Бастапқы бет » Экономика және бизнес » Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші » ӘЭК қаңтар 2016 жыл

Қармақшы ауданның 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Қармақшы ауданының 2015 жылы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы төмендегіше қалыптасты.
Агроөнеркәсіп кешені
Мысалы, ауылшаруашылық құрылымдарына 640,5 млн. теңге көлемінде субсидия берілді, оның ішінде егін шаруашылығына 590,7 млн.теңге, мал шаруашылығына 49,8 млн.теңге.
Осындай қолдау нәтижелерінің арқасында шаруалардың жұмыс жүргізуіне жағдай жасалып ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 2015 жылы 7 млрд 584 млн. теңгеге жетті.
Биылғы жылы 21983 гектар егіс егіліп, оның ішінде күріш 15390 гектар жерге орналастырылды.
Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 596 гектарға немесе 102,8 пайызға, күріш көлемі 1069 гектарға, немесе 107,5 пайызға артық егілді.
Егілген күріштің әр гектарынан 53,1 центнерден өнім алынып, жалпы 81721 тонна өнім жиналды. Жылдағы дәстүрмен «Жаңажол» ЖШС биыл да облыста алдыңғы қатардан көрінді, сонымен қатар «Ақтөбе и К» ЖШС-нің жақсы жұмыстар атқарғанын айту керек.
Сол секілді, мақсарыдан әр гектарынан 6,0 центнер (105 тн), көкөніс әр гектарынан 176,6 центнер (5100 тн), бақша әр гектарынан 177 центнер (6153 тн), картоптан әр гектарынан 156 центнерден (9200 тн) өнім алынды. 45500 тонна мал азығы дайындалы.
Мал шаруашылығы
Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан 41,0 млн. теңге субсидия беріліп, түрлі бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді. Мысалы:
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтары 4 бас асыл тұқымды бұқа және 126 бас аналық сиыр сатып алды.
Мұнан бөлек «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы мал шаруашылығын дамытуға қаржы алынуда. Атап айтқанда:
«Құлан» бағдарламасы бойынша 2 жоба 15,5 млн. теңгеге қаржыландырылып, 55 бас бие, 6 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынды. («Дос» ШҚ 8,5 млн теңге, ЖК Б.Қыстаубаев 7,0 млн теңге).
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда. («Ертлеу», «НұрАйБол» шаруа қожалықтарының әрқайсысы 10 бастан, барлығы 20 бас асыл тұқымды қошқар алып, екі шаруа қожалығында 300 бастан, 600 бас аналық қой басы тұқымдық түрлендіруге қатыстырылуда. Бағдарлама аясында «Болашақ құрылысы» ЖШС бүгінгі таңға 712 бас асыл тұқымды «Ордабасы» аналық қойлары мен 24 бас асыл тұқымды қошқар әкеліп, тіркету жұмыстарын жүргізуде).
Осындай жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мал санының түрлері бойынша, 2015 жылдың қаңтар-қараша айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жылқы 3,7 пайызға, түйе 15,6 пайызға өсіп отыр.
Сәйкесінше есепті кезеңде 3517.9 тонна ет, 5876.1 тонна сүт, 787.0 мың дана жұмыртқа өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 1,1 пайызға, сүт өнімі 1.8 пайызға өсті.

Өнеркәсіп саласы:
Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 2613,2 млн теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50,3 пайызды құрады.
Оның ішінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібі 16,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 57,1 пайызға төмендеп кеткен.
Басты себебі аудан аумағындағы бірқатар ірі жобалардың (Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық автодәлізі, «Дорстрой» ЖШС, «Аккорт-Окан» компаниясы) аяқталуына байланысты өнімге сұраныс азайған. Сонымен қатар машина жасау саласы бойынша «ППС Ойл трэйд» ЖШС жабылған.
2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 1321 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 62,8 пайызды құрады. Оның ішінде карьерлерлерді қазу 77,6 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 56,2 пайызды құраса, тамақ өнімдерін өндіру 106,0 пайызға және жазылған материалдар басып шығару өндірісі 143,8 пайызға өскен.
Карьерлерлерді қазу деңгейінің төмендеу себебі жол құрылысына пайдаланылатын қиыршық тасқа сұраныстын азаюына байланысты. Өңдеу өнеркәсібінің төмендеуі вагон жуу, оны жөндеу қызметін жүргізетін кәсіпорынның иелерінің ауысуына байланысты жұмысының тоқтау салдарынан болып отыр.
Кәсіпкерлік саласы Осы бағытта жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аудан бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны есепті кезеңге 3063 субъектіні құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсім 135,6 пайызға артты (2014 жылы 2259 кәсіпкерлік субъекті). Бұл өз кезегінде онда жұмыспен қамтылғандар санын ұлғайтты (5721 адам, өткен жылмен салыстырғанда өсім 103,0 пайызды құрады).
Жаңа сауда мен қызмет көрсету нысандарын ашу нәтижесінде бөлшек сауда тауар айналым көлемі 2959.8 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1.1 пайызға өсті.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша есепті кезеңге 120,4 млн. теңгенің 7 жобасы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында алынған несиелердің пайыздық үстемелері субсидияланды, жобалар ішінара кепілдендірілді. Бұл жобалар бойынша 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, жобалар толық іске қосылғанда қосымша 32 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Сонымен бірге, «Полиэтилен пакетін өндіру» жобасы бағдарлама негізінде грантқа ие болып, тағы да 2 жұмыс орнын ашуға қол жеткізілді.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-гі арқылы 102,8 млн. теңгеге 14 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалар бойынша 9 адам жұмыспен қамтылса, жобалар толық іске асырылғанда қосымша 45 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
«Ақниет» әлеуметтік әріптестік бағдарламасына аудан бойынша 515 үміткер қатысып, 33 азамат 12,0 млн теңгенің грант иегері атанды.
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15664 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 53.1 пайызды құрады.
Негізгі инвестиция тарту көлемінің төмендеу себебі аудан аумағындағы бірқатар ірі жобалардың аяқталуына байланысты болып отыр.
Есепті кезеңде 19576 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 92.3 пайызға құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 75,4 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемінің төмендеу себебі аудан аумағындағы бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылуының аяқталуына байланысты болып отыр.
2015 жылы Қармақшы ауданының нақтыланған бюджеті 8 млрд 53 млн теңгені құрап, бекітілген бюджеттен 2 млрд 725 млн теңгеге ұлғайды. Оның негізгі себебі, білім саласына қосымша 1 млрд 428 млн. теңге, 3 елді мекеннің ауыз су жүйелерінің құрылысына 713 млн. теңге, әлеуметтік салаға 38 млн. теңге және өзге де салаларға 546 млн. теңгенің бөлінуі әсер етті.
Бюджеттің атқарылуына келер болсақ:
2015 жылы бюджеттің түсімдер болжамы 8 млрд 323 млн 324 мың теңге орнына 8 млрд 417 млн 674 мың теңгеге атқарылып, 101,1 пайызды құрады.
Оның ішінде ауданның өз кірістерінің болжамы 935 млн 034 мың теңге болса, нақты атқарылуы 1 млрд 025 млн 443 мың теңгені құрап, 90,4 млн. теңге бюджетке жоспардан артық түсті.
Бюджеттің шығындар жоспары 8 млрд 490 млн 519 мың теңге орнына 8 млрд 448 млн 331 мың теңгеге атқарылып, 99,5 пайызды құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 42,1 млн.теңгесі игерілмеді.

Қылмыс. Есепті кезеңде аудан көлемінде жалпы саны 370 қылмыс тіркелді (2014 жылы 308 қылмыс).
Ауыр және ерекше ауыр қылмыстың саны 16, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда ауыр және ерекше ауыр қылмыстың саны 27,3 пайызға төмендеді. Ауыр және ерекше ауыр қылмыстардың ашу деңгейі 88,9 пайызды құрады.

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі жайлы.
Әлеуметтік осал топтардың жағдайын жақсартуға «Жұмыспен қамту-2020 жол қартасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы өз септігін тигізуде.
Бағдарламаның І-бағыты бойынша 88,2 млн теңге қаржы бөлініп, 2 жоба іске асырылды.
ІІ- бағыты бойынша Ағымдағы жылы 116 азамат 252,5 млн теңге шағын несие алып, өз кәсіптерін бастауда. Бүгінгі күнге қосымша 372 адам шағын несие алуға ниет білдіруде.
ІІІ-бағытының Бағдарлама аясында 10 айлық кәсіби даярлау курстарына 90 азамат жолданды. Оның ішінде 85 адам оқуды аяқтады. Қазіргі таңда оқуды бітірушілерді жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілуде.
«Әлеуметтік жұмыс» орындарында 2015 жылы 49 адам 23 мекемеде жұмыстарын жалғастыруда.
«Жастар тәжірибесіне» 2015 жылға 5350,0 мың тенге бөлініп, 32 адам 21 мекемеге жұмысқа жіберіліп, тұрақты жұмыс орындарымен 14 адам қамтылды.
«Оқу және қоныс аудару» бағыты бойынша оқуды аяқтаған 189 адамнан 81 адам жұмыспен қамтылды.

Білім беру саласы бойынша.
Қармақшы ауданы бойынша 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 орталау мектеп, 1 бастауыш, 3 мектептен тыс және 53 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Ауданда 13465 оқушы білім алады.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында 1836 мұғалім жұмыс жасайды, оның ішінде 99 жоғары, 714 бірінші санатты, 440 мұғалім екінші санатты мұғалімдер, 584 санатсыз мұғалім. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 38,8 пайызды құрайды.
2015 жылы деңгейлік бағдарлама бойынша 73 педагог қызметкер біліктілік арттыру курсынан өтті.
Аудан мектептері жаңа модификациялық 9 биология, 6 физика, 9 химия кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Барлық мектептер интернет желісіне , оның ішінде 17-і кең жолақты интернет желісіне қосылған.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылған.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстарды дамыту, инклюзивті оқытуды дамыту бағытында жалпы білім беретін 4 мектеп жұмыс жасайды. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы -18,9 %.
Олардың жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі – 8,7 %.
2014 – 2015 оқу жылын 427 оқушы 11 сыныпты бітіріп 265 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қатысу пайызы 62,0 орташа балл 83,14 құрап, көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 6,3 баллға жоғары болды. 8 оқушы «Алтын белгі», 2 оқушы үздік аттестатқа ие болды. ҰБТ қорытындысымен шекті 50-ден төмен балл жинаған оқушы саны 3, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 оқушыға азайды.
Білім ордаларының материалдық базасы нығайтылуда.
Аудан мектептеріне оқулықтар мен әдістемелік кешендерді сатып алуға 37,8 млн теңгеге 52185 дана оқулықтар алынды.
Республикалық бюджет есебінен Байқоңыр қаласындағы 6 мектебіне 39,5 млн теңгеге 53712 оқулық сатып алынды, оған қосымша министрліктен 36730 дана оқулықтар тапсырылды. Сонымен бірге, Байқоңыр қаласындағы мектептерге барлығы 155,9 млн. теңгеге 39 пән кабинеттерімен мультимедия-лингофон кабинеттері сатып алынды.
Балабақшамен қамту 1-6 жастағы 74,5 пайыз болса, ал 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 100 пайызға жеткізілді.
Денсаулық сақтау саласы бойынша.
2015 жылы туылғандар саны 1182 баланы құрап, өткен жылмен салыстырғанда 93,6 пайызды құрады. Қайтыс болғандар саны 281 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 86,9 пайызды құрады. 100 мың тұрғынға туберкулезбен ауру деңгейі 42,7 құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,0 төмендеді.

Мәдениет саласы. Көркемөнерпаздар үйірмелері 2015 жылы 1 халықаралық, 5 облыстық, 3 республикалық, 16 аудандық байқауға қатысып, 691 мәдени шара өткізілді.

Денешынықтыру және спорт саласы бойынша 2015 жылы аудан көлемінде 90 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, аталған шараларға 7234 спортшы қатысты. Аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 20-алтын, 12-күміс, 13-қола медальды жеңіп алса. Азия чемпионатында аудан спортшылары 2-алтын медаль, Әлем чемпионатында 1-күміс медаль жеңіп алды. 2015 жылғы спорт түрлерінен ҚР Ұлттық құрамы командасына ауданның 17 спортшысы енді.
2015 жылдың қорытындысымен ауданда спортпен шұғылданушылардың саны 13539-ға жетті, бұл аудан халқының 25,6 пайызын құрады.

Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

(01.01.2016 жылға) 

 

Көрсеткіштер

 2014 жыл нақты 12 ай 

 2015 жыл нақты 12 ай

%

І. Әлеуметтік көрсеткіштер

1.

Халық саны, (адам) (01.12.2015 ж.)  

53840

53900

100,1

2.

Туылғандар, (адам) (қаңтар-қараша)

1262

1182

93,6

3.

Өлгендер, (адам) (қаңтар-қараша)

323

281

86,9

4.

Жалдамалы жұмысшылар, (мың адам)    

6,7

6,5

97,0

5.

Жұмыссыздар ретінде тіркелгендер,  (адам)

229

223

97,3

6.

Тіркелген жұмыссыздар үлесі, %( +;-)

0,7

0,9

+0,2

7.

Орташа  жалақы  (теңге)

70194

72251

102,9

8.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы, (теңге)  

17573

17893

101,8

9.

100 мың тұрғынға туберкулезбен ауру деңгейі   

48,3

42,7

88,4

10.

Тіркелген қылмыстар саны 

328

391

119,2

ІІ. Экономикалық көрсеткіштер

11.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, (млн. теңге)

2103,5

1321

62,8

12.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, (млн. теңге)

7676,8

7584,7

98,8

13.

Құрылыс жұмыстары  (млн теңге)

5948,2

4485

75,4

14.

Бөлшек сауда тауар айналымы (млн. теңге)

2927,5

2959,8

101,1

15.

Негізгі қорға салынған инвестиция, (млн. теңге)

29499,0

15664

53,1

16.

Тұрғын үйді пайдалануға беру, (шаршы метр)

21209,1

19576

92,3

17.

Мемлекеттік бюджетке (республикалық+ жергілікті) салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі (млн теңге)

1267,1

1385,0

109,3

18.

Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджеттің меншік табыстары көлемінің өсу қарқыны,  (млн теңге)

906,8

1025,4

113,7

ІІІ.

Мал шаруашылығының өнімдері

 

 

 

 19.

Ет, тонна (сойыс салмақта)  

3477,6

3517,9

101,1

 20.

Сүт, тонна (сиыр сүті)

5768,8

5876,1

101,8

 21.

Жүмыртқа, мың дана

819,6

787,0

96,0

IV.

Мал басы,  (бас)

 

 

 

 22.

Мүйізді ірі қара

23342

22768

95,5

 23.

Қой 

25682

26544

93,5

 24.

Ешкі

17854

15762

75,8

 25.

Жылқы

4664

5273

103,7

 26.

Түйе

2304

2671

115,6

27.

Құс

18677

17053

91,3

V.

Көлік

 

 

 

 28.

Жүк тасымалдау (мың тонна)

6445

6537,4

101,4

 29.

Жүк айналымы, (млн  тонна шақырым)

859,5

861,5

100,2

 30.

Жолаушылар тасымалдау (мың адам)

4834,7

5072,9

104,9

 31.

Жолаушылар айналымы (млн жолаушы шақырым)

123,6

123,7

100,1

VI.

Спорт

 

 

 

33.

Спортпен щұғылданатын адамдар саны (адам)

12 290

13539

110,2

34.

Спортпен шұғылданатын адамдар санының үлесі   (%)

24,0

25,1

+1,1