Бастапқы бет » Жаңалықтар

Тағайындау

18 мая 2017


Тағайындау

18 мая 2017


Алтын дән 2016

24 окт 2016


ХАБАРЛАНДЫРУ

16 мая 2016


Көшпелі көрме

18 февр 2016


Жыр керуені

14 дек 2015


Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ

28 сен 2015

Халыққа қызмет көрсету орталығының Байқоңыр қалалық бөлімінде бөлім қызметкерлерімен және Байқоңыр қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Жұбатхановтың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс

28 сен 2015

Халыққа қызмет көрсету орталығының Байқоңыр қалалық бөлім қызметкерлері мен ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің көші-қон полиция бөлімшесінің полиция аға лейтенанты А.У.Жанибекованы қатыстыра отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршаның ісі

26 сен 2015

Халыққа қызмет көрсету орталығының Байқоңыр қалалық бөлімінде бөлім қызметкерлерімен және «НұрОтан» партиясы Байқоңыр қалалық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі А.Мерековтың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршаның ісі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Жерлесіміз Сейфолла Ажымолдаев бетон бұйымдарын шығаратын құрал-жабдықтарды модернизацилау жұмыстарын жүргізіп келеді.

18 сен 2015

Қазақстан бойынша бетон бұйымдарын шығаратын 4 өңір Астана, Шымкент, Қарағанды және Қызылорда облыстары Қармақшылықтар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 7 жоба бойынша 120,4 млн.тг. несие қаражатының пайыздық үстемелерін субсидиялауға қол жеткізді. Бұл жобалар бойынша 23 адам жұмыспен қамтылып, жылдың аяғына дейін қосымша 31 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Жерлесіміз Сейфолла Ажымолдаев «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 23,0 млн.тг. несие қаражатын алып, бетон бұйымдарын шығаратын құрал-жабдықтарды заманауи құралдарға модернизацилау жұмыстарын жүргізіп келеді.


Ол еңбекпен шынығып өскен жан

17 сен 2015

Бірлігі жасарасқан көп ұлтты ауыл ІІІ Интернационал тұрғыны Гүлмира Танкенова қай жерде жұмыс істесе де қолынан тігін машинасын тастаған жоқ. Киім-кешектер, көрпе-көрпешелер мен жастық тыстар, жұмысшылардың арнайы киімдері тағы басқаларын тігу, қысқарту мен қатар ісмер қолымен тоқымалар тоқыды. Іліп тоқу арқылы сан алуан көрмелерге өз қолдымен дайындаған көрнекіліктерін балаларға әдістемелік құрал ретінде ұсынды. Оның маталардан тіккен сиыр, қой, түйе, піл, балапан секілді әдемі ойыншықтары балдырғандарға қуаныш сыйласа, көптеген көрмелердің көркін келтірді. Ұлттар достастығы өркен жайған мекенде алғашында балабақша тәрбиешісі, кейін бала күтуші, ауруханада аула сыпырушы болып жұмыс істеп, нанын адал тапты. Қазіргі таңда аудандық кірістер басқармасына дара кәсіпкер ретінде тіркеліп салығын төлеп ауыл тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етуде. - Қазір кәсіптің, еңбектің заманы емес пе. Мен де уақыт ағымымен ілесіп, кәсіп көзін ашуды мақсат еттім. Соған жұмыс жасадым. «Ақниет» әлеуметтік әріптестік бағдарламасын естіп, тиісті құжаттарымды өткіздім. Соның нәтижесінде аталған бағдарламаның жеңімпаздарының бірі болып танылып, 400 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болдым. Алда жоспарларым көп. Жұмысымды сапалы әрі жүйелі жүргізуде жеңіп алған қаражатқа әр түрлі маталар, тігін жіптер, тез тігетін тігін машинасын сатып алдым. Тігінге сұраныс мол. Болашағы бар іске отбасында жұбайым Берік пен баларым жәрдем беріп отыр, - дейді іскер әйел.


Қармақшы - жыраулар мекені

16 сен 2015

Қармақшы - жыраулар мекені. Бұл өңірден 117 жырау шыққан. Бұл 1965 жылға дейінгі дерек. Одан кейін жарты ғасыр өткенін ескерер болсақ, олардың саны 150-ге жуықтайды. Қармақшы - Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы дамыған ауданы. Қармақшылықтар жырауларымен және Байқоңыр ғарыш айлағымен мақтанады. Бүгінгде Байқоңыр ғарыш айлағының салынғанына 55 жыл толып отыр. Қармақшы туралы жыр да, аңыз да, аңызға бергісіз ақиқат та көп. «Астана» радиосының тікелей толқынындағы «Мен қазақпын!» ақпараттық-танымдық бағдарламасы «Жыраулар жүзігі - Қармақшы» - деген тақырыппен эфирге шықты. Хабарда Қызылорда облысы, Қармақшы аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы Мақашовтың және республикадағы бірден - бір жыраулар үйінің директоры Серік Жақсығұловтың пікірлері берілді. Хабарды www.astanafm.kz сайтынан тыңдай аласыздар!


«Тарихы терең, келешегі кемел - Қазақ елі!» атты шара Қармақшы елінде де тойлануда

15 сен 2015

Биыл - елдіктің тойы, ерліктің тойы. Биыл атам заманнан ақ ордасын тіктеп, сайын даланы тұлпарлар тұяғымен дүбірлеткен қазақ мемлекетінің тойы. Қазақ хандығының 550 жылдығы төрткүл дүниеде жасап жатқан алты алаштың алқалы тойы. «Тарихы терең, келешегі кемел - Қазақ елі!» атты осындай шара Қармақшы елінде де тойлануда. Ең алдымен Қармақшы ауданы Жосалы кентінің орталық алаңында қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы жарыс басталды. Жас палуандар көк кілемге шығып өз өнерлерін ортаға салды. Одан әрі мерекелік шара 200-ден астам жастардың флеш-мобына ұласты. Қазақы нақышта орындалған әрбір әнге жастар керемет белсенділік танытты. Мерекелік салтанатқа арнайы дайындалған Керей мен Жәнібектің бейнесі, билер, батыр бейнесіндегі жігіттер, сал-серілер, жыраулар, әуез мектебінің ұлт аспаптар оркестрі театрландырылған қойылым көрсетті. - Халқымыздың бірлігі мен ерік-жігерінің, қайсарлығының арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артып, мәдени-рухани келбеті жоғары деңгейге жетті. Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім салтанат құрып, Қазақстан - көзқарастары, пікірлері сан алуан дүниенің барша халқын бір дөңгелек үстел басына жиды, шекараны шегендеп, тату тірлігін әлемге паш етті. Осы ортақ мүдде - Отанымызды көркейту жолында табысты еңбек ете берейік! Елімізде атқарылып жатқан барлық жақсылықтың бастауы болған - Қазақ хандығының 550 жылдығымен Сіздерді тағы да құттықтаймын. Еліміздің тұғыры беки түсіп, әрбір шаңыраққа шаттық орнасын! Мереке құтты болсын, ағайын! - деп аудан басшысы Сұлтан Мақашов барша жерлестерді Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады. Мәдени шара әрі қарай арнайы дайындалған аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.


Элкетронды үкімет порталын пайдаланыңыз

19 июня 2015

Жақында «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімінің қызметкерлері Қармақшы аудандық сотының қызметкерлеріне барып, Элкетронды үкімет порталынан әрбір азамат өзіне қажетті түрлі анықтамаларды, атап айтқанда жұмыссыздық анықтама, соттылығы болу не болмауы жөнінде анықтама, мекен жай анықтамасы, жылжымалы мүлік жөнінде анықтмалар және тағыда басқа қызметтерді үйден шықпай-ақ алуларына мүмкіндік бар. Және оны тиімді пайдалану жайлы қызметкерлерге түсіндіру үшін үгіт - насихат жүргізіп, электрондық үкімет порталынан алынатын мемлекеттік қызметтер бойынша жадынамалар таратып, пиар акция өткізді.


Ұлы Жеңіс жайлы тарихтар

18 июня 2015

Бүгін Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Ұлы Жеңіс жайлы тарихтар» атты кездесу болып өткізілді. Шара барысында жақында ғана орын алған «Жастар» саябағындағы балалар бассейінде абайсызда түсіпкеткен жасөспірімді ажал тырнағынан құтқарып қалған аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Меделхан Әбдірейімовке жастардың атынан алғыс хат тапсырып сый – сиапат көрсетті.


«Жас толқын» аулалық клубы ашылды

3 июня 2015

Жуырда кент орталығындағы «Жастар саябағында» аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және «Жас толқын» аулалық клубының ашылуына орай оқушылар арасында «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты мерекелік шара болып өтті. Шара барысында түрлі тақырыптар бойынша сайыстар өткізілді. Атап айтар болсақ: «Көңілді мәре» эстафеталық ойыны, «Байқоңырдан ғарышқа, қанат қағып шарықта» асфальтқа сурет салудан байқау, «Тоғызқұмалақ, дойбы-ақыл-ой спорты» атты жарыс және «Бір шаңырақ астындағы бейбітшілік» тақырыбында флеш-моб акциясы ұйымдастырылды.


«Бала көңіл шуағы»

2 июня 2015

Қармақшы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкрелері Аққайың санаториялық балабақшасының «Шұғыла » тобында балалар күніне орай «Бала көңіл шуағы » атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырды. Іс- шарада бүлдіршіндерге түрлі сұрақтар қойылып, жаңылтпаштар айтылып, жұмбақтар жасырып балалардың онерін тамашалады. Іс-шара соңында топ бөбектеріне сыйлықтар таратылып, «Аққайың» балабақшасының басшысы Г. Исламханова ХҚКО қызметкерлеріне алғысын білдірді.


1 - Маусым Балаларды Қорғау күні !

2 июня 2015

Балаларды қорғау күніне орай Қармақшы аудандық Халыққа қызмет корсету орталығы қызметкерлері орталық алаңда балалардың болашағы жарқын болсын деген ниетпен бөбектерге балмұздақтар таратып балалардың көніліне қуаныш сыйлады.


Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс шара болып өтті.

2 июня 2015

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс шара болып өтті. Шара барысында "Бірлікке бастаған қасіретті жыл" атты театрландырылған қойылым көрсетілді .


1 - Маусым Балаларды Қорғау күні !

1 июня 2015

Бүгін орталық алаңда 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Нұрлы жол - болашаққа барар жол!" тақырыбында мерекелік шара болып өтті.


Сыңғырла, соңғы қоңырау!

26 мая 2015

Ағымдағы жылдың 25-ші мамыр күні аудан орталығындағы №250 мектеп-лицейде аудан әкімі Н.Шамұратов мектеп бітіруші түлектердің «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты. Шара барысында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар мектеп ұстаздарын «Алғыс хатпен» марапаттап, мектеп бітірушілерге алдағы келе жатқан Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары нәтижелерге қол жеткізуге сәттілік тіледі.


Электронды үкімет порталын насихаттау жайлы пиар-акция

14 мая 2015

Жақында «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімінің қызметкерлері «Тоғжан» балабақшасына барып, электронды үкімет порталының жұмысы және оны тиімділігі жайлы балабақша қызметкерлеріне түсіндіме жұмыстарын жүргізіп, электрондық үкімет порталынан алынатын мемлекеттік қызметтер бойынша жадынамалар таратып, пиар акция өткізді.


1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні тойланды

5 мая 2015

Қазақстан халықтарының бірлігі күні - 1 Мамыр мейрамын аудан халқымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығының Қармақшы аудандық бөліміде тойлады. Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай Жосалы кентіндегі орталық алаңға 1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін тойлау үшін аудан орталығындағы мектеп, мекемелермен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де мерекелік шеруге шықты.


Хабарландыру!

30 мар 2015

2015 жылдың 1-15 сәуірі аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға және облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Портал арқылы әрбір 10-шы қызмет алушыға ақпарат тасығыш (флешка), әрбір 50-ші қызмет алушыға ұялы телефондар таратылады. Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар арасында жүргізіледі: 1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою; 2. Мұрағаттық анықтамалар беру; 3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге және жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою; 4. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою; 5. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру; 6. Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтамалар беру; 7. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау; 8. Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру; 9. Тұрғын үй көмегін тағайындау; 10. Жеке қосалқы шаруашылық бойынша анықтама беру; 11. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау 12. Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау 13. Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру 14. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру


Наурыз мейрамы тойланды

27 мар 2015

Ұлыстың ұлы күні - 22 Наурыз мейрамын аудан халқымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығының Қармақшы аудандық бөліміде тойлады. Жосалы кентіндегі Этно-парк аймағына қазақтың ою-өрнегімен безендірілген киіз үйін тігіп, ұлттық тағамдары мен сусындары қойылған мерекелік дастархан жайып, аудан әкімі бастаған мекеме басшыларына және аудан тұрғындарына Наурыз көже ұсынып, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігі мен қонақжайлығының бір көрінісін көрсетті.


ХҚКО-да Наурыз мейрамына орай мерекелік шара өткізілді

27 мар 2015

Халыққа қызмет көрсету орталығының Қармақшы аудандық бөлімінде Наурыз айының 20-сы күні Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мейрамына орай мерекелік шара ұйымдастырылып, бөлім қызметкерлері ұлттық киім киіп, халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан көріністер қойды. Дастархан жайылып, келуші тұтынушыларға түрлі ұлттық тағамдармен қатар Наурыз мейрамының басты тағамы - Наурыз көже ұсынылды. Дәмнен ауыз тиген тұрғындар «Ұлыс оң болып, Қыдыр ата қолдап жүрсін! Әрқашанда аспанымыз ашық, көк туымыз көкте желбіреп тұра берсін. Наурыз мейрамы бәрімізге күш-қуат, береке әкелсін! Мерекелі тірлік, берекелі бірлік жасай берсін!»,-деген игі тілектері мен ақ баталарын берді.




Страницы: