Бастапқы бет » Экономика және бизнес » Агроөнеркәсіптік кешені » Ауыл шаруашылығы

Мал Шаруашылығы


Ауыл шаруашылығы саласында 2017 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар 

Ауылшаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылы барлығы 23 702 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде 14209 гектарына күріш дақылы себілді.
Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 2017 гектарға, ал күріш көлемі 184 гектарға, мал азығындық дақылдар көлемі 612 гектарға, жаңа жоңышқа 557 гектарға, бақша 8 гектарға, көкөніс 24 гектарға, картоп 22 гектарға, мақсары 638 гектарға көбейді.
Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша егін шаруашылығына 655,79 млн.теңге субсидия берілді, су жеткізу қызметі мен пайдаланылған гербицидтердің бір бөлігі үшін субсидиялар әлде де төленетін болады.
Бүгінгі күні егілген 202 гектар бидай (12,0 ц/га), 1338 гектар мақсары (6,5 ц/га) жиналып, 4019 гектар ескі жоңышқаның екінші орымы аяқталды.
Сонымен қатар, күзгі егін жинау жұмыстарына 151 трактор, 95 комбайн, 75 жатка, 62 жүк көлігі, 139 трактор тіркемесі қатыстырылуда.
Үстіміздегі жылы Ақтөбе ауылдық округіндегі «Ақтөбе и К» ЖШС-нің егіс алқабында облыстық «Дала күні» семинар кеңесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы МІҚ малын көбейтуге 5 кооперативтің 186 мүшесіне 465,9 млн теңге несие берілді.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 60 маманға 9,5 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 41 маманға тұрғын үй сатып алуға 134,9 млн. теңге несие берілді.


Ауыл шаруашылығы саласында 2017 жылдың І жарты жылдығына атқарылған жұмыстар                             

Қазіргі уақытта, елді мекендер бойынша ет, сүт және бақша дақылдарын өндіру және өңдеу бағыттарындағы 14 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды.
1) Ақтөбе ауылдық округінен «Достық Кәлпе» АШӨК. Бағыты - сүт өнімдерін өндіру және өңдеу, 53 мүшеден құрылған. «АШҚҚ» АҚ-нан қазіргі таңда кооперативтің 22 мүшесі - 34,0 млн теңге несие алды. Бүгінгі күнге алынған несиеге 130 бас мүйізді ірі қара аналығы сатып алынды. Кооператив "АШҚҚ" АҚ-на 4,5 млн.тг көлеміндегі сүт жинайтын құрылғы алуға несиеге өтінім берілген.
2) Иіркөл ауылдық округінен «Иіркөл-Даму» АШӨК. Бағыты - ет өнімдерін өндіру және өңдеу, 21 мүшеден құрылған. «АШҚҚ» АҚ арқылы ет бағытындағы МІҚ малын көбейтуге бүгінгі күнге кооперативтің 18 мүшесі - 24,750 млн теңге несие алды, кооперативтің қалған 3 мүшесі - 4 млн тг несие алдағы уақытта алады. Бүгінгі күнге алынған несиеге 170 бас мүйізді ірі қара сатып алынды.
3) Жосалы ауылдық округінен «Жосалы-Даму» АШӨК. Бағыты ауылшаруашылық дақылдарын өсіру. Мүшесі 20 адам. Қазіргі таңда 8 адам - 30,0 млн. теңге несие алды. Бүгінгі күнге алынған несиеге 120 бас мүйізді ірі қара сатып алынды. Қалған 12 адам - 48,0 млн тг несиені алдағы уақытта алады.
4) Қармақшы ауылдық округінен "Абыла Даму" АӨК. Бағыты ет және сүт өнімдерін өндіру. Мүшелері - 59 адам. Бүгінгі күнге "АШҚҚ" АҚ арқылы несиенің алғашқы бөлігі 22,1 млн тг алынды, несиенің қалған бөлігі 134,3 млн.тг алдағы уақытта алынады.
5) Алдашбай ахун ауылдық округінен «Жұмабек ЛТД» АШӨК. Бағыты ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және мал азығын дайындау. Мүшесі 6 адам. Мал азығын дайындау бойынша бизнес жоба әзірленуде. Жоба құны 10,0 млн теңге.
6) Дауылкөл ауылдық округінен «Ер-Даулет» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру және өңдеу. Мүшесі 10 адам. Сүт өнімдерін өңдеуге және сүт бағытындағы МІҚ малын алуға бизнес жоба әзірленуде. Жоба құны 20,0 млн теңге;
7) "Ақтайлақ" АШӨК. Бағыты ет бағытындағы жылқы малын көбейту. Мүшелері - 5 адам. "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасың ІІ-бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы 18,0 млн. тг несие алуға құжаттарын (кепіл мүлік құжаттары) дайындауда.
8) ІІІ-Интернационал ауылдық округінен «Ақбұлақ 7Н» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру. Мүшесі 5 адам. «АШҚҚ» АҚ арқылы 28 млн. тг несие алуға құжат дайындауда.
9) ІІІ-Интернационал ауылдық округінен «Қашқансу-7» АШӨК. Мал тұқымын асылдандыру және ет өнімдерін өндіру. (2 асыл тұқымды бұқа әкелді, жергілікті малды асылдандырып, ет өнімін өндіру жұмыстары)Мүшесі 12 адам.
( Жоспар: 16 млн.тг)
10) Ақжар ауылдық округінен «Қуаныш-Даулет» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру және өңдеу. Мүшесі 21 адам. (Жоспар: 3-4млн. тг, залог)
11) Т.Көмекбаев ауылдық округінен «Кекірелі» АШӨК. Бағыты мал азығын дайындау. Мүшесі 8 адам.
12) Жаңажол а/о «Жаңа жол Бірлік» АШӨК. Мүшелері 20 адам.
Қазіргі таңда «АШҚҚ» АҚ арқылы «Ырыс» бағдарламасымен сүт және «Береке» бағдарламасымен ет бағытында 80 млн. тг несиеге құжаттарын дайындауда. Несие алуға толық мүмкіндігі бар.
13) Алдашбай ахун а/о «Жеті Нұр Агро» АШӨК. Мүшелері 8 адам. Егін шаруашылығы.
14) Ақжар а/о "Ақжар" АӨК. Мүшелері "Ораз ахун" ЖШС, "Ақжарагоинвест" ЖШС, "Ақжар" ШҚ. (100 адам).
Егін шаруашылығы 2017 жылы аудан бойынша егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі - 23910 гектар, оның ішінде күріш 14209 гектар.
Бүгінгі күнге 3984 га ескі жоңышқаның 1-ші орымы орылып болды, 2471 га жаңа жоңышқа, 1338 гектар мақсары, 202 гектар бидай, 1498 га картоп егіліп, күтімге алынды.
Минералдық тыңайтқыш 2017 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 9,5 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде аммоний сульфаты 5,5 мың тонна, карбамид 2,55 мың тонна, аммофос 1,4 мың тонна, аммиак селитрасы 64 тонна.
Гербицид Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының гербицидтерге қажеттілігі 12,7 мың литрді құрап, оның 10,5 мың литрі алынды.
Жанар-жағар май Ауданның көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына барлығы 4 625 тонна дизель отыны қажет.
Жеңілдетілген дизель отыны жеткізуші оператор «Нефтьтранс - Қызылорда» ЖШС арқылы дизель отыны алынуда.
Техника. Аудан бойынша күзгі егін жинау жұмыстарына қатысатын шаруашылық құрылымдардағы ауыл шаруашылығы техникалары толығымен дайын.


Ауыл шаруашылығы саласында 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы Қазіргі уақытта, елді мекендер бойынша ет, сүт және бақша дақылдарын өндіру және өңдеу бағыттарындағы 11 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды.
1) Ақтөбе ауылдық округінен «Достық Кәлпе» АШӨК. Бағыты - сүт өнімдерін өндіру және өңдеу, 22 мүшеден құрылған. «АШҚҚ» АҚ-нан  34,8 млн теңгесін қазіргі таңда алды.
2) Иіркөл ауылды округінен «Иіркөл-Даму» АШӨК. Бағыты - ет өнімдерін өндіру және өңдеу, 21 мүшеден құрылған. «АШҚҚ» АҚ арқылы ет бағытындағы МІҚ малын көбейтуге 27,750 млн теңге несие алды.
3) Жосалы ауылдық округінен «Жосалы-Даму» АШӨК. Бағыты ауылшаруашылық дақылдарын өсіру. Мүшесі 20 адам. 30,0 млн. теңге алуға құжаттар дайындап, алды.
4) Алдашбай ахун ауылдық округінен «Жұмабек ЛТД» АШӨК. Бағыты ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және сал азығын дайындау. Мүшесі 6 адам. Мал азығын дайындау бойынша бизнес жоба әзірленуде. Жоба құны 10,0 млн теңге.
5) Дауылкөл ауылдық округінен «Ер-Даулет» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру және өңдеу. Мүшесі 15 адам. Сүт өнімдерін өңдеуге және сүт бағытындағы МІҚ малын алуға бизнес жоба әзірленуде. Жоба құны 20,0 млн теңге;
6) ІІІ-Интернационал ауылдық округінен «Ақбұлақ 7Н» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру. Мүшесі 20 адам. «АШҚҚ» АҚ арқылы 28 млн. тг несие алуға құжат дайындауда.
7) ІІІ-Интернационал ауылдық округінен «Қашқансу-7» АШӨК. Мал тұқымын асылдандыру және ет өнімдерін өндіру. (2 асыл тұқымды бұқа әкелді, жергілікті малды асылдандырып, ет өнімін өндіру жұмыстары) Мүшесі 12 адам.
8) Ақжар ауылдық округінен «Қуаныш-Даулет» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру және өңдеу. Мүшесі 21 адам.
9) Көмекбаев ауылдық округінен «Кекірелі» АШӨК. Бағыты мал азығын дайындау. Мүшесі 20 адам.
10) Жаңажол а/о «Жаңа жол Бірлік» АШӨК. Мүшелері 20 адам.
Қазіргі таңда «АШҚҚ» АҚ арқылы «Ырыс» бағдарламасымен сүт және «Береке» бағдарламасымен ет бағытында 80 млн. тг несиеге құжаттарын дайындауда.
11) Алдашбай ахун а/о «Жеті Нұр Агро» АШӨК. Мүшелері 8 адам.       
Көктемгі егіс 2017 жылы аудан бойынша егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының  жалпы  көлемі - 23910 гектар, оның ішінде күріш 14205 гектар.    
01.04.2017 жылға 1981 гектар жоңышқа, 1120 гектар мақсары, 202 гектар бидай егіліп болды, 4369 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, су алуға дайын.
10 сәуірге дейін ерте көктемде егілетін дақылдар толық орналастырылып болады.
Тұқым  2017 жылдың егісіне қажетті, тексеруге түскен  4100  тн күріш тұқымының 52 пайызы себу дәрежесіне жеткізілді , 25 сәуірге дейін толық аяқталады деп күтілуде.
Минералдық тыңайтқыш 2017 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 9,5  мың тоннаны құрайды.
Оның ішінде аммоний сульфаты 5,5 мың тонна, карбамид 2,55 мың тонна, аммофос 1,4 мың тонна, аммиак селитрасы 64 тонна.
Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 75,3 проценті тасылып алынды.
Гербицид  Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының гербицидтерге қажеттілігі 12,7 мың литрді құрап, оның 4,5 мың литрі алынды.
Жанар-жағар майАуданның көктемгі егіс және дала жұмыстарына барлығы 2160  тонна  дизель отыны қажет.
Жеңілдетілген дизель отыны   жеткізуші оператор   «Нефтьтранс - Қызылорда» ЖШС арқылы дизель отыны алынуда.
Техника.Аудан бойынша  көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 151 трактор, 85 соқа, 40 тұқым сепкіш, 62 автомашина және 139 трактор тіркемесі толық  жөндеуден өтіп, көктемгі егіс жұмыстарына қатысуда.
Су жүйелері дайындығы Қазіргі таңдасу жүйелерінің дайындығы 69 пайызды құрайды, «Қармақшысушар» өндірістік учаскесі мамандары  су 15 сәуірге  келетінін айтуда,  су жүйелері толық дайын болады.


Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар  

2016 жылы 1709,1 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 100,1 % құрады.

Аудан бойынша биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 21,8 мың гектар болды, былтырғы жылмен салыстырғанда күріш 1365 гектарға аз болса, бидай (+80), мақсары (+670), мал азығындық дақылдар (+444) көлемі көбейіп отыр.

Барлық ауыл шаруашылық дақылдары уақытылы, оңтайлы мерзімде егіліп болды,4142  тонна (549 тн І, 2539 тн ІІ, 1054 тн ІІІ репродукциялы ) 100% жоғары репродукциялы күріш тұқымы жұмсалды. 960 тн аммофос, 2104 тн карбамид, 6370 тн. аммоний сульфаты минералдық тыңайтқыштары берілді.Бидай жиналып болды, (14 ц/га),майлы дақылдарды (мақсары) ору басталды. Ағымдағы жылдың 30 тамызында аудан бойынша күрішке алғашқы орақ басталды. Аудан көлеміндегі барлық шаруашылық құрылымдары бойынша егін жинау жұмыстары бүгінгі күнге жиналатын өнімнің 94,8 пайызы орылды.

Күріш орағына қатысатын 151 трактор, 97 комбайн, 75  жатка, 62 жүк көлігі, 139 трактор тіркемесі толық дайын. Күзгі дала жұмыстарына 1950 тн дизель отыны (алынғаны 550 тн), 440 тн(150 тн алынғаны) бензин, 132 тн.(52тн алынғаны)дизель майы бөлінді, шаруашылықтар белгіленген график бойынша, қажеттілігіне қарай алуда. (оператор «Нефтетранс Кызылорда» ЖШС)

Ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша 2016 жылы егіс көлемінің жиналуы жөнінде қорытынды мәлімет

Дақыл егілген егіс көлемі,га жиналған көлем, га % орта өнім ц/га барлық өнім, тн
Барлық егіс көлемі 21685 21685 100    
Дәнді дақылдар 14255 14255 100    
о.і. жаздық бидай 230 230 100 12 276
о.і. күріш 14025 14025 100 58,3 81766
мақсары 700 700 100 6 420
картоп  575 575 100 160 9200
көкөніс 326 326 100 200 6520
бақша 543 543 100 200 10860
жаңа жоңышқа 1914 1914 100 5 957
ескі жоңышқа 3372 3372 100    
о.і.шөпке 2572 2572 100 40 10288
о.і.тұқымға 800 800 100 0,7 56
табиғи шөп, тн         48000
барлық дайындалған мал азығы, тн         58288

 


Ауыл шаруашылығы саласында 2015 жылы атқарылған жұмыстар

2015 жылы ауданның ауылшаруашылық құрылымдары ауыл шаруашылық дақылдарын 20904 гектарға орналастыруға межеленсе 21983 гектар жерге орналастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 102,8 пайызға артық.
Оның ішінде: күріш-15390 гектар, жаздық бидай - 150 га, мақсары – 175 га, ескі жоңышқа – 3180 га, жаңа жоңышқа-1662 га, картоп – 659 га, көкөніс – 309 га, бақша – 458 га болды.
2014 жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 2,8 пайыз, 596 гектарға артық орналастырылды. Негізгі дақыл болып есептелетін күріш көлемі 7,5 пайыз, 1069 гектарға, мал азығындық ескі жоңышқа көлемі өткен жылғы көлемнен 186 гектарға, жаңа жоңышқа 82 гектарға көбейді. 2015 жылы егілген күріш дақылына 4093 тонна І-ІІ репродукциядағы тұқым себілді. Егіс алқаптарына агротехникалық талаптарға сай 8503 тонна аммоний сулфаты, 1870 тонна карбамид, 1152 тн фосфор тыңайтқыштары пайдаланды, бұдан басқа гулливер – 197 кг, рейнбоу – 3780 кг, азимекс – 80 кг, 2М-4Х75 гербицидтері жұмсалды.
Көктемгі, күзгі дала жұмыстарына дизель отынының «Нефтьтранс Қызылорда» ЖШС-і жеткізуші оператор болып бекітіліп, шаруашылықтар келісім шартқа отырып кедергісіз алып отырды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына қолдаулар көрсетіліп барлығы 640,5 млн. теңге субсидилар берілді, оның ішінде егін шаруашылығына 590,7 млн.теңге, мал шаруашылығына 49,8 млн. теңге. Ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетация кезеңінде 445960,0 мың текше метр су пайдаланылды, су жеткізу қызметі үшін 73,9 млн. теңге субсидия төленді.
Диқандар қауымының жаз бойғы еңбегінің нәтижесінде аудан бойынша өсірілген бітік егін қазан айына дейін төкпей – шашпай жиналып алынды.Күріш дақылының әр гектарынан 53,1 центнерден өнім алынып, 80,0 мың тоннадан аса өнім жиналды. Бұл аудан тарихында бұрын-соңды болмаған өнім. Жылдағы дәстүрмен «Жаңажол» ЖШС биыл да облыста алдыңғы қатардан көрінді, сонымен қатар «Ақтөбе и К» ЖШС-нің жақсы жұмыстар атқарғанын айту керек.
Соңғы жылдары шаруашылықтардың машина-трактор паркі шетелдік қуаттылығы жоғары техникалармен айтарлықтай жаңартылып, үстіміздегі жылы 10 КЛАСС, 2 ДжонДир комбайны, 10 МАРА жер тегістеуіші, т.б әр түрлі өнімділігі жоғары ауылшаруашылық техникалары алынды.