Бастапқы бет » Экономика және бизнес » Бизнесті мемлекеттік қолдау » Агроөнеркәсіп кәсіпорын кешендерін субсидиялау

Субсидияны беретін мекеме атауы: Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті Қорқыт ата көшесі № 1 үй. Байланыс телефоны: 8(724-37) 2-12-44, 2-10-65.

Субсидияны алу процесі:

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтар №33 бұйрығына сәйкес беріледі. Субсидия нормативтері осы бұйрыққа және облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес бекітіледі. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері субсидия алуға өтінімді ауылшаруашылығы бөліміне тапсырады. Жинақталған өтінімдер аудан әкімімен бекітіліп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына АШТӨ-не субсидия төлеуге тапсырылады.


Қармақшы ауданының мал шаруашылығы субьектілері бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында төленген субсидиялар туралы мәлімет

Жүктеу ...16КБ


Қармақшы ауданының мал шаруашылығы субьектілері бойынша 2017 жылдың І жарты жылдығында төленген субсидиялар туралы мәлімет

Жүктеу ...16КБ


Қармақшы ауданының мал шаруашылығы субьектілері бойынша 2016 жылы төленген субсидиялар туралы мәлімет

Жүктеу ...8.43КБ


2015 жыл бойынша ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру

Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп 603,5 млн теңге көлемінде субсидия берілуді. Оның ішінде:
1)  Егіс көлемін субсидиялау. Жанар-жағар май материалдары мен басқа да материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 385,0 млн. теңге;  
2) Ауыл шаруашылығы құрылымдарына тыңайтқыш шығынын өтеу үшін 112,0 млн теңге;
3) Гербицидтер құнын арзандату үшін 30,2 млн. теңге;
4) Су жеткізу қызметі, суармалы суды жеткізу жөніндегі нақты көрсетілген қызмет құнының 50 пайыз шығыны үшін 76,3 млн. теңге төленеді.


2014 жылы ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру бойынша

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп  676,6 млн теңге көлемінде субсидия берілді. Оның ішінде:
1)  Егіс көлемін субсидиялау. Жанар-жағар май материалдары мен басқада материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 487,9 млн. теңге;  
2)  Ауыл шаруашылығы құрылымдарына тыңайтқыш шығынын өтеу үшін 116,8 млн теңге;
3) Гербицидтер құнын арзандату үшін 28,7 млн. теңге;
4) Су жеткізу қызметі. суармалы суды жеткізу жөніндегі нақты көрсетілген қызмет құнының 50 пайыз шығыны үшін 43,2 млн. теңге;