Бастапқы бет » Экономика және бизнес » Бизнесті қорғау

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде несиелендірудің пайыздық ставкасын субсидиялау және ішінара кепілдендіру бойынша 2017 жылдың 10 қыркүйегіне 10 жоба 178,5 млн теңгеге несиелендірілді:
Бағдарлама шеңберінде гранттар беру бойынша 4 жобаға 1 250,0 мың теңге бөлінді.
«Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нен 5 жоба 20,7 млн теңгеге несиелендірілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 107 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздерін оқытудың «Бастау Бизнес» курстарынан өтіп, қазіргі күні, 29 жоба 78,7 млн теңгеге несиелендірілді.
Ауылшаруашылық кооперативтері
2017 жыл басынан бері елді мекендер бойынша ет, сүт және бақша дақылдарын өндіру және өңдеу бағыттарындағы 15 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды.
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы МІҚ малын көбейтуге 5 кооперативтің 158 мүшесіне 390,2 млн теңге несие берілді.
Жол бойындағы қызмет көрсету
Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізінің Қармақшы ауданы аумағымен өтетін бөлігінің бойында 3 нысан қызмет көрсетуде. Бұл қызмет көрсету нысандары 2014, 2015, 2016 жылдары іске қосылған жобалар.
Қазіргі уақытта 2 нысанның құрылысы жүруде 2017 жылдың ІІІ-тоқсанында 1 нысан іске қосылады деп жоспарланған.
Инвестициялық жобалар
Қармақшы ауданы бойынша, «Зәкірлі» деп танылған, «Ақтөбе и К» ЖШС-нің «Өнімділігі жылына 1500 тонна құс фабрикасы» 2016 жылы Өңірлер кәсіпкерлігін дамыту картасына енген жоба. Жоба «Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ-ның қатысуымен (үлесі 49%) іске асырылады. Қазіргі уақытта, құс фабрикасының құрылысы басталып кетті.
Кәсіпорынға қажетті сыртқы инфрақұрылымын жүргізудің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.
Жобаның құрылысы барысында 200 адам, іске қосылған кезде 80 адам жұмыспен қамтылады. (Жобаның іске қосылу мерзімі 2018 жыл)


Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің меншікті бизнесін ұйымдастырудың кезеңдері:

Бизнесті іске асырудың бизнес жоспарын жасау, салық басқармасына кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркелу, мемлекеттік органдардан бизнесті іске асыруға қажетті рұқсат алу құжаттарын рәсімдеу (жер учаскесі, ғимарат құрылысы және т.б.), жобаны қаржыландыру көздерін табу, бизнес жоспарға сай бизнес жобаны іске асыру.
Бизнес жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылатын болса, жоғарыда аталған құжаттарға қоса бизнесін жаңа бастаған кәсіпкер Бағдарламаның «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры ұйымдастыратын  «Бизнес-кеңесші» жедел курсын өтіп, Қор басшылығына тест тапсыруы қажет. Қаржыландыру тек екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. Кәсіпкер бизнесін жаңа бастағандарға арналған «Даму start up» несиелеу бағдарламасы  бойынша, қажетті қаржының 30%-на тең соманы кепілдеме ретінде банктегі өз есепшотына салады, қалған 70%-на мемлекет кепілдеме береді. Несие 14%-дық сыйақымен беріледі, оның 7%-ы мемлекеттің көмекқаржысы (субсидия) арқылы өтеледі, кәсіпкер 7%-бен қайтарады. Көмекқаржы Бағдарламада көрсетілген экономиканың басым секторлары тізіміне сәйкес бизнес жобаларға ғана тән. Жасы 18 бен 29 арасындағы бизнесін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер Бағдарламада көрсетілген экономиканың басым секторлары тізіміне сәйкес келмейтін жобаларын көмекқаржысыз (14%-дық сыйақымен) несиелендіре алады.
Несие берудің максималды көлемі 20 млн. теңге.


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кіші және орта бизнеске мемлекет тарапынан көмекқаржы мен кепілдеме беру, Бағдарламада көрсетілген экономиканың басым секторлары тізіміне сай келетін бизнес жобаларға ғана тән. Бағдарлама «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы іске асырылады. Жобаны қаржыландыру тек екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіріледі.

Несие алу шарттары:
 1. Кәсіпкерлік субъект несиені кепілге жылжымайтын мүлік қою арқылы ала алады, несие көлемі кепілдеме мүлігінің бағалануына және табыс табуына байланысты болады;
2. Несие сомасына мемлекеттің кепілдемесі 50 %-ға дейін беріледі;
3. Несие пайызына мемлекет тарапынан бөлінетін көмекқаржа (субсидия) 50%-ды құрайды (банк 14%-бен береді, кәсіпкер 7% -бен қайтарады, 7%-ын мемлекет қайтарады);

Несие алуға қажетті құжаттар:
-кәсіпкердің жеке куәлігі (жұбайының жеке куәлігі, неке қиу куәлігі);
-кәсіпкерлік куәлігі;
-кепілге қойылатын жылжымайтын мүліктің құжаттары;
-ХҚКО-нан кепілге қойылатын жылжымайтын мүліктің меншік иесі туралы анықтама және сол мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды/обременении) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алу;
-кепілге қоятын мүлікті жеке бағалау компаниясына бағалату;
-салық басқармасынан салықтық қарызы жоқтығын растайтын анықтама және табыс салығының декларациясын алу;
-банктен қарызы жоқтығын растайтын анықтама алу;
-жобаны іске асырудың бизнес жоспары жасалуы қажет.

Несиенің пайыздық сыйақысын субсидиялау тәртібі:   
Кәсіпкерлік субъект бизнес жобасын қаржыландыру мақсатында екінші деңгейлі банкке өтінім береді. Банк жобаны қарап, оң шешімін шығарған жағдайда, Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына жібереді. Басқарма жобаны АҮК-не (Облыс әкімдігі жанындағы Аймақтық Үйлестіру Кеңесі) ұсынады. АҮК-сі жобаны қарап, мақұлдаған жағдайда АҮК-нің шешімін екінші деңгейлі банк пен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ң өңірлік филиалына жібереді. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, банк және кәсіпкерлік субъекті араларында пайыздық сыйақыны субсидиялау туралы үш жақты келісім-шарт жасалады.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы
Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 48, тел.: (7242)401063;
Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
Жосалы кенті, Көшербаев көшесі, 36 а, тел.: (72437)23108, 22619;
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалы
Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 12, тел.: (7242)551117, 551117;
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Қармақшы ауданындағы кеңесшілері
Жосалы кенті, Көшербаев көшесі, 36 а;
Қызылорда облысы Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы
Қызылорда қаласы, Қаратаев көшесі, 32, тел.: (7242)400202;
Қызылорда облысы Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының Қармақшы ауданындағы филиалы
Жосалы кенті, Көшербаев көшесі, 36 а, тел.: (72437)72091.


 Кәсіпкерлік саласында жиі кездесетін сұрақтар бойынша кеңес беру:

1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік мақсатта алған несиенің пайыздық сыйақысын 50%-ға мемлекет есебінен субсидиялауға болады. Ол үшін бизнес жоба Бағдарламада көрсетілген экономиканың басым секторлары тізіміне сәйкес болуы шарт;
2. Бағдарлама аясында несиелеу тек екінші деңгейлі банктер арқылы  жүзеге асырылады. Несие алу үшін кәсіпкер банкке кепілдеме қоюы қажет. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъект жылжымайтын мүлік, ісін жаңа бастаған кәсіпкер алатын қаржының 30%-на тең қаржыны ақшалай қояды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің кәсіпкерлік субъекті болып тіркелу мерзімі 12 айдан аспауы қажет;
3. Бизнес жоспар жасауға аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің қызметкерлері және Қазақстан Кәсіпкерлерінің Ұлттық Палатасының Қармақшы ауданындағы өкілдері көмектеседі.
4. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын Қармақшы ауданында іске асыру барысында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалымен бірлесіп «Бизнес-кеңесші» кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған жедел курстарына жергілікті тұрғындарды қатыстырып отырады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту, қаржыландыру, жолға қою тақырыбында тұрғындар арасында тренинг компанияларының жүргізуімен семинарлар ұйымдастырады.
Бөлім қызметкерлері Бағдарлама аясында кәсіпкерлік субъектілерге және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге олардың жобаларын қаржыландыру барысында несие алуға дайындайтын құжаттарын жинақтауға және бизнес жоспарлар жасауға көмек көрсетеді. Халық арасында Бағдарлама туралы ақпараттар мен субсидия алу жолдары туралы кеңестер беріп отырады.