Бастапқы бет » Тіл мерекесіне арналған шара

Тіл мерекесіне арналған шара

20 сен 2017

Тіл мерекесі қарсаңыңда Байқоңыр қаласында 18-23 қыркүйек аралығында «Тіл-ұлттың жаны, халықтың үні» тақырыбы аясында аймақтық іс-шаралар өтеді. Қызылорда облысының Азаматтық альянсы қауымдастығы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Байқоңыр қалалық филиалы ұйымдастырған бұл шара апта бойы жалғасады. № 277 мектепте «Мəңгілік елдің-мəңгілік тілі» шарасымен ашылған апталық аясында «Өмірді өлеңменен өрнектеген», «Ана тілім-күшім менің, қуатым» жыр мүшəйрасы, «Ана тілім ажарым, асыл мұрам» дөңгелек үстел ұйымдастырылады. «Байқоңыр қаласы, Төретам, Ақай елді мекендері бойынша ҮЕҰ-ларды дамытуға бағытталған ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру жобаларын жүзеге асыру» жобасы аясындағы шараларға Байқоңыр, Ақай, Төретам мектептері мен ҮЕҰ, қоғамдық кеңес мүшелері қатысады.