Бастапқы бет » Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңалықтары

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңалықтары

20 сен 2017

«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады

  «БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-де Арал қаласы, З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйі, Бақтыбай батыр көшесі 56, мекен-жайында өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады:    

-         белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға  құқығы бар?

-         2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?

-         ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?

-         шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?

-         қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;

-         зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;

-         зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;

-         зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.

Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар.  

Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Сіздердің назарларыңызға осы айда келіп түскен қызықты да маңызды сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынамыз.

 1.     БЖЗҚ-дан үзінді-көшірме алдым. Сөйтсем, жұмыс беруші менің пайдама жарналар төлемепті. Не істеу керек?

Ең алдымен Сіз салық комитетіне өтініш жасауыңыз керек. Ол жұмыс берушіні тексеруді қолға алады.Нақты төлем жасалған және қызметкер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.

Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдары мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктік шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.

Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.

Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жұмыскерлердің тізімдерін ұсынуға міндетті.

Агенттердiң банктік шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.

2.     Кәмелетке толмаған жасөспірімнің атына жасқа жеке зейнетақы шотын ашуға бола ма?

Еңбек кодексінің 30-бабына сәйкес он алты жасқа толғандарға еңбек шартын жасауға рұқсат етіледі. Бірақ, бұл ретте ата-ананың бірінің, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімі бойынша шартты бұған дейін де жасасуға болады. 

15 жастан бастап жасөспірімге, егер ол негізгі орта білім алған болса, жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал 14 жастан бастап тек оқудан бөлек уақытта ғана жұмыс істеуге болады. Бұл ретте жұмыс оқу үдерісіне және денсаулыққа кері әсерін тигізбеуі керек.    

Ал 14 жасқа дейінгі жеткіншектердің театрда ойнап, киноға түсулеріне болады. Бірақ, бұл жұмыстар да сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылуы керек және баланың өнегелі дамуына және денсаулығына кері әсер етпеуі тиіс. 

Еңбек шартына кәмелетке толмаған жасөспірім мен оның заңды өкілі де қол қоюы керек. Жұмыс беруші еңбек шартына сәйкес айлық жалақыны төлей отырып, кәмелетке толмаған жасөспірім үшін оның жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын да төлеуге міндетті. Зейнетақы Қорына кәмелетке толмаған тұлға келіп өтініш жасаған кезде міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі арызды рәсімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:  

1)    туу туралы куәлік және егер бар болса, кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;

2)    заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

3)    ата-анасыболмаған кезде қамқоршылық/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжаттың түпнұсқасы (қамқоршы тағайындалғаны туралы анықтама немесе баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт).

14 жасқа дейінгі тұлғаның өтінішіне оның заңды өкілі қол қояды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалардың өтініштеріне олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болса жеткілікті.

Міндетті зейнетақы жарналарын есеп алу үшін жеке зейнетақы шотын ашудан басқа, кәмелетке толмағандар БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады.

Жарналардың мөлшері, оларды аудару және қалыптасқан жинақтар есебінен төлемдер жасау тәртібі шарт тараптарының келісімі бойынша айқындалады.

3.     Мен Қазақстан азаматымын, бірақ шетелдік компанияда қызмет атқарамын. Менің жұмыс берушім менің пайдама зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1 тармағына сәйкес

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.

Бұл ретте Заңның 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент - Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады.Егер шетелдік компания Қазақстан аумағында орналасқан болса, сәйкесінше, агент Сіздің айлық табысыңыздан міндетті зейнетақы жарналарын ұстап, зейнетақы қорына аударуға міндетті.

Бұл ретте халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасындағыөкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің диплдоматиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде қызмет атқаратын Қазақстан азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатыса отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын өз бетімен аударуға құқылы.

4. Естуімше, Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалау барысында үлгіт ретінде Чилидің моделі алыныпты. Неге басқа ел емес, осы  Чили таңдап алынған?

Әр елдегі зейнетақы реформасы демографиялық, мәдени, әлеуметтік, саяси, қаржылық ерекшеліктер мен мүмкіндіктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Мысалы, Чилидегі зейнетақы реформасының өзіндік сипатына келер болсақ, бұл елде «ұрпақтар ынтымақтастығына» негізделген зейнетақы алу құқығы мемлекет кепілдік беретін төлемдерге ауыстырылды және бір-бірімен бәсекелес бірнеше компанияда жұмыскерлерді міндетті жинақтаушы сақтандыру жүйесі енгізілді. Чилиден алынған негізгі үлгі, ол - зейнетақымен қамсыздандыру бойынша мемлекеттік ортақ жүйеден тиянақталған міндетті жарналары және ерікті зейнетақы жарналары бар жинақтаушы зейнетақы жүйесі.Бұл ретте айта кететін жәйт, Чили моделі қаз-қалпында көшіріп алынған жоқ. Отандық мамандар ең үздік халықаралық тәжірибелерді алдымен терең зерттеп, жан-жақты талдайды. Тек содан кейін барып Қазақстанға енгізеді. Мысалы, жақын болашақта елімізде шартты-жинақтаушы құрамдауыш енгізіледі. Оған негіз ретінде Швеция моделі негізге алынып отыр.

5.     Зейнетақы жинақтарының сақталуына Қазақстанда және әлем елдерінде қалай кепілдік берілген?

Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің бірегейлігімен ерекшеленеді. «Қазақстанда зейнетақымен қамзсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет зейнеткерлік жасқа толған алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.Салымшы зейнеткерлік жасқа толған шақта, ең алдымен оның  зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңі ескеріліп, зейнетақы шотындағы жинақтарының табыстылығы есептеледі. Егер табыстылық инфляциядан төмен болса, мемлекет республикалық бюджет есебінен инфляция мен табыстылық арасындағы айырма сомасын төлейді. Мінеки, осылайша салымшылардың жинақтары қаржы нарығындағы әр түрлі ахуалдарға қарамастан, сенімді қорғалған. Мұндай кепілдік басқа мемлекеттерде жоқ. Мысалы, Чехия, Жапония және Словакияда басқарушы компаниялар жарналардың атаулы құнының немесе инфляцияны ескермей нөлдік инвестициялық табыстылықтың сақталуына ғана кепілдік береді. Германияда зейнетақы қорлары енгізілген жарналарға қатысты зейнеткерлікке шығу күніне қарай 2,25 пайыздық мөлшерлемеге ғана кепілдік береді. Чилиде зейнетақы активтерін басқарушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына таңдап алынған қор түріне қарай кепілдік береді. Бірақ зейнетақы жинақтарының көлемі өткен 36 ай ішіндегі орташа сараланған 2 пайыздық нақты табыстылық деңгейінен төмен болмайды. Ал Швеция, Австралия, Израиль, Норвегия, Мексика, Эстония елдерінде зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік тіпті берілмейді.

Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр

 Қызылорда облысы Жалағаш ауданы 

          «БЖЗҚ» акционерлік қоғамы мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік  туралы қол қойылған Меморандум аясында «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен Жалағаш ауданы әкімдігінің өкілдері бірлесіп, халық арасында  салымшыларға зейнетақы жүйесінжаңғырту бойынша  толық кешенді ақпарат беру мәселелері туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

         2017 жылғы  20 қыркүйекте, сәрсенбі күні сағат 10.00-де Жалағаш ауданы «Мәдениет пен өнерді дамыту орталығы»   Мәдениет пен тілді  дамыту бөлімінің КМҚК  ғимаратында «БЖЗҚ»  АҚ Қызылорда облыстық филиалы қызметкерлерінің халықпен,  ауданның коммерциялық құрылымдарының өкілдерімен, әкімдіктің белсенді топтарымен кездесуі өтті.

Кездесуде БЖЗҚ қызметкерлері  қор құрылғаннан бастап салымшылар мен алушылардың мүддесі бірінші кезекте екендігіне сендіріп, қазақстандық зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланып, табыстың қалай есептелетіндігі, салымшының, жұмыс берушінің және БЖЗҚ-ның қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі, жинақтаушы жүйеге неге белсенді түрде қатысып, тұрақты түрде зейнетақы жарналарын төлеп тұру керектігі туралы әңгімеледі, зейнетақы жинақтарының сақталуына қалай кепілдік берілетіні туралы әңгімеледі.

Бұдан басқа БЖЗҚ қызметкерлері 2018  болатын  жаңалықтар туралы хабардар етті. Жиналғандар 2018 жылы 1 қаңтарда енетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібіндегі өзгерістер туралы алғашқылардың бірі болып естіді.

Сондай-ақ БЖЗҚ –ның қызметі туралы ақпарат беру және қашықтықтан кеңес беру каналдары туралы – басқарма төрағасының блогы, қоғамдық қабылдау, қордың сайтындағы онлайн-кеңес беру мен кері байланыс секторы туралы, Қазақстанның барлық аймақтарынан тегін қоңырау шалуға болатын 1418 қысқа нөмірлі байланыс орталығы мен әлеуметтік желідегі ресми беттер туралы айтып берді.

Жалағаш ауданы «БЖЗҚ» АҚ Қызмет көрсету орталығының басшысы Маханова Аяна өз сөзінде салымшыларының қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы өздерінің зейнеткерлік өмірінің қорғалуын жоспарлауды, оның жайлы да сәтті болуына жағдай жасап, әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететіндерін атап өтті. 

Шара қонақтары www.enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны айқындау бойынша интерактивтік шеберлік сыныбынан өтті.    

Кездесу соңында қатысушылар БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысты. 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 40 мың бірлікті құрады. 

2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.   

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

Жұмыс берушінің жауапкершілігі

Еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жас мамандардың көпшілігі зейнетақыға қатысты мәселеге бас қатырып жатпайтыны рас. Бұл туралы сұрай қалсаң: «Қайдағы зейнетақы, не айтып тұрсыз?», - дейтіні сөзсіз.Өйткені олар үшін бүкіл өмір алда ғой!

Бірақ, өмір заңы бар емес пе, аға ұрпақ секілді біз де өсеміз, есейеміз және қартаямыз.

Иә, мойын бұрып қарағанша, қамшының сабындай өмірде зейнеткерлік жасқа жетіп қалғаныңды білмей де қаласың...

Бәрін айт та бірін айт, қазіргі таңда азаматтар болашақ зейнетақысы туралы жас кезінен бастап ойлануы керек. Бұл заман талабы.

Дегенмен бұл туралы қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер: «Мені үкімет асырайды, далада қалдырмайды», - деп ойласа, басқалар: «Дүниені балаларыңа жина, солардың біліміне жұмса. Сонда олар жақсы білім алады, жақсы қызметке тұрады.Сөйтіп ата-анасын да асырай алады», - дейді.

Ал енді біреулер тек өзіне ғана сенеді, жалақыларын конвертсіз, ашық түрде алады. Міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлейді. Тіпті ерікті зейнетақы жарналарын да төлеуді ойластырады.

Қазіргі таңдазейнетақы жүйесінің құрылымы үш мүдделі тарапты –мемлекетті, жұмыс берушіні және жұмыскерді біріктіреді. 

Мемлекет зейнетақы жүйесін реформалап, оған жинақтаушы құрамдауышты қоса отырып, азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға шақырады.

Бұл жүйеде салымшы өзінің бүкіл еңбек жолында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қанша қаржы жинаса, зейнеткерлік жасқа толғанда сонша қаржы алады. Бұл ретте оның жинағына зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңі бойынша инвестициялық табыс есептеліп отырады. Егер зейнетақы жинағының жалпы сомасы инфляция деңгейінен төмен болатын болса айырма сомасы республикалық бюджеттен біржолғы төлем ретінде зейнеткерлік жасқа толған алушының банк шотына аударылады.

Бұл ретте қаржы жинақтауда салымшыға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Егер ол ресми түрде жұмыс істеп, міндетті зейнетақы жарналарын тұрақтыаударып тұратын болса, онда оның зейнетақы төлемдерінің мөлшері біріншіден:

1) оның зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына;

2) жүйеге енгізілген зейнетақы жарналарының саны мен сомасына; 3) жинақталған инвестициялық табысқа және

4) айлық табыстың өсу қарқынына тәуелді болады.  

Мемлекет ешкімді ескерусіз қалдырмайды. Керісінше олардың қамын ойлайды. Яғни, республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады және инфляция деңгейін ескере отырыпзейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді.

Сонымен қатар жұмыс берушіге де үлкен жауапкершілік жүктелген. Ол міндетті зейнетақы жарналарын дер кезінде және толық көлемде аударып отыруы тиіс. Ал 2020 жылдан бастап өз қаражаты есебінен жұмыскерінің пайдасына жалақысының 5 пайызын оның шартты зейнетақы шотына аударуға міндеттенеді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақмен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкесжұмыс берушілер салымшының зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады. Міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің айлық табысының 10 пайызын құрайды. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды және оларды жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына төлейді. Міндетті зейнетақы жарналарын(МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімі жоғарыда аталған Заңмен реттеледі. 

МЗЖ және МКЗЖ дер кезінде төлеу – жұмыс берушінің өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар заңнама талабы.

Жұмыс берушілер уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған МЗЖ және МКЗЖ сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге жұмыскерлерінің пайдасынаагенттер аударуға тиіс.

Сондықтан БЖЗҚ азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін және жұмыс беруші аударатын жарналардың дер кезінде, тұрақты және толыққанды аударылуын жеке зейнетақы шотынан алынатын үзінді-көшірме арқылы бақылап отыруға кеңес береді.

Үзінді-көшірмені алудың бірнеше тәсілі бар. Олар:

Қор кеңсесіне өзі келу, электрондық және дәстүрлі пошта байланысы, Қордың сайты немесе «ENPF» ұялы қосымшасы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен egov.kz электрондық үкіметі арқылы алу.   

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне шартты-жинақтаушы құрамдауыш, яғни жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыскерлердің атына  шартты зейнетақы шоттары ашылады. Оларға барлық жұмыс берушілер еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына олардың айлық табысының 5 пайызын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары ретінде аударатын болады. Бұл жарналардың артықшылығы сол, шартты зейнетақы шотындағы қаржы таусылып қалса да, бұл жарналардың есебінен зейнетақы төлемдері зейнеткерге өмір бойына төленеді. Бірақ, бұл үшін шартты зейнетақы шотына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 5 жыл, яғни кемінде 60 ай тұрақты түрде аударылуы тиіс. Шартты зейнетақы шотына аударылатын жарналар жыл сайын капиталданады және қаржы құралдарына инвестицияланады.

Алғашқы жарналар 2020 жылдан бастап енгізіле бастайды. Ал алғашқы төлемдер сәйкесінше 2025 жылдан бастап төленеді.

Егер міндетті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарынакәдімгі ақшалай қаражат жинақталатын болса, шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары тек белгіленіп отырады, яғни тіркеледі. Бұл шоттағы зейнетақы жинақтары жұмыскердің меншігі болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды: егер салымшы (алушы) жүйеден шығатын болса оның шартты зейнетақы шотындағы қаражат басқа қатысушылар арасында үлестірілетін болады. 

Осылайша, зейнетақы жүйесінің бұл құрамдауышы ортақ және жинақтаушы жүйенің артықшылықтарын қамтиды.

Сәйкесінше бизнестің өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі арта түседі. Ал бұл, бүкіләлемдік үрдіс.

 

«БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттердің жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілген активтерімен жұмысы

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ портфеліне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді.  

Облигациялардың атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы 2014 жылдан бері 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге азайды. Ал проблемалық эмитенттердің саны 32-ден 19 компанияға қысқарды. Екі компания бойынша берешек толығымен өтелді (атаулы құны бойынша 1,3 млрд теңге). Төрт компания бойынша банкротқа ұшырау және таратылу рәсімінің аяқталуына байланысты қаржы құралдары есептен шығарылды (атаулы құны бойынша 10,2 млрд теңге). Жеті компания бойынша берешек қайта құрылымдалды/реттелді (атаулы құны бойынша 113,4 млрд теңге).

Эмитенттердің көпшілігі дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген. 

                2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттің дефолты тіркелді. Олар:

- «Имсталькон» АҚ;

- SAMARCO Mineracao S.A. (Бразилия).

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы Қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешекті (зейнетақы активтерінің 0,6 пайызынан төмен) қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл эмитенттердің қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіреді. 

Бұл эмитенттер бойынша мынадай жұмыстар жүргізіліп жатыр:

-         «Қазақстан қағазы» АҚ эмитентіне қатысты оңалту жұмыстары жүргізіліп

жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы – 12,5 млрд теңге.

-         «Имсталькон» АҚ эмитентіне қатысты оңалту рәсімінің күші жойылды.

Банкроттық туралы азаматтық іс қайта қаралып жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы – 3,4 млрд теңге.       

-         13 эмитент бойынша берешектерді Қор пайдасына өндіріп алу туралы сот

шешімі шығарылды, қазір орындаушы өндіріске ілеспе қызмет көрсетіліп жатыр  («Казнефтехим» АҚ, «ТөртҚұдық» «Кен-байыту комбинаты» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «Техно-Life» АҚ, «Сары-Арқа Сарбазы» Күзет корпорациясы» ЖШС, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Тема и Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «РОСА» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Өрнек XXI» АҚ, «Альтернативные финансы» АҚ; Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы  – 8,8 млрд. теңге);

-         5 эмитент банкрот болып танылды («Трансстроймост» АҚ, «VITA» АҚ,

«GLOTUR» АҚ, «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты» АҚ; Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 15,1 млрд. теңге);

-         1 эмитент бойынша сотқа дейінгі реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

(SAMARCO MINERACAO SA; Берешектің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 0,6 млрд. теңге).

2014 жылдан 2017 жылдың 31 шілдесіне дейінгі аралықта Қор алдында өтелген берешектердің жалпы сомасы 1,67 млрд теңгені құрады, оның ішінде: 

– 2014-2015 жылдары – 1,3 млрд. теңге;

– 2016 жылы – 0,194 млрд теңге; 

– 2017 жылы – 0,192 млрд теңге;

Проблемалық активтер бойынша мүмкін болатын шығындарға қарсы арнайы провизия (резервтер) құрылған. Қор өндіріп алған берешек сомалары провизияларды қалпына келтіруден түскен табыстар болып есептеледі және салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына үлестіріледі.

Атап өту керек, берешектерді азаматтық тәртіпте өндіріп алу тәсілдері таусылған жағдайларда, Қор проблемалық эмитенттердің қызметін және олардың лауазымды тұлғаларының компанияны төлем қабілетсіздігіне жеткізгендіктерін тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіну туралы шешім қабылдады. 

Зейнетақы Қоры 16 эмитент бойынша прокуратура органдарына және аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық зерттеу қызметіне арыз жолдады.  

БЖЗҚ зейнетақы активтеріне Қазақстан Республикасы аумағында ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де залал келтірген тұлғаларға қатысты сот шешімдерінің шығарылуына күш салады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

2017 жылғы 1 тамыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Жыл басынан бергі өсім 588 млрд теңгені (8%) құрады.

2017 жылғы 1 тамызда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бірлікті құрады.  

2017 жылғы шілдеде келіп түскен жарналардың жалпы сомасы 59,5 млрд теңгеге жетсе, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 56,7 млрд теңгені құрады.   

2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.    

2017 жылдың басынан бері БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 134,31 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 16,13 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан шамамен 106,58 млрд теңге төленген, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 10,95 млрд теңгені құраған.

Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бірінен, сондай-ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 769 мың адам зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені электрондық мекенжайына алады. Ал 3,5 миллионға жуық адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие. 2017 жылдың шілдесінде сайт немесе ұялы қосымшаны пайдаланушылардың қатарына шамамен 100 000 салымшы (алушы) қосылды. Олар бұл үшін ақпарат алу тәсілін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған.  

Бір ай ішінде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 67,4 мыңға артып, барлығы 917,7 мың бірлікті құрады. Естеріңізге сала кетелік, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 509,7 мың жүктеуді құраған болатын.  

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылады. Салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы – Қор мен салымшылар арасында тиімді қарым-қатынас орнатудың қосымша тәсіліне айналғандығын айта кеткен жөн. Осы жоба аясында Қазақстанның барлық өңірінде БЖЗҚ қызметкерлерінен көшпелі командалар құрылған. Қор қызметкерлері ақыл-кеңес беру үшін салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгізу және қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құжаттарды жинап Қорға жеткізуге көмектеседі. Одан басқа БЖЗҚ мобильді тобы таныстырылымдар өткізу, зейнетақы заңнамасы және отандық зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру үшін әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарға барып тұрады. Барған жерлерінде сондай-ақ зейнетақы қызметтерінің барлық түрін көрсетеді. Олардың ішінде салымшының деректемелерін өзгерту/толықтыру туралы өтінішті рәсімдеу, жаңа редакциядағы өтінішті ұсыну, ақпарат беру тәсілі туралы келісім жасау және ЖЗШ-дан үзінді-көшірме беру секілді қызметтер бар. Жыл басынан бері мобильдік агенттер 4 мыңнан астам рет көшпелі шара өткізіп, осы шаралар барысында 113,2 мыңнан астам операция жасаған. Қор қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі 7 120 адамға қызмет көрсете отырып, оларға төлемдер мен аударымдарды рәсімдеу, зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірме беру, деректемелерді және ақпарат беру тәсілін өзгерту бойынша 19,5 мың қызмет көрсеткен.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz