Бастапқы бет » ІІІ-Интернационал ауылында «Тіл жаның, тіл – қаның, тіл –арың, тіл - əнің» атты шара өтті

ІІІ-Интернационал ауылында «Тіл жаның, тіл – қаның, тіл –арың, тіл - əнің» атты шара өтті

26 сен 2017

ІІІ-Интернационал ауылдық мəдениет үйінде түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен «Тіл жаның, тіл – қаның, тіл –арың, тіл - əнің» атты шара өтті. Мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатындағы шараны ауылдық клуб пен «Қармақшы жастары» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. «Сəлем сөздің анасы» кезеңімен басталған кеште топтар өздерін жан-жақты таныстырды. Осыдан кейін қазақ тілі, əдебиет пəндері бойынша сұрақтарға жауап берді. Топ басшылары арасында өткен сергіту ойынынан кейін қатысушылар «Сандар сөйлейді» кезеңінде слайдта көрсетілетін сандар мен жылдарға түсініктеме берді. «Мақал – сөздің мəйегі» кезеңінде түрлі этнос өкілдері берілген сұрақтарға мақалмен жауап берді.