Бастапқы бет » Инфрақұрылым » Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы » Жылумен жабдықтау

Жылу беру маусымы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы бойынша 2 кент, 12 ауылдық округте 120 әлеуметтік нысандар орналасқан. Оның ішінде: білім саласы 57 (29 мектеп, 24 балабақша, 2 әуез мектебі, Диірментөбе, Қорқыт бастауыш мектебі),  мәдениет саласы бойынша 35 (1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйлері, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 1 жыраулар үйі және 18 кітапхана - 24 ғимаратта орналасқан), спорт саласы бойынша 7, денсаулық саласы бойынша 21 ғимарат. Ауданға қарасты Байқоңыр қаласындағы 5 қазақ орта мектеп және 1 балабақша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы №408 қаулысымен бөлім бірыңғай ұйымдастырушы болып танылып, мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылып, 31.12.2017 жылға дейін жететін отын қоры жасақталды, отын қорымен жыл соңына дейін ЖК «Матаева» және «Рамтилогистика» ЖШС қамтамасыз етеді. 


Жылу беру маусымы бойынша 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы бойынша 2 кент, 12 ауылдық округте 120 әлеуметтік нысандар орналасқан. Оның ішінде: білім саласы 57 (29 мектеп, 24 балабақша, 2 әуез мектебі, Диірментөбе, Қорқыт бастауыш мектебі), мәдениет саласы бойынша 35 (1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйлері, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 1 жыраулар үйі және 18 кітапхана - 24 ғимаратта орналасқан), спорт саласы бойынша 7, денсаулық саласы бойынша 21 ғимарат. Ауданға қарасты Байқоңыр қаласындағы 5 қазақ орта мектеп және 1 балабақша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы №408 қаулысымен бөлім бірыңғай ұйымдастырушы болып танылып, мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылып, 31.12.2017 жылға дейін жететін отын қоры жасақталды, отын қорымен жыл соңына дейін ЖК «Матаева» және «Рамтилогистика» ЖШС қамтамасыз етеді.
2016-2017 жылу беру маусымы аралығында төтенше жағдайлар орын алған жоқ және 2017-2018 жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.


Жылу беру маусымы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша 2 кент, 12 ауылдық округте 120 әлеуметтік нысандар орналасқан. Оның ішінде: білім саласы бойынша 57 (30 мектеп, 24 балабақша, 2 әуез мектебі, Диірментөбе, Қорқыт бастауыш мектебі),  мәдениет саласы бойынша 35 (1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйлері, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 1 жыраулар үйі және 18 кітапхана- 24 ғимаратта орналасқан), спорт саласы бойынша 7, денсаулық саласы бойынша 21 ғимарат. Байқоңыр қаласындағы 5 қазақорта мектеп және 1 балабақша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

2017 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік нысандарды қатты және сұйық отынмен қамтамасыз ету мақсатында  мекемелер тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтарына сәйкес 2 айға қосымша келісім – шарт негізінде отын қоры  алынды және әлеуетті өнім берушілер тарапынан отын қоры қажеттілігіне сай жеткізілді және 15 сәуірге дейін жылу беру маусымына аудан әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы №408 қаулысымен «Қармақшы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі біріңғай ұйымдастырушы болып танылып, мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылып, қажеттілікке сай отын қоры алынуда.

Денсаулық саласы бойынша жылу беру маусымының 2017 жылдың І – жартыжылдығына қажетті сұйық отын сатып алуға 20,0 млн теңге қаржы бөлініп, 150 тонна алуға конкурстар жарияланған, конкурс  нәтижесімен алынған отын қоры 2017 жылдың 15 сәуіріне дейін толық қамтамасыз етіледі.


Жылу беру маусымы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша 2 кент, 12 ауылдық округте 120 әлеуметтік нысандар орналасқан. Оның ішінде: білім саласы бойынша 57 (30 мектеп, 24 балабақша, 2 әуез мектебі, Диірментөбе, Қорқыт бастауыш мектебі),  мәдениет саласы бойынша 35 (1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйлері, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 1 жыраулар үйі және 18 кітапхана- 24 ғимаратта орналасқан), спорт саласы бойынша 7, денсаулық саласы бойынша 21 ғимарат.

2016 жылы  қажетті отын қорын жасақтауға аудандық бюджеттен (тиісті мекемелерден алынған мәлімет бойынша) барлығы 170435,5 мың теңге қаржы қаралса, оның ішінде: сұйық отынға 155435,5 мың теңге, қатты отынға 14999,8 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылып, келісім-шарт құжаттары рәсімделген.

Ауданда негізгі қатты отынды тасымалдаумен 6 кәсіпкер (ЖК Қаржаубаев, ЖК «Сақтапберген», ЖК «Арғымақ», ЖК Жаппасбаев, СТК Жосалы, ЖК Ерманов) және сұйық отынды 2 кәсіпкер (ЖК Матаева, ЖК Ералиев май құю стансаларынан бөлек) айналысады. Бүгінгі таңға аудан кәсіпкерлері қатты отынды 10,0 мың теңге (тас көмір) және 13,0 мың (ағаш көмір) теңгеден тасымалдауда. Сонымен қатар, аудан көлеміндегі май құю стансаларында сұйық отынның (диз.топлива) орташа бағасы 131, қысқы сұйық отынның орташа бағамы 149  теңге  болып отыр.

Аудан әкімдігімен маусым айында жұмысшы топ құрылып, елді мекендерде орналасқан нысандардың жылу беру маусымының дайындығы тексерілді. Тексеру нәтижесімен әр-бір нысанға қажетті құралдар (пеш құралдары, электр желісі, аккумулятор және т.б.) нақтыланып, жәй жөндеу жұмыстарына (білім саласы, мәдениет, спорт) аудандық бюджеттен барлығы 35298,5 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, биылғы жылы 2 балабақша ғимаратына (Ақтөбе ауылы №16 «Перизат» балабақшасы 25716,0 мың, Төретам кентіндегі №4 «Күн нұры» балабақшасы 78439,0 мың) және 1 спорт мектебіне (8302,0 мың) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 112457,0 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары атқарылды.

Денсаулық саласы бойынша жылу беру маусымына облыстық бюджеттен барлығы 26311,6 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алумен конкурстар өткізілген. Оның ішінде: сұйық отынға 21031,6 мың теңге, қатты отынға 5280,0 мың теңге. Кент, ауылдық округтерде орналасқан емханаларға 2000,0 мың теңге бөлініп, жәй жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. 


Жылу беру маусымына бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы бойынша барлық әлеуметтік нысандардың 2015-2016 жылдардағы жылу беру маусымына жедел басшылық жасау, ұйымдастыру және бақылауға  байланысты  аудан әкімінің 2015 жылғы 12 мамырдағы №114-ө өкімімен аудан әкімдігі жанынан жедел штаб құрылды.

Осы уақытқа дейін жылу беру маусымына байланысты 11 рет штаб отырысы өткізілді. Әр штаб отырысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары талқыланып, туындаған мәселелердің шешу жолдары қарастырылып отырылады.

Жалпы Қармақшы ауданы бойынша 115 нысанның дайындық жұмыстары жүргізіліп, барлық пештер мен жылу қазандықтарына, миникотелдерге  2015 жылдың маусым айынан бастап жәй жөндеу жұмыстары өз мерзімінде аяқталып, қысқа дайындық жөнінде паспорттары алынды. Соның нәтижесінде 115 нысанға жылу берілді.

Жергілікті бюджеттен 2015 жылдың ІІ-ші жартыжылдығына қажетті отын қорын жасақтауға 126942,0  мың теңге қаржы қаралған.