Бастапқы бет » Инфрақұрылым » Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы » Газбен жабдықтау

Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар

2015 жылы облыстық бюджет есебінен Жосалы кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысы жобасы рәсімделген.
Сонымен бірге, 2016 жылы төмендегі жұмыстарды атқаруға облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан тиісті министрліктерге бюджеттік өтінімдер тапсырылған:
- Төретам кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысы жобасына бюджеттік өтінім ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылған. Қажетті қаржы көлемі- 1 172 771,02 мың теңге. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған уақыты- 27.12.2014 жылы № 14-0523/14
- Ақай елді мекеніне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысы жобасына бюджеттік өтінім ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылған. Қажетті қаржы көлемі- 858 764,02 мың теңге. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған уақыты- 27.12.2014 жылы № 14-0525/14.
2017 жылы “Шоқай елді мекеніне АГТС-пен қоса “Бейнеу-Шымкент” магистралды газ құбыры-бұрыпының құрылысы” жобасын бастау мақсатында республикалық бюджеттен 500 000,0 мың теңге қаржы бөлінген. Негізгі жобаның құны 1 546 000,0 мың теңге. Бөлінген қаржыға облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасымен мердігер мекеме анықтау мақсатында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сай конкурс өткізілуде.


Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2016 жыл қорытындысымен ақпарат 

2015 жылы облыстық бюджет есебінен Жосалы кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысы жобасы рәсімделіп, қазіргі таңда аталған жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізуге тиісті шаралар облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасымен атқарылуда. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптама қарауында.
Сонымен бірге, 2016 жылы төмендегі жұмыстарды атқаруға облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан тиісті министрліктерге бюджеттік өтінімдер тапсырылған:
- Төретам кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысы жобасына бюджеттік өтінім ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылған. Қажетті қаржы көлемі- 1 172 771,02 мың теңге. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған уақыты- 27.12.2014 жылы № 14-0523/14
- Ақай елді мекеніне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысы жобасына бюджеттік өтінім ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылған. Қажетті қаржы көлемі- 858 764,02 мың теңге. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған уақыты- 27.12.2014 жылы № 14-0525/14.


Газдандыру саласы бойынша ақпарат

Қармақшы ауданы бойынша газбен қамтамасыз ету «Байқоныргаз» ЖШС және «Тұрангаз» ЖШС-тері арқылы жүргізіледі. Аудан тұтынушыларына «Байқоныргаз» ЖШС-гі арқылы үлкен газ баллон бағасы - 1500 теңге, кішкентай баллон- 750 теңгеден. «Тұрангаз» ЖШС-гі арқылы үлкен газ баллон бағасы-1220 теңге, кішкентай баллон- 610 теңгеден сатылуда. Жалпы қажеттілігі бір айға 150-180 тонна көлемінде.