Иіркөл елді мекеніндегі №12 Самал бала бақшасы құрылысының мердігері Компания «Мега ЛТД»ЖШС-гі(Жобаның жалпы сметалық құны: 183,646 млн.теңге.Келісім шарт соммасы - 180,320 млн. теңге(келісім-шарт №44, 28.03.2017ж) , Төребай би елді мекеніндегі №15 «Ақкөгершін» бала бақшасы құрылысының мердігері «Асар»ЖШС-гі (Жобаның жалпы сметалық құны: 188,480млн.теңге. Келісім шарт соммасы: 184,800 млн. теңге(келісім-шарт №44, 28.03.2017ж). Бұл нысандарға 2017 жылға бөлінген қаржы – әрқайсысына 50,0 млн.теңге. Қазіргі таңда Иіркөлдегі бала бақша құрылысы бойынша іргетас жұмыстары , 1-қабатының кірпішін қалау жұмыстары аяқталып, 1-ші қабаттын тобесін жабу, ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде, ал Торебай елді мекеніндегі бала бақша құрылысы бойынша іргетасын қалау жұмыстары аяқталып, кірпішін қалау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
-Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысы басталды. Мердігер «Аман Құрылыс»ЖШС-гі. (Жалпы сметалық құны: 789,932 млн.теңге. Келісім шарт сомасы: 775,500 млн. теңге, келісім-шарт №92, 21.04.2017ж). Құрылыс жұмыстарына биылғы жылға ҚР Ұлттық қор есебінен 567,5 млн.теңге бөлінген, қалған қаржысы облыстық бюджеттен бөлінеді. Бүгінгі күнге іргетасын қалау жұмыстары аяқталып, кірпішін қалау жұмыстары жүргізілуде.
-«Қармақшы ауданы Төретам кентінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» нысаны бойынша мердігер Компания «Интегрострой» ЖШС-гі жүргізуде. (Жалпы сметалық құны: 364,937 млн.теңге. Келісім шарт сомасы: 349,403 млн. теңге, келісім-шарт №100, 28.04.2017ж)
Құрылыс жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен бөлінген бастапқы қаржысы 100,0 млн .теңге.
Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарын бастау үшін құрылыс материалдар мен техникалары жеткізілді. Іргетасын құю жұмыстары аяқталды.
-«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысы» нысаны бойынша мердігер «Промстройсервис-Е» ЖШС-і (Жалпы сметалық құны: 1 292,158 млн.теңге), 2017 жылға облыстық бюджеттен -100,0 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын бастауға тиісті рұқсат беретін құжаттары алынып, жақын арада құрылысы басталады деп күтілуде.
Бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Бұл нысандармен қатар аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға бөлімнің тапсырыс беруімен «Байқоңыр қаласындағы 6 мектептің (№№272, 273, 274, 275, 276, 277 мектептер) жылыту жүйесін газға қосу» (Жалпы сметалық құны: 25,579 млн.теңге, бөлінген қаржы 21,9, Келісім шарт сомасы: 20,384 млн теңге(келісім-шарт №14 10.03.2017ж) және «Байқоңыр қаласындағы №24 балабақшаның жылыту жүйесін газға қосу» жұмыстары бойынша мердігер «Асанас Дар» ЖШС-гі.
(Жалпы сметалық құны: 3,572 млн.теңге. Келісім шарт сомасы: 2,464 млн. теңге(келісім-шарт №16, 13.03.2017ж).
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:-
2016 жылы жалпы сметалық құны 678,8 млн теңге болатын 2 жоба «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына (4-кезек)» және «Жосалы кентіндегі су жүйесінің және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту жұмыстарына» «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылып, мемлекеттік сатып алу өткізілген. 1-жоба бойынша «Сәт-Сервис» ЖШС-н 359,7 млн. теңге (Жалпы сметалық құны: 444,548 млн. теңге. Келісім шарт сомасы: 359,700млн.теңге (келісім-шарт №32, 27.12.2016ж), 2-жоба бойынша «РЗА» АҚ 210,5 млн теңгеге (жалпы сметалық құны: 234,369 млн. теңге.Келісім шарт сомасы: 210,546млн.теңге (келісім-шарт №100, 20.12.2016ж) келісім шарт жасалған.
Бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы.
-«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» (4 кезек) нысаны бойынша қазіргі таңда 700 үйге су құбыры кіргізілген, Абай,Наурыз көшелерінде су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.
-«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту» 1-і Резервуар аяқталуға жақын, 2-і резервуардың 50% жұмыстары аяқталған, насос.ст. плитасы койылып,шатырын толық салып, ішкі сылақ жұмыстары жүргізілді. Сыртқы қоршау жұмыстары 70% аяқталып тұр.
Елді мекендері ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 2017 жылға барлығы 6 жобаны іске асыруға 349,4 млн теңге (оның ішінде РБ 136,8 млн теңге, ОБ-212,6 млн теңге) қаралған.
Атап айтқанда:-
-«Нұрлы-Жол» бағдарламасы арқылы Қармақшы ауданы Дүр Оңғар елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 102,2 млн теңге және Иіркөл елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 34,6 млн теңге бөлінген, бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші «Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы, жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу өткізілуде;
облыстық бюджеттен
-Алдашбай ахун елді мекеніндегі су құбырын тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына 46,1 млн теңге;
-Қуандария елді мекеніне 34,3 млн теңге;
-Қармақшы елді мекені 63,6 млн теңге;
-Көмекбаев елді мекеніне 68,6 млн теңге бөлінді.
Бұл нысандар бойынша тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
«Қармақшы ауданы Қуаңдария елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» нысаны бойынша мердігер «Орда құрылыс» ЖШС-гі. (Жалпы сметалық құны: 34,261 млн.теңге.Келісім шарт сомасы - 24,640 млн. теңге,келісім-шарт №28, 28.03.2017ж). Бұл нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде
-«Қармақшы ауданы Алдашбай Ахун елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» нысаны бойынша мердігер «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі жүргізуде. (Жалпы сметалық құны: 46,071млн.теңге.Келісім шарт сомасы - 37,428 млн. теңге,келісім-шарт №29, 18.03.2017ж). Бұл нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
-«Қармақшы ауданы Көмекбаев елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» (Жалпы сметалық құны: 68,603млн.теңге.Келісім шарт сомасы - 47,288 млн. теңге(келісім-шарт №46, 02.05.2017ж) және «Қармақшы ауданы Қармақшы елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» Жалпы сметалық құны: 63,651 млн.теңге. Келісім шарт сомасы - 42,621 млн. теңге(келісім-шарт №45, 02.05.2017ж) нысандары бойынша мердігер «РЗА» АҚ. жүргізуде. Бұл нысандар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
-«Қармақшы ауданы «Қараөзек» арнасының «Қожатай» учаскесіндегі су тоспасын салу құрылысы» нысаны бойынша мердігер «Сыр Маржаны» ЖШС-гі. (бөлінген қаржы 18,7 (ОБ-11,9, ЖБ-6,8) млн теңге, келісім шарт соммасы 18,416млн.теңге, келісім-шарт №27 18.03.2017ж)
Құрылыс-монтаж жұмыстары 30.06.2017 жылы басталды. Келісім шарт бойынша 1 қыркүйекке дейін толық аяқталуы жоспарланып отыр.
Денсаулық сақтау бойынша:
-«Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары» нысаны бойынша тапсырыс берушісі Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Мердігер: «ЖолЭнергоҚұрылыс» ЖШС-гі. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржы 247,384 млн теңге, келісім шарт сомасы 243,605 млн. теңге (келісім-шарт №78 12.04.2017ж). Қазіргі таңда бұл нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Жосалы кенті Сексенбаев көшесінен әкімшілік ғимарат құрылысын» салуға облыстық және аудандық бюджеттен 48,7 млн теңге көлеміне қаржы бөлініп (ОБ-43,7 млн теңге, ЖБ-5,0 млн теңге), мемлекеттік сатып алу өткізіліп, мердігер «СК Ер-Қанат Сервис» ЖШС-гі анықталды (келісім шарт соммасы -47,9 млн теңге). Қазіргі таңда бұл нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ғимараттын қабырғалары тұрғызылып, төбесі жабылды, ішкі сылақ, әрлеу жұмыстары, сыртқы қоршау абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша:
-«Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен жайластыру» жобасының құрылыс жұмыстарына 158,8 млн теңге бөлінді (оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен 142,9 млн теңге , ОБ 15,9 млн теңге бөлінді).
Мердігер «Нұр-Талап и К» ЖШС-гі . Тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Бүгінгі күнге бұл нысан бойынша құрылыс материалдары құрылыс материалдары жеткізіліп, 8 көшеге құм төселіп 1 слой, грейдермен тегістеп жатыр. Электр желілері бойынша 0,4 кВт бағаналары орнатылуда.
(Анықтамалық жоба бойынша 15,1 км электр желісі, 5 км қиыршық тас жолдарын салу қаралған)
Сонымен қатар Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймақты кернеулігі 0,4 кВт электр желісімен қамтамасыз етуге 2,2 млн теңге аудандық бюджеттен бөлініп, мемлекеттік сатып алу өткізіліп, КЭТТК АҚ жеңімпаз болып, мердігермен 2,1 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда жұмыстар аяқталып қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы 2017 жылға ауданға құрылыс жұмыстарына 3,3 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінген, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 1 млрд 506 млн теңге, облыстық бюджеттен 1млрд 777 млн.теңге және 39,0 млн теңге аудандық бюджет қаражатынан бөлінген.
2017 жылы бөлім арқылы жалпы соммасы 559947,4 мың теңгеге барлығы 44 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде конкурс тәсілімен 33, бір көзден алу тәсілімен 11 сатып алу. Мемлекттік сатып алудан 79422,3 мың теңге қаржы үнемделген.
Жоба- сметалық құжаттар әзірлеу бойынша:
Төретам кентіндегі №85, Тұрмағамбет ауылындағы №29, Ақжар елді мекеніндегі №28, Жосалы кентіндегі №27 және №105 мектеп ғимаратының бу қазандықтарын сыртқа шығару» жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 10,2 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу өткізілді.
«Тұрмағанбет елді мекеніндегі №29 мектеп ғимаратының бу қазандығын сыртқа шығару» объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарын жобалаушы «ТехноСтройПроект» ЖШС-гі, жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылды.
Төретам кентіндегі №85, Ақжар ауылындағы №28, Тұрмағамбет ауылындағы №29, Жосалы кентіндегі №27, №105 мектеп ғимаратының бу қазандығын сыртқа шығару жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын жобалаушы «Сыр-Жоба» ЖШС-гі, қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттар аяқталып, сараптама қарауына ұсынылуға дайындалуда.
-«Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылындағы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, сараптама қорытындысын алу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 20,1 млн теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу өткізіліп , нәтижесінде «Сыр жоба» ЖШС-гімен 18154,0 мың теңгеге (№36 17.04.2017ж.) келісім шарт жасалды. Жоба сметалық құжаттарын әзірленіп қабылданды, сараптама қарауына ұсынылуда.
-«Ақай елді мекеніндегі тұрғын үйлерге ауыз су желілерін жеткізу құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптама қорытындысын алу жұмыстарына 6700,0 мың теңге қаржы бөлінген. Жобалаушы мекеме «ҚызылордаВодГазПроект» ЖШС-гі, 5192,899 мың теңгеге келісім шарт жасалды (№12 10.03.2017ж.). Қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттарын әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бағдарлама әкімшісі Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қаржы бөлдіру мақсатында бюджеттік өтінім жолданды.
-«Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарына 38747,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, нәтижесінде «Крез Сервис» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды, келісім шарт соммасы 34316,3 мың теңге.
Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, жобаға Байқоңыр қаласының коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінен келісімдер алынуда.
«Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары» жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына 1112,658 теңгеге, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, нәтижесінде «ТехноСтройПроект» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Жоба сметалық құжаттар әзірленіп, сараптама қарауына ұсынылды.
Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша:
Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Электрондық үкімет» бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасалуда. Яғни, аудан бойынша барлық елді мекендердегі тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар аталған жүйеге тіркеліп, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры жүйесімен сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша бөлім тарапынан төрт қызмет көрсетілуде. Атап айтқанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама беру, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру және эскиздік жобаны келісуден өткізу. Аталған қызметтер «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы құжаттар қабылданып, мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Қазіргі таңда 2017 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің төмендегі мәліметі бойынша:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде барлығы 420 анықтама;
2) сәулет жоспарлау тапсырмасын беру – 24;
3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру – 4;
4) эскиздік жобаны келісуден өткізу – 7.
Жыл басынан бөлімге келіп түскен кіріс хаттар мен шығыс хаттардың мәліметтері бойынша:
- Кіріс хаттардың саны – 836;
- Шығыс хаттардың саны – 363.
Аудан көлемінде пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысы бойынша:
Жыл басынан аудан көлемінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидаларын және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1278 Қаулысына сәйкес 73 жеке тұрғын үй құрылысының қабылдау актілері бөлімге тіркеліп пайдалануға қабылданды. Қазіргі уақытта пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы ауданы 9550,0 шаршы метр құрауда. Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша тұрақты түрде ай сайынғы аудандық статистика басқармасына және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне ақпараттар берілуде.
«Аудан бойынша салық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы»
Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы «аудан бюджетінің салық базасын ұлғайту жөніндегі» №98-Ө өкіміне сәйкес жедел жұмысшы тобы құрылып аудан тұрғындарына жеке меншік құқығындағы тұрғын емес үй-жайларға түгендеу жүргізу және мақсатсыз пайдаланып отырған жылжымайтын мүліктерге зерттеу жүргізу, оның ішінде: бітпеген құрылыстар, құқығы тіркелмеген құрылыстар, арнайы мүлкін тіркетпей жүрген (жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілері бойынша) жылжымайтын мүлік объектілерін анықтау және қызыл сызықтың сақталуын зерттеу жұмыстары бойынша анықталған меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтсақ, Қармақшы көшесі №9 үй 2 пәтер тұрғыны Маханова Феруза Тыныштыққызының (Үміт) азық түлік дүкені, Корқыт ата көшесі №65 үй 4 пәтер тұрғыны Төрежанова Аманкүлдің (Кәусәр) аралас сауда дүкені, Сегізов көшесі №1 үй 3 пәтер тұрғыны Тәжібаева Бибігүлдің (Гүлжан) шаштаразы.
Сонымен қатар жеке меншік тұрғын үйінің нысаналы мақсатын өзгерпей тұрғын үйін рұқсатсыз кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған Жосалы кентіндегі Амангелді көшесі №9 үйдің тұрғыны Даутова Айзаданың (Тұрмағамбет) фотостудиясы және М. Шоқай көшесі №6 мекен жайында орналасқан атауы жоқ азық-түлік дүкені.
Осы аталған нысандардың меншік иелеріне 1 ай мерзімге заңды құжаттарын рәсімдеп, ретке келтіру үшін ескертпе хат негізінде берілді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы 16-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, (өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi) делінген, осы заң талабына сәйкес төмендегі талаптарды орындау үшін аудан көлемінде орналасқан кент, ауылдық округ әкімдеріне, ауданның дербес бөлімдеріне және мекемелерге сыртқы келбетін талапқа сай ұстауға, ғимараттарының ауласын абаттандыруға және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға тиісті хат жолданды.
Берілген тапсырмаға сәйкес заң талаптарына сай күтіп ұстауға, ғимараттарының ауласын абаттандыруға және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға байланысты кент, ауылдық округ әкімдері, ауданның дербес бөлімдері және мекемелері алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жөніндегі ұсыныстарын жолдауда.
Қармақшы ауданы әкімінің 2017 жылғы 03 наурызындағы №108-Ө/нқ өкіміне «Ауданда санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы»
Жосалы кенті Абай көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлермен дүкендерге (әктеу, сырлау, қоршауды түзету, қоршауларды алу тазалау, ағаш егу) сынды жұмыстар жүргізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрған және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға ескерту берілді.
Жер учаскелерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізу және бос жер телімдері, сондай-ақ қала құрылыстық құжаттар туралы ақпаратқа халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар.
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Кодексінің 44-1 бабының 2-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ұлттық қауіпсіздік органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпараттар Қармақшы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына және бөлім тарапынан ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердің даму сызбаларын халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерге орналастыру жөнінде хат жолданды. Қазіргі уақытта даму сызбалар ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерге орналастырылды.


Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Электрондық үкімет» бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын «Мекен – жай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасалуда. Яғни, аудан бойынша барлық елді мекендердегі тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар аталған жүйеге тіркеліп, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры жүйесімен сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша бөлім тарапынан төрт қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама беру, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру және эскиздік жобаны келісуден өткізу. Аталған қызметтер ауданымздағы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы құжаттар қабылдануда. 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларының аралығында мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде барлығы 203 анықтама;
2) сәулет жоспарлау тапсырмасын беру – 10;
3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға шешім беру – 2;
4) эскиздік жобаны келісуден өткізу – 2.
Аудан көлемінде жеке тұрғын үйлермен кәсіпкерлік мақсатта салынған нысандар бойынша:
Аудан бойынша 2016 жылдың 3 айында пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің саны 23, жалпы ауданы 3370,0 шаршы метрді құраса, 2017 жылы 3 айында пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің саны 31, жалпы ауданы 3850,0 шаршы метр, яғни 114,2 пайызға артты.
«Аудан бойынша салық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы»
Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы «аудан бюджетінің салық базасын ұлғайту жөніндегі» №98-Ө өкіміне сәйкес жедел жұмысшы тобы құрылып аудан тұрғындарына жеке меншік құқығындағы тұрғын емес үй-жайларға түгендеу және мақсатты пайдалануына зерттеу жүргізу, яғни, бітпеген құрылыстар, құқығы тіркелмеген құрылыстар, арнайы мүлкін тіркетпей жүрген (жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілері бойынша) жылжымайтын мүлік объектілерін анықтау, қызыл сызықтың сақталуын зерттеп меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Жоғарыда аталған тапсырмалардың орындалуы барысында, жұмысшы тобы Жосалы кентінде орналасқан төмендегідей кәсіпкерлік мақсатта салынған және тұрғын үйін рұқсатсыз кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған нысандардың құжаттары жоқ екендігін анықтады.
Атап айтсақ, Қармақшы көшесі №9 үй 2 пәтер тұрғыны Маханова Феруза Тыныштыққызының (Үміт) азық түлік дүкені, Корқыт ата көшесі №65 үй 4 пәтер тұрғыны Төрежанова Аманкүлдің (Кәусәр) аралас сауда дүкені, Сегізов көшесі №1 үй 3 пәтер тұрғыны Тәжібаева Бибігүлдің (Гүлжан) шаштаразы.
Сонымен қатар жеке меншік тұрғын үйінің нысаналы мақсатын өзгерпей тұрғын үйін рұқсатсыз кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған Жосалы кентіндегі Амангелді көшесі №9 үйдің тұрғыны Даутова Айзаданың (Тұрмағамбет) фотостудиясы және М. Шоқай көшесі №6 мекен жайында орналасқан атауы жоқ азық-түлік дүкені.
Осы аталған нысандардың меншік иелеріне ескертпе хат негізінде 1 ай мерзімге заңды құжаттарын рәсімдеп, ретке келтіру үшін берілді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы 16-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, (өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi) делінген, осы заң талабына сәйкес төмендегі талаптарды орындау үшін кент, ауылдық округ әкімдеріне және ауданның дербес бөлімдеріне мекемелерінің сыртқы келбетін талапқа сай ұстауға, ғимараттарының ауласын абаттандыруға және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуға тиісті хат жолданды.
Осыған орай талапқа сай ұстауға байланысты кент, ауылдық округ әкімдері және ауданның дербес бөлімдері алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жайындағы мәліметтерін жолдауда.
Қармақшы ауданы әкімінің 2017 жылғы 03 наурызындағы №108-Ө/нқ өкіміне «Ауданда санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы»
Жосалы кенті Абай көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлермен дүкендерге (әктеу, сырлау, қоршауды түзету, қоршауларды алу тазалау, ағаш егу) сынды жұмыстар жүргізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрған және түнгі жарықтандыру қондырғыларын орнатуы туралы дүкендерге ескерту берілді.
Құрылыс саласы бойынша:
1. Білім беру және мектепке дейінгі тәрбие беру саласы бойынша:
Тапсырыс беруш: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ арқылы:
1) «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Ертөстік» балабақшасы»
Тапсырыс беруші: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
Мердігер: «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі
Жалпы сметалық құны: 257,8 млн.теңге
Келісім шарт сомасы -233,6 млн. теңге
Құрылыс жүргізілу мерзімі: 6 ай
Қазіргі жағдайы: жер жұмыстары аяқталып, іргетасы қалануда.
2) «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 90 орындық «Айгөлек» балабақшасы»
Тапсырыс беруші: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
Мердігер: «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-гі
Жалпы сметалық құны: 252,1 млн. теңге
Келісім шарт сомасы -228,7 млн. теңге
Құрылыс жүргізілу мерзімі: 6 ай
Қазіргі жағдайы: жер жұмыстары аяқталып, іргетасы қалануда.
3) «Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылындағы 140 орындық мектеп құрылысы»
Тапсырыс беруші: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
Мердігер:«Промстройсервис-Е»ЖШС–
Жалпы сметалық құны: 484,033 млн. теңге
Келісім шарт сомасы – 460,0 млн. теңге.
Құрылыс жүргізілу мерзімі: 5 ай
Қазіргі жағдайы: 2-ші қабаттың кірпіші өріліп, материалдары жеткізілген.
4) «Қармақшы ауданы Иіркөл елді мекеніндегі 50 орындық №12 «Самал» балабақша құрылысы»
Жалпы құны 183,646 млн.
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Мердігер мекеме: Компания «Мега ЛТД» ЖШС-гі
Қазіргі жағдайы: Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау үшін құжаттары әзірленуде.
5) «Қармақшы ауданы Төребай би елді мекеніндегі 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақша құрылысы объектісі
Жалпы құны 188,480 млн.
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Мердігер мекеме «Асар» ЖШС-гі
Қазіргі жағдайы: Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау үшін рұқсат беру құжаттары алынуда, алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады.
6. «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысы» объектісі
Жалпы құны – 789,932 млн. теңге
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Қазіргі жағдайы: Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы ашық конкурсы ұйымдастырылуда.
7) «Қармақшы ауданы Төретам кентінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» объектісінің жалпы құны – 364,937 млн. теңге, 2017 жылға қаралғаны 100, млн. теңге.
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Қазіргі жағдайы: Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы ашық конкурс ұйымдастырылуда.
8) «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысы» объектісінің жалпы құны – 1 292,158 млн теңге, 2017 жылы облыстық бюджет есебінен 100,0 млн теңге қаржы бөлінді.
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Қазіргі жағдайы: Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы ашық конкурс ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта конкурсқа қатысқан мекемелердің құжаттарын тексеруде.
ІІ. Денсаулық сақтау бойынша:
9. «Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары» объектісі
Жалпы құны – 247, 384 млн.теңге
Тапсырыс беруші: Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Қазіргі жағдайы: Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы ашық конкурсы өткізілуде.
ІІІ. Аудан бойынша ауыз су қамту бойынша:
Тапсырысшы беруші «Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы арқылы:
Ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 2016 жылы жалпы сметалық құны 678,8 млн теңге болатын 2 жоба «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына (4-кезек)» және «Жосалы кентіндегі су жүйесінің және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту жұмыстарына» республикалық бюджеттен қаржыландырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтікізілген. 1 жоба бойынша «Сәт Сервис» ЖШС-гі 359,7 млн. теңге, 2-жоба бойынша «РЗА» АҚ 210,5 млн теңгеге келісім шарт жасалған.
Сонымен қатар, елді мекендері таза сумен етуга байланысты 2017 жылға барлығы 6 жобаны іске асыруға 349,4 млн. теңге (оның ішінде РБ 136,8 млн. теңге, ОБ-212,6 млн теңге) қаралған.
Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Қармақшы ауданы Дүр Оңғар елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 102,2 млн теңге және Иіркөл елді мекенінде тұтынушы үйлердің шакарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 34,6 млн. теңге бөлінген, жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстарын атқаратын мердігер мекеме анықталғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады.

«Қармақшы ауданы Қуандария елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісі
Жалпы сметалық құны 34,261 млн теңге.
Тапсырыс беруші: «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Мердігер мекеме: «Орда құрылыс» ЖШС-гі.
Қазіргі жағдайы: Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау.а дайындық жұмыстары жүргізілуде, құрылысы сәуір пайында басталады.
2. «Қармақшы ауданы Алдашбай Ахун елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісіне
Жалпы сметалық құны: 46,071 млн теңге.
Тапсырыс беруші: «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Мердігер мекеме «Ақмешіт мелиоратор» ЖШС-гі.
Қазіргі жағдайы: Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау.а дайындық жұмыстары жүргізілуде, құрылысы сәуір пайында басталады.
3. «Қармақшы ауданы Көмекбаев елді мекенінде тұтынушы
үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісі
Жалпы сметалық құны: 68,603 млн теңге.
Тапсырыс беруші: «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Қазіргі жағдайы: Мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, өткізілуде. Мердігер сәуір айының басында анықталады.
4. «Қармақшы ауданы Қармақшы елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісіне
Жалпы сметалық құны: 63,651 млн теңге.
Тапсырыс беруші: «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Қазіргі жағдайы: Мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, өткізілуде. Мердігер сәуір айының басында анықталады.
Сонымен қатар аудандық бюджеттен бөлінген 25,1 млн теңгеге Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп (№№272,273,274,275,276,277 мектептер) және №24 бала бақшаның жылыту жүйесін газға қосу жұмыстары атқарылатын болады. Бұл нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу өткізіліп, «Асанас Дар» ЖШС-гі мердігер болып анықталды, құрылыс жұмыстары сәуір айында басталады.
Сондай-ақ аудандық бюджеттен Тұрмағамбет елді мекеніндегі №29 мектеп, Төретам кентіндегі №85, Ақжар елді мекеніндегі №28, Жосалы кентіндегі №27 және №105 мектеп ғимаратының бу қазандығын сыртқа шығару жұмыстарының жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге 10,1 млн теңге бөлініп, жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу өткізілуде.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша:
«Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің и ннженерлік инфрақұрылымын дамыту және жайластыру» жобасының құрылыс жұмыстарына 158,8 млн теңге бөлінді (оның ішінде Ұлттық қор есебінен 142,9 млн теңге және ОБ 15,9 млн теңге). Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстарын атқаратын мердігер анықталғаннан кейін, құрылысын сәуір айының екінші жартысында бастау жоспарланып отыр. Нысан бойынша тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Жоба бойынша елді мекеннің тұрғын кварталдарына 15,1 км электр желісі, 5 км қиыршық тас жолдарын салу қаралған.
Сонымен қатар Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймақты кернеулігі 0,4 кВт электр желісімен қамтамасыз етуге 2,2 млн теңге аудандық бюджеттен бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурс ұйымдастырылуда.
Шаруашылық объектілерін дамыту
«Қармақшы ауданы «Караөзек» арнасының «Қожатай» учаскесінде су тоспасын салу құрылысына «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, «Сыр маржаны и К» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Аталға нысан бойынша бөлім мен мердігер мекеме арасында 18 416,665 мың теңгеге 2017 жылдың 18 наурызында №27 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.
Жобалау сметалық құжаттар әзірлеу бойынша:
- «Ақтөбе ауылындағы құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысы» жобасын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 20,1 млн теңге облыстық бюджеттен бөлініп,мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
- Аудандық бюджеттен «Ақай елді мекеніндегі тұрғын үйлерге ауыз су желілерін жеткізу құрылысы» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу, мемсараптамадан өткізуге 6,7 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттарын әзірленіп, сараптамадан өткізуге конкурс өткізілуде.