Бастапқы бет » Экономика және бизнес » Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2017 жылдың 9 айында бөлшек сауданың нақты көлемі 2 684 620 мың теңгені құрап 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,1 пайызға орындалды. (ақпарат www.stat.gov.kz)
Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 483 сауда дүкені, 4 сауда базары, 13 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын наубайхана қамтамасыз етеді.
Аудан тұрғындары мен кәсіпорындарды жанар-жағар маймен 7 май құю бекеті, сұйытылған газбен 6 кәсіпкерлік субъекті қамтамасыз етуде. Аудан әкімдігі тарапынан жанар-жағар май, қатты отын мен сұйытылған газ бағаларына және қорына күнделікті мониторинг жүргізуде.
Қармақшы ауданында 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», «Достық» базарлары. Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде орналасқан, 1-еуі Төретам кентінде орналасқан.
Аудан орталығында заманауи технологияларды пайдалана отырып қызмет жасайтын «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас» сауда үйлері жұмыс жасауда.
Аудан халқын көмірмен қамтамасыз етіп отырған 6 кәсіпкер бар. Олар: ЖК «Ж.Жаппасбаев», «Сымбат» ЖШС А.Қаржаубаев, ЖК «Б.Өмірзақов», «Арғымақ» ЖШС, «ЖШС «Қармақшы» ТК, ЖК «Сүлейменов С».
Сонымен қатар, Қармақшы ауданы бойынша арзандатылған ұн тасымалдаумен айналысатын 4 кәсіпкерлік субъекті оператор болып белгіленді. Олар: ЖК «Б.Өмірзақов», ЖК «Берсүгір», «Қармақшы» СТК және ЖК «Ж.Жаппасбаев». Аталған операторлар «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ-ы жанындағы облыс бойынша оператор «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-не ауданның кәсіпкерлері тарапынан қантқа, ұнға тапсырыстар берілуде.


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2017 жылдың І жарты жылдығына атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 397 сауда дүкені, 4 сауда базары, 13 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын наубайхана қамтамасыз етеді.
Азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға сәйкес, аудан көлемінен жеке кәсіпкер «Маржан» Жұмабеков Бахтиярдың келсімімен аудан әкімдігі және «Байқоңыр» ӘКК»ҰК» тараптары бойынша үш жақты меморандум жасақталып, әлеуметтік дүкен өз жұмысын жасауда.
Сонымен қатар, тұрғындар мен кәсіпорындарды жанар-жағар маймен 9 май құю бекеті, сұйытылған газбен 3 кәсіпкерлік субъекті қамтамасыз етуде. Аудан әкімдігі тарапынан жанар-жағар май, қатты отын мен сұйытылған газ бағаларына және қорына күнделікті мониторинг жүргізуде.
Қармақшы ауданында 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», базарлары. Сонымен қатар, «Достық» сауда базарының алдағы уақытта іске қосылуы жоспарланып отыр.Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде орналасқан, 1-еуі Төретам кентінде орналасқан.
Аудан орталығында заманауи технологияларды пайдалана отырып қызмет жасайтын «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас» сауда үйлері жұмыс жасауда.


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсан қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2016 жылдың қорытындысымен Қармақшы ауданында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2989, оның шінде 2411  белсенді кәсіпкерлік субъектілер болып табылады. Кәсіпкерлік субъектілерде 6,0 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Cала бойынша бюджетке түскен салық көлемі 251,7 млн теңгені құрады (2015 жыл көлемінде 239,8 млн теңге, 105%).
Кәсіпкерлік саласының басым бөлігін бүгінгі күні сауда және қызмет көрсету саласы қалыптастырып отыр. Тиімді сауда және қызмет көрсету саясатын жүргізу өңірдің аумақтық дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде маңызы зор.
Қазіргі уақытта, ауданда 389 сауда мен қызмет объектілері жұмыс істейді, олардың ішінде 4 сауда базары, 223 азық-түлік және азық-түлік емес сауда дүкендері, 12 шағын наубайханалар, 2 кондитер цехтары, 16 қоғамдық тамақтану орындары, 15 жиһаз, есік-терезе цехтары, 118 тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы нысандар жұмыс істейді.


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2016 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы

Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 394 сауда дүкені, 3 сауда базары, 13 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын наубайхана қамтамасыз етеді.

Азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға сәйкес, аудан көлемінен жеке кәсіпкер «Маржан» Жұмабеков Бахтиярдың келсімімен аудан әкімдігі  және «Байқоңыр» ӘКК»ҰК» тараптары бойынша үш жақты меморандум жасақталып, әлеуметтік дүкенді ашу жұмыстары және осыдан туындайтын шаралар ұйымдастырылуда.

Қармақшы ауданы бойынша арзандатылған ұн тасымалдау бойынша 4 кәсіпкерлік субъекті (ЖК «Б.Өмірзақов», ЖК «Берсүгір», «Қармақшы» СТК және ЖК «Ж.Жаппасбаев») оператор болып белгіленіп, меморандумға сәйкес «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ жанындағы облыс бойынша операторы «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-нен ұн жеткізуде.

Сонымен қатар, тұрғындар мен кәсіпорындарды жанар-жағар маймен 9 май құю бекеті, сұйытылған газбен 3 кәсіпкерлік субъекті қамтамасыз етуде. Аудан әкімдігі тарапынан жанар-жағар май, қатты отын мен сұйытылған газ бағаларына және қорына күнделікті мониторинг жүргізуде.

Қармақшы ауданында 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», базарлары. Сонымен қатар, «Достық» сауда базарының алдағы уақытта іске қосылуы жоспарланып отыр.Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде, 1-еуі Төретам кентінде орналасқан.

Аудан орталығында «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас» сауда үйлері жұмыс жасауда.