Бастапқы бет » Экономика және бизнес » Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші » ӘЭК қазан 2015 жыл

 Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары  туралы анықтама (01.10.2015 жыл)

Есепті кезеңде аудан эконономикасын нығайту бағытында біршама жұмыстар атқарылып, нәтижесінде аудан экономикасының салаларында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізілді.  
Ағымдағы жылы барлығы 21 983 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде  15 390 гектарына  күріш дақылы себілді.  Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 596 гектарға немесе 102,8 пайызға, күріш көлемі 1069 гектарға, немесе 107,5 пайызға  артық егілді.
Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп 603,5 млн теңге көлемінде субсидия берілді.  
150 гектар жаздық бидай, 175 гектар мақсары дақылы толық жиналды. Аудан бойынша күріш жинау науқаны толығымен аяқталып, әр гектардан 53,1 ц/га өнім алынды.     
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі  5425,4 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,0 пайызға өсті.
Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді.  
Мал шаруашылығында өткен жылдың 1 қыркүйектегі жағдаймен салыстырғанда қой басы 3,0 пайызға, жылқы басы 13,3 пайызға, түйе басы 15,7 пайызға, құстар 0,8 пайызға өсті, ал мүйізді ірі қара басы 97,1 пайызды, ешкі басы 90,6 пайызды құрады.   Есепті кезеңде 2096,4 тонна ет, 3783,7 тонна сүт, 403,0 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 101,4 пайызды, сүт өнімі 102,2 пайызды құрады,  ал жұмыртқа 10,6 пайызға төмендеді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалы және «Қорқыт елі НС» ЖШС арқылы 22,5 млн теңге несие алып, 4шаруа қожалығы («Ернұр» ШҚ, Жосалы кент27/2, «Рахман» ШҚ Ақжар ауылы 30, «Шабан ата» ШҚ Жосалы ауылы 49/2, «Мырзаш» ШҚ Жосалы кенті 20 бас аналық)барлығы 126 бас аналық, 4 бас бұқа алып тұқымдық түрлендіруге қатыстырылды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша «Ақтөбе» ауылынан «Дос» ШҚ 8,5 млн теңге, Қармақшы ауылынан ЖК Қыстаубаев.Б 7,0 млн теңге несие алып, 55 бас бие, 6 бас асыл тұқымды айғыр алып өсіруде.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Ертлеу», «НұрАйБол» шаруа қожалықтарының әрқайсысы 10 бастан, барлығы 20 бас асыл тұқымды қошқар алып, екі шаруа қожалығында 300 бастан, 600 бас аналық қой басы тұқымдық түрлендіруге қатыстырылуда. Бағдарлама аясында «Болашақ құрылысы» ЖШС бүгінгі таңға 712 бас асыл тұқымды «Ордабасы» аналық қойлары мен 24 бас асыл тұқымды қошқар әкеліп, тіркету жұмыстарын жүргізуде.  
 Ветеринария саласы бойынша 2015 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға Республикалық бюджеттен бөлінген 55258,0 мың теңге қаржының 44296,0 мың теңгесі игерілді.               Осы игерілген қаржыға құтыруға қарсы , аусыл, лептоспироз, пастереллез, сібір жарасына, туберкуллезге, маңқаға  қарсы  егу жұмыстары жоспарға сәйкес  жүргізілді.
Энзоотиялық ауруларға қарсы ауруларға қарсы сақау жылқы-3300 бас, түйе қатпасына-1600 бас, бауыр құрт уақ малға-14650 бас, пироплазмозға МІҚ-2000 басқа егілді.
Бруцеллезге қарсы тексеру жұмыстары бойынша 19034 бас мүйізді ірі қара малы, 38214 бас уақ мал тексерілді.
Нәтижесінде мүйізді ірі қара малынан 2 бас, уақ малдан 136 бас бруцеллез ауруы анықталды.  Аурған малдар сою алаңында сойылып, еті жойылды. Ауырған малдар орналасқан қоралар түгелдей залалсыздандырылды.
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру және жылқы малын таңбалау оларды компьютерлік дерек қорына енгізу бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.
Зерттеулер қорытындысымен аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның («Қармақшы», («Қуаңдария» а/о, «Қызылтам», Жосалы кенті) қолайсыз елді мекендер қатарына енген болатын.                 Осы елді мекендерді күзгі және көктемгі айларда залалсыздандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 2487,2 мың теңге бөлініп, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің «Аудан көлемінде Қырым Конго геморрагиялық қызбасының алдын-алу туралы» 06.04.2015 жылғы №108-Ө санды өкіміне сәйкес аудандық штаб құрамы бекітілді.
Барлық  елді мекендерде тұрғындардың мал қораларына механикалық тазарту жұмыстары толық атқарылып және аудан  тұрғындарына кенеге қарсы үгіт насихат, облыстық, аудандық түтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының мамандарымен семинар-кеңестер ұйымдастырылып және жергілікті газет бетінде мақала жарияланды.      
Қазіргі   таңда    12   елді   мекендерінде   мал тоғытатын ванналарда уақ малдардың көктемгі, күзгі тоғыту жұмыстарының кестесі жасалып, көктемгі айда 28 653 бас, күзгі айда 35 879 басқа тоғыту жұмыстары жүргізілді.
Төретам кентінде санитарлық талапқа сай жердің болмауына орай мал тоғытатын ванна салу құрылысы жүргізілмеді. Төретам, Жосалы кенттерінде әр үйдің аулаларында қолмен шашу арқылы жүргізілді.
Сондай-ақ  Жосалы кентінен екі мал тоғытатын ванналардың жері белгіленіп,  1400,0 мың теңге қаржы аудандық бюджеттен бөлінді. Қазіргі таңда жеңімпаз анықтауға үшінші қайтара конкурс жариялануда.
Сонымен бірге сібір жарасы індетінің Кадастрге тіркелген 2 ошағына байланысты аудан әкімдігінің 27.02.2015 жылғы № 102-Ө өкімімен «Сібір жарасы індетінің Кадастрі» координаттарын нақтылау жөнінде жұмысшы тобы құрылды.
Осыған орай арнайы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде індет ошақтарының координаттары анықталды. Қазіргі уақытта құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 152 000 теңге бөлініп, «Жер ҒӨО» РМК-ның Қызылорда филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесімен келісім-шартқа отырылды.      
 «Дипломмен ауылға бағдарламасы» бойынша «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес 44 маманға 6105,0 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді. Сонымен қатар 40  маманға  115,7 млн. теңге тұрғын үй несиесі беріліп, бөлінген қаржы 99,8 пайызға орындалды.
Қармақшы ауданының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 985,8 млн теңгені құрап, нақты көлемінің  индексі өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 55,6 пайыз болып төмендегенін көрсетеді.
 Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 653,5 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 47,0 пайызды құрап, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда төмендеді.  
Аудан бойынша кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы бойынша нақты көлемінің индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 78,8 пайызды (2014 жылдың 9 айында – 80,3 пайыз болған), тамақ өнімдерін өндіру 100,3 пайызға,  өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 7,0 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу 18,0 пайызға орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда біршама төмендегені байқалады.
Жүргізілген талдау негізінде өткен жылдың кезенімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерінің төмен түсіп кетуіне сұраныстың азайып кетуіне байланысты болып отыр. Себебі аудан аумағындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты «Дорстрой» ЖШС мен «Акорд Окан» АҚ-ның асфальт бетон зауыттары жұмыстарының тоқтауы себеп болып отыр.
Сонымен қатар «ППС-Ойл Трэйд» ЖШС-сі 2014 жылы 1209,2 мың тенгенің өнімін өндірсе, биылғы жылы   өз жұмысын тоқтатып түр. Себебі   «КазРосИмпэкс» ЖШС өз меншігіне толықтай сатып алып вагон цистерналарды жуу-булау жұмыстарына жаңа қондырғылар әкелініп қайта жаңғырту жұмыстары мен құжаттары рәсімделуде. «КазРосИмпэкс» ЖШС  мекемесі өз жұмысын  2016 жылдың наурыз-сәуір айларында іске қосуды жоспарлап отыр.
Аудан бойынша қиыршық тас пен құм өндіру былтырғы жылға қарағанда биыл екі есеге жуық төмендеп кеткен. Атап айтар болсақ : 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тас пен құм өндіру көлемі 54755,0 мың теңгені құраса, биылғы жылдың 9 айының  өндіру көлемі 20540 мың теңгені құрады. Себебі өнімге сұраныстың азайып кетуіне байланысты болып отыр.
Кәсіпкерлік саласы: Қармақшы ауданы бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2015 жылдың 9 айында 2985 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 132, пайызға артты. (2014 жылдың 9 айында 2255 кәсіпкерлік субъекті).
Осы саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 5613 адам. Тиісінше өткен жылмен салыстырғанда 101,0 пайызды құрады.
 «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нің  несиелендіру комиссиясының қолдауын тапқан құны 57,8 млн теңге болатын 8 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалар бойынша 6 адам жұмыспен қамтылып, жылдың аяғына дейін қосымша 12 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 7 жоба бойынша 120,4 млн. теңге несие қаражатының пайыздық үстемелерін субсидиялауға және 1 жоба 1,0 млн теңгенің грантына қол жеткізді. Бұл жобалар бойынша 23 адам жұмыспен қамтылып, жылдың аяғына дейін қосымша 32 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 8 жобаның құжаттары қаралып, қаржыландыру мақсатындағы жұмыстар жүргізілуде.  
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына аудан тарапынан 3 жоба қатыстырылып, оның ішінен Жосалы кентінің тұрғыны Өтегенов Мейрамбектің «Полиэтилен пакетін өндіру цехын ашу» жобасы 1 млн. теңгеге грант жеңіп алды.
«Ақниет» әлеуметтік әріптестік бағдарламасы бойынша 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қармақшы ауданы бойынша 515 үміткер бағдарламаға қатысып, 33 аудан азаматы 12,0 млн теңге инвестиция тартылды. Жеңімпаздарды аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнде 10 адам кәсіпкер ретінде тіркелді.
Аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 2187,3 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға өсті.
Негізгі капиталға салынған  инвестициялардың нақты көлемінің индексі өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 57,8 пайызды құрады. Негізгі инвестиция тарту көлемінің төмендеуі себебі ең алдымен аудан аумағындағы бірқатар ірі жобалардың жұзеге асырылуының аяқталуына байланысты болып отыр. Атап айтқанда, «Батыс Европа-Батыс-Қытай» мегажоба мен «Бенеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысына инвестициялық салымдар салу көлемдерінің аяқталуына байланысты ауданның инвестиция көлемі төмендеп отыр.
Негізгі инвестиция тарту көлемінің төмендеуі себебі аудан аумағындағы бірқатар ірі жобалардың аяқталуына байланысты болып отыр.
Есепті кезеңде 16 272 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 100,7 пайызды құрады.  
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2015 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 28681,0 мың теңге қаржыға,  аудан бойынша 6 көпқабатты тұрғын үйлерге, оның ішінде Жосалы кентіндегі Сегізов көшесі № 37 үй, Ізтелеуов көшесі № 4 үй, Төретам кентіндегі Жанқожа батыр көшесі № 27, № 29 үйлерге және ІІІ- Интернационал ауылдық округіндегі Цай Ден Хак  көшесіндегі  № 27, Наурыз көшесі № 2 үйге  күрделі жөндеу жұмыстары  маусым айында басталды. Аяқтау мерзімі үстіміздегі жылдың 1 қарашасына жоспарлануда.
Сондай- ақ,  Жосалы кентінің Абай көшесі № 98, № 100, Мүсірбаев көшесі № 3, №5, Амангелді көшесі № 49, № 55 және Сегізов көшесі№ 1 , барлығы 7 көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті 27 385,785 мың теңге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім әзірленіп, аталған 7 үйдің тұрғындарының келісімдері алынып, сметалық құжаттамалары әзірленіп, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігіне тапсырылды.
Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары: 2015 жылы аудандық бюджеттен аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және оны күтіп ұстау жұмыстарына 28 611,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Инженерные изыскания и К» ЖШС тарапынан сметалық есептеме рәсімделіп, конкурс жеңімпазы болып  МКК «Қазақавтодор» анықталып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 2015 жылы 5 жобаларды жүзеге асыруға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына  бюджеттік өтінім тапсырылды. (Аудандық Марал Ишан кесенесіне кіре беріс автомобиль жолының құрылысы- 848,828 млн.теңге; Жосалы кентінің 13,3 шақырымды құрайтын көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу- 491,926 млн.  теңге; Қармақшы ауданының Қуаңдария, Көмекбаев және Алдашбай ахун ауылдық округінің көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу- 259,985 млн.теңге: ІІІ- Интернационал ауылдық округінің  Кашкан су-1,3 км, Қазақ- 1,3 км, Амангелді- 1,3  көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу-  50,577 млн.теңге; ІІІ- Интернационал ауылдық округінің Жаңақұрылыс- 0,77 км, Бәйтерек- 0,78 км, Пак Чен Ир – 0,4 км көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу – 25,516 млн.теңге.)
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында биылғы жылы 3 жоба іске асырылуда.
Бұл, «Жосалы кентінде су құбыры желілерінің  құрылысы» (4 кезең)  жобасы бойынша 2015 жылы барлығы  234,1 млн.теңге бөлінді. Аталған объектінің құрылыс жұмыстары мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-і арқылы  жүргізді. Объектінің құрылыс жұмыстары толығымен жүргізіліп, 29.08.2015 жылы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен қабылданды.
«Ақай елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» жобасы бойынша 2015 жылы барлығы 190,3 млн.теңге бөлінді.  Құрылыс жұмыстарын мердігер «АзияДамуЛТД» ЖШС-і жүргізуде.   Келісім шартта нысанды пайдалануға беру мерзімі 2015 жылдың 30 тамызда тапсыруы міндеттелген болатын. Алайда мердігердің құрылыс жұмыстарын баяу жүргізуінен осы уақытқа дейін құрылыс жұмыстары аяқталмай отыр.
Қазіргі жағдайы: Водозабор бойынша- жұмыстар жүргізілуде. Нысан құрылысы пайдалану мерзімінен кешігуіне байланысты Қызылорда облыстық ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа мердігер мекемені жосықсыз деп тану туралы талап-арыз жолданып сот процесінде қаралуда.
«Тұрмағамбет елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» жоба бойынша 2015 жылға барлығы – 362,1 млн.теңге  қаржы бөлінді. Бүгінгі күні нысанның құрылыс жұмыстары толығымен жүргізіліп, мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға қабылданды.
Қармақшы ауданы бюджетінің 2015 жылдың 1 қазанына түсімдер болжамы 6117,2 млн.теңге орнына 6332,0 млн.теңгеге атқарылып, 103,5 % құрады (2014 жылдың 1 қазанына 101,5 % құраған).
Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 584,2 млн.теңге болса, нақты атқарылуы 769,5 млн.теңгені құрап, 185,2 млн. теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 572,8 млн.теңге орнына  747,5 млн.теңгеге, салықтық емес түсімдер жоспары 6,7 млн.теңге 9,5 млн.теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 4,6 млн.теңге 12,3 млн.теңгеге атқарылды.
2015 жылдың 1 қазанына аудан бюджетінің шығындар жоспары          6143,9 млн.теңге орнына 6112,2 млн.теңгеге атқарылып, 99,5 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының  31,7 млн.теңгесі игерілмеді. (2014 жылдың 1 қазанына шығындар жоспары 98,0% атқарылған).
Әлеуметтік сала бойынша 2015 жылдың 1 қазанына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 2584 адам.
Қазіргі таңда есепте тұрған жұмыссыздар саны 872 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 3,5 пайызды құрайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға көбейіп отыр. Жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады.
Жалдамалы  жұмысшылар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға төмендеген. Ауданда жалдамалы жұмысшылар санының төмендеу себебі, биылғы жылы ауданның ірі мекемесі «Жосалы жол дистанциясы» мекемесі жабылып, Қазалы ауданына қосылды. Сонымен бірге «ППС Ойл трэйд» ЖШС өз жұмысын тоқтатты.Байқоңыр қаласында жұмыс орындары қысқартылуда.
2014 жылдың 1 қазанына 386 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, 1227 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 19 мүгедек  жұмыспен қамтылды.   
Ауданда  6 рет «Бос  жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 62 азамат жұмыспен қамтылды.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке 62 отбасының 276 адамына 4423,7 мың теңге , аз қамтамасыз етiлген 1762 отбасының 5285 баласына 18 жасқа дейiнгi балаларына арналған мемлекеттiк жәрдемақысына 74634,3 мың теңге,  тұрғын үй көмегiне 1758 отбасыға 55180,0 мың теңге, үйде тәрбиеленіп оқытылатын 79 мүгедек балаларға әлеуметтік көмекке 2406,5 мың теңге   жәрдемақы төленді.
«Мүгедектерді оналту жеке бағдарламасы» аясында 617 мүгедек арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.  
 «Жұмыспен қамту-2020 жол қартасы» бағдарламасының
 І-бағыты   бойынша 88,2 млн теңге қаржы қаралып, Жосалы кентінде №105 орта мектептің және №2 «Жұлдыз» балабақшасының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.   Жобаларға 18 адам жұмысқа жолданды.
 ІІ- бағыты   бойынша  Қармақшы ауданына 252,5 млн теңге шағын несие қаржысы бөлінді. Республикалық бюджеттен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 164,5 млн теңге, реинвестпен 27,0 млн теңге. «Байқоңыр ӘКК» ҰК арқылы реинвестпен 61,0 млн теңге.
Қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалына бөлінген қаржының 164,5 млн теңге 80 адамға таратылды, атап айтқанда: мүгедек-4 адам 6,9млн, 29 жасқа дейін-18 адам 39,3 млн, 50+ -18 адам 35,9 млн, өз-өзін жұмыспен қамтығандар-77 адам 159,5 млн, жұмыссыз-3 адам 5,0 млн, ерлер-47 адам 98,4 млн, әйелдер-33 адам 66,1 млн теңге.
Реинвестпен 27,0 млн тенгесі – 3 адам 4,7 млн тенге, «Пана» НС-гі арқылы 5 адам 15,0 млн тенге шағын несие алды.
Бүгінгі күнге Қармақшы ауданы бойынша қосымша 280 адам шағын несие алуға ниет білдіруде.
ІІІ-бағытының  І-құрамдас бөлігі «Оқу және қоныс аудару» бағыты бойынша 2014 жылы Бағдарлама аясында 10 айлық кәсіби даярлау курстарына 90 азамат жолданды. Оның ішінде 85 адам оқуды аяқтады. Қазіргі таңда оқуды бітірушілерді жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қаралған 24569,0 мың  теңгенің 23342,4 теңгесі игерілді. Қалдық 226,6 мың тенге.
«Әлеуметтік жұмыс» орындарында 2014 жылы жұмысқа жолданған 80 адамның ішінде 2015 жылы 49 адам 23 мекемеде жұмыстарын жалғастыруда. Республикалық бюджеттен қаралған қаржы  көлемі 11402,0 мың теңге, игерілгені 9436,0 мың тенге. Оның ішінде 6 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды. 31 адам өз еркімен жұмыстан босатылды. Жұмысты жалғастырушылардың ішінде 67 адамның ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналары аударылған.
«Жастар тәжірибесіне» 2015 жылға 5350,0 мың тенге қаралған, игерілгені 4195,3 мың тенге. 31 адам 20 мекемеге жұмысқа жіберіліп, қазіргі таңда жұмыстарын жалғастыруда. Оның ішінде 2 адам ІІІ топ мүгедегі. Тұрақты жұмыс орындарымен  6 адам қамтылды.
Білім саласы.   «Балапан» бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылуда. Мектепке дейінгі 3-6 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеумен қамту  мақсатында ауданда 24 мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 2009 бүлдіршін тәрбиеленсе, 19 шағын орталықтарда 743 бала тартылған.
Ағымдағы жылы Төретам кентінен 280 орынға арналған балабақша ғимараты жыл аяғына пайдалануға беріледі.
Биылғы жылы Ақай ауылында 280 орындық балабақша және 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.
Жосалы кент орталығынан жекеменшік екі 50 орындық жекеменшік балабақша, Төретам кентінен 60 орындық 1 жекеменшік балабақша және 50 орындық бір балабақша ашу жоспарлануда.
Қазіргі таңда 3-6 жас аралығындағы балалардың 93,2 пайызы балабақшамен қамтылып отыр.   
Аудан бойынша Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектепке тоқсан сайын, Жосалы кенті № 250 мектеп-лицейінің 109 оқушысы, Төретам кентінде №80, №269 Ақай ауылындағы № 99 орта мектептердің оқушылары күнделікті тасымалмен қамтамасыз етілген. Тасымалды қажет ететін оқушылар 100 пайыз тасымалмен қамтылды.  
Ағымдағы жылы  2 балабақша (№6, №19 балабақша)  және 4 орта мектеп ғимараттарына (№26, №29, №113, №106 мектептер) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ыстық тамақ. 2014-2015 оқу жылына 1 және 2 сыныптағы 1999  оқушы  ыстық тамақпен 100,0 пайызға қамтамасыз етіліп отыр.
Денсаулық саласы: Есепті мерзімде туылғандар саны 834 баланы құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда дүниеге келген сәбилер саны 89,2 пайызды құрады.
100 мың тұрғынға туберкулезбен ауру деңгейі 35,3 пайызды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,7 пайызға өсім бар.
Мәдениет саласы бойынша  көркемөнерпаздар үйірмелері 2015 жылдың 9 айында 1 халықаралық, 5 облыстық, 3 республикалық  байқауға қатысты. Ауданда   барлығы 16 байқау, 691 мәдени шара өткізілді.
Мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3,5 млн теңгеге сахналық киім комплекті компьютерлер мен музыкалық аппаратура сатып алынды. Сонымен қатар 24,5 млн теңгеге аудандық мәдениет үйінің қас бетіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Солнымен қатар Ақтөбе ауылдық мәдениет үйіне аудандық бюджеттен 47,0 млн теңге бөлініп, алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жосалы кент орталығынан мұражай-кітапхана  құрылысы  пайдалануға берілді.
Спорт саласы: Аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту бағытында  бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2015 жылғы кешенді спорттық-бұқаралық  шаралардың күнтізбелік  жоспары бойынша барлығы 74 спорттық іс-шара жоспарланған.
Қазіргі таңда аудан көлемінде үстіміздегі жылдың 9 айында 85 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілсе, аталған шараларға 6587 адам қамтылған.
Үстіміздегі жылғы 23-27 қыркүйек аралығында Шиелі ауданында «Алтын күз-2015» ауыл спортшыларының облыстық спартакиадасы өтті. Атталған спорттық шаралар қорытындысы бойынша аудан спортшылары көкпардан ІІІ-орын, Президенттік көпсайыстан ІІ-орын, қазақ күресінен ІІ-орын, қол күрестен І-орын, баскетбол (ұлдар) ІІІ-орынды жеңіп алды. Спартакиада қорытындысы бойынша 64 ұпаймен командалық 5-орында тұрақтады (2014 жыл 5-орын).
Қазіргі таңда ауданда спортпен шұғылданушылардың саны  12960-ға жетті. Бұл аудан халқының 24,0 пайызын құрайды. Жыл аяғына дейін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 25,0 пайызға жеткізіледі.
Қылмыс. Есепті кезеңде аудан көлемінде жалпы саны 350 қылмыс тіркелді, (2014 жылы 266 қылмыс). Жалпы қылмыстың ашу деңгейі 67,4 пайызды құрады.  
Ауыр және ерекше ауыр қылмыстың саны  20, өткен жылдың тиісті кезеніңде ауыр және ерекше ауыр қылмыстың саны  24  тіркелген болатын.
Ауыр және ерекше ауыр қылмыстардың ашу деңгейі 95,0 пайызды құрады.  
Қылмыс деңгейін өсу себебі жаңа Қылмыстық Кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты бірқатар қылмыс (2014 жылы әкімшілік-құқық бұзушылық болып есептелсе) қылмыстық теріс қылық болып есептелгендіктен  қылмыс саны өсіп отыр.
Жер қатынастары. Жыл басынан ауыл шаруашылығы жерлеріне шаруа қожалықтарын жүргізу үшін 2 аукцион өткізілді. Аукционға жалпы көлемі 12722 гектар, 35 жер учаскесі шығарылды. Нәтижесінде жалпы көлемі 9702 гектар, 30 жер учаскесі жалдау құқығымен 10 жыл мерзімге  2 766 мың теңгеге сатылды. Сатылған жер учаскелерінің қаржысы жергілікті бюджетке толық аударылды.