Бастапқы бет » Хабарландыру

Хабарландыру

"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы және «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №512 Бұйрығына сәйкес «Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің №7 «Шаттық» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын меңгерушісі бос лауазымына конкурс жариялайды.

10.10.2017 жыл.

І. Конкурс өткізілетін күні мен орны :
2017 жылдың қазан айының 26 жұлдызы күні Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы, «Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимараты.
ІІ. Орналасқан орнын, пошталық мекен – жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы :
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы А.Құнанбаев көшесі №10 үй, индекс : 120504, тел : 87243727111 «Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің №7 «Шаттық» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
III. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар :
Лауазымдық міндеттері : Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.
ІV. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады :
1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3)Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4)Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не
соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6)«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай – ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды :
1)Он сегіз жасқа толмаған ;
2) Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған ;
3)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар ;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
V. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі :
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округі, Ораз ахун көшесі №14 үй, пошталық индексі:120504, байланыс телефоны: 8(724/37)27001; электрондық мекен-жайы akzhar_akimat14@mail.ru "Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне құжаттарын ұсынады.
VI. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн: құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, яғни 2017 жылғы 10 қазан мен 24 қазан сағат 09-00-13-00, 15-00-19-00 аралығында жоғарыда көрсетілген мекен-жайда құжаттар қабылданады.


«Ақжар ауылдық округі әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

Қармақшы ауданының тұрғындары арасында жеке мәселелері бойынша тиісті мамандардың қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ашық есік күнін» өткізу туралы кестесі

«Ашық есік күнін» өткізетін жергілікті атқарушы органдар атауы

«Ашық есік күнін» өткізу күні және уақыты

 «Ашық есік күнін» өткізу орны және байланыс телефоны

Жұмыспен қамту, әлеуметтік  бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі;

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі;

Тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі;

Білім бөлімі;

Жер қатынастары бөлімі;

Ауылшаруашылық бөлімі;

Жергілікті полиция қызметі;

«Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚМКК.

Әр айдың соңғы бейсенбісі

 сағат 16 °° - ден

18 °° - ге дейін

Жосалы кенті әкімінің аппараты

Жосалы кенті

Қорқыт Ата №1

 тел.  2-10-08,  2-11-31

Қармақшы ауданы бойынша электр энергиясымен қамтамасыз ету Қармақшы аудандық электр тарату торабы және Төретам электр тарату торабы мекемелері арқылы жүзеге асуда.

Қармақшы аудандық электр тарату торабы мекемесі бойынша  тұтынушылар саны 7083, заңды тұлға 806.

1 күнге қажетті электр энергиясы көлемі жазғы уақытта 76530 кВт, қысқы уақытта 120042 кВт.

1 күнде электр энергиясын пайдалану көлемі жазғы уақытта 76530 кВт, қысқы уақытта 120042 кВт.

 Төретам электр тарату торабы мекемесі бойынша  тұтынушылар саны 2957, заңды тұлға 340.

Төретам электр тарату торабы мекемесі бойынша 1 күнге қажетті электр энергиясының көлемі  жазғы мезгілде 40 000 кВт, қысқы мезгілде 60 000 кВт.

1 күнде электр энергиясын пайдалану көлемі жазғы уақытта  40 000 кВт, қысқы уақытта  60 000 кВт.

Аудан тұрғындары ауыз сумен «ТөретамВодСервис» ЖШС, Қармақшы ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану өндірістік бөлімшесі, Октябрь топтық су құбыры мекемесі арқылы қамтамасыз етіледі.

Төретам кенті және Ақай елді мекені тұрғындарын ауыз сумен «ТөретамВодСервис» ЖШС-і қамтамасыз етеді. Жазғы мезгілде 1 тәулікке ауыз суға қажеттілік көлемі 1700 м3, берілгені 1700 м3.

Қысқы мезгілде 1 тәулікке ауыз суға қажеттілік көлемі   1500м3, берілуі 1500м3 болады деп жоспарлануда.

Қармақшы ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану өндірістік бөлімшесі аудан бойынша Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе, Қармақшы ауылдық округтерін ауыз сумен қамтамасыз етеді.  Жазғы мезгілде 1 тәулікке ауыз суға қажеттілік көлемі 600-700м3, қыс мезгілінде 500-600м3.

Жаз мезгілдерінде  1 тәулікте ауыз су таратылу көлемі- 600-700м3, қыс мезгілінде  500-600м3.

Октябрь топтық су құбыры мекемесі Жосалы кенті, ІІІ- Интернационал, Төребай би, Жаңажол, Иіркөл елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етеді. Жазғы мезгілде 1 тәулікке ауыз суға қажеттілік көлемі  3800м3, таратылып отырылғаны 3800м3.  Қыс мезгілінде  қажеттілік  көлемі жоспармен 2000м3 , 2000м3 су көлемі таратылуы  жоспарлануда.

Хабарландыру

2017 жылдың 11 қыркүйек - 1 қазан (қоса алғанда) аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет порталы арқылы (www.egov.kz) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Портал арқылы:

–        әрбір  120-шы қызмет алушыға ұялы телефон және ақпарат тасығыш (флешка)

–        әрбір  250-ші қызмет алушыға картридер

–        әрбір  350-ші қызмет алушыға смартфон

–     әрбір 800-ші қызмет алушыға планшет

–        әрбір  1500-ші қызмет алушыға ноутбук

–        4000-шы қызмет алушыға теледидар сыйға тартылады.

Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді  пайдаланушылар арасында жүргізіледі:

1)Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
2)Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру
3)Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру
4)Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою
5)Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру
6)Тұрғын үй көмегін тағайындау
7)Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы
8)Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру
9)Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
10)Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
11)Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру
12)Архивтік анықтамалар беру
13)Медициналық қызметке лицензия беру
14)Фармацевтикалық қызметке лицензия беру
15)Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру
16)Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту
17)ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру
18)II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру
19)Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау
20)Жобалау қызметіне лицензия беру
21)Іздестіру қызметіне лицензия беру
22)Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
23)Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру

Қызметке конкурс !

  1. І.Конкурс жариялаған орган атауы:

«Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 II.      Конкурс жарияланған лауазымның атауы:

Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№85  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№108 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,  Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№109 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің директорлары бос лауазымдарына «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі конкурс жариялайды.

 III.   Орналасқан орны, оның қызметін қысқаша сипаттай отырып білім беру мекемесінің толық атауы:

Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі №85 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры мектептің қызметін оның ережесіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады және орта білім бағдарламасын іске асырады.

Қармақшы ауданы, III Интернационал  ауылдық округіндегі №108 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры мектептің қызметін оның ережесіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады және орта білім бағдарламасын іске асырады.

Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылдық округіндегі №109 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры мектептің қызметін оның ережесіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады және орта білім бағдарламасын іске асырады.

IY. Лауазымға орналасу үшін кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

      1) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімінің болуы (педагогикалық немесе бейіні бойынша);

      2) педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;

      3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;

      4) Үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;

      5) облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің болуы;

      6) сотталмаған болуы тиіс.

     Y. Орта білім беру мекемесі басшысының лауазымдық міндеттері:

Бiлiм беру ұйымының қызметiн оның жарғысына және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес басқарады. Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын педагогикалық және әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып iске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекiтедi. Бекiтiлген учаскедегi балаларды жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз етедi. Оқу-тәрбие процесiнiң ғылыми-әдiстемелiк және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетiлдiредi. Оқу-тәрбие процесiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады және жетiлдiредi. Қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етедi.
      Педагогикалық ұйымдар, әдiстемелiк бiрлестiктер, балалар ұйымдары қызметiне ықпал етедi. Бiлiм беру құқығына берiлген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушiлер контингентiн қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушiлердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушiлердiң заңды құқығы мен мүдделерiн (жеке, мүлiктiк, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшiн оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесi кезiнде бiлiм алушылардың (тәрбиеленушiлердiң) және бiлiм беру ұйымы қызметкерлерiнiң өмiр қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауға қажеттi жағдай жасайды. Белгiленген заңнама шегiнде бiлiм беру ұйымының мүлкi мен құралдарына иелiк етедi, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуi және жұмсалуы туралы есебiн бередi.
      Нормативтiк талаптарға сәйкес есеп жүргiзiп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етедi, iшкi еңбек тәртiбi ережесiн, санитариялық-гигиеналық режимдi, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiн сақтау үшiн жауап бередi.
      Педагог кадрларды және қосымша қызметшiлердi iрiктеудi және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердiң штаттық кестесiн, лауазымдық нұсқаулығын бекiтедi, олардың кәсiби шеберлiгiн арттыру үшiн жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестi басқарады. Белгiленген тәртiп бойынша қызметкерлердi аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiн өзiнiң құзыретiне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретiнiң шегiнде жаза қолданады.
      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттiк және басқа да ұйымдарда бiлiм беру ұйымының атынан өкiлдiк етедi, қажеттi есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етедi. Компьютерлiк сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзiреттiлiктi меңгерген.

             Бiлуге мiндеттi: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтiк қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да бiлiм берудi дамытудың бағыттары мен келешегiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, педагогика мен психология негiздерiн, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетiстiктерiн, менеджмент негiздерiн, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбектi қорғаудың, техника қауiпсiздiгi және өртке қарсы қорғанудың ережелерi мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.          

        YI. Лауазымдық жалақы мөлшері:

Қызмет еткен жылдарына байланысты басшылық еңбек ақысы 103 085 теңгеден 124 985 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

  YII. Конкурс  өткізу орны және күні:

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі  № 7 үй, «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың қыркүйек айының 15 жұлдызы күні конкурстың біліктілігін бағалау кезеңі бойынша өткізіледі.

   YIII. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі аталмыш хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде сағат 9.00-13.00 және 15.00-19.00-ге дейін «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі  №7 үй.

    IX. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Конкурстық  комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;

2) Нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

3) Нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;

4) Нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

5) Бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

6) Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) Нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;

8) Медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

9) Сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.

Аталған  құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.

 

       Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

 

   X.Ақпараты нақтылау үшін  байланыс телефондары, электронды адрестері:

 

Телефон: 8 (72437) 2-16-32. Индекс:120500, karmakshi_bilim@mail.ru    

 

 Қармақшы аудандық білім бөлімінің

конкурстық комиссиясы

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» №412 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне біріктіру жөнінде қаулы қабылдады.

Осыған орай, Қызылорда облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау функциясын  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) жүзеге асырады.

Департамент базасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша «Қауырт желі» жұмыс жасайды және облыс тұрғындарына тегін кеңес беріледі. Сонымен қатар департамент мамандары тарапынан азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі, олардың ауызша немесе жазбаша өтініштерін қарайды және шешімдер қабылдайды, кеңес береді, наразылық құрастыруға  және басқа да әдістемелік көмек көрсетіледі.

Осы шаралардың басты мақсаты тұтынушылар арасында құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті көтеру болып табылады.

Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі №5 үй, №210 кабинет, телефон (87242) 26-22-61, 26-23-67.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Кездесу өткізіледі

Кездесу өткізіледі

 Аудандық сайлау комиссиясы өкілеттік мерзімі аяқталған Ақай, Жосалы, ІІІ Интернационал, Ақжар, Дауылкөл ауылдық округтері мен Жосалы кенті әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен (аудандық мәслихат депутатарымен) кездесуі 2017 жылғы 2 шілдеде  сағат 10.00-де Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында өтетіндігін хабарлайды.

Аудандық сайлау комиссиясы

Студенттерді әлеуметтік қолдау

2013 жылдан бастап өңірімізде алғаш рет облыс әкімі Қ.Көшербаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін өңірге қажет мамандықтар бойынша грант бөлініп келеді. Облыс әкімінің грантына үміткерлердің әлеуметтік жағдайы, сондай-ақ, білім деңгейі аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссиямен сараланып, шешімімен іріктеледі.
Әрбір жоғарғы оқу орнымен жасалған екі жақты келісім-шарттарға сәйкес оқу ақысымен қатар әр балаға тамақтану мен тұру шығындары өтеледі.
Облыс әкімінің грантын тағайындау жұмыстары жөніндегі Кеңес отырысының хаттамасына сәйкес өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2017 жылға бөлінген облыс әкімінің оқу гранты Қармақшы ауданы бойынша төмендегідей белгіленді:

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бойынша:

Ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша:
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 1 орын;
Су ресурстары және суды пайдалану – 1 орын;
Техникалық ғылымдар және технологиялар:
Ақпараттық жүйелер – 1 орын;
Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау – 1 орын;
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету – 1 орын;
Инженерлік желілер мен жүйелер – 1 орын;
Электроэнергетика – 1 орын;
Қызмет көрсету:
Жерге орналастыру – 1 орын;
Білім беру:
Математика пәнінің мұғалімі – 1 орын;
Физика пәнінің мұғалімі – 1 орын;
Музыкалық білім беру – 1 орын;
Информатика пәнінің мұғалімі – 1 орын;
Биология пәнінің мұғалімі – 1 орын;
Шет тілі пәнінің мұғалімі – 1 орын;
Өнер:
Дәстүрлі музыка өнері – 2 орын;
Хореография – 2 орын;
Дизайн – 1 орын;
Гуманитарлық ғылымдар:
Археология және этнология – 1 орын.

Алматы энергетика және байланыс университеті бойынша

Электроэнергетика – 1 орын.

Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы №64 шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына» сәйкес әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан төмендегі білім алушылар облыс әкімінің грантына үміткер бола алады:
1. бала кезінен мүгедектер, мүгедектер;
2. жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3. асыраушысынан айырылған балалар;
4. интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
5. көп балалы отбасылардың балалары;
6. ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын балалар;
7. ата-анасының біреуі немесе екеуі І және ІІ топтағы мүгедек болып табылатын балалар;
8. отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
9. оралмандардың отбасындағы балалар.

Облыс әкімінің грантына үміткерлерден арнайы комиссияға ұсынылатын
құжаттар тізбесі

1. Өтініш белгіленген нысанда;
2. Жеке куәлік (көшірме);
3. Тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы, мекен-жай анықтамасы немесе кент, ауыл әкімдерінен анықтама);
4. Сертификат (көшірме);
5. Аттестат (қосымшасымен қоса көшірме);
6. Мінездеме (мектеп тарапынан);
7. Талапкердің жетістіктері туралы құжаттар (олимпиадаларға, сайыстарға қатысқаны);
8. Әлеуметтік мәртебесін дәлелдейтін құжаттар (асыраушысынан айырылғандығы туралы, көп балалы отбасы туралы, ата-анасының жұмыссыздығы, т.б.).

Туындаған сұрақтармен 2-16-81 телефонына байланысуға болады.


Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай өңірлеріндегі жұмыс берушілер тарапынан ұсынылып отырған бос жұмыс орындары

Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай өңірлеріндегі жұмыс берушілер тарапынан ұсынылып отырған бос жұмыс орындары вакансияларының тізбелері:

Жүктеу...117КБ

Солтүстік Қазақстан өңірлерінен келген делегацияларының ұсынып отырған бос жұмыс орындары

Солтүстік Қазақстан өңірлерінен келген делегацияларының ұсынып отырған бос жұмыс орындары вакансияларының тізбелері:

Жүктеу...104КБ

«Еңбек Жолы» республикалық конкурсын өткізіледі!

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының басталуы жарияланды.
Конкурсқа кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері қатыса алады (салаға байланысты емес).
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» - марапаттар саны ең көп, еңбек өтілімі ең ұзақ, көп мүшелі әулет таңдалады;
2) «Өндірістің үздік жас қызметкері» - еңбек өтілімі 5 жылдан көбірек, өндірістің ең еңбекқор және белсенді жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмыс істеуші жастардың үздік тәлімгері» - еңбек өтілімі 20 жылдан кем емес, аса тиімді тәлімгер тандалады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2017 жылдың 8 шілдесіне дейін қабылданады Конкурсқа құжаттар мемлекеттік тілінде ұсынылады. Барлық мүдделі мәселелер бойынша Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөліміне жүгіну қажет. (тел:2-16-53, 2-17-74)
Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Өңір кәсіпкерлері назарына!

«Қолдау» бағдарламасы шеңберінде несиелендіру 

Ағымдағы жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылайқолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы Өңіріміздің ауыл аймағы кәсіпкерлеріне 4 пайызбен несие беруді бастады.
Нысанылы топқа Қызылорда облысында орналасқан (облыс орталығынан бөлек) шаруа, фермер қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар кіреді.
Несиелер 3 млн. теңгеге дейін, 60 айдан аспайтын мерзіммен ұсынылады.
Бағдарлама шеңберіндегі нысынылы бағыты:
- Ауыл шаруашылығын кеңейту және дамыту, оның ішінде органикалық өнімдерді өндіру.
- экологиялық туризм;
- қолөнері;
- энергия және су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру/өңдеу.
Қолдау бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражаттар шектеулі!

 «Қолдау» несиелендіру бағдарламасының талаптары

Бағдарламаның мақсаты

Мақсатты топқа кіретін жеке және заңды тұлғаларды  кредиттеу

Мақсатты топ

1) Қызылорда облысында (облыс орталығынан басқа жерде) тұратын жеке тұлғалар   - әйелдер, өтінім берген сәтте мүгедектігі бар адамдар, жасы 29-ға толмаған жас адамдар, оралмандар;

2) Қызылорда облысында (облыс орталығынан басқа жерде) тұратын жеке тұлғалар   шаруа, фермер шаруашылықтары, жеке кәсіпкерлер және осы тармақтың 1) тармақшасында аталған жеке тұлғаларды жұмысқа орналастыруға дайын заңды тұлғалар 

Нысаналы мақсаты

Ауыл шаруашылығын кеңейту және дамыту, соның ішінде органикалық өнімді өндіру, экологиялық туризм, кәсіпшілік, тауарларды өндіру/өңдеу, жұмыстарды энергиялық тиімді және суды үнемдейтін технологияларды пайдалана отырып, орындау, қызметтер көрсету 

Қарыздың ең жоғарғы сомасы 

Бір қарыз алушыға 3 млн. теңгеден аспайды

Сыйақы мөлшерлемесі/Несиелендіру мерзімі: 

Жылдық 4%/ 60 айдан аспайды; 

Жеңілдік кезеңі: 

Кредиттеу мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен көп емес 

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдау басталды

Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №4-2/664 бұйрығына сәйкес  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен субсидиялауға арналған өтінімдерді 1 маусымнан бастап қабылдау басталғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мекенжайы: Жосалы кенті, Қорқыт-Ата көшесі №1 үй «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі № 22 бөлме.

Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі

 

«Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» конкурсына қатысуға өтінімдерін қабылдау

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ұсынылған 2017 жылдың 10 наурызында бекітілген «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсы өтетіндігі туралы хабарлайды.
Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бола алады.
Іс-шараның мақсаты - қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру.
Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2017 жылдың 1 наурыз 30 шілдеге дейін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті Рүстембеков көшесі №1 тел 8(72437)2-15-47, факс 8(72437)2-17-74, e-mail karmakshi_sobes1@mail.ru  хабарласуларыңызды сұраймыз.

2018 жылдың 1 қаңтарынан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіледі

2018 жылдың 1 қаңтарынан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіледі. 

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әр-бір азамат сақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті!!!

Жарна төленбеген жағдайда еліміздегі әр-бір азаматқа:

 Мемлекет төмендегі тегін медициналық көмектің төмендегі түрлеріне ғана кепілдік береді:

• Жедел жәрдем және санитариялық авиация;

• Әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде (онкологиялық аурулар,туберкулез, қант диабеті және т.б.);

• Профилактикалық егулер (вакцинация);      

• 2020 жылға дейін амбулаториялық – емханалық көмек және амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету (2020 жылдан сақтандыру арқылы көрсетіледі);

Төмендегі медициналық қызмет түрлері ақылы негізде көрсетіледі:

Жоспарлы стационарлық медициналық көмек;

Мейіргерлік күтім;

Паллиативтік көмек;

Амбулаториялық – емханалық көмек және амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету 2020 жылдан бастап.

Сондықтан, қазірден бастап отбасыңыздың әр-бір мүшесінің қай санатқа жататынын және ол үшін жарна қалай төленетінін анықтау маңызды!

тұрғындардың төменДегі көрсетілген санаттарына жарнаны Мемлекет төлейді:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтімі бойынша демалыста отырған адамдар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар;

14) оқуды аяқтағаннан кейінгі келесі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адам.

Егер отбасы мүшесі:

• Жұмыс беруші, дара кәсәпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби  медиатор, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлға болса, Қорға аударымдар мен жарналарды 2017 жылдың 1 шілдеден бастап төлеуге тиіс.

•Жалдамалы қызметкерлердің жарна төлеуді бастау мерзімі - 2019 жылғы 1 қаңтар.

•Белсенді емес халық қатарында болса 2018 жылдың 1 қаңтарынан төлеуі тиіс.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР жалдамалы қызметкерлері үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жарна төлеуге міндетті.

 

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

Мемлекет жарналары

-

3,75%

4%

4%

Жұмыскерлер табысынан

-

-

1%

2%

Жұмыс берушілердің аударымдары

1%

1.50%

1.50%

2%

Дара кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жарналары (2АЖ-дан)

5%

5%

5%

5%

Белсенді емес халық (1 АЖ-дан)

-

5%

5%

5%

* АЖ – ЕҢ ТӨМЕНГІ айлық жалақы:

АЖ – ЕҢ ТӨМЕНГІ айлық жалақы:

 

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

1АЖ

24 459 тг.

28 284 тг

29 698 тг.

30 886 тг.

2АЖ

48 918 тг.

56 568 тг.

59 396 тг.

61 772 тг

Төленетін жарналар соммасы:

 

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

 

айына(тг)

жылына(тг)

айына(тг)

жылына(тг)

айына(тг)

жылына(тг)

айына(тг)

жылына(тг)

Жұмыс беруші

1 434,96

17 219,52

2 281,59

27 379,08

2 395,67

28 747,98

3 321,98

39 863,76

Мемлекет

-

-

5 029,05

60 348,6

5 739,84

68 878,08

6 084,24

73 010,88

Дара кәсіпкерлер

2 445,9

29 350,8

2 828,4

33 940,8

2 969,8

35 637,6

3088,6

37 063,2

Белсенді емес халық

-

-

1 414,2

16 970,4

1 484,9

17 818,8

1544,3

18 531,6

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна уақытылы төленген жағдайда жоғарыда көрсетілген медициналық көмек түрлерінің барлығы қолжетімді болады.

Ол үшін:

жергілікті емханаға тіркелуге тиіссіз! (05.04.2017ж.-30.06.2017ж. аралығында)

міндетті жарналарды бекітілген уақытта төлеуге тиіссіз!

МӘМС-ТІҢ ҮШ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАCЫ ҚАНДАЙ?

Міндеттілік: Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға тиіс.

Әлеуметтік әділдік: әрбір сақтандырылған қатысушының төлеген жарна мөлшеріне қарамастан, қызметтің толық пакетін алу құқығы

Ниеттестік: денсаулық сақтау саласының ауыр жүгі мемлекет, жұмыс беруші және әр адамның өз мойнында

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдау басталды

«Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы негізінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Өтінім қабылдау мекен-жайы: Жосалы кенті, Қорқыт-ата көшесі № 1 «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  № 22 кабинет

Хабарландыру

"Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат ушін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысы ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Аталған қауылыны төмендегі сілтемеден жүктей аласыз.

Жүктеу..12КБ

2016 жылға ұсынылған мемлекеттік қызметтердің есебіне жария талқылау мәжілісі туралы

Құрметті аудан тұрғындары! Қармақшы ауданы бойынша 2016 жылға ұсынылған мемлекеттік қызметтердің есебіне  жария талқылау мәжілісі өтетінін хабарлаймыз. Мәжілістің өтетін орны: "Қармақшы ауданы әкімінің аппараты" КММ - нің ғимараты, Жосалы кенті, Т.Рысқұлов к-сі № 2 а үй. Өтетін уақыты: 24 сәуір 2017 жыл, сағат: 16-00.   

ХабарландыруҚармақшы ауданының қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы

Қармақшы ауданының қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы

Қармақшы аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашадағы № 383-V Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.     

Осы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау үшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұсыныстар 2017 жылғы 13 наурыздан бастап 27 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:       
120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі, № 1. 
№ 3 бөлме, байланыс телефоны – 8 (72437) 2-16-46, 2-27-63.    
электрондық мекен-жай: karmakshi_maslihat@mail.ru       
Қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 19:00-ге, үзіліс: 13:00 - 15:00-ге дейін.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Қармақшы ауданында тұратын азамат Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:    
1)сотталғандығы болмауы;  
2)сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;    
3)психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.     
Конкурсқа қатысу үшін:       
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;   
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады. 

                          Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы

 

Интернет желісіндегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихаттық шаралар туралы

Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылдың өткен мерзімінде діни ахуал тұрақтылығы сақталып отыр. Аудан көлемінде дін мәселелеріне қатысты акция, шерулер, ереуілдер, толқулар немесе басқа да шаралар орын алған жоқ.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-ІV Заңына сәйкес аудан бойынша  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 14 мешіт, бұлардан өзге 2 діни бірлестік Әділет органдарында алғашқы және қайта тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 14 мешіттің имамдарының барлығы да бұйрықпен тағайындалған.

Аудан бойынша жалпы 800-дей адам тұрақты түрде «Жұма намаздарға» қатысып, мінәжат етеді. Оның ішінде Жосалы кентіндегі «Қармақшы ата» мешітіне апта сайын 200-250 адам, Төретам кентіндегі «Жәрімбет» мешітіне 300-350 адам, ауылдардағы мешіттерге орташа есеппен 20-30 адамнан барады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының бесінші бағытындадіни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында тапсырмалар берілген болатын.

Бұл ретте қоғамда, ең алдымен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылады. Осы ретте ауданымызда  «Жастар ресурстық орталығы» және Ұлттық қауіпсіздіқ коммитеті бастамасымен интернет желісінде нақтылап айтар болсақ Вконтакте,фейсбук және ватсап парақшаларында діни экстремизм мен терроризм сипатында жарияланатын материалдарға байланысты алдын алу мақсатында бірнеше саладағы жас мамандар мен ерікті жастармен бірлесе отырып «блоггерлер» тобы жасақталды. Аталған топ  құрамында 9 блоггер: «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-ң директорының міндетін уақытша атқарушы М.Ибраев, орталық мамандары А.Татишев пен А.Жұмахмет, Қармақшы таңы газетінің тілшісі А.Кетебай, № 250 мектеп лицейінің әлеуметтік педогогы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психолог маманы Қ.Алданазарова, аудандық жыраулар үйінің маманы, «Жас Отан» жастар қанатының аудандағы атқарушы хатшысы А.Іскендіров, «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Досболов және аудандық оқушылар үйінің жас мамандары Н.Малаев, Қ.Каналбековтер. 

Осы ретте айтар болсақ әлеуметтік желілерде барлық топ мүшелері бір біреуден фейсбук және вконтакте парақшаларында (фейктерін) тіркеді. Алдағы уақытта діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға және жастардың арандатушы топтардың құрығына түсіп қалмау мақсатында ақпараттық насихатық жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, «Дін мәселелерін зерттеуц орталығымен» әзірленген «Ғаламтордан сақ болайық», «Діни білім алуда қателеспеңіз», «Жат ағымдарға жол жоқ», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Ұлтымыздың бала тәрбиесіндегі құндылықтары», «Қазақстандық патриотизм және дін», «Қазақстан- рухани келісім мекені», «Тәуелсіз Қазақстан және дін» тақырыптарындағы материалдар жарияланды. Бұл материалдарға байланысты теріс пікірлер жазылған жоқ.

Блоггерлер әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізіп отыр. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде аудан тұрғындары тарапынан бүгінгі күнге діни экстремизм мен терроризм мазмұнындағы материалдар жарияланған жоқ.

2017 жылдың наурыз айында блоггерлер тобы аудан орталығындағы 7 мектеп және кәсіптік-техникалық колледжде жастар мен кездесулер өткізіп, кездесу барысында әлеуметтік желілердегі жасөспірімдер арасындағы қауіпті ойындардың бірі «СИНИЙ КИТ», «ТИХИЙ ДОМ» атты топтар төңірегінде, діни экстремистік және террористік сипаттағы сайттардан сақтану жолдары айтылды.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың наурыз айында аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшесі, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» Қармақшы ауданы бойынша бөлімше меңгерушісі Ж.Скаков ауданның барлық елді мекендерінде болып, мектеп оқушыларымен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында тұрғындарға дін мәселелеріне қатысты толығырақ мәлімет беру үшін «Дін мәселелерін зерттеу орталығымен» әзірленген «Қазақстандық патриотизм және дін», «Жат ағымдарға жол жоқ», «Ғаламтордан сақ болайық», «Қазақстан рухани келісім мекені» және т.б. ақпараттық материалдар мен брошюралар ұсынылған.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Зейнетақы капиталын сақтау және көбейту

Бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысы болып отыр. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударатын жарналары сомасындағы табыс Сіз бен біздің зейнетақымыздың жинақтаушы бөлігін құрайды.
«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес Ұлттық Банк инвестициялайтын қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына табыс тұрақты түрде түсіп тұрады: күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейін, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлі де түртілмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле береді. Осылайша, егер адам ұзақ уақыт бойы ешқандай аударымдар жасамаған болса, ол бәрібір инвестициялық табыс ала береді.
БЖЗҚ осыған орай қызықты бір оқиғамен бөлісті: осыдан біраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жігіт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейін екі жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесінше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептері бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек еді. Алайда үзінді көшірмені алған жас жігіт біршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар ішінде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған.
Есептелген инвестициялық табыс туралы ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы алуға болады: яғни үзінді көшірмені Қорға келіп өтініш білдіре отырып немесе электрондық не кәдімгі пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады. Сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, электрондық үкімет порталы арқылы да алуға болады.
Бұл жағдайда математиктердің сөзімен алатын болсақ инвестициялық табыстың мөлшері тұрақты шама емес, ол тек бірнеше ауысымға байланысты болады. Біріншіден, салымшылардың зейнетақы жинақтарына салған бағалы қағаздардың қалай іске асырылғанына байланысты болса, екіншіден, жинақтардың өз мөлшеріне байланысты болады, яғни жинақ неғұрлым көп болса, әрі оны толтыру кезеңділігі тұрақты болса, соғұрлым есептелетін инвестициялық табыс та жоғары болады.
Жыл басында отандық БАҚ-та кейбір салымшылардың ЖЗШ-сында «инвестициялық табыс» бағанында теріс мәндердің болғаны туралы ақпарат шыққан болатын. БЖЗҚ инвестициялық табыс қаржы нарығында сатып алынатын қаржы құралдарының нарықтық құнына, шетелдік валюта бағамының құбылмалығына байланысты өзгереді деп хабарлады. Осылайша, инвестициялық табыс шамасы нарықтық жағдайға байланысты ұлғаю жағына, сондай-ақ азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Мұндай құбылу әдетте қысқа мерзімді кезеңдерде байқалады, әрі ол уақытша болып тұратын жәйт. БЖЗҚ-да шоттарға қызмет көрсетілген уақытта жиналған инвестициялық табыстың көлемі жақсы. 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша (жыл басынан бастап) ол 10,79 млрд. теңге болды.
Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық портфель осындай тәуекелдерді азайту үшін түрлендірілген, яғни тәуекел мен табыстылықты есепке алғанда түрлі қаржы құралдарының көп мөлшерінен құралған. «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің деректері бойынша жыл басында валютаға бөлінген зейнетақы активтері: активтердің 76,98%-ы теңгеге және шамамен 23%-ы шетелдік валютаға үлестірілген. Бірақ бұдан әрі сенімгерлік басқарушы ретінде Ұлттық Банк зейнетақы жинақтары бір ғана валютада тұрмау үшін соңғының үлесін 30%-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, кез келген инвестициялық сценарийде зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттің кепілдік беретінін еске сала кетейік («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 5-бабы). Басқа сөзбен айтқанда төлем алуға құқығы туындаған кезде әрбір алушыға жинақтаушы зейнеиақы жүйесіндегі бүкіл кезеңіндегі табыстылығы мен инфляция деңгейі есептелетін болады, егер зейнеақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет осы айырманы өтейді.
Қайта есеп алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ бөлімшесі) барып өтініш және жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, банк шотының нөмірі туралы мәлімет беру керек.

Қармақшы ауданы кәсіпкерлерінің назарына!

Жаңа бизнес идеяны іске асыру мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурс жарияланады.

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би 28, 301 кабинет; электронды пошта: a.mukhitdinov@korda.gov.kz байланыс телефоны 8(7242) 40-10-59, 70-54-87.

Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында (1 қосымшаға) және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін (2 қосымшаға) өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу шарттары:

Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа жеке кәсіпкерлік немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі мемлекеттік қолдау алу үшін өтініш берген уақытта кемінде үш жылды құрайтын қайта тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатысы алады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер тапсыру орны: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28, 3 қабат, 301 кабинет; электронды пошта: a.mukhitdinov@korda.gov.kz; байланыс телефоны 8(7242)40-10-59,
 70-54-87.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі;

конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Бизнес жобаны іске асыруға шығындарды жеке қаражатын салу: ұсынылған грант көлемінен 10%-дан кем емес(11 қосымшаға).

Кәсіпкерлердің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» экспресс-курстарында қысқа мерзімді оқудан өтуі конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік субьектілеріне бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарда ұсынылады:

  1. Негізгі құралдар мен материалдарды алу;
  2. Материалдық емес активтер алу;
  3. Технологиялар алу;
  4. Франшизаға рұқсат алу;
  5. Зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

Көрсетілген қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттiк тiркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама;
4) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

5) бизнес-жоба;

6) Бағдарлама және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының щіңберінде Кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) заңды тұлғалар үшін Жарғының (бар болса) көшірмесі;

8) қызмет түрінде лицензияның көшірмесі (қажет болса);

9) Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан-заңды).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2017 жылдың
«23» ақпанынан бастап 2017 жылдың 10 наурызына дейін жұмыс күндері сағат 9-00-ден 13-00 дейін, 15-00 ден 19-00 дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 2017 жылдың
«23» ақпанынан бастап сағат 09-00-ден
(жергілікті уақыт).

Өтінімді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2017 жылдың
«10» наурызы сағат 19-00-ге дейін
(жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен e-kyzylorda.gov.kz  сайтында танысуға болады.

Конкурсқа қатысатын жобаларға сүйемелдеуді Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі жүргізетін болады. Бөлімнің мекен жайы Жосалы кенті, Көшербаев көшесі, 36 үй. Байланыс телефондары 22619, 23108

Хабарландыру

«Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығы негізінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Өтінім қабылдау мекен-жайы: Жосалы кенті, Қорқыт-ата көшесі № 1 «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  № 22 кабинет

Хабарландыру

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидия алу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. 

  1. Субсидия алуға өтінімдер ағымдағы жылдың 20 мамырынан басталады.
  2. Субсидия алуға өтінімдер ауыл шаруашылығы басқармасына әр айдың 5 мен 25 аралығында жолданады. Өтінімдерге су берушілермен суармалы суды беру жөніндегі қызмет көрсету актісі қоса жалғанады.
  3. Субсидия алуға өтінімдер ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.
  4. Субсидия алуға өтінімдер 12003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 1, Облыстық мекемелер үйі, Ауыл шаруашылығы басқармасы, 2 қабат мекен-жайы бойынша қабылданады.

Байланыс телефондары: 60-54-42, факс: 60-54-42, n.zhumabekov@korda.gov.kz

Хабарландыру

2017 жылдың 16 қаңтар - 12 ақпан аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Портал арқылы:

– әрбір 150-шы қызмет алушыға ұялы телефон және ақпарат тасығыш (флешка)
– әрбір 500-ші қызмет алушыға смартфон телефон
– әрбір 1500-ші қызмет алушыға роутер модемі
– әрбір 1800-ші қызмет алушыға планшет
– әрбір 3000-ші қызмет алушыға ноутбук
– 4500-шы қызмет алушыға теледидар сыйға тартылады.

Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар арасында жүргізіледі:

1) Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою
2) Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру
3) Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру
4) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру
5) Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
6) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
7) Медициналық қызметке лицензия беру
8) Фармацевтикалық қызметке лицензия беру
9) Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына айланысты қызметтерге лицензия беру
10) II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру
11) II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру
12) Жобалау қызметіне лицензия беру
13) Іздестіру қызметіне лицензия беру
14) Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
15) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою
16) Мұрағат анықтамаларын беру
17) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы
18) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру
19) Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтамалар беру
20) Тұрғын үй көмегін тағайындау
21) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру
22) Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру
23) Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру
24) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау

Қармақшы ауданы бойынша аудан әкімінің және кент, ауылдық округі әкімдерінің 2017 жылдың 24-31 қаңтар аралығында тұрғындар алдында есеп беру жиналыстарының кестесі

Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, Қармақшы ауданы бойынша аудан әкімі С.Ы.Мақашовтың және кент, ауылдық округі әкімдерінің  2017 жылдың 24-31 қаңтар аралығында тұрғындар алдында есеп беру жиналыстарының кестесі

Кент, ауылдық округтерінің атауы

Кент, ауылдық округ әкімдері

Есеп беру мерзімі

Өткізілетін орны

1

Т.Көмекбаев а/о

С.Жолмаханов

24.01.2017  сағ.10:00

№ 185 мектеп

 

2

Қуандария а/о

А.Дәндесов

24.01.2017 сағ.12:00

Ауылдық клуб

3

Алдашбай ахун а/о

Ф.Шегебаев

24.01.2017 сағ.15:00

Ауылдық клуб

4

Дауылкөл а/о

Н.Тоғызбаев

24.01.2017 сағ.17:00

Ауылдық клуб

5

Ақжар а/о

Қ.Мүсіркегенов

25.01.2017 сағ.10:00

Ауылдық клуб

6

Ақтөбе а/о

О.Мұнарбаев

25.01.2017 сағ.12:00

Ауылдық мәдениет үйі

7

ІІІ Интернационал а/о

Б.Байбарақов

25.01.2017 сағ.15:00

Ауылдық мәдениет үйі

8

Жаңажол а/о

Б.Тәуекелов

25.01.2017 сағ.17.00

Ауылдық клуб

9

Иіркөл а/о

Ә.Білжанов

26.01.2017 сағ.10:00

Ауылдық клуб

10

Жосалы а/о

Б.Қалдашбаев

26.01.2017 сағ.12:00

№ 199 мектеп

11

Қармақшы а/о

О.Өткелбай

26.01.2017 сағ.16:00

Ауылдық клуб

12

Ақай а/о

Р.Байшораева

27.01.2017 сағ.10:00

Ауылдық клуб

13

Төретам кенті

Г.Умарова

27.01.2017  сағ.12:00

Ауылдық клуб

14

Жосалы кенті

А.Мереков

31.01.2017 сағ 10:00

Аудандық мәдениет үйі

Аудан және кент, ауылдық округ әкімдеріне аудан тұрғындарының сұрақ-сауалдары мен ұсыныс пікірлеріне арналған жәшіктердің орналасу тізбесі

Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын іске асыру мақсатында аудан және кент, ауылдық округ әкімдеріне аудан тұрғындарының сұрақ-сауалдары мен ұсыныс пікірлеріне арналған жәшіктердің орналасу тізбесі

Кент, ауылдық округтерінің атауы

Кент, ауылдық округтердегі тұрғындарының сұрақ-сауалдары мен ұсыныс пікірлеріне арналған жәшіктердің орналасқан орындары

Кент ауылдық округтердегі байланыс телефоны

Аудан әкімі аппаратының байланыс телефондары

1

Т.Көмекбаев а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, «Қазпошта» бөлімшесінің ғимараты

4-22-01

2-28-32

2-23-16

2

Қуандария а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб  ғимараты

4-21-35

2-28-32

2-23-16

3

Алдашбай ахун а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, «№111 орта мектеп» ғимараты

4-14-00

2-28-32

2-23-16

4

Дауылкөл а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб  ғимараты

25-1-23

2-28-32

2-23-16

5

Ақжар а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб  ғимараты

2-70-07

2-28-32

2-23-16

6

Ақтөбе а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық мәдениет үйі  ғимараты

25-7-01

2-28-32

2-23-16

7

ІІІ Интернационал а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық мәдениет үйі  ғимараты

25-3-25

2-28-32

2-23-16

8

Жаңажол а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық мәдениет үйі  ғимараты

25-5-10

2-28-32

2-23-16

9

Иіркөл а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, «№106 орта мектеп» ғимараты

2-66-11

2-28-32

2-23-16

10

Жосалы а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, «№199 орта мектеп» ғимараты

2-65-43

2-28-32

2-23-16

 

 

11

Қармақшы а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб  ғимараты

2-62-65

2-28-32

2-23-16

12.

Ақай а/о

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб  ғимараты

2-48-14

28-3-33

2-28-32

2-23-16

13.

Төретам кенті

Кент әкімі аппаратының ғимараты, кенттік клуб үйі ғимараты

24-2-06

2-28-32

2-23-16

14.

Жосалы кенті

Кент әкімі аппаратының ғимараты (Қорқыт ата№1), темір жол вокзалы ғимараты (Сексенбаев №6), Халық банк АҚ-ның аудандық бөлімшесінің ғимараты (Көшербаев №52), «Қазпошта» бөлімшесінің ғимараты (М.Шоқай №47)

2-13-87

2-18-49

2-22-87

2-28-32

2-23-16

Қазақстандықтар тозығы жеткен көліктерін 21-ші қарашадан бастап ақшаға өткізе алады.

2016 жылдың қараша айының 21-нен бастап елімізде тозығы жеткен ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы басталды. Бағдарлама ережесіне сәйкес МІ санаттағы (салмағы 3,5 тоннадан аспайтын жеті орынға дейінгі жеңіл автокөлік) көлік құралдары қабылданды. Ал тозығы жеткен техниканы жоюға өткізген көлік иесі ақшалай өтемақы алады. Берілетін өтемақы көлемі көліктің жиынтығына қарай екі санат бойынша анықталады. Яғни толық жиынтықтағы көлік 150 мың теңге және толық емес жиынтығы көлік 48 мың теңге көлемінде бағаланады. Бағдарламаға қатысатын тозған көліктің жылына қатысты ешқандай да шектеу жоқ (апатты автокөліктер де жиынтық санаты бойынша Бағдарламаға қатыса алады).

 

Жиынтық санаты

Толық жиынтық

Толық емес жиынтық

 

Қозғалысты қамтамасыз етуші

 

 

 

Шанақ (шасси)

+

+

Есіктер (штатное количество)

+

+

Капот

+

-

Жүксалғыш қақпасы

+

-

Қозғалтқыш

+

+

Беріліс қорабы

+

+

Радиатор

+

-

Дөңгелекті қоршаушы жабын (қанатша) (штатты санатында)

+

-

Дөңгелек (штатты санында)

+

-

Экологиялық қауіпті материалдар және компонеттер

Аккумулятор

+

-

Газдарды сыртқа шығаратын жүйе детальдары, сондай-ақ катализдік бейтараптандырғыштар *көліктің нақты моделі бойынша базалық жиынтықта болса

+

-

 

1 данасының бағасы, KZT

150 000

48 000

Ескерту:

«+» - көлікте міндетті түрде болуы керек;
«-» - көлікте болуы міндет емес;
Бағдарламаның толық қамтылуы мақсатында, жоюға өткізілетін автокөлігіңізді қашықтықтан бағалайтын (auto.recycle.kz сайты арқылы) жүйе жұмыс жасайды. Тозған көліктерді сатып алу жобасын жүзеге асыру үшін ҚР энергетика Министрлігі 10 мың квота бөліп отыр. бағдарламаны өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі Операторы жүзеге асырады.
Қосымша ақпаратты Қызылорда қаласы, Ақмешіт м/а, Саламатова №21 мекен-жайында орналасқан «ӨКМО» ЖШС-нің өкілдері Бучнева Маргарита Анатольевна 87013627781 және Наюпов Еркин Бекитбековичтен 87026213682, auto.recycle.kz сайтынан алуға болады.

 

Хабарландыру!

2016 жылғы 14 желтоқсан сағат 11.00-де Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Кинаятов Аслан Кинаятовичтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мәңгілік Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өтеді.

Қызметтік конкурс

"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы және «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №512 Бұйрығына сәйкес ««Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің №10 балабақша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын меңгерушісі бос лауазымына конкурс жариялайды.
І. Конкурс өткізілетін күні мен орны :
2016 жылдың желтоқсан айының 28 жұлдызы күні Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай Ахун ауылы, «Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимараты.
ІІ. Орналасқан орнын, пошталық мекен – жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы :
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай Ахун ауылдық округі Егізбаев көшесі №14 үй, индекс : 120506, тел : 87243741001 ««Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің №10 балабақша» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
III. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар :
Лауазымдық міндеттері : Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.
ІV. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш ;
2) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме ;
3) Еркін нысанда жазылған өмірбаян ;
4) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері
5) Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не
соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері ;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай – ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды :
1) Он сегіз жасқа толмаған ;
2) Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған ;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар ;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
V. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі :
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Қармақшы ауданы, Алдашбай Ахун ауылдық округі, Майлыөзек көшесі №3 үй, пошталық индексі:120506, байланыс телефоны: 8(724/37)41400; 8(724/37)41002, электрондық мекен-жайы aldashbai_ahun@mail.ru "Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне құжаттарын ұсынады.
VI. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн : құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, яғни 2016 жылғы 10 желтоқсан мен 24 желтоқсан сағат 09-00-13-00, 15-00-19-00 аралығында жоғарыда көрсетілген мекен-жайда құжаттар қабылданады.

«Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

Қызметтік конкурс !

ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРС !

Қармақшы аудандық білім бөлімі №272, №275, №186 мектеп директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Қызмет еткен жылдарына байланысты басшылық еңбек ақысы 82,46 мың теңгеден 99,98 мың теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).
Лауазымдық міндеттері : Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кезеңмен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу – тәрбие процесін ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контигентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді. Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде Қармақшы аудандық білім бөліміне қолма-қол немесе почта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады :
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ;
3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп) ;
4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6)алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжатты.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар және т.с.с) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі аталмыш хабарландыру жарияланған мезеттен 15 күнтізбелік күн ішінде Қармақшы аудандық білім бөліміне, мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс :
120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №7 үй, тел : 8 (72437) 2-16-32.
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді.
Ұйым үш жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды – оларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күні, уақыты және орыны туралы хабардар етеді.
Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды - әңгімелесуге жіберілмеу себебі туралы хабарландырады.
Ұйым әңгімелесуден өткен кандидаттарға конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды. Хабарламамен бірге кандидаттарға ұйымның мөрімен куәландырылған комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі жіберіледі.
Үміткерлермен әңгімелесу мына мекен-жайда жүргізіледі : 120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі № 7 үй, байланыс телефоны 8 (724-37) 2-16-32.

Қоғамдық тыңдау хаттамасы

«ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ-ның Жосалы ауылындағы мұнай терминалын консервациялау» жұмыс жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы

Жүктеу...56КБ

Медиация татулық кепілі

Медиация соттардың жүктемесін азайтып, уақытты тиімді пайдаланудың тетігі болды. Медиацияның жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда бұл мерзім отыз күнге ұзартылуы мүмкін. Соттың қарауында жатқан жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Азаматтық процесс шеңберінде жүргізілген медиация тоқтатылған жағдайда тараптар іс жүргізуде азаматтық іс жатқан сотқа тез арада дауды реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда аталған келісімді, медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.

Қармақшы аудандық сотында 2016 жылдың 6 – айында он бір қылмыстық іс кәсіпқой емес медиатордың көмегіне жүгіне отырып қысқарған. Ал азаматтық іске келетін болсақ 2016 жылдың 6 айында 6 азаматтық іс қысқарғын. Оның 5-і кісіпқой емес медиатордың көмегіне жүгінсе 1-і судья медиатордық көмегімен қысқарған.

Мысалы ҚР ҚК-нің 24-бабының 3 бөлігі, 188-бабының 2 бөлігінің 3-тармағымен айыпталған А.Б.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралған.

Сотталушы А.Б. спирт ішімдігін ішкен мас күйінде, бөтен мүлікті қоймаға заңсыз кіріп, жасырын ұрлау мақсатында, 2016 жылдың қаңтар айының 30 күні, сағат 23.30 шамасында Жосалы кенті, Ізтілеуов көшесінің бойында орналасқан Қармақшы аудандық почта байланыс торабының №2 байланыс бөлімшесіне барып, айналада бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, сол маңнан ұзындығы 30-40 см болатын арматураға ұқсас темір тауып алып, бөлімшенің сыртқы есігінің құлыпын бұзып ашып, ғимарат ішіне заңсыз кіріп, сейф ішіндегі 4-дана сәлемдемелерді /посылка/,  инкассаторлық қапты стол үстінде тұрған темір қайшымен қиып жыртып ашып ақша іздеп таба алмаған. Осы уақытта, Б.Ақыпбаев сырттан автокөліктің келіп тоқтаған дауысын естіп, күзет дабылы қосылып, өзінің бөлімшеге кіргенін біліп қойды деген оймен, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмыстық іс-әрекетін ақырына дейін жеткізе алмай, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сотта сотталушы А.Б.жәбірленуші өкілі Г.Ұ.өздерінің араларындағы істі «Медиация туралы» Заңының тәртібімен шешу мақсатында мақсатында кәсіпқой емес медиатор Умиртаев Умирбекке жүгініп, медиатор арқылы өзара ымыраға келіп, татуласып, келісімге келгендерін, істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін араларында жасалған «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынатындарын көрсеткен.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 27 бабының 7 бөлігінде, дауды (дау-шарды) «Медиация туралы» Заңына сәйкес реттеу туралы келісім, дереу іс жүргізілуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберілетіні және ол ҚР ҚПК-де көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылатыны көзделген.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Сондықтан жоғарыда көрсетілген заң талабына сәйкес, сотталушы А.Б. мен жәбірленушінің өкілі Г.Ұ.-ның «Медиация туралы» Заңының тәртібімен татуласуларына байланысты, ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотталушы А.Б.-ны қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық ісі өндірістен қысқартылды.

Азаматтық іске тоқтала кетін болсақ, талап қоюшы И.А., сотқа талап арыз беріп, 2016 жылдың қаңтар айының 18-і күні жауапкер М.А., 100 000 теңге ақшасын қарызға алғанын, содан осы уақытқа дейін ақшасын ала алмай жүргенін және несие алу үшін кепілге берілген жеке дүкенінің құжаттарын қайтармай отырғанын, сондықтан жауапкер М.А., дүкен құжаттарын қайтаруды және 100 000 теңге қарыз ақшасын өндіруді сұрайтынын көрсеткен.

Азаматтық істі сотта қарау барысында талап қоюшы А.И., кәсіпқой емес медиатор У.Умиртаевтың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіміне сәйкес жауапкермен өзара бітімгершілікке келгенін, яғни жауапкер М.А-ның 2016 жылдың мамыр айының 15-не дейін дүкен құжаттарын қайтаратынына және 100 000 теңге қарыз ақшасын беретініне және жауапкермен жасаған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін қабылдап, істі тоқтатуды сұрайтынын көрсетті.

Талап қоюшы И.А.-ның жауапкер М.А-дан дүкен құжаттарын қайтару және 100 000 теңге қарыз ақшасын өндіруді сұраған азаматтық ісі бойынша тараптар арасында жасалған дауды Медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдері бекітіліп және іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

5 тамыз «Медиация күні» республикалық акциясы

Қазақ халқы үшін бітімгершілік-билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бірегей дара тұлғалары-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындығы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтап отырған. Яғни, Елімізде 2011 жылдың 28 қаңтарда қабылданған «Медиация» туралы Заңы сот жүйесіне жаңашыл өзгеріс енгізіп, дауды шешудің тағы бір тиімді жолын айқындады.

Медиацияның тиімділігі жөнінде тағы бір ескере кететін жәйт-шешімнің орындалу деңгейі жоғары болмақ. Медиация азаматтар арасындағы қарым -қатынаста талас- тартыс деңгейін төмендетуге, тараптардың қарым -қатынас мәдениетінің, этикасының жоғарылауына, ерікті түрде орындалатын шешімдердің көбеюіне әкеледі деген сенім тудырады.

Бітімгершіліктің басты мақсаты - қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жазаларымен жазалау емес, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі, яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады.

Заң  жобасы  ең әуелі жазасын өтеушілердің санын азайтуға ықпал етеді. Медиация шындығында, жаза басқандардың қателігін түзеу мекелерінде емес, жақындарының ортасында жүріп түсінуіне,түзеуіне  ықпал етеді. Заңды бастай сала іліп,әрекетін медиатор мамандар қазіргі таңда тапшы.

Соның негізінде Медиация заңын кеңінен насихаттап, дауласушы тараптарды бітімгершілікке шақыру мақсатында Қармақшы ауданының кент әкімінің ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылдану күні қарсаңында ағымдағы жылдың  5 тамызында «Медиация күні» республикалық акциясы өткізілу жоспарланып отыр. Аталған іс шараға аудан тұрғындарын өзара түсінбеушілік туған мәселелер бойынша медиация тәртібімен келісімге, бітімгершілікке келуге шақырамыз

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 57-бабының, 1-тармағынасәйкес «Жосалы кентінде мұнай терминалының нысанын консервациялау «ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» АҚ жобалық құжаттамасын «Қоршағанортанықорғау іс-шаралары» жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді. 

Қоғамдық тыңдау 2016 жылдың 26 шілде де Жосалы кенті, Қорқыт Атакөшесі1, Мәжіліс залы,сағат 15:00 де өткізіледі.

Мына тел: 8(7242) 27-61-98 хабарласуға болады.

Раздел "Охрана окружающей среды" к рабочему проекту "Консервация нефтяного терминала в п. Жосалы АО "ПетроКазахстанКумкольРесориз"

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтердіүйде отырып ала алады.

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін қызметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт – офистеріне  бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  жұмысын бастағалы бері мобильдік топтар 3 670 мүмкіндігі шектеулі жандарға  барып, 5 761 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, мемлекеттік корпорация 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне  барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжірибесін жалғастырып отыр. Азаматтар  мобилдік  топты шақыру үшін  Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары керек. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері  оған 72 сағат ішінде  барады.

Жалпы, мемлекеттік корпорация  мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөліп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Сонымен қатар«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді.

Мемлекеттік корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуірінде "Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы" РМК, "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК және "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-нің қайта құрылуы жолымен бастағанын естеріңізге саламыз. Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 530 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 

Жемқорлықтың жолын кесу парыз

Қазіргі таңда қоғамдағы кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық мәселесі. Аталған дертпен күресу арқылы жемқорлықтың жолын кесу әрбір азаматтың парызы. Бүгінгі таңда ХҚКО Қармақшы аудандық бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында жоспарлы шаралар, «дөңгелек үстелдер» күнделікті өтіп тұрады.

Қоғам үшін қауіпті дерт

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан білеміз. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты  түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. 

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сондықтан да қоғам бойындағы бұл кесапат кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.

Сыбайлас індет жою міндет

Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл  жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол- әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол- коррупция. Елімізде осы мәселе арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды  міндет етіп қойды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. 

Қоғамға қауіпті кесел.

Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу, тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын және оның алдын-алу, жол бермеу мәселелері бойынша тек қана газет беттерінен оқып уақытша ойға берілмей, нақты бір шешім қабылдап, елу елдің қатарына енуді және өзге мемлекеттерге үлгі болатын Қазақстан болуды алға мақсат қып қойып, сол үшін аянбай еңбек етейік!ХҚКО Қармақшы аудандық бөлімі.

 

Аудандық Қоғамдық кеңес отырысы

2016 жылдың 22 маусым күні сағат 18.00-де. аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өткізіледі. Аудандық Қоғамдық кеңестің отырысын төраға, «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауленбаев Ануар жүргізіп отырады. Аудандық Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде «Жер заңдылықтарын жетілдіру жөніндегі мәселелерді талқылау» мәселесі қаралатын болады. Өтетін жері: Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылы, ауылдық мәдениет үйі. 

Жемқорлықпен күресу ортақ іс

Қазіргі қоғам мүшелерінің көбінің ойы материалдық пайда табу, «қолдарында тұрғанда қоныштарынан басып», өзінің әл-ауқатын одан әрі жақсарту. Сондықтан ең бірінші адамның сана – сезімін, мінез - құлқын өзгерту қажет. Халықтың құқықтық сана сезімін көтеру мақсатында құқықтық насихат жұмыстарын әлсіретпей жоғары деңгейде жалғастырған жөн. Сыбайластықтың салдарынан жемқорлыққа апаратын, оның аяғы  қылмыстық жазаға апаратындықтан, бұл іс-әрекеттердің алдын алу қажет. Себебі өтіп кеткен істі жөндеудің өзі сыбайластық көрініс болып көрінері анық. Өкінішке орай, сыбайластық дерті қаулап барады. Сондықтан өз қоғамымызды асқынған дерттен қорғау міндеттен бұрын парызымыз.

Жемқорлықпен күресу баршамыздың міндетіміз.

Сыбайластықтың салдарынан жемқорлыққа апаратын, оның аяғы қалмыстық жазаға апаратындықтан, бұл іс әрекеттердің алдын алу қажет. Дертке шалдықбастан бұрын оның алдын жөн. Себебі өтіп кеткен істі жөндеудің өзі сыбайластық көрініс болып табылады. Сондықтан өз қоғамымызды асқынған дерттен қорғау міндеттен бұрын парызымыз.   

Жемқорлық - жегі құрт

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республиксының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол-сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.Жемқорлыққа қарсы күрес жан жақты,үздіксіз ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс.Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Дегенмен, кемшіліксіз жұмыс болмайды, жұмыс барысында кездесіп қалатын яғни, аңдаусыз сыбайластыққа апаратын жағдайлар болуы әбден мүмкін. Сондықтан да заң талабынан ауытқымай, асқан жауаптылықпен ешкімнің ықпалына шырмалмай таза жұмыс жасау шарт.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырғаны белгілі. Осы орайда Халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайластыққа жол бермеу, алдын алу мақсатында күнделікті қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс заң аясында жүргізілетін болса қызмет барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін  болдырмауға болады. Дегенмен, кемшіліксіз жұмыс болмайды, жұмыс барысында кездесіп қалатын яғни, аңдаусыз сыбайластыққа апаратын жағдайлар болуы әбден мүмкін. Сондықтан да заң талабынан ауытқымай, асқан жауаптылықпен ешкімнің ықпалына шырмалмай таза жұмыс жасау шарт.

Аудандық Қоғамдық кеңес отырысы

2016 жылдың 09 маусымы күні сағат 16.00-де. аудандық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы болады.

Аудандық Кеңестің отырысын төраға, «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауленбаев Ануар жүргізіп отырады.

Аудандық Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:

1.«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылау;

2.Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша мәселелерді талқылау;

3.Аудан бюджетінің салық салу базасын ұлғайту бағытындағы жұмыстарды талқылау;

4. Бірыңғай медициналық сақтандыру мәселелерін талқылау;

5. Қызылорда облысындағы «Южное Ровное» кен орнын бағалау жұмыстары бойынша жобаға қосымша қарауға көзделіп отырған  қызметтің 

Аудандық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында қосымша басқа да мәселелер  қаралды.

Өтетін жері: Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №1, аудандық мәслихаттың мәжіліс залы.

 

Құрметті аудан тұрғындары!

2016 жылдың 11 маусымында сағат 10.00-де Жосалы кенті, орталық алаңда «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» ұранымен өтетін «Денсаулық Фестивалі-2016» кең ауқымды акцияға қатысуға шақырамыз.

Қызылорда облысының аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарына мекенжай беру туралы

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі (28.12.2015 ж. №1262) мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (22.12.2015 ж. №783) «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Бірлескен бұйрығы бекітіліп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылдың 27 қаңтарында №12938 мемлекеттік тіркеуден өтті.
Аталған Қағида Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын қалыптастыру, жылжымайтын мүлiктi пайдаланудың әр кезеңiнде қайтадан салынған, жаңартылған және пайдаланымға берiлген объектiлердiң мекенжайларының бiр ортаға бағынған есебiн қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Объект мекенжайы – облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, кенттің, ауылдың атауларынан;
- елді мекеннің құрамдас бөліктерінің атауынан;
- бастапқы объектінің нөмірінен;
- кейінгі объектінің нөмерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 21 қаңтардағы 2016 жылғы № 23 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітіліп, қазіргі таңда, Қызылорда облысының аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарының мекенжайын айқындау жөнінде анықтама берумен Қызылорда қаласы мен аудандардағы сәулет және қала құрылысы бөлімдері айналысады.
Аталған қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияға) өтініш білдіру арқылы, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін жеке және заңды тұлғалар төменде көрсетілген құжаттар тізімін ұсынады:
1) Мемлекеттік корпорацияға
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай (алдын-ала) беру бойынша анықтама алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жер учаскесін құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы жергілікті ақтарушы органның шешімі немесе төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
сәйкестендіру құжаты;
алдын-ала шарт;
үлестік қатысу шарты.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
2) порталға:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;
жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Сондай-ақ, бұл қызмет түрі жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорация–еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты облыс тұрғындарына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан жері бойынша міндетті тіркелу қажет екенін хабарлайды.

Хабарландыру

2016 жылдың 16-29 мамыр аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Портал арқылы:

–        әрбір  120-шы қызмет алушыға ұялы телефон және ақпарат тасығыш (флешка)

–        әрбір  350-ші қызмет алушыға смартфон телефон

–        әрбір  400-ші қызмет алушыға роутер модемі

–        әрбір  500-ші қызмет алушыға планшет

–        әрбір  1500-ші қызмет алушыға ноутбук

–        3000-шы қызмет алушыға теледидар сыйға тартылады.

 

Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді  пайдаланушылар арасында жүргізіледі:

1)      Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою

2)      Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру

3)      Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

4)      Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру

5)      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

6)      Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

7)      Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

8)      Медициналық қызметке лицензия беру

9)        Фармацевтикалық қызметке лицензия беру

10)    Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына айланысты қызметтерге лицензия беру

11)    II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру

12)    II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

13)    Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау

14)    Жобалау қызметіне лицензия беру

15)    Іздестіру қызметіне лицензия беру

16)    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру

17)    Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

18)    Мұрағат анықтамаларын беру

19)    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқару

20)    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру

21)    Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтамалар беру

22)    Тұрғын үй көмегін тағайындау

23)    Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру

Аудан кәсіпкерлерінің назарына!

Жеке бизнес құру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурс жарияланады.

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан орны: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28, 301 кабинет; электронды пошта: oblkasipkerlik@korda.gov.kz; байланыс телефоны 8(7242) 70-54-87, 40-10-59.

Конкурстың нысанасы: Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субьектілеріне (жеке бизнесін құруға) «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі мемлекеттік қолдау алу үшін өтініш берген уақытта кемінде үш жылды құрайтын қайта тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер тапсыру орны: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28, 301 кабинет; электронды пошта: oblkasipkerlik@korda.gov.kz; байланыс телефоны: 8(7242) 70-54-87, 40-10-59.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Жеке қаражатын салу: ұсынылған грант көлемінен 10%-дан кем емес.

Кәсіпкерлердің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» экспресс-курстарында қысқа мерзімді оқудан өтуі конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік субьектілеріне бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарда ұсынылады:

  1. Негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
  2. Материалдық емес активтер сатып алу;
  3. Технологиялар алу;
  4. Франшизаға рұқсат алу;
  5. Зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияны енгізуге байланысты шығындар.

Көрсетілген қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Грант беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;

2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама;

4) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

5) бизнес-жоба;

6) Бағдарлама және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде Кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) заңды тұлғалар үшін Жарғының (бар болса) көшірмесі;

8) қызмет түріне лицензияның көшірмесі (қажет болса);

9) Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2016 жылдың
«23» сәуірінен бастап 2016 жылдың «11» мамырына дейін жұмыс күндері сағат 9-00-ден 13-00 дейін, 15-00 ден 19-00  дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 2016 жылдың
«23» сәуірінен бастап сағат 09-00-ден
(жергілікті уақыт).

Өтінімді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2016 жылдың
«11» мамыры сағат 19-00-ге дейін
(жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Қосымша мәліметтерді Кармақшы ауданы, Жосалы кенті, Көшербаев көшесі, №36, мекен-жайда орналасқан «Кәсіпкерлер үйінің» 2-қабатында орналасқан, Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне келіп толық мәлімет ала аласыздар. Телефон: 2-26-19, 2-31-08.   

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау»

Бүгінгі сіздерге ұсынатын жаңа қызмет түрі өте қызықты. Мемлекеттік қызмет түрінің атауы «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын субсидиялау» деп аталады.Жалпы кез-келген жеміс жидек түрлерінің көшеттерін көктем және күз айларында отырғызамыз. Ал, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру үшін, оның шығындарын өтеу мақсатында мемлекет тарапынан арнайы субсидия қарастырылған. Аталған қызмет түріне құжат тапсыру үшін ХҚКО-ға жүгінсеңіз болғаны. Құжат тарсырған сәттен  бастап 11(он бір) жұмыс күнінде  орындалады. Жаңа мемлекеттік қызмет түрі қағаз түрінде және жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Енді қызмет түрін алушылардың назарына ең қажетті және қызықты  деректер. Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өсірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтінім береді.Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің екінші вегетациясын – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетациясын – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетациясын – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырығызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың «Апорт» сорты бойынша өсіру бойынша субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтінім және Министрлік бекіткен нысан бойынша субсидияны пайдалану туралы ақпарат береді.Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде қағаз тасығышта өтінімнің қабылданғанын растауға оның көшірмесінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі немесе пошта жөнелтілімдерін беруді жүргізетін пошта ұйымының құжаттамасындағы белгі дәлел болып табылады. 

Хабарландыру

Қармақшы ауданының қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы

Қармақшы аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашадағы № 383-V Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы
Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Осы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау үшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұсыныстар 2016 жылғы 31 қаңтардан бастап 09 ақпан күні сағат 13:00-ге дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:
120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі, № 1.
№ 3 бөлме, байланыс телефоны – 8 (72437) 2-16-46, 2-27-63.
электрондық мекен-жай: karmakshi_maslihat@mail.ru
Қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 19:00-ге, үзіліс: 13:00 - 15:00-ге дейін.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Қармақшы ауданында тұратын азамат Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1)сотталғандығы болмауы;
2)сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;
3)психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
жөніндегі жұмысшы тобы

ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанындаоқуғарұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Қызмет 15 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі. Бұл ретте өтінішті қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Экстернат нысанында оқуға өтініш беру үшін тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгіну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы білім берумекемелерінде оқуға мүмкіндігі жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады.

«Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтініш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейін олардың мүддесін ата-аналары немесе заңды қамқоршылары білдіреді», - деп атап өтеді «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева. – Айтпақшы, уақытыңыз шектеулі болса, ХҚКО-ға кезекті электрондық үкімет порталы арқылы брондауға болады. Бұл үшін сізге электрондық цифрлық қолтаңбаның керегі де жоқ. ЖСН-ды енгізіп, қызметті алғыңыз келетін ХҚКО-ны көрсетсеңіз жеткілікті».

Қызметті алу үшін өтінішті толтыру керек, сол сияқты өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болсын: дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы;1/е нысаны,  соңғы оқыған сыныбындағы үлгерім табелінің көшірмесі және көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған болса), сондай-ақ салыстыру үшін түпнұсқа. Қажет болған жағдайда білім алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат керек болуы мүмкін.

 15 жұмыс күнінен кейін сіз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды ала аласыз. Айта кетейік, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсат берілді.

Хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің Қоғамдық кеңесі құрылуы қажет. Қоғамдық кеңестің міндеттері мен құзыры жоғарыда аталған Заңмен белгіленген.

Қармақшы ауданы Қоғамдық кеңесінің  құрамы жұмыс тобымен мемлекеттік органның өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардан құрылады.

Қазіргі таңда жұмыс тобының құрамын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар кандидатуралар бойынша ұсыныстарын 2016 жылдың 30 қаңтарына дейін аудандық мәслихат аппаратының мекенжайына (Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №1) karmakshi_maslihat@mail.ru  жолдауына болады.

Қармақшы ауданы мәслихатының аппараты.

 

Хабарландыру

«Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде ауыл шаруашылығы тауар өнідрушілеріне субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Өтінім қабылдау мекен-жайы: Жосалы кенті, Қорқыт-ата көшесі № 1 «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі № 22 кабинет

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында аудан тұрғындарының сұрақ-сауалдары мен ұсыныс – пікірлеріне арналған жәшіктердің орналасу тізбесі

п/п

Кент, ауылдық округтердің атауы

Кент, ауылдық округтердегі тұрғындардың сұрақ-сауалдары ұсыныс –пікірлерді салуға арналған жәшіктердің орналасқан орындары

Кент, ауылдық округтеріндегі байланыс телефоны

Аудан әкімі аппаратындағы байланыс телефондары

1

Т.Көмекбаев ауылдық округі

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, «Қазпошта» бөлімшесінің ғимараты

4-22-01

2-20-31

2-23-16

2

Қуаңдария

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб ғимараты

4-21-35

2-20-31

2-23-16

3

Алдашбай ахун

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, «№111 орта мектеп»  ғимараты

2-51-28

2-20-31

2-23-16

4

Дауылкөл

 

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб  ғимараты

25-1-23

2-20-31

2-23-16

5

Ақжар

 

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб  ғимараты

8-(724-39)-2-70-01

2-20-31

2-23-16

6

Ақтөбе

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық мәдениет үйінің  ғимараты

25-7-01

2-20-31

2-23-16

7

ІІІ Интернационал

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

25-3-25

2-20-31

2-23-16

8

Жаңажол

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық мадениет үйінің ғимараты

25-5-10

2-20-31

2-23-16

9

Иіркөл

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, №106 мектептің ғимараты

26-6-11

2-20-31

2-23-16

10

Жосалы

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, №199 мектептің ғимараты

26-5-43

2-20-31

2-23-16

11

Ақай

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб ғимараты

24-8-14

28-3-33

2-20-31

2-23-16

12

Төретам кенті

Кент әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб ғимараты

24-2-06

 

2-20-31

2-23-16

13

Қармақшы

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты, ауылдық клуб ғимараты

26-2-65

2-20-31

2-23-16

14

Жосалы кенті

Кент әкімі аппартының ғимараты (Қорқыт ата №1), Вокзал ғимараты (Е.Сексенбаев көшесі №6), Халық Банк АҚ-ң аудандық бөлімшесінің ғимараты (Қорқыт ата және Көшербаев көшелерінің қиылысы №52), «Қазпошта»  ғимараты (Көмекбаев көшесі №48), №1 «Қазпошта» бөлімшесінің ғимараты (М.Шоқай көшесі №47)

2-13-87

2-18-49

2-22-87

2-20-31

2-23-16

Қауіпті індетпен күрес баршамызға ортақ міндет!

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылғанымызға біраз уақыт өтті. Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол-сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың азаматтық борышымыз деп білуіміз керек.

Ақмола облысында орналасқан «ҚР ІІМ ЕБҚКД Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» ММ жұмыс істейді.

Ақмола облысы Зеренді ауданы Раздольное аулында орналасқан «Қазақстан Республикасы ІІМ ЕБҚКД Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді.
Орталықта жергілікті наркодиспансерлерде медициналық түзетуден өткен және одан әрі емдеуді жалғастыруға тілегі бар есірткіге тәуелді адамдарға әлеуметтік-психологиялық оңалту жүргізіледі.
Оңалту курсы өз еркімен, тегін негізінде және бір жылға дейінгі мерзімге есептелген.
Ақмола облысы Зеренді ауданы Раздольное аулында орналасқан «Қазақстан Республикасы ІІМ ЕБҚКД Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінде медициналық-әлеуметтік оңалтудан өту үшін келесідей құжаттар жинақталады:
1.Жергілікті учаскелік полиция инспекторы мен дәрігер – наркологтан екі мінездеме;
2.Жеке куәліктің көшірмесі;
3.Емдеу кәртішкесінен қорытынды-жазба (выписка из лечебной карточки);
4.Алғашқы қарау актісі, ВИЧ-қа, инфекциялық ауруларға анализдер, рентген қорытындысы (акты первичного осмотра, анализы на ВИЧ, на инфекционные заболевания, рентгеновское обследование);
5.Арнайы медициналық мекемелерде медициналық оңалтудан өткендігі жайлы дәлелдеу құжаттары (документы, подтверждающие прохождение курса медицинской реабилитации в специализированных медицинских учреждениях).
Орталықта, нашақорлыққа қатысты сұрақтар мен дағдарыс жағдайларға байланысты тәулік бойы телефон арқылы кеңес беру қызметі жұмыс атқарады (сенім телефоны 88000803515, қабылдау бөлмесі 87163233756).

«Болашақты болжаған кемел еңбек»

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер екенін көрсетті.
Мемлекетіміздің экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы.
Егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпы халықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Сондықтан халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, тағы басқа да игіліктердің бастау бұлағы осы шақтардан басталды.
Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз.
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

444

Тәуелсіздік тұғырым!

16 желтоқсан - ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 24 жыл толды.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
Мыңдаған жылдық тарихы бар 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке болып атап өтілуде, қаншама қиыншылықпен келген жеңісіміздің жемісін көрудеміз.
Халыққа қызмет етіп сенімін арттыру біздің міндетіміз. Тәуелсіздік бізге тек бақыт пен ырыс алып келсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

«Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу-уақыт талабы»

       27 қараша күні «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу-уақыт талабы» тақырыбында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, «Қармақшы таңы» газеті редакциясының тілшісі және аудандық орталық кітапхана қызметекрлерінің  қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Элкетронды үкімет порталын пайдалануды білесіз бе?

Үстіміздегі жылдың 26 қарашасында «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімінің қызметкерлері аудандық орталық кітапханаға барып, Элкетронды Үкімет порталының қызметі және оны тиімді пайдалану жайлы тұрғындарға түсіндірме жүргізіп, электрондық үкімет порталынан алынатын мемлекеттік қызметтер бойынша жадынамалар таратып, пиар акция өткізді.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жайлы пиар акция»

Жақында «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімінің қызметкерлері аудандық «Мұрағат» ММ-не барып, «Халыққа қызмет көрсету орталығында» орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторының жұмысы және оны тиімді пайдалану жайлы қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, электрондық үкімет порталынан алынатын мемлекеттік қызметтер бойынша жадынамалар таратып, пиар акция өткізді.

Элкетронды үкімет порталын пайдаланыңыз

Жақында «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімінің қызметкерлері аудандық «Мұражай» қызметкерлеріне барып, Элкетронды үкімет порталынан әрбір азамат өзіне қажетті түрлі анықтамаларды және тағы да басқа қызметтерді үйден шықпай-ақ алуларына мүмкіндік бар екенін және оны тиімді пайдалану жайлы түсіндірме жүргізіп, электрондық үкімет порталынан алынатын мемлекеттік қызметтер бойынша жадынамалар таратып, пиар акция өткізді

Дербес несие есебін алу

Қазіргі кезде несиеге тауарлар немесе қызметтерді іске асыратын банкілер/ұйымдар ең алдымен Сіздің несие алуға арналған өтініміңізді мақұлдамай тұрып, несиелік есеп алу үшін несиелік бюроға жүгінеді. Несиелік есеп - бұл заңды немесе жеке тұлғаның аяқталған және қолданыстағы міндеттемелері туралы ақпараты бар, сондай‑ақ онымен өз міндеттерінің орындалуын көрсететін құжаты.

1. Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру"  батырмасы бойынша өту.

2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Несие есебін сіз өзіңізге ғана ала аласыз

«Egov.Kz» порталы арқылы Мұрағаттық анықтамалар алу

Аталған қызметті ҚР азаматтары және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ала алады. Ол үшін порталда авторлану керек және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту. Өтінімді толтыру және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою (). Өтінімге жеке куәліктің көшірмесін тіркеу. Сұралатын мәліметтердің сипатына байланысты қоса берілетін құжаттар ерекшеленуі мүмкін: еңбек кітапшасының көшірмесі, дипломның көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі, неке куәлігінің көшірмесі, неке бұзу туралы куәліктің көшірмесі, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі. Қызмет тегін 15 күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі.

«Үздік іс жүргізуші» байқауына қатысты

Жуырда, Халыққа қызмет көрсету орталығының облыстық филиалында қалалық және аудандық бөлімдердің қызметкерлері арасында «Үздік іс жүргізуші» байқауы ұйымдастырылып, Қармақшы аудандық бөлімінің инспекторы Талғат Олегұлы Жүргенов 1 орын иеленді.

Қауіпсіздік шаралары басты назарда!

Айтып келмейтін апаттың алдын  алу басты назарда Өйткені, террозим, экстремизм, зілзала, өрт, су тасқыны секілді кешіксең кешірмейтін тосын оқиғалар болу қаупы әбден мүмкін. Бұл адамның өмірі мен денсаулығына қоғам мен мемелекетке зиян тигізетін қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін апат.

Осыған орай, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімі тарапынан «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету» «Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою мәселелері», «Өрт қауіпсіздігін сақтау» бойынша жоспарлы іс-шараларды игеруге жұмыс жасалуда. Яғни, бөлім қызметкерлеріне жұмыс орындарында қауіпсіздік шараларын қолдану, өрт туындаған жағдайдағы өртті сөндіру ережесімен таныстыру, террористік іс-әрекеттердің көріністері байқалған жағдайда тиісінше жасалатын іс-әрекеттер бойынша дәрістер оқылып, аудандық құқық қорғау және төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен бірлескен семинарлар мен оқыту-үйрету сабақтары тұрақты түрде өткізіліп келеді.   

Сенім телефоны

Құрметті тұтынушы азаматтар, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында 2-11-62 нөмірлі СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ жұмыс істейді.

Арыз - шағым, ұсыныстарыңыз немесе бөлім қызметкерлері  тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне апаратын көріністерге куә болсаңыз қоңырау шалуларыңызға болатынын хабарлаймыз. 

«100 нақты қадам» атты 5 реформа

Дүние жүзінің саясатшылары мен лидерлері «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары туралы заманауи сынақтарға жауап ретінде бағалап, ал оның іске асырылуы Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттерінің ішіне жақын арада кіруге мүмкіндік беретін айқын жол екені туралы пікірлерін білдірді.

Елбасы ұсынған еліміздің алдағы жылдардағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне күрделі өзгерістер енгізуге бағытталған бес институционалдық реформалардың негізгі бағыттарының орындалуына еш күмән жоқ.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы тиімді бағдарламалар, Қазақстанға дүние жүзіндегі қаржы-экономикалық дағдарыстан қолайлы өтуге мүкіндік беретіндігі анық.

Елбасымыздың сара саясатының арқасында елімзде тыныштық пен ұлтаралық татулық орнап, Қазақ елінің түрлі мерейтойлары мен Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған мерекелер жоғары дәрежеде аталып өтілуде.

Электрондық үкімет порталы

Электрондық үкімет порталы - халықтың ел үкіметімен тікелей байланысн қамтамасыз ететін жүйе. Электрондық үкімет азаматтарға жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін біріңғай портал. Жеке беттерге қатынау мүмкіндігіне ие болу үшін вев порталға тіркелу қажет. Электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды рәсімдеу үшін ЖСН- ғана керек, коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесіде төлеуге де болады, ол үшін банк картасы талап етіледі.

Электрондық үкімет порталы бизнесті өз бетінше тіркеуге, анықтамалар алуға, кез-келген уақытта баланы балабақша кезегіне тұрғызуға және кезегін көруге, некеге тұруға және басқа да көптеген қызмет түрлерін алуға болады.  Бұл қызметтің тиімділігі шалғай елді мекен тұрғындары тестілеуге өтінім беру үшін қала орталығына немесе тиісті мекемеге өтінім беру қажеттілігі жоқ. Өтініш беру  үшін веб-портал арқылы авторланудан өту қажет.

1414 Бірыңғай байланыс орталығының қызметін пайдаланыңыздар

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға барынша жағдай жасау мақсатында мемлекетіміздің тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылып, осыған сәйкес біршама жұмыстар жасалуда. Соның бірі халыққа қызмет көрсету орталығы тарапынан І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сонымен қатар соғыс және еңбек ардагерлерінің, қарт кісілердің тұрғылықты мекен жайларына барып мемлекеттік қызмет көрсету үшін оңтайлы топ ұйымдастырылған. Бұл оңтайлы топты шақыртып, мемлекеттік қызметті алу үшін «1414-Бірыңғай байланыс орталығы» арқылы өтініш берсеңіз, Орталықтың арнайы қызметкерлері үйлеріңізге барып құжаттарыңызды қабылдайды. Ағымдағы жылдың есепті мерзімінде аудан көлемінде 85 мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтініштері қанағаттандырылып, тиімді қызмет көрсетілді.

«Connection Point» - қызметін пайдаланыңыз.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Connection Point» немесе «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторы жұмыс жасауда. Бұл сектордың басқа қызмет көрсету аймақтарынан ерекшелегі, өтініш иесі мемлекеттік қызмет түрлерінен өзіне қажетті қызметті электрондық сандық қолтаңбасы арқылы Электрондық Үкімет порталына тіркеле отырып алуына мүмкіншілігі бар.
Бөлім қызметкерлері өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында тұтынушыға кеңес берумен қатар компьютерлік сауаттылыққа үйретеді.
Техника ғасырында, инновациялық әлемде халық игілігі үшін қызмет ететін әлі де тың да игі өзгерістер болары анық, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жаңа бағыттағы жаңашыл әдістерді халық игілігі үшін жүзеге асыруға әрқашан да дайын.

«Электрондық Үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызмет алу

«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын жалпы мемлекеттік жүйе. egov -порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің кез келген нүктесінен өтініш беріп, өзіне керекті анықтама ала алады. Сондай-ақ, «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» арқылы баж алымдарын, салық немесе айыппұл төлеуге болады.

Электрондық сандық қолтаңба алған әрбір азаматқа өзінің тұрғылықты мекен-жайынан шықпастан жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін алуларына мүмкіншілік береді. 

Аудан тұрғындары электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін, оқып-үйренуіне толық мүмкіншілік жасалып отырғанын түсіндіре отырып, ХҚКО-да орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алуды оқып-үйренуге шақырамыз.

 

Мобильді үкіметтің тиімділігі

«Мобильді үкіметті» құру барысында электрондық сандық қолтаңбасыз ақ алуға болатын электрондық қызметтерді бір реттік құпия сөзді қолдану арқылы хабарламалық және алдын ала ескерту сипатында алу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл дегеніміз, болашақта мобильдік үкіметтің мүмкіндіктері аясында қағаз анықтамалар мен құжаттардан бас тартатын боламыз. «Мобильдік қолтаңба» электрондық қызметтер мен сервистерді ұялы телефонның кез-келген моделі арқылы алуға мүмкіндік береді. Мобильдік үкіметтің жұмысы жайлы туындаған сұрақтарыңыз болса ХҚКО қызметкерлерінен толық мәлімет алуларыңызға болады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамыздың міндетіміз»

Мемлекетімізде өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің негізгі құндылығы - Тәуелсіздікке қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жеқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс деген.

Қоғамда мемлекеттік қызыметкерлер өздерінің барлық күш жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын қызметіне жұмсайды, өзінің туған жеріне, халқына мінсіз қызмет етеді деп айқын көрсетілген.

Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті және де өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін      қызмет нәтижелерін беру және құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 37 (отыз жеті) жұмыс күні көрсетеді;

ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
порталға жүгінгенде – 33 (отыз үш) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы қаулы (бұдан әрі – шешім).

Шешім беру туралы қаулыны алуға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Халыққа қызмет көрсету орталығының Қармақшы аудандық бөлімінде «НҰРОТАН» Партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар өткізілді.

Сенім телефоны

       Құрметті тұтынушы азаматтар, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында 2-11-62 нөмірлі СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ жұмыс істейді.

       Арыз - шағым, ұсыныстарыңыз немесе бөлім қызметкерлері  тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне апаратын көріністерге куә болсаңыз қоңырау шалуларыңызға болатынын хабарлаймыз. 

Электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алудың тиімділігін насихаттау жұмыстары жүргізілді

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Қармақшы аудандық бөлімінің қызметкерлері кент орталығындағы «КМФ» шағын несиелеу ұйымында және темір жол вокзалында тұрғындарға Электронды үкімет порталын пайдалануы мен тиімділігін насихаттау жұмыстарын жүргізді.

 

«Баланы балабақшаға кезекке қою» қызметін алу жолы туралы түсіндірме

Мемлекеттік бала-бақшаға  сәбиіңіздің туу туралы куәлігін рәсімдеген сәттен бастап кезекке қоя аласыз. Кезек келгенде білім басқармасының қызметкерлері өтініш берушіге балабақшадағы кезегінің келгендігі туралы хабарлайды. Егер ата-аналар қандай да бір себеппен баласын балабақшаға беруден бас тартса, кезек одан кейінгі балаға ауысады.
Баланы балабақшаға кезекке қою интернет арқылы еgov.kz порталынан жүзеге асырылады.
2010 жылы туған балалар үшін кезекті қарау мүмкіндігі туған күні, тегі және аты бойынша және 2011 жылдан бері қарай туған балалар үшін ЖСН бойынша да, туған күні және тегі аты бойынша да жүзеге асырылады. Үйлеріңізде интернет жүйесі болса балабақшаға онлайн тәсілі арқылы кезекке қою үйден шықпай-ақ жүзеге асырылады. Еgov.kz порталынан қызмет алу бойынша туындаған сұрақтарыңыз болса ХҚКО бөлімінің қызметкерлерінен кеңес алуларыңызға немесе ХҚКО-да орналасқан «Электрондық үкімет бұрышы» немесе «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» арқылы үйренулеріңізге болады.
Бірінші кезекті орынды алу құқығына ие бола алатындар:
1. Мүгедектердің  балалары                               
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
3. Жетім балалар
4. Көпбалалы отбасының балалары
5. Жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың балалары.

«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызметін алсаңыз

Аталған мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің  «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ХҚКО-ға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні, ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін мемлекеттік қызметті көрсету құны 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың төмендегі тізбесін ұсынады.
1) белгіленген нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға өтініш;
2) таңдау актісі немесе жер учаскесін орналастыру схемасы;
3) жеке басын куәландыратын құжат;
4) жер учаскесінің кадастрлық құнын айқындау үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде - жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісі беріледі. 

«Сот кабинеті» сервисі халыққа қолжетімді

«Сот кабинеті» электрондық сервисі сот жүйесінің айқындылығын және тұтынушыларға қол жетімділігін арттыру мақсатында іске қосылған. «Сот кабинеті» сервисі арқылы өтініш беруге, шағым жасауға және қолдау хатты электронды түрде дайындауға және де мемлекеттік бажды онлайн-төлем арқылы шығаруға мүмкіндік жасайды.
Тұтынушы азаматтар «ХҚКО» бөлімдерінде орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан» аталған қызметтерді ала алады. ХҚКО-ның қызметкерлері халыққа тиісті дәрежеде кеңес беріп, көмек көрсетуге әрқашанда әзір.

Мемлекеттік тіл - ел тұтастығының негізі

Тіл - адамдарды танып-білудің құралы. Тіл - тұрмыстық қажеттілікті жеткізудің құралы. Ең маңыздысы тіл - әр ұлттың белгісі, мақтанышы, әр елдің айнымас айбары мен айғағы болуы тиіс. Айтқандай-ақ, еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілін өзіміз болып дәріптемесек, өзіміз болып құрметтемесек қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр тұманға айналуы әбден мүмкін. Біз, қай заманда да қай қоғамда да өзге елді сыйлау қанымызға сіңген, ата-бабамыздан дәстүр болып ұрпақтан - ұрпаққа жеткен халықпыз. Сондықтан да мемлекетімізде тілдік қарым-қатынастар еркін де қалыпты дамып келе жатыр. Сонымен қатар, біздің елімізде тілдік қатынасқа еркіндік берілген. Қазақстанда қаншама ұлт өкілі тұрса да олардың бірде-бірі өз ана тілдерін ұмытпаған. Демек, Қазақстанда тілдік қатынастардың дамуы заңмен қорғалып, нық жолға қойылған. Дегенмен, өзге тілді құрметтей отырып, өз тіліміздің болашағы үшін күресе білейік. Тіл - ұлттың тағдыры, ұлт- біртұтас елдің тағдыры екенін естен шығармайық.

Электрондық үкімет порталының тиімділігі жайлы пиар-акция өткізілді

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Қармақшы аудандық бөлімінің қызметкерлері Ж.Мырзагелдиев пен А.Ералиев кент орталығындағы «ҚазПошта» АҚ мен Кәсіптік техникалық колледжінде болып, мекеме қызметкерлері мен тұрғындарға Электронды үкімет порталын пайдалануы мен тиімділігін насихаттау жұмыстарын жүргізді.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істеуде

Тұтынушыларға тиімді болу үшін ХҚКО-да «Connection Point» алаңдары яғни, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс жасауда. Соның бірі «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімінде де тиімді жұмыс жасап, көпшіліктің көңілінен шығуда.
Кез келген тұтынушы осы бұрыш арқылы компьютерлік сауаттылыққа және ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтерді өздігімен алу мүмкіндігін пайдалануға оқытылады. «Connection Point» алаңдары «Электрондық үкімет порталы» жөнінде мәлімет беретін жаднамалармен қамтамасыз етілген.

Электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алудың тиімділігін насихаттау жұмыстары жүргізілді

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Қармақшы аудандық бөлімінің қызметкерлері Ж.Мырзагелдиев пен А.Ералиев Жосалы кентіндегі темір жол вокзалында болып, мекеме қызметкерлері мен тұрғындарға Электронды үкімет порталын пайдалануы мен тиімділігін насихаттау жұмыстарын жүргізді.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы Неке қиюды тіркеуге өтініш беруге болады

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Электрондық үкімет» порталы арқылы некеге тұру туралы өтініш берудің жаңа электрондық қызметі енгізілді. Неке қиюды тіркеуге берілген өтініш www.egov.kz  электрондық үкімет порталында толтырылады. Некеге тұру туралы өтініш берудің электрондық қызметі бірінші рет некеге тұрушы және электронды-сандық қолтаңба арқылы Интернетке қол жетімділігін айта отырып, үй-жайынан немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ, некеге тұру туралы электронды өтінішті бере алады.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Халыққа қызмет көрсету орталығының Қармақшы аудандық бөлімінде «НҰРОТАН» Партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар өткізілді.

Үй-жайларыңызды бұзып, қайта салуға шешім алу

Аталған қызметтi алу үшін белгіленген нысан бойынша өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, объектінің меншік иесінің белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;
егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен көршілес басқа үй-жайлар меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
егер үй-жайларды жоспарланған қайта жоспарлау, қайта жабдықтау немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру бір қабат жоғары (төмен) орналасқан өзгертілетін үй-жайлармен көршілес басқа үй-жайлар адамның өмір сүру және тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету көзі болып табылатын халықтың тіршілік етуінің санитарлық-гигиеналық жағдайларын төмендететін болса, меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер қоса беріледі.
Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетiледi. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі арызы түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - қоғам талабы

Бүгінгі таңда мемлекетіміз сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуде. Еліміздің түрлі органдары мен билік партиясы «Нұр-Отан» партиясы бас болып қоғамдық қабылдаулар жасап жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарын қарауда. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғамдық сипат алғанының бір дәлелі. Сондай шаралар ХҚКО-ның Қармақшы аудандық бөлімінде де жүргізіліп келеді. Тұрақты жүргізілген құқықтық насихат жұмыстары қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне деген теріс көзқарастарын тудырып, құқықтық білімі мен мәдениетін жоғарлатуына мол әсерін тигізеді деп ойлаймын.
Сондықтан да, барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Қауіпсіздік шаралары басты назарда

Қауіпсіздік шараларын сақтау басты назарда. Өйткені, кешіксең кешірмейтін терроризм, өрт, су тасқыны секілді тосын оқиғалар болып қалуы әбден мүмкін. Бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін апат.
        Осыған орай, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімі тарапынан «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою» мәселелері, «Өрт қауіпсіздігін сақтау» бойынша жоспарлы іс-шараларды игеруге жұмыс жасалуда. Яғни, бөлім қызметкерлеріне жұмыс орындарында қауіпсіздік шараларын қолдану, өрт туындаған жағдайдағы өртті сөндіру ережесімен таныстыру, террористік іс-әрекеттердің көріністері байқалған жағдайда оның алдын алу және оны жоюдың алғы шарттары бойынша дәрістер оқылып, аудандық құқық қорғау және төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен бірлескен семинарлар мен оқыту-үйрету сабақтары тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Электрондық портал арқылы қайталама жүргізуші куәлігін алу

Электрондық үкімет порталы /ЭҮП/ - мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын ресурс яғни, мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе.
Соның ішінде, ХҚКО-да тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында онлайн режимінде қайталама жүргізуші куәлігін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осыған байланысты аудан тұрғындары аптаның әр күні ХҚКО-да орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышына келіп, қайталама жүргізуші куәлігін алуға Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш берулеріне болады.
Аталған қызметті алу үшін, «Электрондық үкімет порталына» кіріп «Көлік және коммуникация» саласының ішінен «жүргізуші куәлігін алу» қызметін таңдай отырып онлайн қызметіне тапсырыс жасай аламыз. Одан кейін төмендегіше сұратуларын орындаймыз;
          1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
          2. Өтінімді толтыру және электрондық сандық қолтаңбамен қол қою. Өтінімге фотосуретті қоса тіркеу.
          3. Қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж алымды төлеу.
          Мемлекеттік баж 1,25 АЕК-ті құрайды.
          Мемлекеттік қызметтің орындалуы жайлы хабарламаны 2 сағат ішінде ала аласыз.

«Электрондық Үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызмет алу

«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын жалпы мемлекеттік жүйе. egov -порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің кез келген нүктесінен өтініш беріп, өзіне керекті анықтама ала алады. Сондай-ақ, «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» арқылы баж алымдарын, салық немесе айыппұл төлеуге болады.

Электрондық сандық қолтаңба алған әрбір азаматқа өзінің тұрғылықты мекен-жайынан шықпастан жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін алуларына мүмкіншілік береді. 

Аудан тұрғындары электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін, оқып-үйренуіне толық мүмкіншілік жасалып отырғанын түсіндіре отырып, ХҚКО-да орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алуды оқып-үйренуге шақырамыз.

Мемлекеттік электрондық қызметтерді электрондық сандық қолтаңба арқылы алыңыз

       «Электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламасын іске асыру аясында электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алуға азаматтардың құқықтарын іске асыру үшін электрондық сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) пайдаланумен осы операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін механизм құрылды. Бүгінгі күні қолданыстағы барлық электрондық қызметтер, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қабылдау «электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz ) арқылы жүргізілуде.
       Мемлекеттік қызметтер әрбір азаматқа қол жетімді болуы үшін ХҚКО-ның бөлімдерінде «Электрондық Үкімет бұрышы» жасақталып, азаматтарға электрондық үкімет порталынан ЭСҚ арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін, оқып-үйренуіне толық мүмкіншілік жасалынуда.
       ЭСҚ алу және оны пайдалану бойынша барлық туындаған мәселелермен «ХҚКО» бөлімдеріне хабарласып, толық ақпарат алуларыңызға болады.
       «ХҚКО» Қармақшы аудандық бөлімінде 8/724-37/ 2-12-10 нөмірлі анықтамалық телефоны жұмыс жасайды.

«Электрондық Үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызмет алу

«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын жалпы мемлекеттік жүйе. egov -порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің кез келген нүктесінен өтініш беріп, өзіне керекті анықтама ала алады. Сондай-ақ, «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» арқылы баж алымдарын, салық немесе айыппұл төлеуге болады.

Электрондық сандық қолтаңба алған әрбір азаматқа өзінің тұрғылықты мекен-жайынан шықпастан жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін алуларына мүмкіншілік береді. 

Аудан тұрғындары электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін, оқып-үйренуіне толық мүмкіншілік жасалып отырғанын түсіндіре отырып, ХҚКО-да орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алуды оқып-үйренуге шақырамыз.

«Онлайн режимінде» орталық мемлекеттік органдардың басшыларына қабылдау жүргізу

Электрондық үкімет порталы /ЭҮП/ - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жүйе.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ХҚКО-да онлайн режимінде орталық мемлекеттік органдардың басшыларына азаматтарды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осыған байланысты аудан тұрғындары аптаның әр күні ХҚКО-да орналасқан «Өзіне-өзі кызмет көрсету» бұрышына келіп, «ХҚКО» облыстық филиалының директорына және мемлекеттік органдардың басшыларының қабылдауына тіркеліп, сұрақтарына жауап алуларына болады.
ХҚКО-да орталық мемлекеттік органдардың басшыларына онлайн-қабылдауға жазылудың шарттары;
Қызмет алу тәртібі:
ЭҮП-та авторлану;
ЭСҚ-мен қол қою;
Жауап күту;
Белгілеу туралы хабарлама алу;
Қабылдау күні Мемлекеттік  органға қабылдауына келу
Мемлекеттік органға қабылдауға келу кезіндегі қажетті құжаттар
1. Жеке куәлігі.
Алдын ала қойылатын талаптар
1) ЭСҚ-ның болуы
2) порталда тіркелу
ХҚКО орталықтарында «Өзіне-өзі кызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылып, жүйелі түрде жұмыс жасауда. «Электрондық Үкімет порталы» арқылы қызмет түрлерін алу жайлы  сұрақтарыңыз болса 2-12-10 нөмірлі анықтамалық телефонынан нақты жауап ала аласыздар.

Әр азамат өзіне қажетті анықтаманы өзі алуына мүмкіндік бар

«ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімінде тұтынушы азаматтарға арналып, «Электрондық үкімет порталына» кіруге мүмкіндік беретін интернетпен қамтамасыз етілген және барлық қажетті орг.техникамен жабдықталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» жұмыс жасауда.  
Сектордың ашылу мақсаты - тұтынушыларға мемлекеттік электрондық қызметті, кезек күтпестен, электрондық үкімет порталы арқылы өзіне жасап алуға мүмкіндік беру.
Кез келген тұтынушы ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтерді өздігімен алу мүмкіндігін пайдалана алады. Егер қандай да бір қызмет бойынша сұрақтар туындаса келушіге «Еgov» секторының кеңесшілері көмек көрсетеді және «Электрондық үкімет порталы» жөнінде мәлімет беретін жаднамалармен қамтамасыз етілген. Порталдың барлық қызметін толық құқықты қолдану үшін клиентте электрондық-сандық қолтаңба болу қажет.
Осы бұрыш арқылы тұрғындар компьютерлік сауаттылыққа оқытылады.

«Connection Point» - қызметін пайдаланыңыз.

«Халыққа қызмет көрсету орталығының» Қармақшы аудандық бөлімінде «Connection Point» немесе «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторы жұмыс жасауда. Бұл сектордың басқа қызмет көрсету аймақтарынан ерекшелегі, тұтынушы өзіне қажетті қызметті электрондық сандық қолтаңбасы арқылы Электрондық Үкімет порталына тіркеле отырып алуына мүмкіншілігі бар.

Бөлім қызметкерлері өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында тұтынушыға кеңес берумен қатар компьютерлік сауаттылыққа үйретеді.

Инновациялық әлемде халық игілігі үшін қызмет ететін әлі де тың да игі өзгерістер болары анық, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жаңа бағыттағы жаңашыл әдістерді халық игілігі үшін жүзеге асыруға әрқашан да дайын.

Мобильді үкіметтің тиімділігі

«Мобильді үкіметті» құру барысында электрондық сандық қолтаңбасыз ақ алуға болатын электрондық қызметтерді бір реттік құпия сөзді қолдану арқылы хабарламалық және алдын ала ескерту сипатында алу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл дегеніміз, болашақта мобильдік үкіметтің мүмкіндіктері аясында қағаз анықтамалар мен құжаттардан бас тартатын боламыз. «Мобильдік қолтаңба» электрондық қызметтер мен сервистерді ұялы телефонның кез-келген моделі арқылы алуға мүмкіндік береді. Мобильдік үкіметтің жұмысы жайлы туындаған сұрақтарыңыз болса ХҚКО қызметкерлерінен толық мәлімет алуларыңызға болады.

«Электрондық Үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызмет алу

«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. egov -порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің кез келген нүктесінен өтініш беріп, өзіне керекті анықтама ала алады. Сондай-ақ, «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» арқылы баж алымдарын, салық немесе айыппұл төлеуге болады.
Бұл электрондық үкімет порталы - дегеніміз, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын жүйе.
Портал арқылы мекен-жай туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы жазба алу, баланы бала-бақшаға кезекке қою сияқты көптеген мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Жүргізушілер - жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеуіне, кәсіпкерлер - өз бизнесін тіркей немесе салық төлеуіне мүмкіндік ала алады.
Электрондық сандық қолтаңба алған әрбір азаматқа өзінің тұрғылықты мекен-жайынан шықпастан жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін алуларына мүмкіншілік береді.
Аудан тұрғындары электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін, оқып-үйренуіне толық мүмкіншілік жасалып отырғанын түсіндіре отырып, ХҚКО-да орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан» электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алуды оқып-үйренуге шақырамыз.

«Connection Point» - қызметін пайдаланыңыз.

Бүгінгі таңда «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Қармақшы аудандық бөлімінде «Connection Point» немесе «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторы жұмыс жасауда. Бұл сектордың басқа қызмет көрсету аймақтарынан ерекшелегі, тұтынушы өзіне қажетті қызметті электрондық сандық қолтаңбасы арқылы Электрондық Үкімет порталына тіркеле отырып алуына мүмкіншілігі бар.
Бөлім қызметкерлері өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында тұтынушыға кеңес берумен қатар компьютерлік сауаттылыққа үйретеді.
Техника ғасырында, инновациялық әлемде халық игілігі үшін қызмет ететін әлі де тың да игі өзгерістер болары анық, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жаңа бағыттағы жаңашыл әдістерді халық игілігі үшін жүзеге асыруға әрқашан да дайын.

1414 Бірыңғай байланыс орталығының қызметін пайдаланыңыздар

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға барынша жағдай жасау мақсатында мемлекетіміздің тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылып, осыған сәйкес біршама жұмыстар жасалуда. Соның бірі халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі-Орталық) тарапынан І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сонымен қатар соғыс және еңбек ардагерлерінің, қарт кісілердің тұрғылықты мекен жайларына барып мемлекеттік қызмет көрсету үшін оңтайлы топ ұйымдастырылған. Бұл оңтайлы топты шақыртып, мемлекеттік қызметті алу үшін «1414-Бірыңғай байланыс орталығы» арқылы өтініш берсеңіз, Орталықтың арнайы қызметкерлері үйлеріңізге барып құжаттарыңызды қабылдайды.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу шаралары

Халыққа қызмет көрсету орталығында «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Раеваның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Онда «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы тарапынан қоғамдық дертпен күресу барысында жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті.

Қармақшы ауданында алланың жердегі үйі есігін айқара ашты

Бүгін Қармақшы ауданы Жосалы кентінде тағы бір Алланың жердегі үйі есігін айқара ашты.
Мешіттің ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров, баба ұрпақтары және аудан тұрғындары қатысты. 
Ашылу салтанаты барысында аудан басшысы Сұлтан Мақашов: Болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық. Бұл – бізге Исламның нұсқаған жолы, еліміздің даму бағдары да осы.Біз – бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз, атамекеніміз біреу, ол – қасиетті Қазақ даласы.
«Мешіт-жамағатымен көрікті» демекші,«Қармақшы ата» атындағы мешіт имандылықтың ізгі жолын ту етер жамағаттан арылмасын. Әрқашанда еліміз аман, жұртымыз тыныш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан тәуелсіз еліміз үлкен жетістіктерге жете берсін! - деп, құттықтап баба ұрпақтарына ризашылығын білдіріп, мешіт құрылысына ат салысқандарға алғыс білдірді. "Қармақшы ата" мешітін баба ұрпақтары қаржы салып, 250 адамға арналған мешіт құрылысы ағымдағы жылдың маусым айында басталған болатын. 
Мешітке имам болып аудандық "Марал ишан" мешітінде ұстаздық қызмет еткен Абай Тортулов тағайындалды.

«100 қадам» - бұл нақты әрі мықты реформа

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған Ұлт жоспары - елдің 5 институционалды реформаларын орындауға бағытталған 100 нақты қадам бағдарламасы жайында БАҚ беттерінен оқып, егжей-тегжейлі таныстым. Ол жалпы айтқанда Үкіметтің жұмысын оңтайландыруға және алда тұрған мәселелерді кешенді шешуге бағытталған. Онда мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру және Үкіметтің ашықтығы күшейтілмек, бұл өз кезегінде үкіметтің азаматтармен тығыз қарым-қатынаста болуына жол аша түседі.
«Бұл шынында мықты әрі нақты реформа.

Көк ту астындағы егеменді Қазақстан

Өткенге көз салмай бүгін мен ертеңді саралау қателікке ұрындыратынын талайлар айтып кеткен. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек ханнан бастау алады. Одан кейін де ұлты үшін ұрандап аттан түспеген талай хан, ақын-жыраулар өз заманының зиялылары болды. Олардың айтқан даналықтары, жасаған іс-әрекеттері, ерліктері ел аузында сақталып үлгі болып келеді. ХХ ғасырдағы алашордалық азаматтардың алар орны бөлек. Олар ұлттың ұлт болып қалыптасуы барысында өздерінен бұрын өмір сүріп кеткен хан, билердің жолын берік ұстанды. Қазіргі ұрпақ та Президент айтқан интеллигентті қалыптастыру үшін осыдан 6-7 ғасыр бұрын өмір сүріп кеткен ата-бабасын да, бір ғасыр бұрын ұлт үшін күрескен арыстарын да үлгі етуі міндет.

Мобильдік үкімет дегеніміз не?

Мобильдік үкімет - бұл жасына, әлеуметтік мәртебесіне, білімділігіне және тұрғылықты орнына қарамастан халықтың басым бөлігімен өзара байланыс үшін ең қолайлы жол, себебі ол жаппай қол жетімді.
Мобильдік үкіметті пайдалану мүмкіндіктері және тиімділігі
Мобильдік үкімет мүмкіндіктердің кең спектірін ұсынады. «Мобильдік үкіметтен» көрсетілетін қызметті смартфондардан (планшеттерден), сондай-ақ әдеттегі телефондардан 414 қысқа нөміріне смс хабарлама жіберу арқылы  алуға болады. «Мобильдік үкіметтің» пайдаланушысы бола отырып, сіз мынадай мүмкіндіктерге ие боласыз:
1. өз ұялы  телефоныңызға хабарламалар алу, мысалы: ЭҮП және ХҚКО құжаттардың дайындығы туралы, балабақшаға кезектің өзгеруі туралы;
2. мобильдік қолтаңба арқылы қол қоя отырып, мемлекеттік қызметтерді ала алады;

Электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қажеттілігі және тиімділігі

ЭЦҚ деген не?
Жаңа терминдер мен ұғымдар біздің өмірімізге ақпараттық технологиялардың арқасында енуде, жаңа инфрақұрылымдарда негізгі терминдердің бірі - электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) термині болды. Электрондық цифрлық қолтаңба қағазсыз құжат айналымда дәстүрлі мөрді және қол қоюды ауыстыруға рұқсат етеді.  Құжаттардың заңды маңыздылығын сәйкестендіру және растау үшін құрал есебінде қалыптасуда.   
ЭЦҚ - бұл электрондық құжаттың деректемесі, жасанды көшірмеден осы электрондық құжатты қорғау үшін арналған. Сондай-ақ электрондық құжатта ақпараттың бұрмалануына жол берілмейді. ЭЦҚ-ны басқа тұлғалардан құпияда сақтау қажет. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталынан үйде отырып ақ немесе кез-келген интернет нүктесі бар орындардан ЭЦҚ арқылы тез әрі тиімді алуға мүмкіндік тууда.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу шаралары

Халыққа қызмет көрсету орталығында «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Раеваның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Онда «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы тарапынан қоғамдық дертпен күресу барысында жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті.

Мобильді үкіметтің тиімділігі туралы өткізілген пиар-акция

Жуырда ХҚКО қызметкерлері С.Маденов, А.Ералиевтер аулалық аралау негізінде кент орталығындағы «КМФ» шағын несиелеу ұйымы қызметкерлері арасында кездесу ұйымдастырып, «Мобильді үкіметтің» мүмкіндігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, пиар акция өткізді

Аудан жастарының назарына

«Даму» Қоры мен «Болашақ» ассоциациясымен бірлесіп, еліміздің 18 – 29 жас аралығындағы жастар арасында «Стартап болашақ» байқауы жүзеге асырылуда. Стартап жобалары байқауы «Болашақ» қауымдастығының 3 грантын қарастырады.Бірінші орынға – 7 млн.теңге, екінші орынға – 5 млн.теңге және үшінші орынға – 3 млн.теңге, сонымен қатар «BI Group» холдингінің 10 млн.теңге гранттар берілуі қарастырылған.Тағыда айта кететін жағдай қызықты идеялардың авторлары «Даму» Қорының құралдарын пайдаланып, төмен пайызбен несие алып, «Байтерек» холдингінің қолдауы мен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің инновациялық гранттарын ала алады. Байқаудың ережесіне сәйкес жасы 18 – 29 жасқа дейінгі жас бастаушы және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер қатыса алады және жобасы ауданда жоқ инновациялық идея болуы тиіс. Байқауға қатысуға өтініштер ағымдағы жылдың 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Конкурсқа қатысуға қосымша ақпаратты және өтініш формасын, «Даму» кәсіпкерлік дамыту қоры АҚ-ның Қызылорда облыс бойынша аймақтық филиалынан немесе аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне келіп толық ақпарат ала аласыздар. Байланыс телефоны: 2-26-19, 2-31-08. 

«Электрондық Үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызмет алу

«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. egov -порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің кез келген нүктесінен өтініш беріп, өзіне керекті анықтама ала алады. Сондай-ақ, «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» арқылы баж алымдарын, салық немесе айыппұл төлеуге болады.
Бұл электрондық үкімет порталы - дегеніміз, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын жүйе.
Портал арқылы мекен-жай туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы жазба алу, баланы бала-бақшаға кезекке қою сияқты көптеген мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Жүргізушілер - жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеуіне, кәсіпкерлер - өз бизнесін тіркей немесе салық төлеуіне мүмкіндік ала алады.
Электрондық сандық қолтаңба алған әрбір азаматқа өзінің тұрғылықты мекен-жайынан шықпастан жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін алуларына мүмкіншілік береді.  
Аудан тұрғындары электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін, оқып-үйренуіне толық мүмкіншілік жасалып отырғанын түсіндіре отырып, ХҚКО-да орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан» электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алуды оқып-үйренуге шақырамыз.

Халыққа қызмет – басты міндет

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағ­­­­дар­ламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі–қызмет беруші) ар­қылы халыққа мемлекеттік қызметтің 26 түрі көрсетілетін болса, оның ішінде аз қам­та­масыз еті­летін отбасыларға (азаматтарға) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» және «Тұрғын үй көмегін та­ғайын­дау» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек та­ғайын­дауда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген мем­лекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бас­­шылыққа алынады. Өтініштерді қабылдау қызмет беруші, Халыққа қызмет көрсету ор­та­лығы (бұдан әрі–ХҚО) және тұрғылықты жері бойынша қызмет беруші болмаған жағдайда кент, ауыл­дық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) төмендегі құжаттарды, бел­гіленген нысандағы өтініш, көрсетілетін қыз­метті алушының жеке басын куәландыратын құжат, белгіленген нысандағы отбасы құрамы туралы мәліметтер, белгіленген нысандағы өті­ніш берушінің және отбасы мүшелерінің та­быс­тары туралы мәліметтер, белгіленген ны­сан­дағы жеке қосалқы шаруашылықтың бол­уы туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойын­ша тіркелгенін растайтын құжат (мекен­жай анық­тамасы немесе ауылдық округ әкі­мі­нің анықтамасы) және жұмыспен қамтуға жәр­дем­десу­дің белсенді шараларына қатысқан жағ­дайда әлеу­меттік келісімшартты ұсынады.
Қызмет алушы қажетті құжаттарды толық тапсырған кезде қызмет беруші немесе кент, ауыл­дық округ әкімі қызмет алушыға өтініштің тір­келген және қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөні көрсетілген үз­белі талон, ал ХҚО-да өтініштің қабылданған күні, қызмет түрі, құжаттардың саны мен атауы, хабар­ла­маның берілетін күні, өтінішті қабыл­да­ған қызметкердің аты-жөні және қызмет алу­шы­ның аты-жөні мен байланыс телефондары көр­се­тілген қолхат берілуі тиіс.
Мемлекеттік қызмет өтінішті қызмет беру­шіге немесе ХҚО-ға тапсырған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, ал кент, ауылдық округ әкі­міне тапсырған кезде-жиырма екі жұмыс күні ішінде көрсетіліп, нәтижесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама қағаз түрінде ұсынылады.
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда Қазақстан Респуб­ли­­касы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ми­нистрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұй­рығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты басшылыққа алынады.
Өтініштерді қабылдау қызмет беруші, Ха­лыққа қызмет көрсету орталығы  және тұр­ғы­лық­ты жері бойынша қызмет беруші болмаған жағдайда-кент, ауылдық округ әкімі арқылы жүз­еге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) төмендегі құ­жат­тарды, яғни белгіленген нысандағы өтініш, көр­сетілетін қызметті алушының жеке басын куә­ландыратын құ­жат (Қазақстан Республикасы аза­ма­ты­ның жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Респуб­ликасында тұруға ықтиярхаты) (сәй­кес­­тендіру үшін), сондай-ақ оралмандар үшін-оралман куәлігі, баланың тууы туралы куәлігі не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік, белгіленген нысандағы отбасы құрамы туралы мәліметтер, отбасы мү­шелерінің табыстары туралы мәліметтер, оның ішінде белгіленген нысандағы өтініш беру­ші­нің отбасы мүшелерінің табыстары туралы және жеке қосалқы шаруашылықтың болуы ту­ралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойын­ша тіркелгенін растайтын құжат пен балаға қор­ған­шы­лық (қамқоршылық) белгілеуді немесе асырап алу­ды растайтын құжаттарды ұсынады.
Қызмет алушы қажетті құжаттарды толық тапсырған кезде қызмет беруші немесе кент, ауылдық округ әкімі қызмет алушыға өтініштің тіркелген және қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөні көрсетілген үзбелі талон, ал ХҚО-да өтініштің қабылданған күні, қызмет түрі, құжаттардың саны мен атауы, хабар­ла­маның берілетін күні, өтінішті қабыл­даған қызметкердің аты-жөні және қызмет алушының аты-жөні мен байланыс телефондары көрсетілген қол­хат берілуі тиіс.
Мемлекеттік қызмет өтінішті қызмет беру­ші­ге немесе ХҚО-ға тапсырған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, ал кент, ауылдық округ әкі­міне тапсырған кезде жиырма екі жұмыс күні ішінде көрсетіліп, нәтижесі он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы та­ға­йындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама қағаз түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден, балалар то­лық мемлекеттік қамсыздандыруда болған кезде, ата-аналар ата-аналық құқықтарынан айырылған не­месе шектелген жағдайда, от­ба­сының жан басына шаққандағы орташа та­­быс азық-түлік себеті құнынан асып кеткен жағдайда бас тартылады.
Сонымен қатар, тұрғын үй көмегін та­ғайындауда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көр­сетілетін қызмет стандарты басшылыққа алы­нып, өтініштерді қабылдау ХҚО және www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) төмендегі құжаттарды, яғни белгіленген нысандағы өтініш, көрсетілетін қыз­мет­ті алушының жеке басын куәландыратын құжат, отбасының табысын растайтын құ­жат­тар, тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жар­наның мөлшері туралы және  ком­муналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттарды, теле­ком­муникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі мен жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы ор­ган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақы­сының мөлшері туралы шот ұсынады.
Қызмет алушы қажетті құжаттарды толық тапсырған кезде ХҚО өтініштің қабылданған күні, қызмет түрі, құжаттардың саны мен атауы, хабарламаның берілетін күні, өтінішті қабылдаған қызметкердің аты-жөні және қызмет алушының аты-жөні мен байланыс телефондары көрсетілген қолхат беруі тиіс. Мемлекеттік қызмет өтінішті ХҚО-ға тап­сыр­ған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде көр­сетіліп, нәтижесі тұрғын үй кө­мегін та­ғайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама түрінде ұсынылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нә­ти­жесі көрсетілетін қызметті берушінің уә­кі­л­етті адамының электрондық цифрлық қол­таңбасы қойылған электрондық құжат ны­са­нын­да көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.


 

Мал шаруашылығын дамыту – заман талабы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақ­стан халқының әлеуетін арт­тыру мақсатына арнаған дәстүрлі Жол­дау­ла­рында және ағымдағы жылдың мамыр айында жа­риялаған бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қа­дамды» іске асыру жөнін­дегі тапсырмасында мал шаруа­шы­­­лығын дамытуға басым бағыт берілген.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкім­дігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №780 қаулысымен бекітілген Қызылорда облысы әкі­мінің  2015 жылға ар­нал­ған іс-қимыл жос­парында мал шаруашылығын да­мыту, ауыл­шаруа­шылығы сала­сында негізгі басымдық болып ай­қындалды.
Ауданда мал басын өсіру, оның өнімін өн­діру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. 2015 жылғы 1 шілдедегі жедел статистикалық мәліметтерге сәйкес мүйізді ірі қара 27015 бас, қой 38721 бас, ешкі 31354 бас, жылқы 5486 бас, түйе 2608 бас, үй құстары 18236-ға жеткен. 2014 жылғы осы кезеңмен салыстырар болсақ, мүйізді ірі қара 1,3 пайыз, қой 2,1 пайыз, ешкі 0,8 пайыз, жылқы 5,8 пайыз, түйе 0,3 пайызға  өсім берсе, үй құстары 1,0 пайызға кеміген.        
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде 2015 жылдың 6 айында 1428,4 тонна мал тірілей салмақта союға өткізілсе, 2551,2 тонна сиыр сүті өн­дірілсе, 218,0 мың дана жұ­мыртқа алынып, өт­кен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда ет 101,9 пайызға, сүт 103,0 пайызға алынған, жұмыртқа  81,2 пайызға орын­дал­ған.
Мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құ­лан» бағдарламалары бойынша елді мекен­дердегі, аудан орталығындағы тұрғындарға ма­­ман­­дардан жұмыс топтары құ­ры­лып, түсіндіру жұ­мыстары жүр­гізіліп келеді. Нәтижесінде 2011 жылы құны 10,5 млн. теңге тұратын 2 жоба, 2012 жылы құны  16,5 млн. теңге болатын 2 жоба,  сонымен қатар 2013 жылы 6 жоба, құны 39,6 млн. теңге,  ал өткен  жылы 5 жоба, құны  40,5 млн. теңге несие алынып, мүйізді ірі қара мал тұ­қымы тұқымдық түрлендіруге қа­тыс­­тырылуда.
Сонымен бірге, үстіміздегі жылы «Сыбаға» бағдарламасымен құны 15,0 млн. теңге болатын 2 жоба және 2014 жылғы өткізілген  2 жобаның қалдық бөлігі 7,5 млн. теңге игерілсе, мемлекеттік «Құ­лан» бағдарламасы бойынша 3 жоба енгізіліп, 2 жоба  бойынша 15,5 млн. теңге игерілді, 1 жоба қаралу үстінде. Ауданда жылма-жыл мал шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып отырған кәсіпкерлер саны көбейіп, олар салаға берілетін қаржылай қолдауларды кеңінен пай­­­да­лануда. Мал шаруашылығы саласына 2012 жылы 4630,0 мың теңге, 2013 жылы 12330,5 мың теңге, 2014 жылы  21946,2 мың теңге мем­лекеттен субсидия төленсе, 2014 жылы қаржылай қолдау сомасы 2012 жылдан 4,7 есе, 2013 жылдан 1,8 есеге артқан. 2015 жылдың алты айында 11 шаруашылық субъектісіне 12257,2 мың теңге субсидия төленді. Соңғы жылдары не­сие алмай-ақ, меншігінде мүйізді ірі қара малы, отар қойлары бар кәсіпкерлер асыл тұқымды бұқаларды табынға, асыл тұқымды қошқарларды отар­ға қосу арқылы тұқымдық түр­лен­­діруге қатысып, мемлекеттің қолдауларына қол жеткізіп, кәсіп­терін өркендетуде. 2015 жылға мін­дет­телген мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен 450 бас аналық алу жоспары 76 басқа, яғни 16,9 пайызға, «Құлан» бағдарламасымен 100 бас бие алу жопары 55 басқа немесе 55,0 пайызға орындалса, ал «Алтын асық» бағдарламасымен 1200 бас ана­лық қой алу жоспары әзірге орындалмауда. Осыған орай, ауданымызда  кенжелеп қалған «Ал­тын асық» бағдарламасымен несие алушы кәсіпкерлерге етті және етті майлы тауарлы қой малының санын көбейту мақсатында Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №46/48 мекен-жайда орналасқан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қы­зы­лор­да филиалында құжаттар қабыл­дана­тынын және несиелендіру мақ­саты мен оның талаптары, яғни мал жайылымдық жерінің болуы не­месе жалпы пайдаланудағы жер учаскесін бірлесіп пайдалану туралы жергілікті басқару орындарымен келісім-шарт, кепілдікке қоятын жыл­жыйтын, жылжымайтын мүлік, сонымен бірге алатын аналық қойдың жасы 12-36 ай аралығында болуы керек.
Ал, енді несие беру мөлшеріне келер болсақ, оның мөлшері 15 млн. теңге, қайтару  мерзімі 84 айға дейін. Сондай-ақ, несиенің пайыз­дық үстемесі 14%, оның 7%-мемлекеттен суб­си­дия­ланса, тө­лем жасау мерзіміне жеңілдіктер, яғни не­гізгі қарызға 24 ай, үстеме сомаға 12 ай болып бел­гіленген.
Қазақстан Республикасы Ауыл­шаруа­шылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы «Асыл тұ­қымды мал шаруашылығын да­мытуды, мал шаруашылығы өні­мінің өнімділігі мен сапасын арт­тыруды жергілікті бюджеттерден суб­сидиялау қағидаларын бекіту туралы» №3-1/600 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы әкім­ді­гінің 2015 жылғы 5 наурыздағы №864 Қаулысымен, Қар­мақшы ау­­­данына қатысты төмендегі, нақ­тырақ айт­қанда отандық асыл тұ­қымдық ірі қара мал сатып алу үшін 1 басқа 154000 теңге, тұ­қым­дық түрлендірумен қамтылған ірі қара мал аналықтың 1 басына 18000 теңге, жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға 104000 теңге, асыл тұ­қымды жылқыларды сатып алу  үшін 1 басқа 40000 теңге, сонымен бірге жылқы еті 1 келісі 92 теңге, қымыз 1 литр 60 теңге болып бел­гіленсе, асыл тұқымды түйе­лер­ді са­тып алу бойынша 1 басқа 37000 теңге, шұбат 1 литр 55 теңге, түйе еті 1 келісі 90 теңге,  Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды  сатып алу үшін 1 басқа 8000 теңге, тұ­қымдық түрлендірумен қамтылған аналық қойлардың 1 басына 1500 теңге бағыттары бойын­ша суб­си­дия­лау бекітілді.
Ауданда мал шаруашылығы саласын өр­кен­детуге байланысты мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» бағ­дар­ла­­­ма­ла­рының аясында кәсіпкерлер  мемлекет қол­­­­дауларын пайдаланып, дамыту мүмкіндігі мол. Осы орай­да «Жаңажол», «Достық жер МК», «Тұрмағамбет», «Алдашбай ахун», «Ақ­жар­Агро­Инвест», «Ақ­төбе и К» жауап­кершілігі шек­теулі серіктестіктерінің, ау­дан кәсіп­кер­лерінің және мүмкіндігі бар тұр­ғын­­дардың мал шаруашылығын да­мытуды жедел қолға алуы уақыт талабы.


«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметі

Аталған қызметті алу үшін жергілікті жердегі ЗТМО-ға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда ХҚКО-ға және www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті құжаттардың төмендегі тізбесін белгіленген нысандағы өтінішпен қоса ұсынады.
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
2) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);
3) зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;
4) белгіленген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме.
4.1) асыраушының қайтыс болғандығы туралы куәлік не адамның хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылғандығы туралы соттың шешімі;
4.2) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда белгіленгендігін растайтын құжат;
- 4, 4.1., 4.2., тармақтағы құжаттардың сәйкесінше тиістісін тапсырады.
5) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда - сенімхат ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Құжаттар топтамасын ХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде орындалады.
- Қосымша қажетті ақпаратты ХҚКО қызметкерлерінен 2-12-10 телефоны арқылы алуларыңызға болады.

Мемлекеттік тіл - ел болашағы

Әр  халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі - мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат - тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді, - деп айтылған болатын.
Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлары – мен қатар, оның мемлекеттік тілі - қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған.

Сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу баршамызға ортақ міндет

          Мемлекетіміздің негізгі тірегі Қазақстан халқының қауіпсіздігін қорғау, олардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы Заңын қабылдағаны бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда осы аталған Заң аясында  сыбайластық жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ сыбайластық іс-әрекеттері салдарынан орын алған жағдайларды қалпына келтіру немесе олардың екінші рет қайталанбауын қадағалау баршамызға ортақ міндет.
         Сыбайластықпен күресу еліміздің экономикасына да қосқан үлесіміз болып табылады. Өйткені сыбайластық іс-әрекеттермен жемқорлықтың салдарынан келген зиянкестік жағдайларды қалпына келтірудің өзіне мемлекет қалтсынан қыруар қаржы бөлінеді. Демек, әрбіріміздің аз да болса жасаған адал қадамдарымыз мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесіміз болып тбылады.
        Заң алдындағы жауапсыздық, мемлекет алдындағы міндетке деген салғырттық азаматтық арыңызға нұқсан келтіріп қана қоймай өзіңіздің өмірлік қағидаларыңызға да зиянын тигізеді, яғни бір күндік жауапсыздығыныздың қылмыстық әрекетке апарып, ол үшін заң алдында жаза тартуыңызға әкеліп соғады.
       Сондықтан өз іс-әрекетімізге есеп бере отырып, заң алдында, еңбек етіп отырған мемлекетіміздің алдындағы міндетімізді ұмытпайық.

Әр азамат өзіне қажетті анықтаманы өзі алуына мүмкіндік бар

          «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімінде тұтынушы азаматтарға арналып, «Электрондық үкімет порталына» кіруге мүмкіндік беретін интернетпен қамтамасыз етілген және барлық қажетті орг.техникамен жабдықталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» жұмыс жасауда.   
          Сектордың ашылу мақсаты - тұтынушыларға мемлекеттік электрондық қызметті, кезек күтпестен, электрондық үкімет порталы арқылы өзіне жасап алуға мүмкіндік беру.
          Кез келген тұтынушы ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтерді өздігімен алу мүмкіндігін пайдалана алады. Егер қандай да бір қызмет бойынша сұрақтар туындаса келушіге «Еgov» секторының кеңесшілері көмек көрсетеді және «Электрондық үкімет порталы» жөнінде мәлімет беретін жаднамалармен қамтамасыз етілген. Порталдың барлық қызметін толық құқықты қолдану үшін клиентте электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) болу қажет.
         Осы бұрыш арқылы тұрғындар компьютерлік сауаттылыққа оқытылады. Сектор маманының кәсіби кеңесін алған азамат алдағы уақытта үйден шықпай-ақ, өз компьютерінен мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім ресімдей алады.

Мобильді үкіметтің тиімділігі

 Қазіргі таңда «Мобильді үкіметтің» ақпараттық жүйесі «М-GOV құру» жобасы шеңберінде әзірленуде. «Мобильді үкіметті» құру барысында электрондық сандық қолтаңбасыз ақ алуға болатын электрондық қызметтерді SMS пен PUSH көмегі немесе бір реттік құпия сөзді қолдану арқылы хабарламалық және алдын ала ескерту сипатында алу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл дегеніміз, біз болашақта мобильдік үкіметтің мүмкіндіктері аясында қағаз анықтамалар мен құжаттардан бас тартатын боламыз. «Мобильдік қолтаңба» электрондық қызметтер мен сервистерді ұялы телефонның кез-келген моделі арқылы алуға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес, мобильдік үкіметтің мүмкіндіктері аясында туындаған сұрақтарыңыз болса ХҚКО қызметкерлерінен толық мәлімет алуларыңызға болады.

«Connection Point» - қызметін пайдаланыңыз.

Бүгінгі таңда «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Қармақшы аудандық бөлімінде «Connection Point» немесе «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторы жұмыс жасауда. Бұл сектордың басқа қызмет көрсету аймақтарынан ерекшелегі, тұтынушы өзіне қажетті қызметті электрондық сандық қолтаңбасы арқылы Электрондық Үкімет порталына тіркеле отырып алуына мүмкіншілігі бар.
Бөлім қызметкерлері өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында тұтынушыға кеңес берумен қатар компьютерлік сауаттылыққа үйретеді.
Техника ғасырында, инновациялық әлемде халық игілігі үшін қызмет ететін әлі де тың да игі өзгерістер болары анық, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жаңа бағыттағы жаңашыл әдістерді халық игілігі үшін жүзеге асыруға әрқашан да дайын.

Мемлекеттік қызметті «Электрондық Үкімет порталы» арқылы алу тиімді

Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Электрондық Үкімет порталы» арқылы жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері көбеюде.
       «Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. www.egov.kz веб-порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез келген нүктесінен өтініш беріп, өзіне керекті анықтама ала алады. Сондай-ақ, «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» арқылы баж алымдарын, салық немесе айыппұл төлеуге болады.
       Бұл электрондық үкімет порталы - дегеніміз, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын ресурс. eGov.kz - мейлінше аз ұсынылатын құжаттар саны, аз уақыт жұмсау және бюрократиялық кедергілерді болдырмаудың бірден-бір тиімді жүйесі.
        Портал көмегі арқылы мемлекеттік органдарға жүгінуіне байланысты күнделікті мыңдаған мәселелерді шешуге, яғни мекен-жай туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы жазба алу, коммуналдық қызметтерді төлеу, баланы бала-бақшаға кезекке қою, дәрігер қабылдауына жазылу сияқты көптеген мемлекеттік қызметтерді алуға болады. www.egov.kz арқылы некеге тұруға өтініш беруге немесе бала тууды тіркеу қызметін пайдалануға болады. Жүргізушілер - жол қауіпсіздігі ережелерін (ЖҚЕ) бұзғаны үшін айыппұл төлеуіне, кәсіпкерлер - өз бизнесін тіркей немесе салық төлеуіне мүмкіндік ала алады.
       Электрондық сандық қолтаңба алған әрбір азаматқа өзінің тұрғылықты мекен-жайынан шықпастан жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін алуларына мүмкіншілік береді.  
       Жеке және заңды тұлғаларға электрондық сандық қолтаңба алу тәртібімен және «Электрондық Үкімет» порталы арқылы жүргізілетін қызмет түрлерін алу жайлы оқыту-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Халықққа қызмет көрсету орталықтарында «Электрондық Үкімет» бұрышы ұйымдастырылып, жүйелі түрде жұмыс жасауда. Яғни, аудан тұрғындары электрондық үкімет порталымен кілт арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін, оқып-үйренуіне толық мүмкіншілік жасалып отырғанын түсіндіре отырып, аудан тұрғындарын ХҚКО-да орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан» қазіргі заманның технологиясын оқып-үйренуге шақырамыз

1414 Бірыңғай байланыс орталығының қызметін пайдаланыңыздар

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға барынша жағдай жасау мақсатында мемлекетіміздің тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылып, осыған сәйкес біршама жұмыстар жасалуда. Соның бірі халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі-Орталық) тарапынан І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сонымен қатар соғыс және еңбек ардагерлерінің, қарт кісілердің тұрғылықты мекен жайларына барып мемлекеттік қызмет көрсету үшін оңтайлы топ ұйымдастырылған. Бұл оңтайлы топты шақыртып, мемлекеттік қызметті алу үшін «1414-Бірыңғай байланыс орталығы» арқылы өтініш берсеңіз, Орталықтың арнайы қызметкерлері үйлеріңізге барып құжаттарыңызды қабылдайды

«ХҚКО-да» өткізілген іс-шаралар

«Халыққа қызмет көрсету орталығының» Қармақшы аудандық бөлімінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімді әрі сапалы болуы үшін уәкілетті орган мамандарының, «НҰР ОТАН» партиясы аудандық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының және Әділет басқармасының маманының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «ХҚКО қызметкерлерінің корпоративтік мәдениеті мен этикасының ережелері» және «Электрондық Үкімет порталы» арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтер мен «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» стандарттары бойынша дөңгелек үстел, семинарлар өткізіліп келеді.
Сонымен қатар, жаңадан ендірілген қызметтер туралы уәкілетті орган мамандарымен кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Тұтынушы азаматтардың назарына!

Құрметті тұтынушы азаматтар, Өздеріңізге қажетті мемлекеттік қызметті алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырған өтініштеріңізге орай уәкілетті органдардан дайын болып келген құжаттарыңызды /өтініш тапсыру барысында берген/ қолхатта көрсетілген мерзімге сәйкес уақытылы алуларыңызды сұраймыз.
Себебі, мемлекеттік қызметті көрсету стандартына сәйкес, орындалып келген құжат қолхатта көрсетілген алу уақытынан бастап 1 (бір) ай мерзім ішінде тұтынушыға тапсырылмаған болса, ол құжаттар жинақталып уәкілетті органға кері жолданады. Бұл жағдай өздеріңіздің алтын уақыттарыңызды зая кетіріп, құжаттарыңызды қайта даярлауға әкеліп соғады.
2-12-10 нөмірлі АНЫҚТАМАЛЫҚ ТЕЛЕФОНЫ арқылы ХҚКО-ға қатысты туындаған сұрақтарыңызға нақты жауап ала аласыздар.

Мобильді үкіметтің тиімділігі туралы өткізілетін пиар-акция

Жуырда ХҚКО қызметкерлері А.Сейтжанова, Ж. Мырзагельдиев аулалық аралау негізінде Қызылорда облысы Қармақшы аудандық Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, «Мобильді үкіметтің» мүмкінділігі жайлы түсіндерме жұмыстарын жүргізіп, пиар акция өткізді.

Сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар

Мемлекетіміздің негізгі тірегі Қазақстан халқының қауіпсіздігін қорғау, олардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы Заңын қабылдағаны бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда осы аталған Заң аясында  сыбайластық жемқорлық көріністерінің алдын алу баршамызға ортақ міндет.
Сыбайластықпен күресу еліміздің экономикасына да қосқан үлесіміз болып табылады. Демек, әрбіріміздің аз да болса жасаған адал қадамдарымыз мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесіміз болып тбылады.
Осыған орай, Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» бойынша жасалынған іс-шаралар жоспары негізінде «Нұр Отан» партиясы, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп дөңгелек үстел, семинарлар тұрақты өткізіліп келеді.
Сонымен қатар, «ХҚКО» Қармақшы аудандық бөлімінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында 2-11-62 нөмірлі СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ жұмыс істейді. Айтар ұсыныс-тілектеріңіз немесе бөлім қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне апаратын көріністеріге куә болсаңыз қоңырау шалуларыңызға болатынын хабарлаймыз

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі

     Аталған қызметті алу үшін жергілікті уәкілетті органға, ХҚКО-ға және ауылдық округ әкімі арқылы қажетті құжаттардың төмендегі тізбесін ұсынады.
     1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
     2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер;
   3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) алған табыстары туралы мәліметтер;
   4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;
    5) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі не мекенжай анықтамасы;
   6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісімшарт.
     Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
     ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
     ауылдық округтің әкіміне – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;
     Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.      
       - Қосымша қажетті ақпаратты ХҚКО қызметкерлерінен 2-12-10 телефоны арқылы алуларыңызға болады.

Хабарландыру !

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы 2016 жылдың  19 мамырында сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін Байқоңыр қаласында (орналасқан мекен-жайы:Абай даңғылы №16 үй, 2 этаж, мәжіліс залы) және сағат 15.30-дан 17.00-ге дейін Қармақшы ауданы әкімдігінің ғимаратында (орналасқан мекен-жайы: Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №2А үй) тұрғындармен жеке қабылдау өткізетіндігі хабарланады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қызметі

  Аталған қызметті алу үшін жергілікті жердегі ЗТМО-ға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда ХҚКО-ға және www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті құжаттардың төмендегі тізбесін белгіленген нысандағы өтінішпен қоса ұсынады.
      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
      2) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);
      3) зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;
      4) белгіленген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме.
      4.1) асыраушының қайтыс болғандығы туралы куәлік не адамның хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылғандығы туралы соттың шешімі;
      4.2) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда белгіленгендігін растайтын құжат;
      - 4, 4.1., 4.2., тармақтағы құжаттардың сәйкесінше тиістісін тапсырады.
     5) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда - сенімхат ұсынылады.
       Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Құжаттар топтамасын ХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде орындалады.
       - Қосымша қажетті ақпаратты ХҚКО қызметкерлерінен 2-12-10 телефоны арқылы алуларыңызға болады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына түсініктеме

Қазақстан Республикасының Жер кодексі жаңа баптармен тармақтарға  толықтырылды.

48-1 бап "Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саоттықта (аукциондарда) сатып алу ерекшеліктері"

       "Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері осы Кодексте белгіленген таәртіппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларына жеке меншік құқығымен беріледі."

            "Шетелдіктер, азаматтығы жлқ адамдар, шетелдік заңы тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар мен оралмандар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен  уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алады."

            37-баптың 5-тармағы "Ауыл шаруашылығы мақсаты үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:

            1) шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін оралмандарға жиырма бес жылға дейінгі мерзімге;

            2) тауарылы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жаоғылық каптиалындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейінгі мерзімге беріледі."

            48-1-бап. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) сатып алу ерекшеліктері.

            Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу мынадай кезектілікпен:

            1) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құқын арттыру шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы;

            2) жер учаскесін оның кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен кемінде екі ауцион өткізу қорытындылары бойынша сату мүмкін болмаған кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын төмендету шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы ерекше тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте жер учаскесін оның кадастрлық (бағалау) құнының 50 пайыз мөлшерінен төмен бағаға сатуға жол берілмейді.

            97-баптың 3-тармағы "Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілер салу кезінде (үй-жайлар, қора-қопсық) және шаруашылық жүргізу субъектінің ұйымдық-құқықтық нысанының өгерту кезінде мұндай жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді".

            171-бап. "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі осы Кодекстің 48-1 бабында қолданысқа енгізілгенге дейін шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген Қазақстан Республикасының азаматтары  мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларды жер учаскесін не оның бір бөлігін уақытша жер пайдалану (жалдау) мерзімі аяқталғанға дейін жеке меншікке оның кадастрлық (бағалау) құнының 50 пайыз мөлшерінде айқындалатын  жеңілдікті бағамен, төлеу мерзімін 10 жылға дейін ұзартып сатып алуға құқылы.

            Егер мұндай жер учаскесі олардың иелері шаруашылық серіктестіктердің жарғылық каптиалына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген жер үлестері есебінен қалыптасқан жағдайда жер учаскесін сатып алу не сатып алу құқығынан бас тарту мәселесі шаруашылық серіктестіктерге қатысушылардың және өндірістік кооперативтің мүшелерінің жалпы жиналысында шешіледі.

            Қатысушылардың (мүшелердің) жалпы жиналысы уақытша жер пайдалану (жалдау) мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 1 жыл бұрын болуға тиіс және шаруашылық серіктестіктегі қатысушылардың және өндірістік коорперативтер мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.

            Жер учаскесін жеке меншікке сатып алу бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, шаруашылық серіктестіктерге қатысушылар және өндірістік кооперативтердің мүшелері қатысушылар (мүшелері) құрамынан шығуға құқылы. Бұл ретте шаруашылық серіктестік немесе өндірістік коорператив Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесін бөліп шығаруға не оның құнын төлеуге міндетті.

            Үлес немесе пай есебіне нақтылы бөліп шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері шаруашылық серіктестіктердің өндірістік кооперативтердің құрылтай құжатында көзделген тәртіппен немесе тараптардың келісімімен айқындалады.

            Егер уақытша жер пайдаланушы жер учаскесін не оның бір бөлігін сатып алу құқығын жалдау мерзімі аяқталғанға дейін осы Кодексте көзделген тәртіппен іске асырмаса, оның жер учаскесіне не оның бір бөлігіне жер пайдалану құқығы тоқтатылады және жер учаскесі не оның бір бөлігі одан әрі сауда-саттықта (аукциондарда) сату үшін мемлекет меншігіне қайтарылады.

            Шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін төлеу мерзімін ұзартып не жеңілдікті бағамен жер учаскесін бұрын сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жер учаскесін кадастрлық (бағалау) құнының кемінде 50 пайызын төлеген кезде ол үшін қосымша төлем алмастан, осындай жер учаскесінің меншік иелері болады.

            Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен 2016 жылы 5 мамыр күнгі кеңесінде ел  басы «Жер кодексінің қоғамдық резонанс туғызған бірқатар нормаларының әрекет етуіне 2016 жылдың соңына дейін мораторий жариялап, алдымен егжей-текжейін қарап, халыққа кеңінен түсіндіруді тапсырған  болатын. 

Жүргізуші куәлігін беру қызметі 2 сағат ішінде көрсетілетін болады

Мамандандырылған ХҚКО ашылғалы бері «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметі 2 сағат ішінде көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық және қағаз түрінде жүргізіледі. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Бұл қызмет түріне күннен күнге сұраныс та артуда.
Айта кету керек, жаз маусымы кезінде жолға қатысушылар саны артады. Біреулер көлікті алғаш рет жүргізуге ниет етсе, енді біреуі мотоциклді жүргізе бастайды. Сондай-ақ автокөлікті не мотоциклді сатып алуды жоспарлап жүрген адамдар да бар және олар үшін ең бастысы авто-мотокөлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін алу болып табылады. А,В,С,Д, Е категорияларына жататын сондай-ақ трамвайды немесе троллейбусты басқару құқұғының жүргізуші куәлігін алу үшін және жол қозғалысына жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мынандай кезеңдерге бөлуге болады:
1) Жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену;
2) Емтихан тапсыру;
3) Құаттарды жинау;
4) Құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.
Теориялық Емтихан тапсырғанда жол қозғалысы ережелері мен жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты және оқу бағдарламасына қатысты көзделген басқа да пәндерден білім тексеріледі. Автоматтандырылған электрондық алаңында көлік құралын жүргізуге практикалық емтихан тапсырылады .Қазіргі уақытта жүргізуші куәлігі Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында берілетіне халық ризашылығын білдіруде. Айта кетерлігі, жергілікті тұрғындар алысқа сабылмайды. Жүргізуші куәлігіне қажет барлық медициналық анықтамаларды сол орталықтан алады. Емтиханды тиісті жерде тапсырып өткен соң, дайын куәлікті алу қиындық туғызбайды.

1414 бірыңғай байланыс орталығының қызметін пайдаланыңыздар

Мүмкіндігі шектеу тұлғаларға барынша жағдай жасау мақсатында мемлекетіміздің тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылып, осыған сәйкес біршама жұмыстар жасалуда соның бірі халыққа қызмет көрсету орталығы тарапынан I және  II топтағы мүнкіндігі шектеулі азаматтардың тұрғылықты мекен жайларына барып мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдастырылған . Бұл қызметті алу үшін    « 1414 »-бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш бересіз , Орталықтың арнайы қызметкерлері үйлеріңізге барып құжаттарыңызды қабылдап, рәсімделген құжатыңызды  тұрғылықты мекен-жайларыңызға жеткізіп беретін хабарлаймыз.

Тәулік бойы жұмыс атқаратын  « 1414 » бірынғай байланыс орталығына  ұялы немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу қазақстан бойынша тегін.

Новый ресурс

Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялауға шешім беру»

Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті алушыларға   құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап
күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі. Көрсетілетін қызметтi алушы немесе сенімхат бойынша оның өкілі қызметтi берушіге жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі: 
-нысан бойынша өтініш;

-    өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (сәйкестердіру үшін түпнұсқа ұсынылады) және керек болған кезде объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) көзделіп отырған өзгеріске және оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі; 

-     егер үй-жайлардың (тұрғын үйдің бөліктерінің) жоспарланған реконструкциясы (қайта жоспарлауы, қайта жабдықтауы) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

-     өтініш беруші меншігінің өзгертілетін үй-жайға техникалық паспорты бөлімінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

-   көзделген өзгерістер жоспарымен нобайлар (схема).
       

«Жетім балаға және ата –анасының қамқорынсыз қалған балаға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 45 қаулысына сәйкес ХҚКО арқылы пилоттық режимде 35 жаңа мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет түрлерінің бірі   Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 каулысы негізінде «Жетім балаларға және ата –анасының қамқорынсыз қалған балаларға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет берушінің кенесі,электрондық үкіметтің веб-порталы www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік қызмет түріне құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалады.  Мемлекеттік қызметті алушыға мынадай құжаттар ұсынылады өініш,Егер қорғаншы –қамқоршы ниет білдірген адам некеде тұрса,жұбайының  нотариалды расталған келісімі,жұмыс орнынан алынған мінездеме, жұбайының денсаулық жағдайы туралы медециналық қорытынды,некеге тұру туралы  куәлігі, 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда балаларының туу туралы куәліг баланың оқу орнынан анықтама,тұрғылықты жері туралы мәлімет.

Жетім ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымында тұрған жағдайда, баланың туу туралы куәлігі,медицина анықтамасы,даму тарихынан үзінді, оқу орнынан анықтама,тұрғылықты жері туралы анықтама талап етілмейді.

 

Сенім телефоны

Құрметті тұтынушы азаматтар, «Халыққа қызмет көрсету орталығы » Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында 2-11-62 нөмірлі СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ жұмыс істейді.

Арыз- шағымдарыңыз  немесе бөлім қызметкерлері  тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне апаратын көріністерге куә болсаңыз қоңырау шалуларыңызға болатынын хабарлаймыз.

Қауіпсіздік шараларын сақтау басты назарда!

Айтып келмейтін апаттың алдын  алу басты назарда Өйткені, кешіксең кешірмейтін террозим,экстремизм зілзала,өрт,су тасқын секілді тосын оқиғалар болу  қаупы әбден мүмкін.Бұл адамның өмірі мен  денсаулығына қоғам мен мемелекетке зиян тигізетін қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін апат.

Осыған орай,   « Халыққа қызмет көрсету орталығы » РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімі тарапынан «   «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету »       «Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою »мәселелері , « Өрт Қауыпсіздігін сақтау  » бойынша жоспарлы іс-шараларды игеруге жұмыс жасалуда . Яғни бөлім қызметкерлеріне жұмыс орындарында қауіпсіздік шараларын қолдану , өрт туындаған жағдайдағы өртті сөндір ережесімен таныстыру,террористік іс-әрекеттердің көріністері байқалған жағдайда оның алдын алу және оны жоюдың алғы шарттары бойынша дәрістер оқылып, аудандық құқық қорғау және төтенше жақдайлар бөлімі мамандарымен бірлескен семинарлар мен оқыту-үйрету сабақтары тұрақты түрде өткізіліп келеді.  

«Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 45 қаулысына сәйкес ХҚКО арқылы пилоттық режимде 35 жаңа мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі   ҚазақстанРеспубликасы  Үкіметінің 2014 жылғы 24ақпандағы № 146 қаулысымен  бекітілген   «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы салық басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Салық есептілігін қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады. )Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі  келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілген салық есептілігін қабылдау – оны табыс еткен сәттен бастап 10 минут ішінде;
салық есептілігін электронды түрде қабылдау – салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесі оны қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өзі келу тәртібімен:
салық есептілігі үшін – қағаз жеткізгіште;
мониторинг бойынша есептілік үшін - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;
3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етеді.

«Салық есептілігін кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 45 қаулысына сәйкес ХҚКО арқылы пилоттық режимде 35 жаңа мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі   ҚазақстанРеспубликасы  Үкіметінің 2014 жылғы 24ақпандағы № 146 қаулысымен  бекітілген   «Салық есептілігін кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік қызметті Қаржы министрлігінің Салық комитеті, салық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Салық есептілігін кері қайтарып алу – осы мемлекеттік көрсетілетін қызметі   қажетті құжаттарды табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде; Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзінің тіркеу есебінің жері бойынша мынадай құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішті;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтінішті табыс етеді.

 

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»

Қызметті алушы ЗТМО-ға, ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында  кезектегі қызмет көрсетудің  және құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің уақыты– 15 минутты қүрайды.Мемлекеттік қызмет ақысыз тегін көрсетіледі.Қызметті алу үшін төмендегідей құжаттар талап етіледі:
1.Мемлекеттік қызмет стандартының 1- қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты; оралмандар үшін – оралман куәлігі); көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы); жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар.Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, құжаттардың тұпнұсқалары өтініш иесіне  қайтарылады.
ХҚКО құжаттарды тапсырған кезде :
ХҚО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы;көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Жемқорлықтың жолын кесу парыз

Қазіргі таңда қоғамдағы кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық мәселесі. Аталған дертпен күресу арқылы жемқорлықтың жолын кесу әрбір азаматтың парызы. Бүгінгі таңда ХҚКО Қармақшы аудандық бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында жоспарлы шаралар, «дөңгелек үстелдер» күнделікті өтіп тұрады.

Қоғам үшін қауіпті дерт.

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан білеміз. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты  түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.