Бастапқы бет » Инфрақұрылым » Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы » Көркейту, көгалдандыру жұмыстары

Көркейту, көгалдандыру жұмыстары  бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы әкімдігі Облыс әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы «Облыс елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын 2017 жылдың 9 қыркүйек пен 11 қараша аралығында өткізу туралы » №634 өкімін басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігінің 2017 жылғы 08 қыркүйектегі №150 Ө/нқ өкімі қабылданып, аудан көлемінде санитарлық тазалық, көркейту–көгалдандырудың 2 айлығы жарияланды.
Аудан көлемінде 2017 жылдың күзгі айында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы барысында барлығы 4108 адам, 39 техника тартылып, 167 мекеме қызметкерлері жұмылдырылды және тазалық барысында 1078 метр шарбақ сырланып, 36,5 км арық тазаланып, 1097-ге тарта тұрғын үй сырттары мен 1617 ге тарта ағаш түптері әктеліп, 786 м3 күл-қоқыс шығарылды. Әр елді мекен бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мәліметтері алынып, тазалық барысын қадағалауға мекеме басшылары бекітілді.
Аудан әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес үш бағытта жедел топ құрылып, аудан көлемінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы барысында атқарылып жатқан жұмыстарды тексеру мақсатында рейд жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.
Аудан тұрғындарын тазалық айлығына шақыру және хабарлау мақсатында «Қармақшы таңы » газетіне (12.09.2017 жылғы (9625) №69) аудан әкімдігінің өкімі жарияланды және аптасына 1 рет (16.09.2017 (9626) жылғы №70, (24.09.2017 (9628) жылғы №72) атқарылып жатқан жұмыстар ауқымы жөнінде мақала жарияланды.



Көркейту, көгалдандыру жұмыстары  бойынша 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар

Облыс әкімдігінің 2017 жылғы 1 наурыздағы «Облыс елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» №497 өкіміне өзгерістер енгізіп, «2017 жылдың 11 наурызы мен 10 шілде аралығында өткізу туралы» №561-ө өкімі шығарылды. Аталған өкімді басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігінің 2017 жылғы 31 мамыр №133-ө/нқ өкімі қабылданып, аудан көлемінде 2017 жылдың 11 наурыз – 10 шілде аралығы санитарлық тазалық, көркейту – көгалдандыру айлығы болып жарияланды.
Аудан көлемінде 2017 жылдың көктемгі айында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы барысында барлығы 4109 адам, 41 техника тартылып, 180 мекеме қызметкерлері жұмылдырылды және тазалық барысында18690–ға тарта көшеттер мен қаламшалар отырғызылып, 7910 метр шарбақ сырланып, 178,8 км арық тазаланып, 3927-ге тарта тұрғын үй сырттары мен 12246 ға тарта ағаш түптері әктеліп, 6217 м3 күл-қоқыс шығарылды. Әр елді мекен бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мәліметтері алынып, тазалық барысын қадағалауға мекеме басшылары бекітілді.
Аудан әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес үш бағытта жедел топ құрылып, аудан көлемінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы барысында атқарылып жатқан жұмыстарды тексеру мақсатында рейд жұмыстары жүргізілді.
Кент, ауылдық округ әкімдері, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы басталғалы рейд жұмыстары жүргізілуде. Рейд барысында кент, ауылдық округтер аумақтарында белгіленбеген орындарға заңсыз күл-қоқыс тастаған тұрғындар анықталды. Атап айтқанда: Аудан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың 505 бапқа сай 300 тұрғынға ескерту хаттама толтырылса, 434 бап бойынша 45 тұрғынға әкімшілік шара көріліп, 1021,0 мың теңге айппұл салынды. Жосалы кентінде – 114 көше, 20695 халық, 4220 үй бар.
Аудан тұрғындарын тазалық айлығына шақыру және хабарлау мақсатында «Қармақшы таңы » газетіне (11.03.2017 жылғы (9575) №19) аудан әкімдігінің өкімі жарияланды және аптасына 1 рет (14.03.2017 (9576) жылғы №20, (21.03.2017 (9578) жылғы №22, (28.03.2017 (9580) жылғы №24, (4.04.2017 (9582) жылғы №26, 11.04.2017 (9584) жылғы №28, 18.04.2017 (9586) жылғы №30, 25.04.2017 (9588) жылғы №32, 2.05.2017 (9590) жылғы №34, 9.05.2017 (9592) жылғы №36) атқарылып жатқан жұмыстар ауқымы жөнінде мақала жарияланды.
Ү.ж 1 сәуір күні облыс көлемінде «Көктемгі ағаш отырғызу» акция күні болып белгіленді. Акция барысында аудан бойынша 8408 көшет түптері отырғызылды. Осы акцияға барлығы 1673 адам тартылды.
Онымен қоса, 2017 жылдың 22 сәуірінде  аудан көлемінде «Бүкіл Қазақстан ағаш отырғызу» акциясы ұйымдастырылып 6010 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 4000 адам жұмылдырылды.


Көркейту, көгалдандыру жұмыстары  бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Облыс әкімдігінің 2017 жылғы 1 наурыздағы «Облыс елді мекендерінде  санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын  2017 жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығында өткізу туралы» өкімін басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігінің 2017 жылғы 3 наурыздағы №108 Ө/нқ өкімі қабылданып, аудан көлемінде санитарлық тазалық, көркейту–көгалдандырудың 2 айлығы жарияланды.
Аудан көлемінде 2017 жылдың көктемгі айында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы барысында барлығы 1924 адам, 29 техника тартылып, 149 мекеме қызметкерлері жұмылдырылды және тазалық барысында  20,3 км арық тазаланып, 107-ге тарта тұрғын үй, ғимараттар әктеліп, 363,5 м3 күл-қоқыс шығарылды. Әр елді мекен бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мәліметтері алынып, тазалық барысын қадағалауға мекеме басшылары бекітілді.
Аудан тұрғындарын тазалық айлығына шақыру және хабарлау мақсатында «Қармақшы таңы » газетіне (11.03.2017 жылғы (9575) №19) аудан әкімдігінің өкімі жарияланды және аптасына 1 рет  (14.03.2017 (9576) жылғы №20) атқарылып жатқан жұмыстар ауқымы жөнінде мақала жарияланды.