Бастапқы бет » Экономика және бизнес » Агроөнеркәсіптік кешені » Ветеринария

«Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі» КММ-нің 2017 жылдың ІІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары жөніндегі анықтама

Ветеринариялық іс-шаралар. (эпизоотия, энзоотия).
2017 жылы аудандық бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға бөлінген 65258,0 мың теңге қаржының 55550,9 мың теңгесі игерілді.
Осы қаржыға эпизоотиялық ауруларға қарсы құтыруға МІҚ-3300 бас, уақ мал-700 бас, жылқы-300 бас, түйе-300 бас, ит-2000, мысық-1000 басқа, аусылға қарсы МІҚ-39000 бас, уақ мал-75000 бас, шошқа-500 бас, лептоспирозға қарсы МІҚ-5000 бас, уақ мал-5000, листериозға қарсы МІҚ-6500 бас, листериоз уақ мал-6000 бас, пастереллезге қарсы МІҚ-14500 бас, уақ мал-3000, сібір жарасына қарсы МІҚ-20000 бас, уақ мал-50000 бас, жылқы-4500, түйе-2500 бас, шошқа-500, экеникоккоз ит-3000, күл ауруына қарсы уақ мал-30000 бас, қарасанға қарсы МІҚ-15000 бас, оба түйе-2500 бас, уақ мал-5000 бас, бродзот уақ мал-4500 бас, туберкуллез МІҚ-36000 бас, түйе-2500 бас, маңқа жылқы-1000 басқа алдын ала егіліп, жоспарға сәйкес жүргізілді.
Сонымен бірге, энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 4287,0 мың теңге қаржының 4286,9 мың теңгесі игеріліп, энзоотиялық ауруларға қарсы МІҚ тейлериоз – 5000 бас, уақ малдың бауыр құрты-21800 бас, жылқы сақау - 4200 бас, түйе қатпа – 2100 бас, пироплазмоз МІҚ – 2300 басқа егу жұмыстары жүргізілді.
Диогностикалық балау ветеринариялық іс-шаралары.
2017 жылға ауру жануарларды санитариялық сою мен жоюды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 898,0 мың теңге қаржы қаралып, оның 791,8 мың теңге қаржысы игерілді. Бруцеллез ауруына қарсы тексеру жұмыстары бойынша 24282 бас мүйізді ірі қара, 50486 бас уақ малдар тексерілді. Нәтижесінде 32 бас мүйізді ірі қара мен 55 бас уақ малдардан бруцеллез ауруы анықталды. оның ішінде 3 бас мүйізді ірі қара мал сою алаңында сойылды. Осы жұмыстарға байланысты Түркістан қаласындағы «Түркістан» селолық тұтыну кооперативі мен бөлім арасында өзара әріптестік келісім туралы меморандумға отырылып, барлығы 54 бас уақ мал өткізілді. Ауру малдар орналасқан қоралар түгелдей залалсыздандырылды.
Құтырма ауруының алдын алу туралы.
2017 жылы иесіз, қаңғыбас ит, мысықтарды жоюға аудандық бюджеттен бөлінген 2818,0 мың теңге қаржының 2816,9 мың теңге игерілді. Иесіз ит, мысықтарды жою кестесі бекітіліп, кент, әр бір елді мекенде жою шаралары күнделікті жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жыл басынан бері Жосалы кентінде -1090 ит, 47 мысық, ІІІ Интернационал-78 ит, Төретам кенті-204 ит, Ақай-66 ит, Төребай би-16 ит, 1 мысық, Алдашбай ахун-25 ит, Тұрмағамбет-42 ит, Ақжар-17 ит, Ақтөбе-56 ит, Жаңажол-15 ит барлығы 1609 ит, 48 мысық ауланып, жойылса, барлығы 450 ит паспортталды.
Сондай ақ, аудан бойынша жыл басынан 124 ит, 3 мысық тырнаған жағдайлар тіркеліп, 10 күндік ветеринариялық бақылауға алынды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру.
2017 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасын күйге келтіруге аудандық бюджеттен 1873,0 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда 917,1 мың теңгесі игерілді.
Сондай ақ, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жыл басынан бері МІҚ-7360 басқа, уақ мал-13105 басқа, жылқы-1955 басқа, түйе-428 басқа, шошқа-219 басқа орындалып, ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу дерек қорына енгізілді. Бірдейлендіру шаралары жоспарға сәйкес орындалуда.
Мал қозғалысы мен ішкі сауда объектілері. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі мал қозғалысы ішкі сауда объектілері мен мал сою алаңдары күнделікті бақыланып отырады.
Ағымдағы жылы жыл басынан көршілес облыс, аудандардан тасымалданған 165 бас МІҚ, оның ішінде 64 басы асыл тұқымды бұқалар, 2 бас жылқы, 37 бас уақ мал, 2 бас түйе малдарының ілеспе құжаттары тексеріліп, карантиндік бақылауға алынса, аудан көлемінен көршіліс облыс, аудандардан 325 бас МІҚ, 231 бас уақ мал, 53 бас жылқы малы шығарылған.
2017 жылы Жосалы кенті және Ақай ауылдық округінде орналасқан мал сою алаңдарында жыл басынан барлығы 2091 бас МІҚ, 69 бас уақ мал, 41 бас түйе, 133 бас жылқы малдары сойылса, ветеринариялық сараптама зертханаларынан 331 798 кг сиыр еті, 1 472 кг қой еті, 8 270 кг түйе еті, 22 851 кг жылқы еттері мен қоса 122 630 дана жұмыртқа, 2 200 кг балық, 1 180 кг шұжық, 2 460 кг құс еті, 3 310 кг сүт және сүт өнімдері тексеріліп, өнімдерге сауда объектілеріне сатуға жарамдылығы жөнінде сараптама актісі берілді.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы.
2017 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 15 елді мекені қолайсыз елді мекендер қатарына енген болатын. Атап айтқанда Анакөл, Таңшапағы, Қызылтам, Қармақшы Абыла, Қуаңдария, Т. Көмекбаев, Алдашбай ахун, Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Төребай би, Жосалы кенті, Ақай, Диірментөбе, Қорқыт ата бекеті. Аталған қолайсыз болып анықталған елді мекендердің мал басы МІҚ-18 290 бас, уақ мал-35 614 бас, түйе-2 046 бас, шошқа-280 бас, қора-4 497, 69-суттар мен 101-шаңлақтар нақтыланып, көктемгі залалсыздандырудың 1 және 2 кезеңдері жүргізілді.
Қармақшы ауданы бойынша кене шағу жағдайлары күрт өсуіне байланысты, ауданның Тұрмағамбет және Кемесалған елді мекендеріне күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныстар жолданып, қолайсыз елді мекендер қатарына енгізілді. Олардың мал басы МІҚ-2 263 бас, уақ мал-5 710 бас, қора-327, 8-суаттар мен 16-шаңлақтардың саны мен көлемі анықталып, барлық 17 елді мекеннің мал басы МІҚ-20 553 бас, уақ мал-41 330 бас, түйе-2 058 бас, шошқа-280 бас, қора саны 4 824, оның көлемі 133 279 ш.м, суттар-77, оның көлемі-9 949 ш.м, шаңлақтар-117, оның көлемі 13 611 ш.м болып нақтыланды.
Аталған елді мекеннің қоралары тазартылып, залалсыздандыру жұмыстары 2017 жылдың 21 тамыз айында басталды. Залалсыздандыру жұмыстарын мердігер «Сервис Дезо» мекемесі 4 арнайы техникаларымен 17 адам тартылып, дезинсекциялық шаралар креолин ерітіндісімен, нұсқаулыққа сәйкес жүргізілді.
Қазіргі таңда 17 елді мекендердің МІҚ-20 533 бас, уақ мал-41 343 бас, түйе-2058 бас, 4824-қора, 77-суат, 117-шаңлақтарға күзгі залалсыздандырудың 1 және 2 кезеңдері қыркүйек айының 18 күні толығымен аяқталып, аудан бойынша залалсыздандырудың тиімділігі 100 % құрады.
Сонымен қатар, конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтану шаралары туралы ақпараттандырылып, аудандық басылым беттеріне мақала жарияланды.
Жеке сектордағы мал иелеріне меншігіндегі малдарын паразитарлық насекомдарға (кенеге) қарсы ектіру жұмыстары мал иелерінің есебінен жүргізіліп, қазіргі таңда МІҚ -16272 бас, уақ мал-27307 басқа «ивен» препараты егілсе, 1505 бас жылқыға «ивермектин» препараты егілді.


Аудандық ветеринария бөлімі бойынша 2017 жылдың І жарты жылдығына атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Ветеринария саласы бойынша 2017 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға Республикалық бюджеттен 65258,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 36264,9 мың теңгесі игерілді.
Осы қаржыға (эпизоотиялық аурулар) оның ішінде құтыруға МІҚ-2300 бас, ит-1000, аусылға қарсы МІҚ- 21000 бас, уақ мал- 45000 бас, шошқа -250 бас, пастереллезге МІҚ – 6400 бас, уақ мал-2000 бас, сібір жарасына МІҚ –20000 бас, уақ мал- 40000 бас, жылқы – 2500 бас, түйе - 2500 бас, шошқа-500 бас, күлге уақ мал - 30000 бас, қарасанға МІҚ-10000 бас, туберкуллезге қарсы МІҚ - 22500 бас, түйе – 1800 бас, брадзотқа уақ мал – 4500 бас, оба уақ малға-5000 бас, түйеге – 2500 бас, лептоспирозге МІҚ-3500 бас, уақ мал -3000 бас, листериозге МІҚ-2500 бас, уақ мал-2000 бас, маңқаға қарсы 1000 бас жылқыға егу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 4287,0 мың теңге қаржының 2856,9 мың теңгесі игеріліп, энзоотиялық ауруларға қарсы МІҚ тейлериозге-5000 бас, жылқы сақауына -4200 бас, су ауруы -1600 бас, бауыр құрты уақ малға -15800 бас, ит-1500 бас, басқа егу жұмыстары жүргізілді.
Ауру жануарларды санитарлық сою мен жоюды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 898,0 мың теңге қаржы қаралды.
Бруцеллез ауруына қарсы тексеру жұмыстары бойынша 9958 бас мүйізді ірі қара, 18137 бас уақ малдар тексерілді. Нәтижесінде 3 бас мүйізді ірі қара мен 23 бас уақ малдардан бруцеллез ауруы анықталды. оның ішінде 3 бас мүйізді ірі қара мал сою алаңында сойылды. Осы жұмыстарға байланысты Түркістан қаласындағы «Түркістан» селолық тұтыну кооперативі мен бөлім арасында өзара әріптестік келісім туралы меморандумға отырылып, барлығы 23 бас уақ мал өткізілді. Ауру малдар орналасқан қоралар түгелдей залалсыздандырылды.
2017 жылы иесіз, қаңғыбас ит, мысықтарды жоюға аудандық бюджеттен бөлінген 2818,0 мың теңге қаржының 2099,5 мың теңге игерілді. Иесіз ит, мысықтарды жою кестесі бекітіліп, кент, әр бір елді мекенде жою шаралары күнделікті жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жыл басынан бері Жосалы кентінде -798 ит, 37 мысық, ІІІ Интернационал-59 ит, Төретам кенті-173 ит, Ақай-32 ит, Төребай би-16 ит, 1 мысық, Алдашбай ахун-25 ит, Тұрмағамбет-42 ит, Ақжар-17 ит, Ақтөбе-22 ит, Жаңажол-15 ит барлығы 1199 ит, 38 мысық ауланып,жойылды. Барлығы 2500 ит және 1000 мысық есепке алынып, 450 ит паспортталды.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуге бөлінген 1873,0 мың теңгенің 687,8 мың теңгесі игерілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын МІҚ-6324 басқа, уақ мал-9920 басқа, жылқы-951 басқа, түйе-363 басқа, шошқа-211 басқа орындалып, тіркеу дерек қорына енгізілді. Бірдейлендіру шаралары бекітілген жоспарға сай орындалуда.
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі мал қозғалысы ішкі сауда объектілері мен мал сою алаңдары күнделікті бақыланып отырады.
Жыл басынан көршілес облыс, аудандардан тасымалданған 33 басы асыл тұқымды бұқалар, 1 бас жылқы, 2 бас уақ мал, 2 бас түйе малдарының ілеспе құжаттары тексеріліп, карантиндік бақылауға алынды.
2017 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 12 елді мекені қолайсыз елді мекендер қатарына енген болатын. Атап айтқанда Анакөл, Таңшапағы, Қызылтам, Қармақшы, (Абыла), Қуаңдария, Т.Көмекбаев, Алдашбай Ахун, Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Төребай би, Жосалы кенті.Осы жұмыстарды жоғары деңгейде орындау мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің «Аудан көлемінде Қырым Конго геморрагиялық қызбасының алдын-алу туралы» 03.03.2017 жылғы № 107-Ө /НҚ санды өкіміне сәйкес аудандық штаб құрамы бекітілді.Осы қолайсыз болып анықталған елді мекендердің мал басы МІҚ-17241 бас, уақ мал-33389 бас, түйе-1856 бас, шошқа -280 басқа, қора-4225, 60-суаттар мен 88-шаңлақтар нақтыланды.
Сонымен қатар, Қармақшы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Ұлттық сараптама орталығының» Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесі мамандарымен 03.04.2017 жылы Ақай ауылы, Диірментөбе бекеті, Қорқыт ата бекеті және Сарытоғай өңірі бойынша табиғаттан жиналған кенелерді антигенге талдау қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсеткен Ақай а/о, Диірментөбе, Қорқыт ата бекеттерінің барлық мал басы МІҚ-1049 бас, уақ мал-2225 бас, түйе-190 бас, қоралар-272, 13-шаңлақтар мен 9-суаттар саны мен көлемі нақтыланды.
Қазіргі таңда, осы қолайсыз болып анықталған 15 елді мекеннің мал басы, қора, шаңлақтар мен суаттарды көктемгі залалсыздандырудың 1 және 2 кезеңдері толығымен аяқталды.
Бұл жұмыстарды жүргізуге мердігер «Дезо Сервис» мекемесі 4 арнайы техникаларымен 14 адам тартылып, дезинсекциялық шаралар креолин және ЦИПЭК 25 % ерітіндісімен, нұсқаулыққа сәйкес жүргізілді.
Сонымен бірге, аудан көлемінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мен тұрғындарды кене шағудан қорғану мақсатында елді мекендерде хабарламалар ілініп, «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және одан сақтану шаралары» атты 11.03.2017 жыл №19 санды «Қармақшы таңы» газетінде және «Кене энцофолиті және аурудың алдын алу жолдары» тақырыбында «Ел тілегі» газетінде 27.04.2017 жылы №17 санында материалдар жарияланды.


 Аудандық ветеринария бөлімі бойынша 2017 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Ветеринария саласы бойынша 2017 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға аудандық бюджеттен 65258,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 19578,0 мың теңгесі игерілді.               
Осы қаржыға (эпизоотиялық аурулар) оның ішінде аусылға қарсы
МІҚ- 10500 бас, уақ мал- 15000 бас, пастереллез МІҚ – 6400 бас, сібір жарасына МІҚ –11900 бас, түйе - 500 бас, күлге уақ мал -20000 бас, туберкуллезге қарсы МІҚ - 8500 бас, түйе – 500 бас, брадзот уақ мал – 2500 бас, оба уақ малға-2000 бас,  түйеге – 1000 бас, маңқаға қарсы 1000 бас жылқыға  егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 4287,0 мың теңге бөлінді.
Энзоотиялық ауруларға қарсы өттеуге МІҚ – 5000 басқа егу жұмыстары жүргізілді.
Ауру жануарларды санитарлық сою мен жоюды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 898,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаржы аурулардың анықталуына байланысты игерілетін болады.
Иесіз ит, мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен бөлінген 2818,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 1399,1 мың теңгесі толық игеріліп, барлығы  798 ит, 25 мысық жойылды. Барлығы 2500 ит және 1000 мысық есепке алынып, 62 ит паспортталды.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі
іс-шаралар жүргізуге бөлінген 1873,0 мың теңгенің 343,9 мың теңгесі игерілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және дерек қор базасына тіркеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес орындалуда.
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендірудің мәліметі бойынша жоспарланған 10000 бас мүйізді ірі қара малының - 3316 басы 33% , оның ішінде дерек қорға енгізілгені –3316 бас 33% , 20000 бас уақ малдың - 1155 басы 17 %, дерек қорға енгізілгені - 1155 бас 17%, 600 бас түйе малының –129 басы 21,5 %, дерек қорға енгізілгені – 129 бас 21,5 %, 2000 бас жылқы малының - 736 басы 36,8%, дерек қорға енгізілгені - 736 бас 36,8%, 300 бас шошқа малының - 6 басы 2% бірдейлендіріліп, дерек қорға 6 басы 2%   енгізілді.
Конго -Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 12 елді мекені қолайсыз елді мекендер қатарына еніп отыр. Атап айтқанда  Анакөл, Таңшапағы, Қызылтам, Қармақшы, (Абыла), Қуаңдария, Т.Көмекбаев, Алдашбай Ахун, Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Төребай би, Жосалы кенті.    
Осы жұмыстарды жоғары деңгейде орындау мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің «Аудан көлемінде Конго- Қырым геморрагиялық қызбасының алдын-алу туралы» 03.03.2017 жылғы № 107-Ө /НҚ санды өкіміне сәйкес аудандық штаб құрамы бекітілді. Осы қолайсыз болып анықталған елді мекендердің мал басы МІҚ-17241 бас, уақ мал-33389 бас, түйе-1856 бас, шошқа -280 басқа, қора-4225, 60-суаттар мен 88-шаңлақтар нақтыланды. Санитариялық тазалау (қораларын механикалық қалдықтарын тазарту) жұмыстарын жандандыру мақсатында ауылдық округ әкімдеріне қатынас хаттар жолданды.
Әрбір елді мекендерде хабарламалар ілініп, жергілікті «Қармақшы таңы» газетінде жарияланды.


Ветеринария саласы бойынша  2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы анықтама 

Ветеринария саласы бойынша 2016 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға Республикалық бюджеттен 64 млн 258 мың теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржы толығымен игерілді.
Иесіз ит, мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млн 634 мың теңге қаржы толық игеріліп, барлығы 1544 ит, 102 мысық жойылды. Барлығы 3453 ит және 1040 мысық есепке алынып, 3000 ит паспортталды.
Сондай ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуге бөлінген 1750,0 мың теңге толығымен игерілді.
Ауыл шаруашылығы жануаралрын бірдейлендіру және дерек қор базасына тіркеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес орындалуда.
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендірудің мәліметі бойынша жоспарланған 9000 бас мүйізді ірі қара малының - 12002 басы, оның ішінде дерек қорға енгізілгені - 12002 бас, 20000 бас уақ малдың - 23440 басы, дерек қорға енгізілгені - 23440 бас, 500 бас түйе малының - 742 басы, дерек қорға енгізілгені – 742 бас, 900 бас жылқы малының - 2259 басы, дерек қорға енгізілгені - 2259 бас, 200 бас шошқа малының - 247 басы бірдейлендіріліп, дерек қорға 247 басы енгізілді.
Зерттеулер қорытындысымен аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 12 қолайсыз елді мекендер қатарына енген елді мекендерінің күзгі айында тендер жеңімпазы Қызылорда қаласының «Дезинфекция» ЖШС арнайы техникаларымен (2- Уаз Дук автокөлігі, 12 адам) аудан бойынша барлығы 16 864 бас мүйізді ірі қараға, 29 352 бас уақ малға, 1399 бас түйеге, 420 бас шошқаға, 4714 қораға, 28 суатқа, 101 мал жиналатын шаңылақтарға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.
Осы жұмыстарды жоғары деңгейде орындау мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің «Аудан көлемінде Қырым Конго геморрагиялық қызбасының алдын-алу туралы» 24.03.2016 жылғы № 51-Ө /НҚ санды өкіміне сәйкес аудандық штаб құрамы бекітілді. Сондай ақ барлығы 40 900 бас уақ мал ванналарда тоғытылды.
Барлық елді мекендерде тұрғындардың мал қораларына механикалық тазарту жұмыстары толық атқарылып және аудан тұрғындарына кенеге қарсы үгіт насихат жүргізілді. 


Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет

Ветеринария саласы бойынша 2015 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға Республикалық бюджеттен 55 млн 258 мың теңге қаржы бөлініп, қаржы толық игерілді.              
Осы қаржыға (эпизоотиялық аурулар) оның ішінде аусылға қарсы МІҚ- 60000 бас, уақ мал- 127200 бас, шошқа – 900 бас, оба қарсы түйе - 2000 бас,  сібір жарасына МІҚ - 31000 бас,  уақ мал – 60000 бас, жылқы - 3000 бас,  түйе - 2000 бас,  шошқа-500 бас, қарасанға МІҚ - 10000 бас,  күлге уақ мал - 45000 бас, туберкуллезге қарсы МІҚ - 40000 бас,  түйе – 2000 бас, құтыру МІҚ-5000 бас, уақ мал-2500 бас, жылқы-2000 бас, ит-2500 бас, мысық-1100 бас, Лептеспироз МІҚ-10000 бас, уақ мал-5500 бас, листериоз МІҚ-7000 бас, уақ мал-2000 бас, Пастереллез МІҚ-13000 бас, шошқа-500 бас, Брадзот уақ мал-7500 бас, маңқаға қарсы 3000 бас жылқыға  егу жұмыстары жүргізілді.        
Сонымен бірге энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 4745,0 мың теңге қаржы игерілді.         
Осы бөлінген қаржыға барлығы (энзоотиялық аурулар) Сақау жылқы-3300 бас, су ауруы түйе-1600 бас, бауыр құрт уақ малға-28950 бас, пироплазмозға МІҚ-4800 бас, Гастрофиллез жылқы-950 басқа вакцина егілді.
Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 5700,0 мың теңге бөлініп, осы кезеңге 110 мың теңгесі игерілді. Осы жұмыстарға байланысты Қазалы ауданындағы «Рза-Нан» ЖШС-гімен бөлім арасындағы өзара әріптестік келісім туралы меморандумға отырылып, барлығы 3 бас уақ мал өткізілді.    
Үстіміздегі жылы иесіз ит, мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млн 462 мың теңге қаржыға барлығы  1461 ит, 180 мысық жойылды. Оның ішінде Жосалы кенті бойынша 1104 ит, 157  мысық, Төретам кентінде 145 ит, Ақай ауылдық округінде 73  ит, ІІІ-Интернационал ауыл округі бойынша 57 ит, 15 мысық, Иіркөл ауыл округі бойынша 6 ит, 3 мысық, Ақтөбе ауыл округі бойынша 58  ит, 5 мысық, Қармақшы ауыл округі бойынша 11 ит, Жосалы ауыл округі бойынша 7 ит  жойылды.
Қазіргі таңда аудан көлемінде 2955 ит және 1505 мысық есепке алынып, оның ішінде 2040 ит паспортталды.
Сондай ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуге бөлінген 2461,0 мың теңге толық  игерілді.
Ауыл шаруашылығы жануаралрын бірдейлендіру және оларды дерек қор базасына енгізу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді.
2013 жылы зерттеулер қорытындысымен аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның («Қармақшы», («Қуаңдария» а/о, «Қызылтам», Жосалы кенті) қолайсыз елді мекендер қатарына енген болатын.
Осы елді мекендерді күзгі және көктемгі айларда залалсыздандыру жұмыстарына  облыстық бюджеттен 2487,2 мың теңге бөлініп, залалсыздандыру жұмыстарының көктемгі, күзгі  кезеңдерінде «Креолин» Х препараттарымен тендер жеңімпазы Қызылорда қаласының «Дезинфекция» ЖШС   5   бригада   (27 адам)   арнайы   техникаларымен    Жосалы   кентінде
жоспарланған 5128 бас мүйізді ірі қара, 4084 бас уақ мал, 490 бас түйе, 167 қора, 9 суат, 9 мал жиналатын  шаңылақтар,  «Қармақшы» елді мекенінде 1973  бас мүйізді ірі қара, 4458 уақ мал, 673 бас түйе, 248 қора, 18 суат, 18 мал жиналатын шаңылақтар және «Қызылтам» елді мекенінде 577 бас мүйізді ірі қара, 1091 бас уақ мал, 17 бас түйе, 69 қора, 2 суат, 2 мал жиналатын  шаңылақтар және  «Қуаңдария» елді мекенінде 1217 бас мүйізді ірі қара, 1494 бас уақ мал, 390 бас түйе, 167 қора, 15 суат, 12 мал жиналатын  шаңылақтар залалсыздандырылды.
Осы жұмыстарды жоғары деңгейде орындау және алдағы уақытта аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің «Аудан көлемінде Қырым Конго геморрагиялық қызбасының алдын-алу туралы» 06.04.2015 жылғы №108-Ө санды өкіміне сәйкес аудандық штаб құрамы бекітілді.
Барлық  елді мекендерде тұрғындардың мал қораларына механикалық тазарту жұмыстары толық атқарылып және аудан  тұрғындарына кенеге қарсы үгіт насихат, облыстық, аудандық түтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының мамандарымен семинар-кеңестер ұйымдастырылып және жергілікті газет бетінде мақала жарияланды. 2014 жылы ауданның 13 елді мекендерінде  типтік жобада мал көмінділерін салуға облыстық бюджеттен 129441,0 мың теңге қаржы бөлінді. Ал Төретам кентінде жердің көп бөлігі Ресей мемлекетіне жалға берілгендіктен бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілмеді. Аудан бойынша 13 типтік жобадағы мал көмінділері жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне енгізілген. Сонымен қатар ауданның   12   елді   мекендерінде  (Ақтөбе, Қармақшы,  Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Иіркөл, ІІІ-интернационал, Ақжар, Дауылқөл, Алдашбай ахун, Жосалы, Ақай, Жаңажол) мал тоғытатын ванналарда уақ малдардың көктемгі,  күзгі  тоғыту  жұмыстарының кестесі жасалып, көктемгі айда 28653 бас, күзгі айда 35879 басқа тоғыту жұмыстары жүргізілді. Төретам кентінде санитарлық талапқа сай жердің болмауына орай, яғни, жердің көп бөлігі Ресей мемлекетіне жалға берілгендіктен, мал тоғытатын ванна салу құрылысы жүргізілмеді. Төретам, Жосалы кенттерінде әр үйдің аулаларында қолмен шашу арқылы жүргізілді.Сондай-ақ  Жосалы кентінен екі мал тоғытатын ванналардың жері белгіленіп,  құрылыс жұмыстарына 1400,0 мың теңге қаржы аудандық бюджеттен бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Сонымен бірге сібір жарасы індетінің Кадастрге тіркелген 2 ошағына байланысты аудан әкімдігінің 27.02.2015 жылғы № 102-Ө өкімімен «Сібір жарасы індетінің Кадастрі» координаттарын нақтылау жөнінде жұмысшы тобы құрылды.
Осыған орай арнайы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде індет ошақтарының координаттары анықталды. Қазіргі уақытта құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 152 000 теңге бөлініп, «Жер ҒӨО» РМК-ның Қызылорда филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесімен келісім-шартқа отырылды. Бұл жұмыстар толық атқарылды.