Бастапқы бет » Жерлестеріміз жеңіс тұғырында

Жерлестеріміз жеңіс тұғырында

28 сен 2017

Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының кезекті чемпионаты өткен болатын. Міне, өз аймақтарында ең мықты деген спортшылар қатарынан орын алатын споршылардың қатысуымен өткен аталмыш жарысқа біздің де жерлестеріміз Сыр бойы құрама командасы сапында өнер көрсетіп, аудан абыройын асқақтатты. Нақтырақ айтқанда, ерлер арасында өз жас аралықтары бойынша Мейіржан Мақшат 200,400 және 800 метр қашықтыққа, ал Бағдат Елібаев 100 және 200 метрге жүгіруде жарыс жеңімпазы атанса, 400 және 800 метр қашықтықта бақ сынаған Ержан Қуандықов жүлделі ІІ орынға көтерілді. Сонымен қатар, әйелдер арасында өткен дискі, ядро және найза лақтыру сияқты спорт түрлерінен Әсел Қозыбағарова ІІ орын иегері атанды.