Бастапқы бет » Ардагерлеге құрмет көрсетілді

Ардагерлеге құрмет көрсетілді

29 сен 2017

1 қазан «Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай аудан әкімі С.Мақашов ауданымыздың дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосып, жастық жігерлері мен жалынды қайраттарын арнаған, бұл күнде зейнеткерлік демалысқа шығып ұрпақ қызығына бөленіп отырған бір топ зейнеткерлерді қабылдады. Аудан әкімі өз сөзінде: - -«Байлық-жерде, бақыт- еңбекте» деген дана халқымыздың осы бір қанатты сөзінің астарына үңіле түскенде Сіздер секілді еңбек адамдарының еселі еңбегі ойымызға оралады. Зейнет жасында болсаңыздар да қоғамда болып жатырған оң өзгерістерді өрістетуге әрдайым қолдау көрсетіп үн қосып келесіздер. Сол үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін,-деп, оларға бағалы сыйлықтар табыс етті. Ақсақалдар өз кезегінде рақметтерін айтып, осындай құрмет көрсетіп, елеп-ескеріп жатырғандарына алғысын білдіріп, ақ баталарын берді.