Бастапқы бет » Экономика және бизнес » Индустрияландыру

Индустриялық аймақ бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар

2016 жылы қажетті инфрақұрылым желілері (электр, су, жол) жүргізілген Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймақтың жалпы ауданы 15 га.
Индустриялық аймақтан жер телімдері табысталған 4 жобаның 2-нің құрылыс жұмыстары жүргізілуде:
1) «Мир-2001» ЖШС-нің құны 145,0 млн теңге «Бетон бұйымдарын шығару және құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы» жобасы. Жұмыспен қамтылатындар саны 12 адам. Іске қосылу мерзімі 2017 жыл;
2) жеке кәсіпкер Бердібаев Қайраттың құны 36,0 млн теңге «Темір қалдықтарын қайта өңдеу» жобасы. Жұмыспен қамтылатындар саны 7 адам. Іске қосылу мерзімі 2017 жыл;
Жеке кәсіпкер «Рахманберді» Төлепов Тұрсын «Жиһаз жасау цехы» және «Раннар» ЖШС «Ұн сақтау қоймасын салу» жобалары бойынша құжаттарын рәсімдеуде.
Индустриялық аймаққа кәсіпорындар орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қармақшы ауданының, Қызылорда облысының және басқа да өңірлердің өнім өндірушілеріне ұсыныстар жасалуда.


Индустриялық аймақ бойынша 2017 жылдың І жарты жылдығына атқарылған жұмыстар

Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймақтан жер телімдері табысталған 4 жобаның 2-ң құрылыс жұмыстары жүргізілуде:
1) «Мир-2001» ЖШС-нің құны 145,0 млн теңге «Бетон бұйымдарын шығару және құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы» жобасы. Жұмыспен қамтылатындар саны 12 адам;
2) жеке кәсіпкер Бердібаев Қайраттың құны 36,0 млн теңге «Темір қалдықтарын қайта өңдеу» жобасы. Жұмыспен қамтылатындар саны 7 адам;
Жеке кәсіпкер «Рахманберді» Төлепов Тұрсын «Жиһаз жасау цехы» және «Раннар» ЖШС «Ұн сақтау қоймасын салу» жобалары бойынша құжаттарын рәсімдеуде.
Индустриялық аймаққа кәсіпорындар орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қармақшы ауданының, Қызылорда облысының және басқа да өңірлердің өнім өндірушілеріне ұсыныстар жасалуда.


Индустриялық аймақ бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймаққа инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу үшін 98 488 310 теңге бөлінді. Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурс жарияланып, «АгроСпецМонтаж» өндірістік кәсіпорыны мердігер мекеме болып анықталды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айының 28 жұлдызында аяқталды. Индустриялық аймақтың жалпы ауданы 15 га.
Индустриялық аймаққа өндіріс орындарын орналастыру мақсатында, жер телімдеріне аукцион жарияланды. Нәтижесінде индустриялық аймақтан 4 жер учаскелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерге жер пайдалану құқықтары табысталды:
1) «МиР-2001» ЖШС-не «Бетон бұйымдарын шығару және құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы» жобасын іске асыруға 2,5 га;
2) Жеке кәсіпкер «Рахманберді» Төлепов Тұрсынға «Жиһаз жасау цехы» жобасын іске асыруға 0,5 га;
3) Жеке кәсіпкер Бердібаев Қайратқа «Темір қалдықтарын қорыту» жобасын іске асыруға 0,6 га;
4) «Раннар» ЖШС-не «Ұн сақтау қоймасын салу» жобасын іске асыруға 0,5 га.