Бастапқы бет » Экономика және бизнес » Өнеркәсіп

Қармақшы ауданы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2017 жылдың ІІІ тоқсанына көрсеткіштері

Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3236 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 2323 бірлік.
2016 жылдың сәйкес кезеңіне тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2964 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 2529 бірлік. (ақпарат www.stat.gov.kz)
Өнеркәсіп саласының көрсеткіштері
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар мен қызметтер) көлемі 1 572 633,0 мың теңгені құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 99,6 пайызға орындалды.
Оның ішінде:
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 22 575,0 мың теңгені құрап, 101,8 пайзға;
Өңдеу өнеркәсібі – 1 223 369,0 мың теңгені құрап, 99,0 пайызға;
Электрмен жабдықтау – 85 988,0 мың теңгені құрап 106,0 пайызға;
Сумен жабдықтау – 240 701,0 мың тңгені құрап, 102,0 пайызға орындалды. (ақпарат www.stat.gov.kz)


Қармақшы ауданы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2017 жылдың І жарты жылдығына көрсеткіштері

Өнеркәсіп өнімі мен көрсетілген қызмет көлемі 864 147,0 мың теңгенің өнімін құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 155,8 пайызға орындалды.
Оның ішінде:
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 18 582,0 мың теңгені құрап, 127,2 пайзға орындалды. (Көрсеткіштің өсуі құрылысы бойынша уатылған тас-құмға сұраныстың артуымен байланысты)
Өңдеу өнеркәсібі – 683 626,0 мың теңгені құрап, 176,9 пайызға артты.
Тамақ өнімдерін өндіру – 621 325,0 мың теңге (169,9 пайыз)
Жеңіл өнеркәсіп – 2 252,0 мың теңге (119,9 пайыз)
Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 38 656,0 мың теңге (17,3 есе)


Қармақшы ауданы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2017 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіштері

Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылдың қаңтар ақпан айларында орындалған өнеркәсіп өндірісінің көлемі 284 630 мың теңге болып, пайыздық көрсеткіште 126,5% пайыз болды. Бұл алдыңғы айларға қарағанда жоғары көрсеткіш.
1.Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу
Кен өндіру және қазу бойынша екі айдағы көрсеткіш ақшалай көріністе 6 792 мың теңгеге орындалып, пайыздық индекс бойынша 151,5% болды. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Көрсеткіштің жоғары болуына соңғы айлардағы жол құрылысы бойынша уатылған тас пен құмға деген сұраныстың артуы.
2. Өңдеу өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсібі бойынша орындалған өнім көлемі 224 608 мың теңге болып, 137,6% пайызды құрады.
3.Тамақ өнімдерін өндіру
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы тамақ өнімдерін өндіру бойынша орныдалған өнім көлемі 204 302 мың теңгені құрап, пайыздық көрсеткіште 129,7% құрады. Соның ішінде: Етті қайта өңдеу және консервілеу, ет өнімдерін өндіру бойынша 39 988 мың теңге болып, пайыздық мөлшері 29,8% құраған.Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру- 101 158 мың теңгеге өнім өндіріліп, 133,5% болды.
4.Жеңіл өнеркәсіп
Қаңтар- ақпан айының қортындысы бойынша жеңіл өнеркәсіптің орындалуы 881 мың теңгені құрап, пайыздық көрсеткіш 118,9% құрады. Оның ішінде киім тігу бойынша 235 мың теңге, 118,9%
5.Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру
Өзгеде  металл емес өнімдерді өндіру бойынша қаңтар ақпан айларында өндірілген өнімнің көлемі 12 992 мың теңге болып, былтырғы жылдың осы кезеңімен слыстырғанда 56,3 есеге асыра орындалды. Минералдық өнімдерді өндірудің мұндай көп көлемде орындалуы осы айларда жасалған жол құрылысына байланысты.
6. Жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту
Шығарылған өнім көлемі 6 407 мың теңгені құрап , 3,6 есеге орындалды.
7.Электрмен жабдықтау, бу беру және ауа баптау      
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21751 мың теңгеге орындалып, пайздық көрсеткіші 98,2% болды.
8.Сумен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау
Өнім өндіру өткен жылмен салыстырғанда 31 479 мың теңгеге орындалып, 92,5% болды


Қармақшы ауданының өнеркәсіп бойынша 2016 жыл қорытындысымен көрсеткіштері

Аудан бойынша 2016 жылы көрсетілген қызмет пен өндірілген өнім көлемі 2016 жылдың 12 айында 1 711 033,0 мың теңгенің өнімін құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 94,4 пайызға орындалды. 


Қармақшы ауданының өнеркәсіп бойынша 2016 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысымен көрсеткіштері

Аудан бойынша 2016 жылы кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы көрсетілген қызмет пен өндірілген өнім көлемі 2016 жылдың 8 айында 1 076 809,0 мың теңгенің өнімін құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 96,7 пайызға орындалды.


Қармақшы ауданының өнеркәсіп бойынша 2016 жылдың І жарты жылындағы көрсеткіштері

Қармақшы ауданы бойынша  өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2016 жылдың маусым  айында, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 688 292мың теңгеге өнім өндіріліп 101,6% пайызға орындалды. 2015 жылдың мамыр айындағы өндіріс көлемі 435 284 мың теңгеге болып, пайызға шаққанда 92,4% орындалған.  Көріп отырғанымыздай былтырғы жылдың маусым айындағы өнеркәсіп көрсеткішімен биылғы жылдың маусым айындағы көрсеткіштер айырмашылығы 7% пайыз аралығында. Бірақ өнеркәсіп көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда 9 пайызға төмен. Өткен мамыр айында  өнеркәсіп көрсеткіші 109,7% пайыз болған. Негізінен маусым айында кен өндіру, жеңіл өнеркәсіп, сумен жабдықтау бойынша өндірілген өнімдер 100% пайыздан төмен болды. Атап айтқанда :

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша маусым айында өнім өндіруөткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда орындалуы 16 791 мың теңге болып  52,7% орындалды. Бұл көрсеткіш өткен мамыр айында 2,7 есе орындалған.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша  мамыр  айында 477 223 мың тенгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 120,0% пайызды құрады. Бұл көрсеткіштер өткен 2015 жылдың осы кезеңінде 268 251 мың теңге өніммен 110,9% пайызға орындалған. Өңдеу өнеркәсібі бойынша пайыздық көрсеткіштің өсуі негізінен күріш салысын өңдеп, ақ күріш шығару арқылы  және жеңіл өнеркәсіппен жазылған материалдарды басып шығарунәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Мысалы, тамақ өнімдерін өндіру 113,4%  пайызға орындалып отыр. Алдағы уақытта да осы 100 пайыздың үстіндегі  меже сақталады деп ойлаймыз. Оған себептерде бар. Қазіргі уақытта аудан көлемінде өнеркәсіп бойынша бірнеше жобалар(күріш өңдеу,құс еттерін өңдеу) мемлекеттік бағдарламалар аясында  қолдау табуда.

Тамақ өнімдерін өндіру бойынша осы жылдың сәуір айында 450 566 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 113,7% пайызға орындалды.  Өткен 2015 жылы 245 198 мың теңге болып, 112,6% пайызға орындалған.

Оның ішінде:  Ұн тарту өнеркәсібіндегі нан өнімдерін бойынша 250 005   мың теңге болып,195,8% орындалды.

Жеңіл өнеркәсіп бойынша: 2016 жылдың маусым айында 2 205 мың теңгеге өнім өндіріліп, былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда 82,9% пайызға орындалған.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында 53 389 мың теңгенің өнімі өндіріліп 99,7%пайызға орындалған. Өткен 2015 жылы осы уақытта бұл көрсеткіш 50 946 мың теңгеге өнім өндіріліп, 98,2% пайызға орындалған.

Сумен жабдықтау: кәріз жүйесі,қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша есептікезең ішінде өнім өндіру 129 991 мың теңгеге болып 82,2 пайызға орындалған . Бұл көрсеткіш былтырғы жылғымен салыстырғанда төмен. Былтыр бұл көрсеткіштер өндіру көлемі  мың теңге болып, 115,6 пайызға орындалған. Суды жинау, өңдеу және бөлумен ауданда «Қармақшытехсервис» және «Октябрь топтық су құбыры» мемлекеттік кәсіпорындары айналысады.   


Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласы бойынша 2016 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіштері

Қармақшы ауданы бойынша  өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2016 жылдың ақпан айында өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 203 827 мың теңгені құрап 125,2% пайызға орындалған. Алдыңға айда бұл көрсеткіш 103,0% пайызға орындалған болатын. Ал 2015 жылдың ақпан айында 152 721 теңгеге өнім өндіріп 92,9 пайызға орындалған. Бұл көрсеткіштерден байқағанымыздай пайызға шаққанда аудан бойынша өнеркәсіп өндірісі көрсеткіштерінің өскендігін  көрсетеді. Негізінен өсім кен өндіру,карьерлерді қазу және өңдеу өнеркәсіптері есептерінен болып отыр.Бұл көрсеткіштер алдағы наурыз айының көрсеткіштері бойынша да төмен түспейді деп болжануда.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша ақпан айында өнім өндіруөткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда орындалуы 4 468 мың теңге болып  5,4 есеге артық орындалды. Өткен 2015 жылы 4 255 мың теңге болып, 71,5 пайызға орындалған.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша өткен ақпан айында 148 216  мың тенгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 139,0% пайызды құрады. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың осы кезеңінде 92,0% пайыз, алдыңғы айда 113,0% пайызды құраған болатын. Өңдеу өнеркәсібі бойынша пайыздық көрсеткіштің өсуі негізінен күріш салысын өңдеп, ақ күріш шығару арқылы  және жеңіл өнеркәсіппен жазылған материалдарды басып шығарунәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Мысалы, тамақ өнімдерін өндіру 157,1%, ал жеңіл өнеркәсіп 109,5% пайызға орындалып отыр. Алдағы уақытта да осы 100 пайыздың үстіндегі  меже сақталады деп ойлаймыз. Оған себептерде бар. Қазіргі уақытта аудан көлемінде өнеркәсіп бойынша бірнеше жобалар(күріш өңдеу,құс еттерін өңдеу) мемлекеттік бағдарламалар аясында  қолдау табуда.

Тамақ өнімдерін өндіру бойынша осы жылдың қаңтар айында 129 259 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 157,1% пайызға орындалды.  Өткен 2015 жылы 89 152 мың теңге болып, 89,2 пайызға орындалған.

Оның ішінде:  Ұн тарту өнеркәсібіндегі нан өнімдерін өндіру 80 241 мың теңге болып 200% пайызды құрады. Нан және ұн өнімдерін өндіру 29 982 мың теңге болып, 116,1% пайызға орындалды. Бұл көрсеткіштер тиісінше 2015 жылдың осы кезеңінде 45 513 мың теңге болып 92,0% және  13 230 мың теңгемен 116,3%  құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткіште 15-20% көтерілгені байқалып тұр.

Жеңіл өнеркәсіп бойынша: 2016 жылдың ақпан айында 725 мың теңгеге өнім өндіріліп, былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда 109,5% пайызға орындалған.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында10 664 мың теңгенің өнімі өндіріліп 86,9 пайызға орындалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10-15% пайызға төмен.

Сумен жабдықтау: кәріз жүйесі,қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша есепті кезең ішінде өнім өндіру 28 961 мың теңгеге орындалып 83,7 пайызға орындалған . Бұл көрсеткіш былтырғы жылғымен салыстырғанда төмен. Былтыр бұл көрсеткіштер 141,4 пайызға орындалған. Суды жинау, өңдеу және бөлумен ауданда «Қармақшытехсервис» және «Октябрь топтық су құбыры» мемлекеттік кәсіпорындары айналысады.


Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласы бойынша 2015 жылы  атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 985,8 млн теңгені құрап, нақты көлемінің  индексі өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 55,6 пайыз болып төмендегенін көрсетеді.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 653,5 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 47,0 пайызды құрап, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда төмендеді.  
Аудан бойынша кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы бойынша нақты көлемінің индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 78,8 пайызды (2014 жылдың 9 айында – 80,3 пайыз болған), тамақ өнімдерін өндіру 100,3 пайызға,  өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 7,0 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу 18,0 пайызға орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда біршама төмендегені байқалады.
Жүргізілген талдау негізінде өткен жылдың кезенімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерінің төмен түсіп кетуіне сұраныстың азайып кетуіне байланысты болып отыр. Себебі аудан аумағындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты «Дорстрой» ЖШС мен «Акорд Окан» АҚ-ның асфальт бетон зауыттары жұмыстарының тоқтауы себеп болып отыр.
Сонымен қатар «ППС-Ойл Трэйд» ЖШС-сі 2014 жылы 1209,2 мың тенгенің өнімін өндірсе, биылғы жылы   өз жұмысын тоқтатып түр. Себебі   «КазРосИмпэкс» ЖШС өз меншігіне толықтай сатып алып вагон цистерналарды жуу-булау жұмыстарына жаңа қондырғылар әкелініп қайта жаңғырту жұмыстары мен құжаттары рәсімделуде. «КазРосИмпэкс» ЖШС  мекемесі өз жұмысын  2016 жылдың наурыз-сәуір айларында іске қосуды жоспарлап отыр.
Аудан бойынша қиыршық тас пен құм өндіру былтырғы жылға қарағанда биыл екі есеге жуық төмендеп кеткен. Атап айтар болсақ : 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тас пен құм өндіру көлемі 54755,0 мың теңгені құраса, биылғы жылдың 9 айының  өндіру көлемі 20540 мың теңгені құрады. Себебі өнімге сұраныстың азайып кетуіне байланысты болып отыр.


Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласының 2015 жылдың 6 айлығында жасалған жұмыстардың қорытындысы

Аудан бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2015 жылдың 6 айында 2390 құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны 5641 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 106,7 пайызға өсті. (2014 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны   2238   жұмыспен қамтылғандар 5478)
Көрсетілген қызмет пен өндірілген өнім көлемі  2015 жылы 5 айында 435,28 млн.теңгені құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 92,4 пайызға орындалды.
Бұл көрсеткіштердің 2015 жылдың 6 айына азаю себебі, өнеркәсіптің кейбір салаларындағы өнім өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты. Атап айтқанда:
Кен өндіру өнеркәсібінің өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғандағы орындалуы 11 606,0 мың теңгені құрап, 40,4 пайызды құрады. Өнім өндіру көлемінің төмендеуінің себебі, Қармақшы ауданы аумағымен өтіп жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автотрассасы және «Жалағаш-Жосалы» автожолы құрылыстарының аяқталуымен байланысты. Құрылыстың аяқталуы тиісінше, кен өнімдеріне (құрылыс құмы, қиыршық тас т.б.) сұраныстың төмендеуіне әкеп соқтырды.
Машина жасау (машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату) саласы бойынша көрсеткіштің өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғандағы көлемі 2 029,0 мың теңгені құрап, 24,4 пайызға орындалды. Көрсеткіштің төмендеуіне, осы салада аудан бойынша жұмыс атқарып келген ірі кәсіпорын «ППС ОйлТрейд» ЖШС-нің вагондарды бумен жуу станциясының өз жұмысын уақытша тоқтауы себеп болды. Станция жұмысының тоқтауы, 2014 жылдың қараша айында «ППС Ойл Трейд» ЖШС-гі меншігінен «КазРос Импэкс» ЖШС-нің меншігіне өтуіне байланысты. Жыл басынан бері, «КазРос Импэкс» ЖШС-гі жуу-булау станциясына күрделі жөндеу жұмыстарын және кәсіпорынды қайта құру (реорганизация) жұмыстары жүріп жатыр.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша  2015 жылдың 6 айында 268,25 млн. теңгені құрап, есепті кезең өткен жылғы тиісті кезеңге 110,9 пайызды құрады.
Жеңіл өнеркәсібі  бойынша 2015 жылдың 6 айында 2,6 млн. теңгені құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 175,3 пайызға орындалды.     
Тамақ өнімдерін өндіру  бойынша 2015 жылдың 6 айында 245,2 млн. теңгені құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 112,6 пайызға орындалды.   
Қалдықтарды жинау,өндеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату бойынша 2015 жылдың 6 айында 5,8 млн. теңгені құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 169 пайызға орындалды.